ӘОЖ 51.24: 38
ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ
Абыкеева Э.
№35 орта мектеп, Тараз қ.
«Интерактив» деген сөз ағылшынның «іntеr - асt» («Intеr» -өзара, «асt» - әрекет ету) деген сөзінен шықкан. Яғни, интеракция - жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетте бір-біріне алма-кезек әсер етуі. Интерактивті оқыту - бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы түрі. Оқытудың бұл түрі алдына нақты және бағдарланған мақсат қояды. Сондай мақсаттардың бірі - оқу үдерісінің өнімділігін артыратын оқушының ақыл-ой кемелділіктерін, өз жетістіктерін сезінетіндей жайлы жағдай тудыру. «Интерактивті оқыту» 1990 жылдары интернет желісінің дамуымен байланысты пайда болды. Осыған орай, көптеген ғалымдардың пікірінше, интерактивті оқыту компьютер және интернет желісін пайдалану арқылы оқыту дегенге саяды.
Педагогикада «интерактивтілік» терминінің жиі қолданылғанына қарамастан, ол теория мен практиканың жеке пәні ретінде қарастырылған емес. Әдіскер ғалымдар бұл ұғымды жан-жақты саралай келе, оны жүйе ретінде төмендегідей сипаттайды:
екі не одан да көп қатысушының біріккен әрекеттерін талдаудың бірлігі болып табылатын дидактикалық жүйе;
ұжымдық іс-әрекет;
- әрекет нәтижесіне рөлдік жауапкершілік;
басқа тұлғамен субъектілік байланыс;
тұлға әрекетінің басқа мүшелердің қасиеттеріне тәуелді болуы және ықпалы;
әрекеттің тәрбиелік сипатының субъектінің іс-әрекетінде бейнеленуі;
- субъектілердің өзара қарым-қатынасы.
Педагог-ғалымдардың пікірінше, интерактивтілік - бұл дидактикалық құралдардың (орта, мазмұн, оқу құралдары, іс-әрекет) әрбір субъектінің өз нәтижесі үшін рөлдік жауапкершілікте болуын қамтамасыз ететін және қарым-қатынас кезінде субъектілер арасында «полидиалог», өзара әрекет, өзара түзетулер, қатынастар орнатуды көздейтін іс-әрекетті ұйымдастыра білу қабілеті. Сонымен бірге, интерактивті оқытудың тәрбиелік міндеттерді шешудегі рөлі ерекше мәнді. Педагогикалық үдеріске қатысушылар бірлескен әрекетте бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс істейді, ұжымдық жауапкершілікті сезінеді, мәдениет пен әдептілікті сактауға ұмтылады.
Педагогикада оқытудың бірнеше моделі ажыратылады:
енжар - оқушы оқытудың «нысаны» ретінде көрінеді (тындайды, қарайды);
белсенді - оқушы оқытудың «субъектісі» ретінде көрінеді (өзіндік жұмыстарды, шығармашылық тапсырмаларды орындайды);
- интерактивті - өзара әрекетте болады.
Оқытудың интерактивті моделін қолдану өмірлік жағдаяттарды үлгілеуді, рөлдік ойындарды пайдалануды, мәселені бірлесіп шешуді көздейді. Мұнда оқу үдерісінде белгілі бір тұлғаның немесе идея иесінің үстем болуына жол берілмейді. Оқушы іс-әрекет объектісінен өз ұстанымы бар әрекет субъектісіне айналады.
Интерактивті оқыту - әлеуметтік-психологиялық белсенді оқытудың Казіргі бағыты. Ол - ойындар, пікірталас, кіші топтармен жұмыс істеу, кіші шығармашылық бөліктерді алмастыру әрекеттерімен тығыз байланысты. Интерактивті оқытуда оқушының белсенділігі маңызды орын алады. Белсенділіктің көзі оқушы пен мұғалімның өзара әрекеті мен қарым-қатынас түрлерінде және білім алушының қабілеттіліктерін қалыптастыруда болып табылады. Оқытуды белсендірудің жолдары мынадай болып келеді:
проблемалық сұрақтарды қоя білу;
оқытудағы өзара ынтымақтастықты көрсету;
ізденушілік әрекетте болу;
дербестену және өз бетінше оқу;
жаңа оқу мотивациясына жағдай жасау;
өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі реттеу тетігінің орындалуы.
Интерактивті әдістердің 300-ден астам түрлері бар. Мысалы: миға шабуыл, тренингтер, психологиялық жаттығулар, дидактикалық ойындар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар, пікірсайыстар. Интерактивті әдістер басқа әдістерден келесідей артықшылықтарымен ерекшеленеді:
Білім жолымен ғана емес, тікелей тәжірибе көмегімен игергенді қолдануға үйретеді.
Қарым-қатынас дағдысын дамытады.
Кері байланысты жүзеге асырады.
Пікірлер мен қатынастарды қалыптастырады.
Материалдың тиімді игерілуіне мүмкіндік беріледі.
Білім алушылар мәселені шешу барысында өздерінің және басқалардың тәжірибелерін қолданады.
Мұғалім да білім алушылардан кейбір нәрселерді біліп үйрене алады.
Бұл әдістерді қолдануда оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын қалыптастырудың мүмкіндіктері артады. Себебі, әрбір оқушы өз ой-пікірін дамытуға көп мүмкіндік алады, қасындағы достарымен ой бөлісіп, сыни пікірлерді қабылдауға, өз пікірін көпшілікке білдіруге, жариялауға бағыт алады. Әсіресе, интерактивті оқытуда оқушылардың бір-бірінің дайындаған мәліметтеріне күмәндануы - олардың ақыл-ойын дамытуға, іс-әрекет табыстылығын арттыруға септігін тигізеді. Біздің пікірімізше, оқушының оқыту үдерісіндегі «күмәндануы» - ғылыми танымдағы ақиқатқа жетелейді.
Интерактивті оқыту әдістерінің кейбір түрлері мен олардың қолданылу мақсаттарын төменде берілген кестеден көруге болады (4-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |