Танымдық әдеби- сазды кеш Тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың 92 жасына арналған «Сәуле- ғұмыр»



бет1/5
Дата14.05.2024
өлшемі29,12 Kb.
#202186
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Мұқағали Мақатаев Сәуле ғұмыр Танымдық әдеби сазды кеш 09.02.23


Танымдық әдеби- сазды кеш
Тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың 92 жасына арналған «Сәуле- ғұмыр» атты танымдық -әдеби сазды кеш.
Мақсаты: Дәстүрлі Мұқағали айлығында Қазақ поэзиясының мұзбалағы, ғасыр ақыны атанған М.Мақатаев ақынның өмірі мен шығармашылығын, ақындық бейнесін жас ұрпаққа таныстыру, поэзия құдіретін таныту. .......
Ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушлары Кондыбаева М.Н., Баусариева С.Т., Райханова А.Н.
Қатысушы топтар: 106 а, 106 б, 100 а, 105 в, 200в, 215, 111б,100 в т.б
Кеш барысында пайдаланылған ресурстар:
«Ол таудан жаратылған» деректі фильм (алғашқы 1 мин 5 секунд)
Деректі фильм «Қарасаз көшелері», (2 мин 20 сек)
Сен менің еліме бар – өлеңі, «Өзімнің есебімде» өлеңі Өз күнделігінде айтқандай ол- 20 ғасырдың тумасы, 21 ғасырдың құрдасы, одан кейінгі ғасырлардың туысы. Міне, осылай М. Халқымен бірге жасап келеді.


Акт залы. Баяу музыка әуені қойылған. Презентация М.Мақатаев (тақырып- Мұқағали Мақатаевтың 92 жасына арналған «Сәуле- ғұмыр» атты танымдық -әдеби сазды кеш)
Сахнада - 3 жүргізуші
Кіріспе
«Ол таудан жаратылған» деректі фильмінен үзінді (алғашқы 1 мин 5 секунд)
Сол сияқты музейден «Ақын әруағына тағзым» Орталық қондырғы алғашқы таныстырылым сәтін алу. \


1-жүргізуші: Алғыс 105 в
Ассалаумағалейкүм, Алаш жұрты!
Армысыздар ағайын өнегелі
Өнегелі ел өнермен көгереді
Атам қазақ ежелгі заманнан ақ
Талаптыға нұр жауар деген еді
2-жүргізуші:_Мөлдір_200_в'>2-жүргізуші: Мөлдір 200 в
Сәлем саған көрмеген жарандарым
Кешіріңдер кешіктім бара алмадым
Әр көдеңе бір қонып ұшар едім
Әттең шіркін құс болып жаралмадым
3-жүргізуші: Ғанибек 106 б «Барлығы да, Поэзия, сен үшін»,– деп əдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һəм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағалидың құдіретті өлеңдері халқының жүрегінде.
1-жүргізуші: .Бойына Алладан дарыған ақындық қасиетін халқына сыйлап кеткен ақын:
«Бəріне!
Бəріне!
Бəріне!
Жасыңа да кəріне!
Кімге қан керек?
Ішуге емес дəріге...
Мен – донормын!», – деп жар салады.
2-жүргізуші: Шындығында да Мұқағали бойындағы тамаша талантын жұртына арнайды. Ең бірінші бақытым деп білген халқына донор секілді бүкіл күш-қуатын сарп етті.
3-жүргізуші: Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, миллион сырлы сезімнің егесі – Мұқамедқали, Мұқағали Мақатаев осындай еді. Қазақ радиосында сақталған өз даусына назар аударайық. («Бұлқынып жатыр» тыңдату.. )
1-жүргізуші: Сен менің еліме бар, жерімді көр,
Жандар бар әр нәрсенің жөнін білер.
Қонағы бол жыл сайын келіп жүрер,
Асылы бол жыл сайын көріп жүрер,
Ардағы бол артатын сенім, жігер!
демекші, туған жерінде көрші тұрған Бисара апайымыздың Мұқағали туралы естелігін тыңдап алайық.
(Сәуле ғұмыр бағдарламадан үзінді Алматы арнасынан)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет