Танымдық әдеби- сазды кеш Тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың 92 жасына арналған «Сәуле- ғұмыр»



бет3/5
Дата14.05.2024
өлшемі29,12 Kb.
#202186
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мұқағали Мақатаев Сәуле ғұмыр Танымдық әдеби сазды кеш 09.02.23

2-жүргізуші: Кейбіреуі: «Жоқ ол – қара өлеңнен қаймақ қалқыған қарапайым ақын, өлеңін бәріне түсінікті тілде жеткізген таңғайжайып ақын» дейді. Бар болғаны 1834 өлеңімен млн.даған тіпті млд.таған жүректі жаулап алып, оларды одан он есе сезім серпілістеріне түсіріп, бірде жылатқан, бірде қуантқан Мұқағалиды, анығы Мұқамедқалиды ал, ақын емес деп көріңіз..!
Поэзия патшалығындағы пайымдауы өзгеден бөлек ақын жебелі жырын жүректерге ерекше үнмен, соны серпінмен жеткізді.
Ән немесе би керек
3-жүргізуші:Мұқағали ағамыз 1949 жылы Лашын апамызбен өз отбасын құрды. Одан соң дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал, Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды.
1-жүргізуші:
Өмір жайлы, өзің жайлы, ел жайлы.
Әлі талай келер ұрпақ толғайды.
Туған күні тойланған шын ақынның,
Өлген күні болған емес болмайды.-деп жырлаған Жарасхан Әбдіраш секілді ақынға аранау жазғандар қаншама?
2-жүргізуші: Мұқағалидың поэзиясы -таусылмайтын қайнар бұлақ. Ол – поэзияның Хантәңірі. Мұқағали – сыршыл ақын. Ол – қара өлеңнің шебері. Мұқағали – қайта өмірге келген ақын. Ол – драматург, ұстаз, сатирик. Мұқағали – жазушы. Ол – журналист.
(Кітап асыл қазына)
3-жүргізуші
Кітап – рухани досымыз. Кітаппен достасқан адамның бойындағы парасаттылық пен ақылдылық сынды қасиеттері жақсарып, адам өз ойын нақты әрі ашық айта алатындай болады.
1-жүргізуші
"Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов.
Ендеше, сіздердің назарларыңызға Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін! атты кітапты таныстырып өтпекпіз.
2-жүргізуші
Бұл кітап қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығына арналған. Кітаптың басты ерекшелігі- оның тұтастай ақын өмірін өзек етуі.
3- жүргізуші
Кітаптың авторы- Жақыпжан Нұрғожаев. Жазушы Мұқағалидың көзін көрген тұлғалардың көңіл түкпіріндегі сырларын әңгімелесу арқылы жан-жақты ашқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет