Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал


Кесте 1 - Интерактивті оқыту әдістерінің түрлері мен қолдану мақсаты



бет52/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   203
Кесте 1 - Интерактивті оқыту әдістерінің түрлері мен қолдану мақсаты

Әдістердің түрлері

Қолдану мақсаты

Миға шабуыл

Оқушылардың берілген сұраққа жауап беру барысында өз пікірлерін дәл әрі тез айтуын, белсенділік танытуын қамтамасыз етеді.

Сұрақ-жауап

Оқушылардың сұрақты анық, нақты қоюға және жауаптардың соған сәйкес анық, нақты беруге үйрету.

Эссе

Тапсырмаларды орындауда сауатты жазу және шығармашылық тұрғыдан ойлау қабілетін шыңдау.

Бірлесіп жоба құрастыру

Тапсырманы үлгі ретінде жобалау дағдыларын қалыптастыру.

«Іnsert» (кесте толтыру)

Түртіп алу жүйесін (+, -, V, ?) қолдана отырып, мәтінді меңгеруін анықтау.

Академиялық пікірталас

Жұптасып пікірталасқа түсу аркылы дәлелді және дәл сөйлеуге үйрену.

Кубик

Оқушыларды ойлаудың бірнеше операцияларын ойын әрекетін ұйымдастыру арқылы дамытуға жетелейді (талдау, синтездеу, салыстыру, елестету, есте сақтау, және т.б.).

Интерактивті оқытуды ұйымдастырудың формаларын 3 топқа бөліп көрсетуге болады:



  • жеке;

  • жұптық;

  • топтық.

Олардың әрқайсысы оқушының оқу-танымдық іс-әрекеті табыстылығын қалыптастыруға мүмкіндіктер тудырады.
Жеке оқу түрінде оқушылар мәтінмен жұмыс істеп, оның мазмұнын терең ұғынып алуға бағытталады. Мұғалімның оқу тапсырмаларын беруде жеке кеңес беріп, интерактивті оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану тетіктерін түсіндіріп, өзін-өзі бақылауға, нәтижелерін сараптауға бағыттайды. Мысалы: «Іnsert» әдісін қолдануда оқушылар әртүрлі белгілерді қолданып, мәтінді меңгеруге мүмкіндік алады.

  • мен үшін жаңа ақпарат +

  • менің пікіріме қарсы -

  • маған барлығы түсінікті V

  • менің сұрағым бар ?

Жеке оқу формасында «миға-шабуыл» әдісін қолдануға болады. «Миға шабуылда» қатысушылар сұрақ-жауапқа, пікірталасқа белсенді қатысады. Бұл әдетте тақырыпқа орай қолданылады. Белгілі бір тақырып сұрақ қоюдан басталып, оқушы­лар өз пікірін айтуға мүмкіндік алады. Оқушылардың жауап берулеріне шек қойылмайды әрі сын айтылмайды.
Жұптық формада «интервью» әдісін қолдануға болады. «Интервью» әдісіне қатысушы оқушының бірі екіншісінен белгілі тақырып бойынша мәлімет алу мақсатында сұрақтар қойып, берілген жауапты талдай келе белсенділігін көрсетеді. Екінші оқушы да қаншалықты ақпаратқа, жаңалыққа жақын екенің, өз көзқарасы мен қатынасын білдіреді.
Топтық оқыту формасында оқушылар топпен бірлескен әрекетте жұмыс жасайды. «Топпен жұмыста» оқушылар мынадай әрекеттерді орындайды:

  • пікірталасқа белсенділікпен қатысып ұжымның тілегімен санасады;

- білім сапасына жауапкершілікті алуға бағытталады.
Топтық жұмыста әңгіме, сұрақ-жауап, пікірталас қолданылады. Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін сұрақ қоюда, әңгіме құруда, пікірталасқа түсуде және дәлелді сөйлеуде топпен жұмыс маңызды рөл атқарады.
«Мәтінді рөлге бөліп оқуда» оқушылар мәтінмен жұмыс істеу барысында рөлдік орындау әрекеттеріне кіріседі. Мәтіндегі рөлді бөліп алады:
- біріншісі, автор орнында қызмет етеді;
- екіншісі, мәтін бойынша сұрақ дайындайды;
- үшіншісі, мәтін мазмұнына жауаптар іздейді;
- төртіншісі, сол жауаптардың дәйектілігін негіздейтін мәтін ішінен сілтемелерді тауып оқиды, жариялайды;
- бесіншісі, әрекеттердің орындалуының уақыт мөлшерін қадағалайды.
«Бірлескен ізденісте» оқушылардың ойына қозғау салатын мәтін ұсынылады. Мәтінді оқып болғаннаң кейін, талқылауға 4-5 сұрақ дайындалады. Қойылған сұрақтар негізгі мәселені ашуға бағытталады. Оқушыларға өзара пікірлесу ұсынылады. Мұғалім оқушылардың ойларының анықтылап, досының ойлау қабілетін шыңдауға және бір-бірімен бәсекеге түсуге жағдай жасайды. Оқушылар бірлескен ізденіс әдісін тәжірибеде қолданып, зор ынтамен өздерінің сұрақтарын талқылауға ұсынып отырады.
Мұғалімдердің келер ұрпаққа қоғам талабына сай білім мен тәрбие берудегі жаңа оқыту технологияларының мәнін, яғни инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі, маңызды мәселелердің бірі болып отырғаны айқын.
Технологиялардың барлығында қарым-қатынас мәселесі маңызды орын алады, себебі мұғалім білім алушылардың әрекетін әртүрлі формада ұйымдастыра отырып, оларды бірлескен әрекетке жекеше, жұптасып, топпен білім алуға бағыттайды. Олай болса, «қарым-қатынас», «әңгіме», «интерактивті қарым-қатынас» ұғымының мәні белгілі болуға тиіс. Ал мұғалімге «педагогикалық қарым-қатынас», «педагогикалық әдеп», «педагогикалық техника», «педагогикалық мәдениет» ұғымдарын пайдалану қажет.
Қарым-қатынас - екі немесе одан көп адамдардың тұлға аралық қатынас орнату мақсатындағы өзара әрекеті, бірлескен әрекеттің ортақ нәтижесіне қол жеткізу, психологиялық және әлеуметтік дамуының маңызды ықпалының бірі.
Қарым-қатынас өзіне: топтар арасындағы, топтар мен ұйымдардағы әріптестер, әрекет субъектілері арасындағы ақпарат алмасуын; қатынас субъектілерінің бірлескен әрекет стратегияларының өнімін; бірлескен міндеттерді шешу үдерісіндегі адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінуін топтастырады.
Интерактивті қатынас - әрекеттестіктің тактикасы мен стратегиясының шығарылуы. Адамдардың бірлескен іс-әрекеттерінің ұйымы. Интерактивті қатынастың негізгі түрі - кооперация мен бәсекелестік. Интерактивтік сипат - өзара әрекеттесудің жалпы стратегиясының құрылымына байланысты, яғни қарым-қатынастың серіктестік және бәсекелестік тиіптерінің болуы.
Педагогикалық қарым-қатынас - бұл оқу және тәрбие мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған мұғалімдер мен білім алушылардың кәсіби қарым-қатынасы.
Педагогикалық қарым-қатынас оқу-тәрбие үдерісінде білім алушыға әсер етуші құрал ретінде қызмет етеді. Педагогикалық қарым-қатынас - өзіндік ақпарат алмасуы бар, коммуникативтік құралдардың көмегі арқылы өзара қатынастар мен тәрбие құралдарын жузеге асырушы біртұтас жүйе болып табылады.
Білім беру жүйесін ізгілендіру Казіргі кезендегі даму жағдайында педагог-кадрлардың жалпы және кәсіби даярлығына, олардың жеке шығармашылығына жоғары талаптар қоюда. Интерактивті оқытуда қарым-қатынастың рөлі ерекше мәнді.
Педагогикалық іс-әрекет үдерісінде қарым-қатынастың келесі ерекшеліктерін бөліп қарастыруға болады:

  • қарым-қатынастың нақты стилі,

  • педагогикалық іс-әрекеттің белгілі бір кезеңіне тиіс қарым-қатынас жүйесі,

  • педагогикалық және коммуникативтік міндеттерді шешуде туындайтын қарым-қатынастың жағдаяттық сипаты.

