Дәстүрлі бағалау : -жоспарлау, оқыту және бағалау бір-бірінен бөлек үдерістер;
-бағалаудың бір ғана құралы немесе стратегиясы пайдаланылады;
-бағалау тек мұғалімнің билігінде;
-оқушылардың оқу нәтижелерін есепке алу мен есеп берудің бір ғана тәсілі қолданылады;
-оқушылардың жауаптары дұрыс жауаппен салыстырылады (біледі-білмейді);
-тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана тексеру жүргізіледі;
-бағалаудың жалғыз мақсаты – қойылатын бағаны анықтау;
-оқушылардың ағымдық білімі мен оқу тәжірибесін бағалау тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана жүргізіледі.
Тапсырма 2. Оқушылардың оқу жетістігін бағалау жүйесін шетелдік әдебиеттерін талдау. Қазақстанда білім сапасын бағалау әлі де бақылаушы және басқару органдарының бақылау қызметі ретіндегі іс-әрекет болып отыр. Ол сыртқы бақылау–тестілеу, бақылау үзігі және аттестациялау, лицензиялау арқылы жүзеге асырылады.
Білім сапасын бақылау сол оқу орындарының өзімен жүргізіледі. Атап айтқанда, оқушылардың күнделікті және жылдық үлгерімі, көшірілу және мемлекеттік емтихандар қорытындысы,оқу-тәрбие үрдісінің жеке параметрлерінің жағдайын талдау.
Тек соңғы жылдары біздің мемлекеттің дүние жүзілік білім беру кеңістігіне енуіне байланысты.
Шет елдің тәжірбиені зерттеу және білім сапасын бағалауда білім сферасындағы салыстырмалы талдау жүргізу нәтижесінде белгілі бір жүйелілік қалыптасып,жаңа әдістер мен іс-әрекеттер қолданыла бастады.Осыған орай оқу мекемелерінің өзін-өзі бағалау процедуралары кеңінен енгізіле бастады. Сонымен қатар сыртқы бағалаудың жаңа түрлері енгізілуде, ол (4,9) сынаптардың мемлекетаралық бақылау (МАБ), орта білім берудің жеке деңгейлерінің аяқталуынан кейін оқушылардың академиялық білімдерін (МАБ) мемлекетаралық бақылау және орта білім мектептерінің түлектеріне арналған “Бірыңғай Ұлттық Тестілеу”(БҰТ) (1).
Осы жоғарыдағы аталған мәселелерге байланысты мен де өз жұмыс жасап жүрген сыныптар аралығында оқушылардың білімдерін бағалауды білім сапасын басқарудың бір критерийі деп есептеймін.
Дәстүр бойынша оқушының оқу жетістігі –меңгертілу деңгейі балдық бағалар мен бағаланатын білім, білік және дағдыларды жинақтау үрдісінде меңгерілетіндердің көлемінің өсуі, олар жалпы пән бойынша (жалпы пәнді оқытудан күтілетін нәтижелер ретіндегі пәндік компетентіліктер) және әрбір сынып бойынша (жеке оқу курстарын оқытудан күтілетін нәтижелер ретіндегі) білім, білік және дағдылар тізбесі көрініс береді.
Білім сапасын бағалау үшін оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау мен олардың белгіленген стандартқа сәйкестілігі пайдаланылады. Шындығында, білім сапасы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау арқылы белгіленеді, яғни бағалау –білім саапасын басқарудағы негізгі критерий. «Оқушы жетістіктері» ұғымы білімнің құндылығы мен мақсатына және оның мазмұнына өзара байланысты (2).
Оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштерін анықтау үшін немесе бағалау үшін диагностикалау қажет. Диагностикалық іс-әрекет бақылауды, тексеруді, бағалауды қамтиды. Диагностикаланатын мақсаттар мен оқыту нәтижелерінің тепе –теңдігі оқыту сапасының критерийі, ал оның көрсеткіші оқушылардың оқу материалын меңгерудің белгілі бір деңгейіне жетуі болып табылады.
Бағалау жүйесінің обьективтілігіне диагностикалық маңыздылығына көңіл бөлінуі қажет.
Білім алу барлық елге ортақ. Дегенмен, әр елдің танымына, қоғамдық жағдайларына байланысты оқу жүйесі, заңдылықтары әртүрлі болары анық. Мысалы, сингапурлық оқушылар қаңтар айынан бастап оқиды.
Әр түрлі елдердегі бағалау жүйелері
Жақын шет елдерде де оқушьшардың оқу жетістіктерін бағалауда эр түрлі нүсқалар бар: мысалы, Украина 12 балдық жүйеге ауысты; Балтық жағалауындағы елдер англосаксондық жүйені дүрыс санайды. Тек Эстонияда элі де 5 балдық жүйе қолданылып келеді (1 деген баға да бар, ол тапсырманы орындамаған жағдайда қойылады). Беларусь, Молдавия, Грузия 10- балдық жүйеге ауысты. Кейбір оку мекемелерінде орташа баганы шығару үшін жоғарыда көрсетілген багаларды балға қайта есептеу пайдаланьшады. Мысалы, 1 деген баға 15 бал, 2 деген баға 12 бал, 3- 9 бал, 4 - ол 6 балл, 5 - ол 3 бал, 6 - ол 0 балл. Қырғызстанда білімді бағалау үшін бесбалдық жүйені пайдаланады.