Тапсырма: Мына сұрақтарға жауап беріңіз: Анемиялық синдром деген не? Зертханалық көрсеткіштері. Жауабы



Дата07.02.2022
өлшемі19,94 Kb.
#92125
Байланысты:
Сим№15тапсырма жауабы




Тақырып №15: Қан жүйесі аурулары кезінде кездесетін клиникалық синдромдар.
Тапсырма:


Мына сұрақтарға жауап беріңіз:


1.Анемиялық синдром деген не? .Зертханалық көрсеткіштері.
Жауабы:
Анемиялық синдром
Анемия не қан аздық деп организмдегі ағзалар мен тканьдерді оттегі жетіспеушілік жағдайға әкеліп соқтыратын қанның белгілі бір көлемінде гемоглобин мелшерінің не эритроцит санының азаюын айтады.
Анемияның барлық түрлеріне тән ортақ белгілер болады. Олар не организмге оттегі жетіспеушілігінен туады, не компенсаторлық механизмдердің іске қосылуынан туады.
Басқа принципке негізделген анемияның классификациялары көп. Бірақ олар анемияны біржақты ғана сипаттайды. Мысалы, түс көрсеткішінің шамасына қарап, анемияның нормохромдық (түс көрсеткіші 0,8—1,0), гипохром- дық (түс көрсеткіші <0,8) және гиперхромдык (түс көр- сеткіші >1,05) түрлерін ажыратады.
Сүйек миының регенаторлық кабілетіне қарай регенераторлық (қанда ретикулоцит саны калыпты мөлшерде, миелограммада лейко-эритробластық қатынас бұзылмаған), гипорегенераторлық (канда ретикулоцит саны азайған, миелограммада эритропоэз көрсеткіштерді темендеген) және арегенераторлық не апластикалык (қанда ретикулоцит саны ете аз, миелограммада эритропоэз толық токтаған не өте нашарлаған) анемиялар болады.
2.Геморрагиялық синдром белгілерін атаңыз, оны қалай анықтайсыз?
Жауабы: Қанды ұйытатын жүйенің функциональды белсенділігі басым болса, онда қан тамырларының бойында тромбтар пайда болады. Қанды сұйылту жүйесі басым болса, онда организмде қансырағыштық (геморрагиялық диатез) туады. Қансырағыштықтың негізгі сипаты ұсақ тамырлардан қан кету. Қан көбіне капилляр тамырларынан кетеді. Қан кете бастағанда организмде қансырауға қарсы бағытталған механизмдер іске кіріседі. Бұл механизмдер бір-бірімен байланысты жүретін әрекеттерден тұрады. Қан кетуді тоқтату гемостаз деп аталады.
Организмнің қансырауға не тромб пайда болуға дайын күйін анықтайтын көптеген лабораториялық тәсілдер бар. Барлық қолданылатын тәсілдер классикалық коагуляциялық тәсілдер және дифференциалды тәсілдер болып екі топқа бөлінеді.
Классикалық коагуляциялық тәсілге жататындар:
1 қан ұю уақытын анықтау;
2 тромбоцит санын есептеу;
3 қан ағу уақытын анықтау;
4 қан ұйығы реакциясын анықтау;
5 капилляр қабырғасының өткізгіштігін анықтау.
3. Науқасты төс сүйегі пункциясына дайындау және жүргізу техникасы.
Жауабы: Науқасты және медициналық құрал-саймандарды төс сүйек пункциясына дайындау


Мақсаты: диагностикалық: қан ауруларынын диагнозын айқындау және диагнозды дұрыс қою үшін сүйек миын зерттеу.
Қолдану көрсетілімдері: қан өндіру жүйесінің аурулары.
Қарсы көрсетілімдері: инфаркт миокардісі, бронхиалді астма ұстамасы, көлемді күйіктер, тері аурулары, тромбоцитопения (тромбоциттердің азаюы).
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, 10-20 мл шприцтерді, Кассирский пункциялық инесін, таңғыш материалды, 8-10 дана заттық әйнектерді, мақта және дәке шариктерін, корнцангты, қолғапты, 70% спиртті, 5% спирттелген йод ерітіндісін, лейкопластырьді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:


1. Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның рұқсатын алыңыз.
2. Дәрігер төс сүйегін тесуді емшара кабинетінде жүргізеді.
3. Төс сүйегі ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде тесіледі.
4. Мейірбике манипуляция жүргізгенде дәрігерге көмектеседі.
5. Науқасты емшара кабинетіне шақырыңыз.
6. Науқасты беліне дейін шешінуін сұраңыз. Науқасқа кушеткаға арқасымен көпшіксіз жатуына көмектесіңіз.
7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.
8. Науқастың кеуде торының алдыңғы бетін, бұғанадан төс шеміршегі мен кіндік аймағына дейін 5% спирттелген йод ерітіндісінде суландырылған мақта шаригімен, сосын 70% спиртке ылғалдатылған мақта шаригімен 2 рет тазартыңыз.
9. Жұмсақ тіндерге қабаттық инфильтрациялық анестезияны (жансыздандыру) 2% новокаин ерітіндісімен 2 мл дейін төс сүйегінің ортасына ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде жүргізіңіз.
10. Кассирскийдің пункциялық инесінешектелетін қалқаншаны ине ұшынан 13-15 мм қондырып, сосын залалсыздандырылған шприцті дәрігерге беріңіз.
11. Дәрігер төс сүйектің сыртқы пластинкасын теседі. Оның қолы иненің ойыққа түсіп кеткенін сезеді, мандренің шығарып, инеге 20 мл шприцті жалғастырып, оған 0,5-1 мл сүйек миын сорып алып, заттық әйнекке құяды.
12. Заттық әйнекті кептіріңіз.
13. Инені алған соң тесілген жерді 5% спирттелген йод немесе 70% спирт ерітіндісімен өңдеңіз, залалсыздандырылған дәке таңғышын салып, лейкопластырьді жапсырыңыз.
14. Қолғапты шешіңіз.
15. Қолданған қолғаптарды, шприцтерді және мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
16. Қолыңызды сабындап жуып, құрғатыңыз.
17. Науқасты палатаға апарыңыз.
18. Материал кепкеннен кейін заттық әйнектерді жолдамамен лабораторияға апарыңыз.
Ескерту: Кассирский инесі – бұл қысқа қалың қабырғалы ине мандреннен және қалқаншадан тұрады. Қалқанша иненің өте терең төс сүйегіне енуінен сақтайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет