Мадақтау және жазалау әдістері. Мадақтау әдісі дегеніміз - тәрбиешінің баланың жағымды іс-әрекетін, мінез-құлқын көріп бағалай білуі және оны көпшілік, ұжым алдында жария етуі. Ал, бұған қарама-қарсы жазалау, баланың іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы кедір-бұдырларды жөндеу жолындағы тәрбиешінің өз әрекеті деп түсінген абзал. Бұл әдіс баланы өз іс-әрекетіне өзі талдау жасап, өзіне-өзінің баға беруіне бағыттайды. Демек, өзін теріс іс-әрекеттен тежей білуге үйретеді. Олай болса, мадақтау немесе жазалау әдісі оқушылардың адамгершілік сана-сезімінің оянуына, дамуына ықпал етеді . Оқушыны өзіне-өзі талап қоя білуін үйретеді.
Мадақтаудың құралына мұғалімнің оңаша мақтауы, алғыс жариялауы, мақтау қағаздарымен марапаттауы, құрмет кітабына жазу, құрмет тақтасына суретін ілу, т.б. жатады.
Жазалау әдісіне мыналар жатады: мұғалімнің ескертуі, сөгіс жариялауы, педагогикалық кеңесте қарау, қиын балаларды тәрбиелейтін арнаулы мектепке жіберу. Мадақтау да, жазалау да өте нәзік тәрбиенің қатаң әдісі болғандықтан, оны байқап пайдаланған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |