Халықаралық ынтамақтастық
№
|
Елдер
|
Компаниялар
|
1
|
Қытай
|
CCTV
|
2
|
Қытай
|
Hunan TV
|
3
|
Түркия
|
TRT
|
4
|
Ресей
|
ВГТРК
|
5
|
Өзбекстан
|
НТРК
|
6
|
Малайзия
|
ABU
|
ТАҚЫРЫП 4. ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУГЕ КӘСІПОРЫН ТАҢДАУ
4.1 Таңдаған мамандығы бойынша, кәсіпорынның тізімін құру. Сол жайында ақпарат жинау.
Менеджмент (ағылш. мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру,) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді де атқарады. Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 – 1915) есептеледі. Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент, негізінен, барлық экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады. Қазақстанда менеджмент қағидаттары, тәсілдері, амалдары нарықтық экономиканың өркендеуіне сай кеңінен таралған.
Кәсіпорындар
|
Қызметі
|
«ACCENT»
|
Серіктестер мен клиенттермен бірге даму, ұзақ мерзімді серіктестік құру, клиенттерге өздерінің бизнесін ашып, дамытуға көмектесу, клиенттің ойынан шығатындай етіп тауарларды жасау жәнеде сұранысын арттыру, мінсіз тауарлар өндіру.
|
«L’Oréal»
|
Жергілікті сұлулық заттарын зерттеу, қол жетімді косметикалық құралдар шығару, бүкіл әлемде әйелдер мен ерлерге үздік косметикалық өнімдер ұсыну, бәсекеге түсу.
|
«Kaspi» банк
|
Халыққа қызмет көрсету. Яғни, несие беру жағынан болсын, өздерінің арнайы карточкалары бар. Kaspi Gold, Kaspi Red, Kaspi Депозит бағдарламалары түрінде болады.
|
«Nestle»
|
Тауарларды нарыққа шығару, сатуды ұлғайту. Іскерлік серіктестермен жемісті байланысты қолдау. Клиентурамен қарым қатынасты қолдау.
|
|
|
Қорыта келе, танысу тәжірибесінде бір ғана компаниямен жұмыс жасамай басқа да бірнеше компания түрлерімен және олардың атқаратын қызметтерімен таныс болдық.
4.2 Түйіндеме тағайындау.
Түйіндеме – компанияға өз түйіндемелерін жіберген көптеген үміткерлерден сізді ерекшелеп тұратын жарамалық парақша сияқты болуы керек. Яғни, жұмыс беруші немесе кадрлар қабылдайтын кез келген агенттіктерде сіздің түйіндемеңіз әлеуеті жоғары қызметкер ретінде оларды қызықтыру қажет.
Түйіндеме жазу барысында болашақта оны оқыған адамға қызығушылық тудыратындай етіп жазу мақсаты көзделуі керек. Біріншіден – білікті маман ретінде, екіншіден — позитивті мінездеме көрініс тапқаны жөн. Өйткені, оны қолға алған алғашқы 1-2 минутта қызығушылық тудырса, әрі қарай толықтай қаралады.
Ол үшін төмендегі талаптарды қанағаттандыру қажет:
Біріншіден – түйіндемеде тек шындық көрсетілуі керек. Өйткені, жеке кездесу кезінде сол мәліметтерді растауыңызға тура келеді. Жазылған мәлімет дұрыс болмаған жағдайда өзінізге қиындық тудырып аласыз.
Егер де сіз түйіндемеңіз арқылы өзіңізді көрсеткіңіз келсе, әуелі өзіңізге баға беріңіз. Артықшылықтарыңызды тізіп шығыңыз. Қолыңыздан келетін істер мен өз бойыңызда бар деп санаған қасиетіңізді түйіндемеге енгізіңіз.
Екіншіден – түйіндемеде жеке мінездеме көрініс табуы қажет. Қандай да бір компанияға түйіндеме жазбас бұрын, компания туралы, оның ұжымдық саясаты, оның принциптерімен, үміткерлерге қоятын компания талаптарымен таныссаңыз, сіз түйіндемеңізге өзгеріс еңгізіп немесе жаңа түйіндеме жазуыңыз мүмкін. Түйіндемеңізде өз ісіңіздің маманы екеніңізді көрсетіп, жұмыс берушіге осы қызметке лайықты екеніңізге сенімділік тудыруға тырысыңыз. Түйіндемеңізге қоса ұсыным хатын берсеңіз болады. Онда сіз осы компания өзіңізді қызықтырғанын және неліктен ең лайықты үміткер екеніңізді жазуыңызға болады. Бұндай ерекшелік біріншіден – жұмыс берушінің назарын аударары сөзсіз, екіншіден – сіздің жұмыс іздеудегі жауапкершілігіңізді көрсетеді. Сондай-ақ, кез кезген жұмыс берушіні бей-жай қалдырмасы анық.
Үшіншіден – қажетсіз деп санайтын жағымсыз сәттерді түйіндемеге жазбағаныңыз дұрыс. Керісінші, өз ерекшеліктеріңіз бен артықшылықтарыңызды, жетістіктеріңізді көрсетіңіз.
Төртіншіден — шетелдік компанияға түйіндеме жазсаңыз, сол компанияның негізгі тілі болып табылатын тілде жазғаныңыз дұрыс. Сондай-ақ, орыс тілді басшы болса, орыс тілінде жазғаныңыз жөн. Яғни, сіздің мақсатыңыз – түйіндемені оқыған адамға сіз туралы мәліметтің толық жетуі.
Түйіндемені нақты толтыру:
- Сауатты жазу. Қызметке орналасатын үміткердің түйіндеме толтырғанда білімі мен кәсіби біліктілігінен бөлек ең маңызды, әрі аса көңіл бөлу керегі – оның сауатты құрастырылуы. Әсіресе, жастар арасында кеңтараған жаргондарды қолданбай, мәтінін тергенде қатесіз жазу. Маңызды болатын себебі, егер құжатта өте көп қате кетсе, басқасына көңіл аудармайды, яғни сіздің құжатыңыз қаралмайды. Дұрыс құрастырылған түйіндеме сізге қалаған қызметке шақырту алуға жол ашады.
- Тақырыбы. «Түйіндеме», «анкета» т.с.с.,тақырып қоймаңыз. Дәстүрлі түйіндемеде тақырыптың орнына аты-жөні, кей жағдайда үміткердің аты-жөні, акесінің аты жазылады.
- Бос орынға сайкес толтыру. Сіз түйіндемеңізді жарияланған бос орынға немесе жай ғана қызметкерлер бойынша менеджерге жазасыз ба, айырмашылығы жоқ. Екі жағдайда да, сіз түйіндемеңізді компанияда нақты немен айналысқыңыз келетініне сәйкес толтырыңыз. Қажетсіз графалар толтыру арқылы жұмыс берушіні шатастырып, керексіз сұрақтар тудыруыңыз мүмкін. Сондықтан нақты қандай мамандық иесі екеніңізді көрсеткеніңіз жөн.
- Білімі. Негізі білімі (тек қана ЖОО ғана емес, әртүрлі курстар мен
тренингдерді т.с.с., көрсету керек, ЖОО дейінге білімді жазудың аса қажеттлігі жоқ) туралы ақпарат хронологиялық тәртіппен келесі бетінде көрсетілгені дұрыс. Жұмыс беруші сіз өткен курстар мен тернингтардың қызмет саласына пайдасы бар ма, соған көңіл бөледі. Егер болашақ жұмысыңызға қатысты болса, қорғаған дипломдық жұмыстарыңыз бен кафедраңыздың атын, сондай-ақ, оқу кезіңде алған алғыс хат, маратап қағаздарыңызды, ғылыми, студенттік сайыстардағы жетістіктеріңізді көрсетіңіз.
- Еңбек өтілі. Хронологиялық тәртіппен келесі бетке жазылады. Мұнда қызметтегі уақыт мерзімі, қызмет еткен мекеме мен ұйымның, немесе компанияның аты, атқарған лауазымын көрсету керек. Еңбек өтіліңіз үміттеніп отырған жұмыс орнына қатысты емес болса, жазбаған дұрыс. Егер еңбек өтіліңіз жоқ болса, бұл графаны мүлдем жазбай кетіңіз. «Еңбек өтілі» деп жазып, бос орын қалдырмаңыз.
- Қосымша ақпарат. Бұл бөлімде компьютер, шет тілдерін меңгеретініңізді, жүргізуші куәлігі бар екенін, жеке қасиеттерініңізді, ерекшеліктеріңізді көрсетіңіз. Еңбек өтілі болмаған жағдайды, үйренуге, оқып-білуге дайын екеніңізді көрсету маңызды. «Тіл табысқыш», «ұсыныс білдіргіш» т.с.с., стандартты сөздерді қолданбаңыз, өйткені олар 90% түйіндемеде қайталанады.Сонымен қатар, өз қызығушылығыңыз бен хоббиіңізді көрсетіңіз, бірақ оны жазбас бұрын мінезіңізді қай жағынан көрсететінін ескеріңіз.
Түйіндеме көлемі. Жарты бет – аз, үш бет – көп, ең дұрысы – 1-2 бет. Әрине, бір бетке сыйдыру тиімді болғанымен, үнемі солай ыңғайлы бола бермейді. Кейбірде тіпті түйіндеме көлемді болғаны дұрыс, өз кәсіби шеберлігіңізді мағынасыз сөздермен қысқартып жазып бір бетке толтырғанша, өз еңбек өтіліңізбен тәжірибеңізді, жетістіктеріңізді толыққанды көрсеткеніңіз әлдеқайда дұрыс болып табылады.Түйіндемені қарапайым, нақты әрі түсінікті толтыру. Түйіндеме құрастырудың өз талабы, өз құрылымы бар. Сондықтан оған аса мән беріп, үлкен жауапкершілікпен қарау керек.
Түйіндеме толтырудағы бірден-бір маңызды әрі қажеттісі – өзіңіз туралы және өз кәсіби тәжірибеңіз туралы ақпараттың дұрыс құрылымы. Өзіңіз туралы ақпаратты толтыруда бірыңғай түрі болмайды, бірақ, көптаралған бірнеше түрлері бар. Ең ыңғайлы жолы – жаңа нәрсе ойдан шығармай-ақ, көптараған түрлерді қолданған дұрыс.
Әрбір жұмысқа орналасушының өзіне тән ұқыпты да, тиянақты, өзі туралы нақты мәліметтер беретін түйіндемесі болу керек. Белгілі бір ережеге сүйене отырып жазылады.
4.3 Осылардың көркемдеп жазылуына талап ету.
Жақсы резюме жазу үшін , сіз назар аударатын басты нарсе кәсіби өмірбаяныңыз. Сондықтан сіздің кәсіби визиткаңыз келесідей болуы керек:
Лауазымы
Байланыс деректері
Жұмыс тәжірибесі
Білім
Кәсіби дағдылар
Ұсынымдар
Қосымша ақпарат
Лауазымыңызды көрсетіңіз
Егер сіз түйімдемені қалай жасау керектігін білмесеңіз, міндетті түрде үміткердің лауазымы көрсетіңіз.Ол түйімдеменің атауы. Бұл сіздің кәсіби визитканың ең маңызды бөлігі. Мысалы : «бухгалтер» , «ағылшын тілінен аудармашы», «сатып алу жөніндегі менеджер».
Байланыс деректерін қосу.
Телефон нөмірін елестетіп жазыңыз. Көрсетуге тұрғылықты мекен жайы, электрондық почта мекен жайын жазу керек. Сондай-ақ сіздің тұратын қалаңызды немесе көшуге дайын қаланы көрсетуге кедергі келтірмейді, және де қанша ақша табуды қалайтыныңызды жазу.
Жұмыс тәжірибесін сипаттаңыз: Жұмыс тәжірибесін барынша толық сипаттаңыз.Соңғы жұмыс орнынан бастау керек.
Білім туралы: Алдымен жоғарғы білім немесе орта туралы білім жазыңыз.
Кәсіби дағдыларды көрсетіңіз:бұл маңызды бөлім. Бұл тармақ- «түйіндемені қалай тартымды ету керек?». Сіздің не істей алатыныңызды, қандай бағдарламаларда жұмыс істейтініңізді және т.б біледі. Бірақ тек қызықтырудың қажеті жоқ.
Ұсынымдарды қосыңыз: сізді маман ретінде ұсына алатындардың байланыс деректерін қосу мүмкіндігі бар. Ұсынымдар көп болған сайын, соғұрлым жақсы.
Сәйкесінше түйіндемені қалай көркем әрі ұқыпты етіп жазуды үйреніп білдім.
4.4 Түйіндеме дайындау. Қолдану тәртібі, жолы. Түйіндемені тарату.
Түйіндеме
Осы түйіндемені бірнеше кәсіпорындаға тараттым. Олар: «Рахат», «L’Oréal», Nestle» және т.б. кәсіпорындар.
ТАҚЫРЫП 5.ТАНЫСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП БЕРУ.
5.1 Танысқан кәсіпорындар тізімі.
Алған білімімізді арттыру мақсатында дамып келе жатқан бірнеше кәсіпорынмен таныс болдым. Олар:
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ - еліміздегі ең ірі ЕДБ. Қазақстаннан басқа банк Ресейде, Қырғызстанда, Грузияда, Тәжікстанда бар. 2018 жылдың мамырында Өзбекстанда еншілес банк ашу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқандығы туралы хабарланды. Жаңа нарыққа шығу меншікті капитал есебінен жоспарлануда.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» - тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін енгізетін еліміздегі жалғыз банк. Бағдарлама тұрғын үй салу салымдарына салымшылардан ақша тарту және тұрғын үй заемдарын беру арқылы халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған.
SCAT (толық атауы «“SCAT” әуекомпаниясы» АҚ [1]) — орталық кеңсесі Шымкентте орналасқан әуекомпания. Қазақстан мен көршілес елдердің ірі қалаларына жолаушы әуерейстерін орындап тұрады. Негізгі базасы Шымкент әуежайында, ал қосымша хабтары Орал, Ақтау, Атырау, Астана, Қызылорда және Алматыда орналасқан.
«Кселл» АҚ (KASE:KCEL) — «Activ» және «Kcell» бренді арқылы қызметтер ұсынатын GSM стандартындағы (900/1800), UMTS/WCDMA (2100 МГц), LTE(4G), LTE Advanced (700/800 МГц және 1700/1800 МГц) ұялы байланыс операторы. Компания 1998 жылы құрылды және Kcell бренді арқылы ұялы байланыс қызметін ұсынады, негізінен, корпоративтік сегментті көздейді, ал Activ көпшілік нарыққа бағытталған. 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Кселл» АҚ абоненттік базасы 9 986 мың адамды құрады.
5.2 Кәсіпорынның қосымша,құрылтай жарнамалық құжаттары
Өкінішке орай пандемия кезеңіне байланысты жеке барып өз көзіммен көріп зерттеуге аса бір мүмкіндік болмады,десе де интернет желісі арқылыда терең зерттей алдым деп ойлаймын. Жарнама, реклама (франц. рецламе, лат. рецламо — жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет, Интернет, проспектілер, плакаттар, т.б.) арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның ақылы түрі болып табылады. Телевизия болғандықтан үлкен рөл атқарады
4-сурет.Жарнамалық құжат.
5-сурет.Қаржылық көрсеткіші.
Достарыңызбен бөлісу: |