Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Қазақстан тарихы» пәнінен ІІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
Берілген ақпараттардың «ақиқат не жалған» екендігін анықтап, «жалған» жауапты түсіндіріңіз.
№
|
Ақпараттар
|
А
|
Ж
|
Түсіндіріңіз
|
1
|
Панфилов басқарған 316 атқыштар дивизиясы Мәскеуді
ерлікпен қорғауға қатысты.
|
А
|
|
|
2
|
Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан соғысы уақытында
Кеңес Одағы батыры атағын алды.
|
|
Ж
|
Кеңес Одағы батыры атағы тек 1990 жылы ғана берілді
|
3
|
Әлия Молдағұлова майданда мерген болды
|
А
|
|
|
4
|
Соғыс уақытында Қазақстанның қорғасын өнеркәсібі оқ-
дәрі жасауда ерекше үлес қосты
|
А
|
|
|
5
|
Соғыс жылдарында Ж.Қуанышбаев күріш өнімін алуда
рекорд жасаған
|
|
Ж
|
Ыбырай Жақаев күрішші болған, ал Қуанышбаев қой өсірген.
|
[5]
Мәтінді қолданып, әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдаңыз.
Семей полигоны жайлы көп айтылады, бірақ халыққа әкелген зардабы жайлы маңызды шешім табылған жоқ. Әсіресе, Азғыр мен Тайсойған полигондары қамтып отырған 1,4 млн. га жер радиоактивті ластануда. Байқоңырдан ұшырылатын тәжірибелік космос кемелерінің сол жердің тұрғындарына әкелетін экологиялық апаты ондағы техногендік, өндірісте ластану, радиоактивтілік және ракета-космос қалдықтарымен (Бетпақдала) ластану топырақтың құнарсыздануына, жайылымдардың тозуына жоғары деңгейде әсер етуде. 1949- 1996 жылдар арлығында Қазақстан жерінде 503 ядролық қару сыналды. 20 млн. га жер экологиялық апатты аймаққа, тіршіліксіз экожүйелерге айналды. Бұл апат 3,4 млн. адам тұратын елді мекендерді қамтыды. Сондағы тұрғын халықтың болашағы қандай? Олардың ұрпақтары қандай зардап шегіп отыр?
Салалары
|
Зардаптары
|
Саяси
|
Әскери полигондар салына берді, ұлттық мүдде ескерілмеді және жер құртылды.
|
Экономикалық
|
Өнеркәсіп көбіне әскери бағытта дамыды
|
Әлеуметтік
|
Кәсіби мамандардың саны азайып мемлекет оған ешқандай шешім құрған жоқ
|
Экологиялық
|
Радиация қазіргі уақытқа дейін қалды, жер және топырақ эрозияға ұшырылып, уланды
|
Демографиялық
|
Семейде тұрған адамдар ракпен ауыра бастады және ұрпағы мутацияланды
|
Қорытынды
|
Семей полигоны мен оның әскери кешендері көбінесе тек зиян ғана әкелген және оның салдары қазіргі уақытқа дейін қалды
|
[6]
Кестені толтырыңыз
Сталиндік кезеңінің ерекшеліктері
|
«Жылымық» кезеңінің ерекшеліктері
|
1 Жеке басқа табынушылық болды
|
1 Жеке басқа табынушылық көбіне жойылды
|
2 Репрессиялар жаппай түрде жүрді
|
2 Репрессияланған адамдар ақтала бастады.
|
Қорытынды 1.
2.
|
|
Екі режимде өзінің мақсатын коммунистық жүйе құру деп санады және оған жетуде авторитарлы жүйе қолданды
Екі режим кезінде де Қазақстан ауыр зардап шекті
[6]
Әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтары туралы сұрақтарға жауап беріңіз. 1960 жылдары құрылған «Жас тұлпар» қазақ жастар ұйымының маңызын түсіндіріңіз.
Коммунистік партияның ұлттық мүддеге байланысты заңдарының кейбіреулеріне қайта қарау мен өзгертуді талап етті.
1979 жылғы Целиноградтағы оқиғалардың себептерін анықтаңыз.
1 Неміс автономиясын құру шешімі
|
2 Территориялық тұтастықтың бұзылуы және ұлттық мүдденің санаспалуы
|
[3]
Олжас Сүлейменовтiң «Аз и Я» атты кiтабы бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. a .Олжас Сүлейменовтiң «Аз и Я» атты кiтабының мазмұны қандай?
"АЗ и Я” кітабының ел назарын ерекше аударғанының басты себебі – менің "Игорь жасағы жайындағы жырдың” ең алғашқы қостілді оқырманы болғандығымнан. Мен сізге бір-ақ мысал келтірейін. Жырда "Се уримъ кричатъ подъ саблями половецкыми” деген жол бар. Монолингвист аудармашылар оны "се у Римъ” деп оқыған. Сонда немене, Кончак қыпшақтары Римге дейін барған ба? Енді Русь жерінен Рим деген қала іздей бастаған. Одан кейін Мәскеуді кезінде "третий Рим” деп атағанын еске түсірген. Одан да болмаған соң Переяслав княздігіндегі Римов деген қаланы еске түсірген. Ал енді қос тілді оқырманның көзімен қарасаңыз бәрі оп-оңай орнына келе қалады. "Уримъ” – кәдімгі түркі сөзі деп айтқан.
b. Бұл еңбек кеңес үкіметінің идеологиясына неге сай болмады ?
Партияның ұлтшыл депуттатары Сүлейменовты ұлтшыл деп айыптады және сөзін ақылсыз деді.
c. «Аз и Я» атты кiтабының маңыздылығы неде?
Кітабі түркі тайпаларының қалыптасу кезеңі мен тарихын айтады
[3]
Кестеде 1946-1985 жылдардағы білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беріңіз.
Білім
|
Ғылым
|
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
Оқу реформасы басталды, жаңа пәндер кіргізілді және балаларды ерте жастан бастап оқыта бастады.
|
Ұлттық тілде өтілетін мектептерінің жабылуы. Мектепте талантты және мамандандырылған ұстаздардың жоқтығы және қаржы жетіспеуі.
|
Кеңес ғылымы көптеген технология шығарды. Көп адам ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Ғарышқа адам жіберілді.
|
Экономикалық тиімсіздік және зерттеулерінің сапасының күрт төмендеуі.
|
Білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беріңіз. 1 Дұрыс қаржы бөлінбеді сол себепті тек Мәскеу және тағы кей үлкен қалаларда ғана білім менен ғылым дамыды
2 Экономикалық тоқырау қаржылық мәселе тудырды және білім мен ғылымды құрта бастады.
|
Қорытынды Кеңес Одағының ең басты мәселесі оның қаржылық мәселелері болған бірақ ең бастапқы жылдарда ол үлкен жетістіктерге жеткен.
|
[7]
Достарыңызбен бөлісу: |