1- жүргізуші
Ақынның жастық шағы, азаматтық белестері, ақындық ширығуы оқырманды үлкен әсерге бөлейді. Кітапта сұхбаттарға мол орын берілген.
2-Жүргізуші
Мұқағалидың өзі “бүкіл менің жазғаным- бар-жоғы бір ғана бүтін поэма” деп айтқанындай, бұл кітап Мұқағалитанудың жарқын бір беттері.
3-жүргізуші
Келесі кезекте осы кітаптағы хикаяттарды оқыған оқырмандарға кезек бермекшіміз.
(«Бір күндік сәуле...» - 106 б топ білім алушысы-Жанахметова Ұлдана, «Жоғалған сағат» - ......Ақнұр
1-жүргізуші:
Ән сал жаным,
Әніңмен тербет мені,
Бір сәтке тынсын тірлік жер көктегі
Дала ұйысын,
Дамылдап таулар жатсын,
Таулар жатсын мәңгілік жөргектегі — деп ақын жырлағандай ендігі кезекті әнге берсек. Орындайтын 200 в топ студенті Бакир Ақтолқын Мұратбек Назекрке «Арман-ай» әнімен.
2-жүргізуші: «Мұқағали Мақатаев- адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарасым мен келісімнің жаршысы. Оның туған аулына,Алатау табиғатына, сүйген жарына, аяулы әжесіне, балаларына, достарына, сағынышты махаббатына, баршасына арналған өлеңдері де шын тебіреністен,шын қуаныштан, шын сағыныштан туған жырлар.Ақынның осындай ғажайып туындыларын мәнерлеп оқуға топ студенттерін ортаға шақырамыз.
2-Лек.
Куанышбаева Аружан – Анашым 100 а
Бақкелдіқызы Еркежан-Бұзылған үй 106 б
Нүкен Мөлдір – Ей өмір 200 в
Құдайберген Нұрай-Шеше,сен бақыттысың 106 б
Бақдаулетұлы Әділет- Қара өлен
Жарылкапова Жансая - Сәби
Қалиахмет Ернияз - Жазылар естеліктер мен турал
Арзыгүл 106 а Үш бақытым
Аружан Бесік басында 111б
3-жүргізуші:
Өлең – өнер, өлең – дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатыр. Оның әндері – таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Ендеше, кезекті әнге берейік.
Ән немесе би керек
1-жүргізуші:Сезім тебіреністері жүрек түпкірінен орын алып, ойлантпай қоймайды. Кеше жыр болса, бүгінгі күні әнге айналған толғаныс теңізінің толқындарына құлақ түрсек.
2-жүргізуш:
Шаттық пенен қуаныш
Өкініш пен мұң-қайғы
Өмір-бақи тұрмайды
Алма кезек зулайды
Ертең келіп басқа жан
Бақытыңды жырлайды, демекші Бақыт деген не өзі? Қойылымын тамашалайық.
3-жүргізуші:Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары – сендерсіңдер!
Достарыңызбен бөлісу: |