Таныстырылым тақырыбы : - Кері байланыс, рефлексия ұғымындағы ерекшеліктер мен ұқсастықтар
Қарастырылатын мәселе - Кері байланыс және рефлексия дегеніміз не?
- Кері байланыс пен рефлексия жүргізудің мақсаты
- Кері байланыс пен рефлексияның ұқсастығы мен айырмашылығы
- Кері байланыс пен рефлексияның тиімді түрлері
Кері байланыс - обратная связь/feedback/-белгілі бір әрекетті немесе оқиғаны түсіну ,игеру, онымен келісіп ,келіспейтіндігін көрсететін,белгілі бір әрекет немесе оқиға туралы пікір , баға беру ,жауапты реакция - Кері байланыс - обратная связь/feedback/-белгілі бір әрекетті немесе оқиғаны түсіну ,игеру, онымен келісіп ,келіспейтіндігін көрсететін,белгілі бір әрекет немесе оқиға туралы пікір , баға беру ,жауапты реакция
Кері байланыс - Мақсатқа жетелейтін нақты әрекет , ситуация,талас тудыратын сұрақтар мен мәселелер бойынша түсінік алу және түсінік беру үдерісі.Тиімді кері байланысты ұйымдастыру сапалы оқытудың негізі болып табылады.
- Оқу үдерісінің барысы туралы түсінік қалыптастырудың бірден бір құралы,оқу міндеттері мен мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, мұғалімді оқушының жетістіктері мен қиындықтары туралы хабардар етеді.
Кері байланыс қандай мақсатта жүргізіледі? - Үдерісті басқару-үдеріс субьектілерінің көшбасшылық дағдыларын дамыту, үдерісті табысты басқаруға жағдай жасау
- Дер кезінде түзетулер жасау, қателерді,кемшіліктерді жою
- Мақсатқа жетуді қамтамасыз ету
- Үдеріс субьектілерін дұрыс шешім қабылдауға бағыттау
- Оқушылардың өзіндік бағалауын қалыптастыру
- Рефлексия жасауға ықпал ету, көмектесу
- Оқушыларды табысқа ұмтылу сезімдерін туындату
Кері байланыс арқылы - Оқушы өзінің оқудағы кемшіліктерін түсінуге көмектесетін мәліметтер мен алға жылжуға нақты нұсқаулар алады;
- Мұғалім оқытудағы жіберілген олқылықтар және өзінің әрекетіне, қызметіне (жаңа әдіс-тәсілдер, оқыту технологиялары,сабақта уақытты тиімді пайдалану т.б)өзгерістер енгізуге көмектесетін мәліметтер алады.
- Оқушыларға жиі және маңызды кері байланыс ұсынылған жағдайда оқыту тиімді болады.
Рефлексия - Рефлексия/reflektion/- (латынша –reflexio/-өткенге жүгіну), субьектінің назарын өзіне, атап айтқанда, оларды қайта ойлап қорыту мақсатында өз белсенділігінің өніміне аударуы.Педагогикада рефлексия сабақтың бір кезеңі ретінде қарастырылады,ол кезде сабақ барысында алынған білім сыни тұрғыда талданып,меңгерілген біліммен салыстырылып, өзіндік түсінік пайда болады.
Кері байланыс пен рефлексияны жүргізудің түрлері
Ауызша
Кері байланыс пен рефлексияның түрлері
Сабақтағы іс-әрекетке байланысты
Көңіл күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған
Оқу материалының мазмұнына берілетін
Кері байланыстың формалары мен әдістері - Жазбаша түсінік беру
- Бақылау
- Сұрақ-жауап /Блиц-сұрақтар/
- Жаппай /фронтальды/ сұрау
- Кері байланыс күнделігі
- Өзін-өзі бақылау дәптері
- Бір минуттық эссе т.б
Рефлексияның формалары мен әдістері - Оқушы өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру
- Сурет салу түрінде
- Кесте , диаграмма , сауалнама толтыру
- Эссе жазу
Айырмашылығы - Кері байланыс
- 45 минут сабақтың балаға қаншалықты түсінікті болғандығын, сабағыңның қай деңгейде өткендігін және жеткізе алғандығыңның нәтижесін қысқа түрде оқушыдан алу;
- Басқаның іс-әрекетіне беріледі;
- Рефлексия
- Оқушыдан алған кері байланыстан сабағыңның қалай өткендігін өн бойыңнан өзің өткізіп,жіберілген кемшіліктеріңді саралап, келесі жоспарыңа түзету енгізу;
- Әркім өз ісіне жасайды;
Жақсы кері байланыс - Оқу мақсаттарына бағытталады
- Оқушылар дұрыс бағытта екенін біледі
- Оқушыларды қателерді түзеп, өз жұмыстарын жақсартуға ынталандырады
- Оқушыларға өз бетінше ойлануына , жауап беруге мүмкіндік береді
Рефлексия арқылы - Оқушы өз – өзіне есеп беруге;
- Өз қажеттілігін анықтауға;
- Өзіндік көзқарасын қалыптастыруға;
- Өз-өзіне баға беруге;
- Білім алуға деген қызығушылығын арттыруға жетелейді .
Көңіл–күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыстың әдіс–тәсілдері
Тамаша Жақсы Нашар
«БАҒДАРШАМ» Оқушыларға үш түсті белгілер беріледі. Сары түс - “Көңіл-күйім жақсы, сыныптастарымның көмегімен тапсырманы орындадым.” Жасыл түс – «Мен бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл–күйім тамаша.» «АЛМА АҒАШЫ» Сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – «Сабақ өте қызықты, бәрі түсінікті болды, көңіл – күйім көтеріңкі.» Қызыл түсті алма – «Бүгінгі сабақты меңгере алмадым, көңіл – күйім жоқ.» «ҮШ СӨЗБЕН» Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады:
қуаныш
ашу
төзімсіздік
шабыт
немқұрайлылық
қанағаттану
алаңдау
тыныштық
сенімсіздік
зерігу
сенімділік
рахаттану
Оқу материалының мазмұны рефлексиясының әдіс-тәсілдері
+
|
-
|
қызықты
|
Оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
|
“Қолымнан келмей жатыр” немесе
“түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады.
|
Өздеріне не қызықты болды , соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі келеді, соны жазады.
|
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
Маған таныс ақпарат
|
Мен үшін жаңа ақпарат
|
Мені қызықтырып алған ақпарат
| СИНКВЕЙН • Бірінші жол - тақырып атауы; • Екінші жол - тақырыпты екі сөзбен сипаттау,- белгі немесе сын есіммен; • Үшінші жол - осы тақырыптағы іс-әрекетті үш сөзбен сипаттау, - етістікпен; • Төртінші жол - төрт сөзден тұратын фраза, тақырыпқа қатысты сөйлем; • Бесінші жол - синоним, тақырыпты ашатын. АЯҚТАЛМАҒАН СӨЙЛЕМДЕР Бүгін мен ..................... білдім. *................. қызықты болды. *.......................... қиын болды. *..................... тапсырманы мен орындадым. *......................... екенін түсіндім. Мен енді ....................... білемін. Мен ............................... сезіндім. Мен..................................... білім алдым. Мен......................................... үйрендім. *................................. менің қолымнан келді. Мен...................................... жасай алдым. Мен.................................... жасап көруге талпынамын. *.................. мені таң қалдырды. Сабақ менің өміріме ..... берді. Менің............. жасағым келді. “ТАЗАЛЫҚ”
Тақырып бойынша алған керекті ақпаратты чемоданға салыңыздар.
Сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар.
Бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар.
Сабақтағы іс-әрекетке кері байланыстың әдіс-тәсілдері
«ТАБЫС САТЫСЫ»
Мен............ білемін.
Мен .............. түсінемін.
Мен ............... жасай аламын.
“ТАҢДАУ” 1. Мен сабақ қызықты / қызықсыз болды деп ойлаймын. 2. Мен сабақта көп нәрсені үйрендім / үйренгенім аз болды. 3. Мен басқаларды мұқият / зейінсіз тыңдадым. 4. Мен пікірсайыстарға жиі / сирек қатыстым. 5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын / риза емеспін. Назар аударғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін!
Достарыңызбен бөлісу: |