Педагогикалық такт - педагогикалық әдеп, педагогикалық мәдениет, педагогикалық техника білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті табыстылығының қалыптасуына өзіндік септігін тигізеді.
Педагогикалық такт (лат. tactus - жанасу) - педагогикалық байланысу құралдарын таңдаудағы әр нақты жағдайда шектен шықпай, тиімді тәрбелік ықпалды пайдалана білуі.
Педагогикалық техника - жеке білім алушыға сондай-ақ тұтас ұжымға тәрбиелік әсер етуге таңдалған әдістемелерді жүзеге асыратын білім, шеберлік, дағдылардың жиынтығы.
Педагогикалық мәдениет дегеніміз - мұғалімнің кәсіби қасиеттері мен қабілеттерінің жиынтығы.
Білім алушымен қарым-қатынас барысында мұғалім оқыту технологиясы арқылы мынадай қызметтерді атқарады:

  • ақпарат беруші;

  • қарым-қатынасқа түсуші;

  • топтық жұмыстарды ұйымдастырушы;

  • топқа жағымды психологиалық ахуал орнатушы;

- қарым-қатынасқа түсу барысында мәдени өмірге сай талаптар қоя білуші;

  • жағдаяттарды талдаушы;

  • әртүрлі қарым-қатынас барысында білім алушыларға үлгі болатын әрекеттерді көрсетуші және т.б.

Осы аталғандардың барлығы педагогтың психофизиологиялық аппаратының ресурстарын қолдануда жүзеге асырылады; мәселен:

  • дауыс ырғағы;

  • сөйлеу мәнерлігі;

  • ым-ишарасы;

  • қимылының екпіні;

  • сондай-ақ киім кию мәнері.

Педагогикалық технологияларды игеруде мұғалім қарым-қатынас мәдениетіне мән бере отырып, мына ұстанымдарды қолдануға тиіс:
Педагог әрбір оқыту технологияларын меңгеруде білім алушылардың бірлескен әрекетін ұйымдастыра білу қажет, сонымен қатар оларды мәдениетті сөйлеуге, пікірталасқа түсе білуге, сұрақ қоюға, нақты жауап беруге, әдепті болуға үйрету керек.
Интерактивті оқытуда мұғалім мен білім алушы, оқушы мен оқушы арасында өзара белсенді қарым-қатынастын жоғары деңгейде қалыптасуын талап етеді. Ондай қарым-қатынас ашық пікір айту, пікірталас, ішкі ойын айту, жауаптасу түрінде өтеді. Білім алушы өзінің белсенді пікірінде қаралып отырған мәселені шешудің ұсыныстарын айтады.
Адамның өзіндік «Менінің» болуы, Абай тілімен айтқанда: кісінің өзіне-өзі ұдайы есеп беруінен, өзін-өзі аңғара, байқай алу қабілетінен көрінеді. Өзіңе-өзің үңіліп, өзіңді тізгіндеуге тырысу, белгілі мақсат көздеу, осы істегі бастапқы қадам болып табылады.
Интерактивті оқытуда әрбір оқушы өз ойын, пікірін айтып, басқа оқушының дайындаған мәліметіне сыни көзқарасын білдіруде саналы түрде өз іс-әрекетін басқарып, өзінің әдептілігін, мәдениеттілігін қадағалауы тиіс.
Интерактивті оқыту кезінде мұғалім жаңа біліммен бірге оқушыларды өз беттерінше ізденуге жетелейді. Мұғалім белсенділігі оқушы белсенділігімен алмастырылып, оның міндеті оқушыларға белсенділікті қамтамасыз ететін оңтайлы жағдай тудыру ғана болып қалады. Жалпы белсенділік - адамның өз бетінше әрекет жасауға дайындығы, алға қойған мақсатқа ұмтылуы және сол мақсатқа жетудің оңтайлы әрі тиімді жолын таңдауға тырысуы.
Білім алушының белсенді әрекет ете отырып, бірін бірі қолдау, толықтыру арқылы сұхбат құрады. Екі білім алушының сұхбатына үшіншісі де араласуына болады. Ол қарсы топтың мүшесі де болуы мүмкін. Қарсы топтан болғандықтан, ол сұхбатқа өзінің сұрағымен немесе екі білім алушының сұхбатында айтылмаған тақырыпқа қатысты тың дерегімен қатыса алады. Осындай өзара қарым-қатынаста дәлелді сөйлеу, тапсырмаларды орындау барысыңда жауапкершілік тәрізді қасиеттер көрінеді. Интерактивті оқытуда тек қана дидактикалық міндеттер шешіліп қана қоймайды, өзін-өзі тәрбиелеуге де мүмкіндіктер пайда болады. Олар:

  • өзі-өзіне міндет қою:

  • өзін-өзі бекіту;

  • өзін-өзі ұйымдастыру;

  • өзін-өзі бақылау;

  • өзі-өзіне есеп беру;

  • өзі-өзіне қатынас;

  • өзін-өзі сынау;

  • өзін-өзі ұлғайту;

  • өзін-өзі иландыру;

  • аутотренинг.

Интерактивті оқытуда әрбір білім алушы дәлелді сөйлеу мақсатында өз жұмысының нәтижелі болуын көздейді. Олар жұп болып, топ болып жұмыс жасағанда білімі темен білім алушылар озат оқушытерден кей жерлерде тапсырманың орындалу барысынан көмек алса, озат оқушытер оларға көмек береді. Осылайша интерактивті оқытуда білім алушылар мәселені бірігіп шешуге, ұйымдасуға бейімделе отырып, өзін-өзі тәрбие­леуге жетелеп отырады. Бірігіп жұмыс істеу әрі жеңіл, әрі қызық, әрі тиімді болып келеді.
Интерактивті оқытуға - ұжымдық ойлау әрекеті мұғалім мен білім алушылар арасындағы ізденушілік, жасампаздық жағдайлардағы өзара ықпал ету формасы, модерация - оқытудың топтық тәсілі кіретіндігін айтып жатырмыз. Осы ретте интерактивті оқытудың тиімділігі былайша топтастырылады:

  1. Білімді ұғып, түсіну, меңгеру және шығармашылықпен қолдануды жеделдетеді. Егер үнемі интерактивті әдістер қолданылса, білім алушының ақпараттарды меңгеруге икемділігі қалыптасып, қателесуі, қорқуы жойылады және мұғаліммен сенімді қарым-қатынасы қалыптасады.

  2. Мәселені шешуге қызығушылығы мен мотивациясы жоғарылап, ізденушілік белсенділік сезімі нақты шараларға итермелейді. Білім алушының өзіндік ойлау қабілеті, проблемалық жағдайдан шығудын өзіндік жолдары, өзіндік құндылықтары, серіктестік қарым-қатынасқа түсе білу қасиеттері қалыптасады.

3. Білім алушы әрекеттің, қарым-қатынастың жаңа тәжірибелерін жинақтайды. Білім, іскерлік, дағды, әрекеттердің тәсілдері мен коммуникативті қасиеттерінің өсуімен қатар, оқушы өзінің және ұжымның құзырлылығын жетілдіруге ұмтылады.
4. Интерактивті оқыту серіктестік пен ынтымақтастыққа негізделіп, оқушының танымдық және шығармашылық белсенділігін қалыптастырумен қатар кері байланыс орнатуына мүмкіндік береді.
5. Барлық әрекеттерді белсендіреді.
Білім алушыларды интерактивті оқыту барысында күрделі оқу материалдарын нәтижелі меңгерумен қатар, олардың таңдаған мамандықтарына сүйіспеншілігін және жауапкершілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қорыта айтқанда, интерак­тивті оқытуды оқу-тәрбие үрдерісінде пайдаланғанда оқытудың нәтижелі, білімнің сапалы болуы, білім алушылардың өз бетінше және топпен жұмыс жасауға ынтасының артуы, ізденушілік, шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерінің жетілуі жүзеге асырылады.



Каталог: download -> vestnik
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет