Тапсырма:
1. М.Ж.Көпеев ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі және ауыз әдебиетін жинаудағы еңбегі туралы не айтасыз.
2. Дін, өнерді қатар алып жүріп Мәшһүр атануы.
3. Өлеңдер жинағының жарық көруі.
4. Ақынның поэмалары. Бір поэмасына әдеби талдау жасаңыз.
SSS.
Кейс-тапсырма
Шәкәрім Құдайбердіұлы таза адам ұғымының мән-мағынасы.
Тапсырма:
1. Ақынның өмірі, шығармашылығына қысқаша шолу жасаңыз.
2. Шығармаларының басты тақырыптары. Бір өлеңіне әдеби талдау жаса.
3. Ақынның көсемсөздері. «Сынау һәм сынауды сынау» мақаласына талдау жасаңыз.
SSS.
Кейс-тапсырма
Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмалары
Тапсырма:
Ақынның поэмалары.
«Еңлік – Кебек» поэмасындағы Кебек, Еңлік, Кеңгірбай бейнелерін ашып көрсетіңіз. Поэмадағы этнографиялық көріністерге мысалдар келтір.
«Қалқаман-Мамыр» поэмасындағы Көкенай бейнесі
Аудармалары
SSS.
Кейс-тапсырма
М.Қалтаев шығармаларының қазақ әдебиетіндегі орны.
Тапсырма:
Мақыштың өмірі мен шығармашылығының зерттелуі.
Өлеңдер жинағының жариялануы және тақырыптық аясы. Көтерілген басты тақырыптарды атаңыз.
Көсемсөздері мен аудармалары туралы не білесіз?
SSS.
Кейс-тапсырма
Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығы
Тапсырма:
Ақынның өмірі, шығармашылығына қысқаша шолу жасаңыз..
«Бір адамға» өлеңінің шығу тарихын айтыңыз және әдеби телдау жасаңыз.
Ақынның шығармашылығын Алаш әдебиетімен байланыстыру.
SSS.
Кейс-тапсырма
Сұлтанмахмұт Торайғыров поэмалары
Тапсырма:
«Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларында көтерілген халықтың әлеуметтік жағдайы туралы өз көзқарасыңыз.
«Таныстыру» поэмасындағы Алаш қайраткерлеріне берілген мінездеме, «Айтыс» поэмаларындағы әлеуметтік тартыс мәселесі
SSS.
Кейс-тапсырма
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы
Достарыңызбен бөлісу: |