Тарих indd



бет13/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68
Байланысты:
репина док

Оқиға және факт


Оқиға мен факт – маңызды тарихи категориялар. Өзінің қарапайымдылығы- на қарамастан, бұл ұғымдарды анықтау аса күрделі. хіх ғасырдың екінші жарты- сынан бүгінгі күнге дейін тарихшылар тарихи оқиғалар мен фактілердің табиға- ты әрі мәні жөнінде пікір таластыруда.
Оқиға – орын алған, жүзеге асқан дүние, зерттеушінің назарына іліккен құбы- лыс. Тарихты көбінесе оның оқиғаларға қатыстылығымен байланысты түсінеді. Сөздіктерде тарихқа өткеннің оқиғаларын тіркейтін әрі түсіндіретін білім сала- сы ретінде немесе оқиғаларды жүйелі түрде әңгімелеу ретінде анықтама берілуі мүмкін.
Антикалық уақыттан бері тарих res gestae (іс-әрекет) – ірі саяси оқиғалар тура- лы баяндама ретінде топшыланды. Бүгінгі қоғамда «тарихшының міндеті – өт- кеннің оқиғаларын шынайы сипаттау мен түсіндіру» деген ұғым кеңірек тараған.
Тарихи білімде оқиғалардың алуан түрлі интерпретациялары бар. Шартты түрде оларды реалистік және конструктивтік деп бөлуге болады.
Кең тараған реалистік интерпретацияға сәйкес, өткен уақытта болғанның барлығының өз құрылымы бар әрі ол деректерде тіркелген. Осылайша оқиғалар тарихшы үшін «шикізат» болып саналады. Осы ұстанымға сәйкес, зерттеушінің жұмысы өткен оқиғаларға қатысты баяндалған материалдың шынайылығы мен дұрыстығы туралы көзқарасымен бағаланады.
ТАРих ҚАЛАй ЖАЗЫЛАдЫ? 37

Конструктивті интерпретациялаудың жақтаушылары оқиғалар зерттеушіге тәуелді болады деп мәлімдейді. Тарихшы алуан түрлі деректермен жұмыс жасай отырып, өткен оқиға туралы қорытынды жасайды, оқиғаның интеллектуалдық құрылымын қалыптастырады. Осылайша оқиғаны белгілі бір деңгейде тарихшы- ның шығармашылық еңбегі ретінде қарастыруға болады. Зерттеуші көпшілікке белгілі жағдайларды сипаттамайды, алайда өткеннің жекелеген «дауыстарын» топтауды, деректердің куәліктеріне мән-мағына беретін оқиғаны «негіздейді».


хх ғасырдың ортасындағы америкалық философ Луи Минк адамдар өткеннің кез келген оқиғаларының барлық шынайы формалары сақталған «айтылмаған тарихтың» бар екенін болжауға бейім деп жазады. Тарихшылар оның үзінділерін тауып, мағынасын ашып, оқиғалардың шынайы көрінісін қалпына келтіреді деп күтеді. Бірақ бұл сезімдер алдамшы, себебі айтылмаған оқиғалар болмайды, өйт- кені тарихтың өзі – әңгіме. Ғалымның өткеннің оқиғаларына тікелей қол жет- кізуге мүмкіндігі болмайды: тарихшы олар туралы әртүрлі деректерден біледі. Қалпына келтірілген оқиғаның көрінісі мен құрылымы оның шынайы табиға- тына байланысты емес, оның оқиға енгізілген тарихи-әдеби контексіне тәуелді болады. Сондықтан бір сәттік әрекеттер немесе жекелеген адамдардың қылық- тары, сондай-ақ ұзаққа созылатын күрделі процестер (мысалы, реформация не- месе Француз революциясы) осындай дәрежеде жүргізілетін болады. Оқиғаның
«көлемі» тарихшының белгілі бір көзқарасына және ол жұмыс жасайтын жанр- ға байланысты: мемлекеттердің тарихын баяндайтын микротарихи зерттеулер мен ірі шығармаларда оқиғалар әртүрлі көлемде болады, ал олардың логикасы алуан түрлі негіздемелер арқылы құрастырылады.
хіх–хх ғасырлардағы тарихшылардың ой-пайымдарында көбінесе «оқиға» ұғымы «факт» түсінігімен терең астасып жатады. Жалпы алғанда, егер оқиға орын алған қандай да бір жайтты тіркесе, фактіні оқиғаны растау ретінде қарас- тыруға болады. «Факт» ұғымының (лат. factum– жасалған) кем дегенде екі мағы- насы бар: біріншісі болған, орын алған жағдайды білдірсе; екіншісі болған жайт туралы куәліктердің шынайылығын, нақтылығын білдіреді. хіх–хх ғасырларда Батыстың интеллектуалдық мәдениетінде кәсіби тарихтың өткенді баяндайтын әңгімелердің басқа да түрлерінен айырмашылығы оның фактілерге негізделуі- не байланысты болды. Бұл базис тарихты мифтерден, аңыздардан, ойдан шыға- рылған оқиғалардан бөліп тұрады деген түсінік орын алған еді.
хіх ғасырда позитивистік тарихнамада фактінің өзіндік культі қалыптасқан. Зерттеуші керамикалық бөлшектерді топырақтан тазартқан археолог сияқты, нақты емес, маңызсыз, кіріктірілген барлық дүниелерді фактілерден сыни тал- дау жұмысының көмегімен бөліп алу арқылы деректерден қажетті мәліметтерді табуы қажет болды. Фактілерсіз тарих түптамырынан айырылады; олар тарихқа объективтік, дәлелдік, ғылыми пән мәртебесін береді. Өз кезегінде, тарихшы- ның қызметінсіз факті өзінің маңызын жояды.
Шынайы факті ұғымы хіх ғасырда кәсіби тарих ғылымының іргетасына ай- налды. неміс тарихшысы Леопольд фон Ранкенің пікірі бойынша, тарихи куәлік- тер Вальтер Скотт сияқты жазушылардың романдарынан да анағұрлым қызық- ты. Тартымды немесе жағымсыз болса да, фактілерге қалтқысыз жүгіну Ранке үшін «ең жоғарғы заң» болды. Болмашы ғана маңызы бар тарихи фактінің өзі ойдан шығарылған керемет оқиғадан әлдеқайда тартымды.
38 ЕКінШі ТАРАу

Ұзақ уақыт бойы бұл ұғым проблемалық талқыға түспеген еді. Тарихшылар- дың көпшілігі үшін тарихи факті физикадағы атом секілді, білімнің іргетасы іс- петтес ішкі тұтастыққа ие болды. дайын фактілер тарихшы оларды жинақтап, баяндау үшін жүйелегенше «күтеді». Олар «өздері үшін куәлік берді» және тарих- шының сөзімен тарих баяндалды.


Бұл көзқарастардың әртүрлі нұсқалары қазіргі кезде әлі де қолданылуда. Алай- да хх ғасырда тарихи факті ұғымы соншалықты нақты әрі анық болудан қалды. италия философы Бенедетто Кроченің пікірінше, фактілер өздігінен дайын кү- йінде орналаспайды, олар тарихшылар тарапынан олардың мақсаттарына сәйкес қалыптастырылады, ұсынылады. Белгілі бір факті зерттеушінің ой-санасынан тыс, өзінен-өзі қалыптаспайды, ол тарихшының ақылы мен ой-қиялынан пай- да болады. Сонымен факті тарихшының жұмысының жемісі саналады. Бұл ереже фактінің интерпретациядан бөлек болатыны туралы кең тараған идеяға күмән туғызды.
Б.з.д. 49 жылы Цезарьдың Рубиконнан өтуі жеке бір факті ретінде қарасты- рылуы мүмкін. Бірақ ол өз алдына бірнеше ұсақ фактілерге бөлінеді. Факті – та- рихшының «маңызды» немесе «іске қатысты», яғни белгілі бір контекске жатқы- зылған таңдау негізінде жасаған әлде бір қорытындысы. Фактінің құрылымына ғылыми әдістер ықпал етеді, олардың көмегімен тарихшы мәліметтерді, олар- дың топтамаларын іріктейді, куәліктерді өзара сәйкестендіреді. Маманның де- ректерді сын тұрғысынан зерделеудің іс-шаралары мен әдістерін меңгергеніне қарамастан, оның қойған сұрақтары, сондай-ақ мәдениетінің, этикалық әрі эс- тетикалық құндылықтарының артықшылықтары оның мәтініндегі фактілердің көрінісіне тікелей әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет