Бұл техникадағы ең басты ереже - әдейі істеп жатқаныңызды
білдіртпеу. Сіз білдіртпеу керексіз. Еркектер өте ақылды, олар
өте қырсық. Егер сіздің әдейі суып
жатқаныңызды, әдейі
алыстап жатқаныңызды, әдейі көңіл бөлмей жатқаныңызды
сезсе, соның барлығын екі есе етіп сізге қайтарғысы келеді.
Жігіт сізге қырсығып 2-3 күнге жоғалып кетеді, сізбен
араласпай қояды, сөйлеспей қояды. Сосын сіз де "Мен
техниканы жасап жүрмін, ал оған бұл әсер етпейді" деп
түсінбей қаласыз. Не істеу керек? Махаббатыңызды барынша
көрсету керек. Аз
ғана берген көңіліңізде, аз ғана бөлген
уақытыңызда күні бойы бере алмаған махаббатыңызды,
қамқорлығыңызды беріп үлгеруіңіз керек. Күні бойы
хабарласпайсыз, ал сізге хабарласқан кезде суық болып
сөйлесіп,
өзінше болып отырсаңыз, бұл дұрыс емес. Ондай
кезде техника жүзеге аспайды. Еркек одан сайын қырсығып
қалады.
Сонымен жігіт хабарласты, телефонды бірінші қоңырауын
алмай, екінші қоңырауын алатын болсаңыз:
-Жаным, алтыным,
сізді сағынып кеттім ғой, телефонды
алғаным жақсы болды, әйтпесе жаңа естімей қалдым,
келесі
жолы алуға тырысамын,- деп барынша ақталуға тырысыңыз.
-Сағынып кеттім сені, көргім келеді, сенің парақшаңа кіріп
суреттерді
қарап отырғанмын, менің жігітім әдемі екен ғой
деп ойлап отырмын,- деп жылы сөздер айту керек. Міндетті
түрде комплименттер айтып үлгеру керексіз. Міндетті түрде
ер адамға кездейсоқ болып жатқанын дәлелдеу керексіз. Ол:
-Үнемі үлгеріп жүрдің ғой, енді қалай үлгермей қалдың,- деп
айтуы мүмкін.
-Иә, неге сенбейсің маған, шын айтамын,- деп ақталу керексіз.
Міне осылай бірнеше уақыт жалғасуы керек.
Ең бастысы
еркекке бұл техниканы білдіртіп қоймаңыз.
Некеге дейін...
70
Достарыңызбен бөлісу: