Танымдық әдеби- сазды кеш Тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың 92 жасына арналған «Сәуле- ғұмыр»



бет2/5
Дата14.05.2024
өлшемі29,12 Kb.
#202186
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мұқағали Мақатаев Сәуле ғұмыр Танымдық әдеби сазды кеш 09.02.23

2-жүргізуші: Осындай әдемі естеліктен кейін Мұқағалидың «Туған өлке» әніне кезек берсек. Орындайтын 215-топ студенті Саймбетова Гүлдана.
3-жүргізуші: Қазақ поэзиясының аспанында ерекше нұрланып, жанып, жарқырап өткен біртуар ақын Мұқағали Мақатаев көзі тірісінде биыл 9 ақпанда 92 жасқа толар еді.
1-жүргізуші: Жеңгелері пайғамбардың атымен аталатын ақынның шын Мұхамедқали деген есімін атауға жүрексініп, оны Мұқағали деп атап кеткен екен. Ақынның өзі де есейген шағында: Бұл есімнің қадір - қасиетін түсініп, алып жүре алам ба?! Бұдан да Мұқағали болып қалғаным дұрыс шығар деп құжатқа да осылай жаздырып алған дейді. Ендігі кезекте «Сенің атың – Мұқаметқали» атты қойылымды тамашалайық.
2-жүргізуші: 
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден,–деп қазақтың бас ақынына ден қойған Мұқаң, Мұқағали оның қасиетті қазақы жырының «дәнін алып, қауызын қайтара» білді, поэзия әлемінің есігін айқара ашты.
(Қарасаз көшелері деректі фильміне назар аударыңыздар)
Олай болса 215-топ студенті Уджабек Асқардың орындауындағы «Сағындырған Қарасазым» әнін қабыл алыңыздар.
3-жүргізуші:
Қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынова: Қазақ даласының еңкейген кәрісі мен еңбектеген сәбиіне дейін ақын жырларын қасиетті бойтұмардай қастерлесе, мұндай ақыны бар халық – бақытты халық! деген болатын . Яғни оның өлеңі өшкен жоқ, оның өлеңі көшті» дей келе ақын шығармаларын мәнерлеп оқуға білім алушыларды ортаға шықырамыз.
1-ЛЕК.

  1. Құралбаева Жансая –«Шыда, шыда» 100 а

  2. Бажан Балнұр- «Қарлығашым келдің бе»100 а

  3. Рүстемқызы Інжу- «Ғашықпын» 106 б

  4. Сарсенбаева Дильназ-Фаризаға106 б

  5. Нұрғожа Арайлым –«Сенім туралы жыр» 100 а

  6. Абдуллаева Шахинур –«Тілектеске»100 а

  7. Тұрғамбай Жұлдыз- «Кел болашақ» 106 б

  8. Абдыкерим Кәусар –«Сезім» 100 а

  9. Тоқтасын Алғыс – «Қарасаз» - 105 в

  10. Шахнұр «Өз-өзіңді жақсы көр» 100 в

1-жүргізуші: Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық –шынымен бақытты халық.Иә, Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Оны біреулер «көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстарға толы жұмбақ ақын» десе,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет