Тапсырма Оқу материалдарын зерделеңіз, ой тастап сізді қызықтырған идеяны жазып алыңыз. Модуль тақырыптары бойынша сұрақтар дайындаңыз. 2 –ресурсына қатысты кері байланыс беру үшін тапсырманы орындаңыз. Жауаптары



бет3/3
Дата30.01.2022
өлшемі104,62 Kb.
#116035
1   2   3
Байланысты:
Жауап Рахишева ГО
Жауап Рахишева ГО
Мұғалімдерді оқытуға арналған іс-шаралар

Негіздеме: бұл не үшін қажет?

1

Мұғалімдерге әртүрлі оқушылар үшін тиімді оқу тәжірибесін ұсыну

Қандай әдіс-тәсілдердің маңызды екенін және түсіну, түрлендіру

2

Арнайы оқушыларға арналған курстар

Мұғалімдердің білімдерін жетілдіру үшін

3

Психологтармен сұхбат

Оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау

4

Тізімді жалғастыруға болады...





1.3-ресурс. Оқыту мен оқудағы креативтілік

1-тапсырма: мәтіндегі басты ақпаратты табыңыз.

Ынталандыру және қолдау оқушыларға өздерінің креативтілігін дамыту туралы тиімді ойлау модельдерін құруға көмектеседі. Креативтілікті анықтау оқушыларға олар өз бетінше байқамауы мүмкін креативтілік қабілеттерін айқындауына көмектеседі. Метакогнициялық дағдыларды дамыту сияқты, тікелей креативті процесс туралы, оған ненің оң әсер ететіні, ненің кері әсер ететіні туралы айту арқылы оқушының креативтілік қабілетін дамытуға ықпал етуге болады. Ұқсастықтардың болуына қарамастан әртүрлі мәдениеттерде креативтіліктің мәні мен құндылығы туралы түсінік әрқалай болып келеді. Бір елдерде креативтілік қоғамдық және адамгершілік қасиеттер ретінде қарастырылса, енді бір елдерде адамның тұлғалық ерекшелігін көрсететін қасиеттер ретінде қарастырылады.
1.4 - ресурс. Пән арқылы оқыту

1-тапсырма: Мәтіндегі ақпаратпен танысып, негізгі ойды айқындаңыз. Бұл ақпараттың мән-маңызы неде? Өз ойыңызды вебинарда немесе форумда талқылау үшін жазып шығыңыз.

Тапсырмаларды шешу үшін олар:

- деректерді жинақтап,

- оларды таңдап,

- ауызша, жазбаша және визуалды түрде бастапқы және қайталама

дереккөздерден алынған ақпаратты іріктеп, қорытындылауы керек.

Оқушылар:

- мәліметтерді қайдан іздеу керек екендігін,

- дәлелдерді негіздеу үшін қандай ақпарат қажет екенін,

- келіп түскен мәліметтерді қалай түсіндіруді,

- күрделі себеп-салдарлық байланыстарды қалай құрылымдауды,

- бастапқы түсініктерді қалай түсіндіруді,

- өз қорытындыларын бұрыннан ұсынылған тарихи фактілермен байланыстыра

білуі қажет.
1.5-ресурс. Кіріктіру мен пәнаралық байланыс

2-тапсырма: Берілген мысалды қарастырып, пәндердің өзара байланысын талдаңыз. Осы тапсырманы орындау үшін оқушы қандай білімді меңгеруі тиіс?Тапсырма деңгейін анықтаңыз.

Химия және биология, экология пәндері кіріктірілген. Оқушы табиғатқа қаншалықты көмірқышқыл газының әсер ететіні, оның зияны туралы көп мағлұмат алуы тиіс. Тапсырма орташа деңгейде


1.6-ресурс. Оқу қабілеті

1 тапсырма: мәтінде ұсынылған идеялардың ішінен қызықты деген идеян

таңдап алыңыз; жауабыңызды тұжырымдаңыз. Бұл идеялар Сізді не себепті

қызықтырды? Оқыту тәжірибесінде оларды қалай іске асыруға болады?



Сингапурда және Шанхайда да математика сабағында оқушыларға тақтада есеп шығартады, бірақ мұғалімдер барлық оқушылар міндетті түрде есептің дұрыс жауабын беруін қатаң талап етпейді. Бұл жұмыстың мақсаты тапсырманың дұрыс жауабын табу ғана емес, тақтада жұмыс істеу арқылы оқушылардың қойылған міндетті түсіне білуіне және математикалық танымын кеңейтуіне мүмкіндік беру болып табылады. Оқушылардың зияткерлік өсу моделін дамыту үшін оларды ойлау қабілеттері үшін ғана емес, сабаққа қатысқаны және тапсырманың шешімін табуға ынталанғаны үшін қолдау көрсету аса маңызды. Сонымен қатар метатанымды қалыптастыру мақсатында басқа тәсілдермен қатар менталды модельдерді талқылау да тиімді болып табылады.
1.7-ресурс. Оқыту технологиялары

2-тапсырма: Ұсынылған тәжірибиені зерделеңіз. Тәжірибе алмасу үшін Сіз не ұсынар едіңіз

Оқушылардың қызығушылығын арттыратын етіп сабақтар жүргізу, ол үшін тек мектеп қабырғасындағы мұғалімдермен тәжірибе алмасып қоймай, білікті мамандармен тәжірибе алмасу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет