Танысу тәжірибесін орындау бойынша


ТАҚЫРЫП 1. ТӘЖІРИБЕМЕН ТАНЫСУДЫҢ МІНДЕТІ, МАҚСАТЫ ӨТУ ЖОЛЫ



бет4/9
Дата03.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#108858
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
-«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы »АҚ

ТАҚЫРЫП 1. ТӘЖІРИБЕМЕН ТАНЫСУДЫҢ МІНДЕТІ, МАҚСАТЫ ӨТУ ЖОЛЫ.
1.1 Тәжірибеден өту үшін оның мақсаты мен міндеттерімен танысу

Танысу тәжірибесіне «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы » АҚ ын мысалға аладым. Танысу тәжірбиесінен өту мақсатым, «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы »АҚ ының мақсаты мен міндеттерін, еңбек тәртібі мен кәсіби әдеп ережесін, және де жұмыстағы қарым- қатынас ережесімен толығырақ біліп танысу. Құрылымымен, нарықтағы орнымен, даму деңгейімен, құрылған тарихы, нарықтағы қолданысы жайында ақпарат беру. Таңдаған мамандығым бойынша, кәсіпорыннның тізімін құру. Сол жайында ақпарат жинау. Кәсіпорын бойынша түйіндеме тағайындауды, кәсіпорынды таңдау арқылы кәсіпорын ортасымен колледж базасында танысу. Қызметкерлермен байланысы, олардың қолданылған резюме, және де танысу тәжіибесі бойынша қорытынды есеп жіберу.

Танысу тәжірибесі барысындағы міндеттерім:


  • Жоспарлаймын;

  • Шешім қабылдаймын;

  • Адам, қаржы және материалдық ресурстарды ұйымдастырамын;

  • Басқарамын;

  • Бақылайтын тұлғамын.

Нарықтық экономиканың қалыптасуы жағдайында жоғары білікті мамандарды коммерциялық даярлаудың рөлі мен маңызы өте зор, жұмыс мазмұны мен әдістері түбегейлі өзгеруде. Нарықтың жаңа құрылымдарының пайда болуы - тауар биржалары, аукциондар, сауда үйлері, сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру, маркетингтік әдістердің және кәсіпкерлік қызметтің таралуы мамандардың тауарлар мен қызметтер нарығында жұмыс жасау үшін терең теориялық және практикалық дайындықты қажет етеді.
1.2  Таңдаған мамандық бойынша ғылыми кітаптардан, кітаптан, газет бетіндегі мақаладан, журналдан іздеу.

Жалпы алдымен менеджер дегеніміз кім, қандай міндеттер мен қызметтер атқаратынын  біліп алғанымыз жөн.Менеджер (ағылшынша manager – басқарушы) – жалдамалы басқарушы, өндірісті ұйымдастырушы маман. Ол негізінен кәсіпорындағы немесе фирмадағы барлық жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру, басқару мәселелерімен айналысады, ұйым алдындағы міндеттердің орындалуына тікелей жауап береді. Менеджер жан-жақты сауатты болып, ішкі және сыртқы рынокты жақсы білуі керек. Ол үшін рынокқа қандай тауар қажет, көпшілік сұранымына сәйкес қандай өнімдер керек, қай жерде қандай тауарлар өтімді, тауарлар мен өнімді сатып алушы клиенттердің мүмкіндігі мен қаржы жағдайы қандай деген мәселелерді анықтап отырады.  

Әрине, менеджерлердің бәрі бірдей дәрежеде жұмыс істей бермейді. Менеджерлерді олардың жұмыс істейтін салалары мен олардағы қызмет деңгейлеріне сәйкес бөлінеді.

1-сурет. Менеджерлердің деңгейі.

Деңгейіне немесе ұйым ішіндегі қызмет саласына қарамастан, табысқа жеткісі келсе, менеджерлердің барлығы нақты бір рөлдерді атқаруға және белгілі бір дағдыларды көрсете білуі тиіс.Тұлға белгілі бір басшы үлгісін жасайды, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандырады және ұйымда белгілі бір міндеттерге ие.

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы »АҚ менеджерлерінің міндеттері:



  • Кәсіпорындағы персоналды және әлеуметтік процестерді басқарудың тиімді жүйесін жасайды, қызметкерлердің жеке ерекшеліктері мен кәсіби шеберліктерін ескере отырып, олардың бастамашылығы мен шығармашылық қызметі үшін жағдай жасайды және ұжымда өзара қарым-қатынасты тиімді құра алады.

  • Кәсіпорынның кадрларға қажеттілігін анықтайды; лауазымдар мен жұмыс орындарын толтыру жүйесін әзірлейді; қажетті кадрлармен қамтамасыз етудің мүмкін көздерін анықтау мақсатында еңбек нарығын зерттейді; үміткерлерді іздеуді әртүрлі ақпарат көздерін (бұқаралық ақпарат құралдары, Интернет, рекрутингтік агенттіктер мен жұмыс орталықтары және т.б.) қолдана отырып ұйымдастырады.

  • Даму перспективаларын және өндіріс көлемін ұлғайтуды (сату, қызмет көрсету, жұмысты орындау және т.б.) ескере отырып, компанияның кадрлық әлеуетін сапалы қалыптастыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді.

  • Қызметкерлердің іскерлік және жеке қасиеттерін бағалау жүйесін әзірлейді, бос лауазымдарға орналасуға конкурстар, конкурстар ұйымдастырады.

  • Кәсіпорын жұмыскерлерін ынталандыру жүйелерін әзірлейді және жүзеге асырады (кәсіпорынның экономикалық, техникалық және әлеуметтік нәтижелерінің жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпал ететін қызметкерлерді материалдық және моральдық ынталандыру жүйесін құру; қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламаларын әзірлеу; жеке мамандарға материалдық және моральдық артықшылықтар беру бойынша ұсыныстар әзірлеу және т.б.).

  • Кәсіпорындағы кадрлар жұмысының жай-күйін талдайды және оны іске асыру деңгейін жақсарту бойынша шаралар мен ұсыныстар әзірлейді.

Талаптар:

  • Жоғарғы білім;

  • Персоналды басқару саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл.




2-сурет.Менеджерлердің рөлі.

        Қортындылай келе, танысу тәжірибесі арқылы компания мен менеджердің мақсаттары мен міндеттерімен танысып, жеткілікті ақпараттарды алдым. Сонымен бірге қызмет көрсетуді, құжаттарды ұйымдастыруды білдім.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет