Тарих және құқық факультеті Құқықтану пәндері кафедрасы


Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар



бет5/7
Дата17.04.2017
өлшемі1,42 Mb.
#14052
1   2   3   4   5   6   7


7.Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар.

Теориялық материалдарды оқу бойынша әдістемелік нұсқаулық

Практикалық және лабораториялық сабақтар үшін әдістемелік нұсқаулық

А) практикалық (семинар) сабақтары


Ұйымдастырушылық аспектіде қарастырылады:
- студенттердің семинарға дайындығы;
- студенттердің сабаққа қатысуы;
- студенттердің тәртібі.

Семинар сабақтарындағы жұмыс: студенттің семинар сабақтарына қатысуы міндетті, сабаққа қатысқандығы 0,2 балл деп бағаланады, жұмасына бір семинар сабағы қарастырылған. Әрбір студент семестр барысында 2-3 семинарға жауап беру тиіс, жауаптар тақырып бойынша есеп беру ретінде қараралады, 1 балл деп бағаланады («Білімді бағалау кестесі» қараңыз). Студент сабаққа жауап бермеседе семинарға белсенді қатысып отыруы жеткілікті. Семинарға қатысу семинарға дайындығын, қосымша сұрақтарға жауап беру, жауап беруші студенттерге сұрақ қою, тақырып бойынша қызықты фактілерді ұсыну дегенді білдіреді.
Тақырып 1: Шет елдердің Конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі.

Мақсаты: Шетелдердегі конституциялық құқығының жалпы сипаттамасының негізгі ұғымдарын студенттерге меңгерту. Әртүрлі елдердің саяси режимдерін, мемлекеттің құрылыс нысандарын, басқару нысандарын анықтайтын білімін қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар:

1. Конституциялық құқықтың заң ғылымының жеке дара саласы ретінде құрылуы.



  1. «Классикалық мектеп».

  2. 20 ғасырдағы Конституциялық құқық ғылымы.

Әдістемелік нұсқау:

Кең түрде әңгімелесу. Семинар сұрақтарына, дәріс материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Кестелі бейнелеуді қолдану. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке тұратын студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану.

Аптасы : 1
Тақырып 2: Шетелдердің Конституциясы

Мақсаты: Конституцияның қолданылуы. Конституцияға түсінік беру. Конституциялық реформалар Шетелдердегі конституциялық бақылау ұғымдарын меңгерту. Барлық құқық салаларында кездесетін конституциялық құқық жүйесі, құрылымын оқу.

Негізгі сұрақтар:

1. Конституцияның сақталуы мен оның нормаларын жүзеге асыру кепілдігі.

2. Конституцияның негізгі белгілері мен ерекшеліктері, Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізудің құқықтық негіздері.

3. Конституцияны жіктеу тәсілдері.

4. Конституциялық қадағалау.

5. Конституцияны құқықтық қорғау.



Әдістемелік нұсқау. Кестелі бейнелеуді қолдану. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке тұратын студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану

Аптасы : 2
Тақырып 3: Шет елдердегі адам мен азаматтардың құқықтық мәртебесінің негіздері

Мақсаты: Шет елдердің конституциялық құқығы жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру және нығайту және адам құқықтары мен бостандықтары, Шет елдерінің конституциялық құрылысы жөнінде.

Негізгі сұрақтар:

1. Адам мен азаматтардың құқығы, бостандығы және міндеттерін ашып қарау.

2. Азаматтық түсінігі.

3. Азаматтықты алу және оның тоқтатылуы .

4. Азаматтығы жоқтық және көп азаматылық.

5. Шетелдердің құқықтық жағдайының қорғалуы.



Әдістемелік нұсқау:

семинар – диспут. Белсенді өрбіген әңгімені ұйымдастыру, яғни дәріс материалдарына, студенттердің өзіндік жұмысына негізделуі тиіс. Жаппай сұрауды қолдану.

Аптасы : 3
Тақырып 4: Шетелдердегі басқару нысандары.

Мақсаты: Шетелдердегі басқару нысандары бойынша білімін бекіту, студенттердің қоғамдағы құқықтық жүріс тұрысқа тәрбиелеу.

Негізгі сұрақтар:

1. Шет елдердегі мемлекеттердің нысандарының сан түрлілігі, олардың себептері.

2. Басқару нысандары. Монархия түсінігі және мәні. Негізгі белгілері.

3. Парламенттік монархия оның белгілері.

4. Мемлекеттік құрылым нысандары, олардың жіктелуі.

5. Мемлекеттік құрылым және ұлттық белгі.

6. Унитарлық мемлекет түсінігі және белгілері.

7. Шет елдердегі саяси режимдер, түсінігі және түрлері.



Әдістемелік нұсқау:

Семинар баяндамаларының жүйесі. Сабақтың құрылу жолы студенттердің баяндамасын тыңдаттыру және баяндамашыға топ стденттерінің сұрақ қоюы, баяндама мазмұнына талдау.

Аптасы : 4

Тақырып 5: Шет елдердегі саяси партиялар және партиялық жүйелер.

Мақсаты: Шетелдердегі саяси партиялар туралы білімдерін бекіту.

Практикалық сабақ мазмұны:

1. Шет елдердегі саяси партиялар, олардың міндеттері мен функяилары.

2. Партия және мемлекеттік аппарат. Көппартиялық және оның себептері.

3. Саяси партиялардың басқа қоғамдық бірлестіктерден айырмашылығы.

4. Партия қызметінің тәртібі және құқықтық статусы.

5. Саяси партияларды заңды институттандырудың негізгі тәсілдері. Саяси партияларды құрудың негізгі әдістері.

6. Партиялық жүйелер, олардың алуан түрінің негізгілері.

7. Партия және ішкі саяси механизімі.

Әдістемелік нұсқау:

Жазбаша бақылау жұмысы. Жаппай жазбаша сұрау дәріс материалдарына, семинар сұрақтарына, материалдарды өз алдына талдауға негізделеді.

Аптасы : 5
Тақырып 6: Шет елдердегі сайлау құқығы және сайлау жүйелері.
Мақсаты: Шетелдердегі сайлау жүйесі бойынша білім меңгерту. Сайлау құқығының негізгі принциптері түсіндіру, сонымен қатар референдум ұғымы және түрлері үйрену.

Негізгі сұрақтар:

1. Азаматтардың сайлау құқығы.



  1. Белсенді, бәсең сайлау құқығы.

  2. Төте және жанама сайлау құқығы.

  3. Сайлауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі.

  4. Референдум мен сайлаудың өзара айырмашылығы.

Әдістемелік нұсқау:

Кең түрде әңгіме. Семинар сұрақтарына, дәріс материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Кестелі бейнелеуді қолдану. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке тұратын студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану.

Аптасы : 6
Тақырып 7: Шет елдердегі мемлекет басшысының Конституциялық –құқықтық мәртебесі.

Мақсаты: Мемлекет басшысының құқықтық мәртебесімен таныстыру.

Неігзіг сұрақтар:

1. Мемлекет басшысы институтын талдау.

2. Монархтың заңды және шын мәртебесі.

3. Президент сайлау реттерінің негізгі түрлері.

4. Импичменттің жүргізілу тәртібі.

Әдістемелік нұсқау .Дөңгелек үстел түрінде өткізу

Аптасы : 7
Тақырып 8: Шет елдердегі Парламент. Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі.

Мақсаты: Шетелдердегі заңшығарушы билік бойынша білімді нығайту.

Негізгі сұрақтар:

1. Парламент жайлы түсінік.

2. Парламенттердің жіктелуі.

3. Парламенттердің басты қызметі.

4. Парламент депутатының «индемнитет» пен «иммунитет» түсінігінің мәні.

5. Депутаттың құқықтық жағдайы.



Әдістемелік нұсқау .

Ауызша сұрақ, жауап, жаңа ұғымдарды жазу түрінде өткізуге болады.



Аптасы : 8
Тақырып 9: Шет елдердегі Үкіметтің Конституциялық –құқықтық мәртебесі.

Мақсаты : Шетелдердегі Үкімет жөнінде негізгі ұғымдарын меңгерту. Студенттерді азаматтық құқықтық санаға, жауакершілікке тәрбиелеу.

Негізгі сұрақтар:

1. Мемлекеттік басқарудағы Үкіметтің орны мен ролі.



  1. Үкіметтің құрылуының негізгі тәсілдері.

  2. Үкімет құрылысы

  3. Үкімет міндеттері.

Әдістемелік нұсқаулық:

Тереңдетілген сұрақ: Семинар сұрақтарына, дәріс материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке тұратын студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану.

Аптасы : 9
Тақырып 10: Шет елдердегі жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару органдары.

Мақсаты: Шет елдерінің өзін-өзі басқару органдары қызметтерімен таныстыру.

Практикалық сабақ мазмұны:

1. Жергілікті басқару ұғымы және оның мәні.

2. Жергілікті басқару органдарын құру, құрылысы мен қызметін ұйымдастыру тәртібі.

3. Жергілікті басқару органдарының міндеттері мен қаржылық негіздері.

4.Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру.

5. Маслихаттардың құрылу тәртібі, олардың өкілеттігі.

6. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті.

Әдістемелік нұсқау. Семинар-диспут түрінде жүргізу.

Аптасы : 10
Тақырып 11: Шет елдердегі сот билігінің конституциялық негіздері.

Мақсаты : Сот билігінің өкілеттігін түсіндіру.

Негізгі сұрақтар:

1. Билікті бөлу жүйесіндегі сот билігі.

2. Сотты ұйымдастырудың Конституциялық негіздері.

3. Правосудиядағы конституциялық принциптер.

4. Судиялардың Конституциялық статусы.

Әдістемелік нұсқау .Дөңгелек үстел түрінде өткізу

Аптасы : 11
Тақырып 12: Америка Құрама Штаттарының Конституциялық құрылымы

Мақсаты : АҚШ-тың конституциялық құқық негіздері бойынша білімін нығайту, АҚШ-тың конституциялық құқық негіздері құрамының элементтерін анықтауды үйерену.

Негізгі сұрақтар:

1. Конституциясының түсінігі.

2. Сайлау жүйесі.

3. Конгрес.

4. Президенттік билік.

5. Сот билігі.

6. Мемлекеттік құрылысы.

Әдістемелік нұсқаулық:

Өрбіген әңгіме. Семинар сұрақтарына, дәріс материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. АҚШ-тың конституциялық құқық негіздері анықтауды мысалға ала отырып сауалнамаларыдын әртүрлі нысандарын қолдану.

Аптасы : 12
Тақырып 13: Франция мемлекетінің Конституциялық құқығының негіздері.\

Мақсаты: Франция Республикасының конституциялық құқықтық негіздері жөнінде білімін нығайту.

Негізгі сұрақтар:

1. Конституциясы және Конституциялық дамуы.

2. Конституциялық құқықтары және бостандықтары.

3. Саяси партиялары және партиялық жүйелері.

4. Сайлау құқығы және сайлау жүйесі.

5. Францияның мемлекеттік органдарының жүйесі.



Әдістемелік нұсқаулық:

Өрбіген әңгіме: Семинар сұрақтарына, дәріс материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Кестелі бейнелеуді қолдану. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке тұратын студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану

Аптасы : 13
Тақырып 14: Ұлыбританияның конституциялық құқығының негіздері

Мақсаты:Ұлыбританиядағы тұлғаның, партиялық жүйе жөнінде, мемлекеттік органдар жүйесі жөнінде білімін нығайту.

Негізгі сұрақтар:

1. Конституция және Конституцияның дамуы.

2. Конституцияны қорғау.

3. Негізгі құқықтары.

4. Саяси партиялары.

5. Германия Федерациясы.

6. Мемлекеттік органдары.

7. Жергілікті өзін -өзі басқару.



Әдістемелік нұсқаулық:

Тереңдетілген сұрақ: Семинар сұрақтарына, дәріс материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке тұратын студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану.

Аптасы : 14
Тақырып 15: Италия Конститциялық құқығының негіздері.

Мақсаты: Тақырып бойынша білімін нығайту.

Негізгі сұрақтар:

1. Италия Конституциясы.

2. Адамның және азаматтардың құқықтық статусының Конституциялық негіздері.

3. Қоғамдық құрылысының және қоғамдық жүйесінің Конституциялық негіздері.

4. Сайлау және референдум. Мемлекеттік органдары.

5. Саяси-территориялық құрылыстары.

6. Облыстық автономия және жергілікті өзін -өзі басқару.

Әдістемелік нұсқаулық:

Өрбіген әңгіме: Семинар сұрақтарына, дәріс материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Кестелі бейнелеуді қолдану. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке тұратын студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану

Аптасы : 15
Студентердің өзіндік жұмысы оқытушының басшылығымен (СӨОЖ)
Осы курс бойынша аптасына 2 СӨОЖ қарастырылған. Бұл жұмыс кеңестік және бақылау функцияларын атқарады. СӨОЖ кезінде студенттер оқытушыға өзіндік жұмысты орындау барсында пайда болған қиыншылықтар және сұрақтар бойынша жолығуларына болады. Бұндай мәселелер болмаған жағадайда, СӨОЖ-ге берілген уақыт өткен материалдар бойынша есеп беруіне және өзіндік жұмыстарды орындап тапсыруын пайдаланылады.

Ережеге сәйкес, СӨЖ аудиториядан тыс уақытта оқытушының жетекшілігімен (СӨОЖ) немесе оқытушының жетекшілігінсіз орындалады.

Жұмасына 2 СӨОЖ қарастырылған, бұлардың бәрі ағымдағы дәріс тақырыптарына арналған. СӨОЖ кезінде оқытушыға студент оқу курсы барысында кездескен сұрақтар бойынша, не семинар сабақтарына дайындалуда және өзіндік жұмысты орындау барысында пайда болған қиын сұрақтар бойынша жолығуларына болады. Кездескен қиын сұрақтар болмаса СӨОЖ үшін берілген кесені ағымдағы дәріс тақырыптары бойынша ееп қабылдап тапсыру үшін пайдаланылады.

Теориялық білімді меңгеру бойынша методикалық нұсқау

Шетелдердің Конституциялық құқық пәні қолданбалы заң ғылымына жатады. Ол мемлекет және құқық теориясы, мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, пәндерімен тығыз байланысты. Сондықтан бұл пәнді меңгеру ішін бұл пәндердегі кейбір теорияларды, нормалардың түрлерін және әдістерін білу қажет.

Дәріс – оқытушының ауызша баяндауы, конспект түрінде материалды жеткізетін оқу нысаны. Дәріс арқылы әкімшілік құқықтық мәжбүрлеу пәнінің негізгі мәселелерімен танысады.

Шетелдердің Конституциялық құқығы курсы - заң бiлiмiн беру саласындағы арнайы теориялық пәндердiң бiрi болып табылады. Бұл пән отандық құқық жүйесіндегі конституциялық - құқықтық институттар туралы негізгі фундаменталды бiлiмді бередi.

Курсты оқудың мақсаты, тыңдаушыларға жалпы саяси-құқықтық бiлiм, дағдыны меңгеруге жан-жақты үлес қосу болып табылады.

Шетелдердің Конституциялық құқығын оқып, меңгеру арқылы студент мемлекеттің негізгі саяси-құқықтық институттары мен қатар, оның экономикалық базисін құқықтық жүйеде құру, дамыту әдістерін меңгереді.


ОЖСӨЖ сабақтарға әдістемелік нұсқаулар

Тақырып 1: Шет елдердің Конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі.

Мақсаты: Шетелдердегі конституциялық құқығының жалпы сипаттамасының негізгі ұғымдарын студенттерге меңгерту. Әртүрлі елдердің саяси режимдерін, мемлекеттің құрылыс нысандарын, басқару нысандарын анықтайтын білімін қалыптастыру.

Өткізу тәртібі: Сұрақтарды талдап ашық пікір талас, сұраққа жауап алу негізінде өткізу.

Тапсырмалар, сұрақтар:

1. ОЖСӨЖ:

1. Конституциялық құқық ғылымы. 2.«Классикалық мектеп», 20 ғасырдағы констиуциялық құқық ғылымы Студенттердің өздеріне бекітіліп берілген елдер бойынша жаңалықтармен таныстыруы.

2. ОЖСӨЖ: .

1. Конституциялық құқықтың пәні.

2. Конституциялық құқықтық қатынастар, олардың субьектілері.

3. Шет елдердің конституциялық құқығының қайнар көздері мен ерекшеліктері.

4. Шет елдердің конституциялық құқығы оқу курсының жүйесі.

5. Оның құқық саласының мамандары үшін маңыздылығы.



Әдістемелік нұсқау:

Кең түрде әңгімелесу. Семинар сұрақтарына, дәріс материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Кестелі бейнелеуді қолдану. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке тұратын студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану.

Аптасы : 1
Тақырып 2: Шетелдердің Конституциясы

Мақсаты: Конституцияның қолданылуы. Конституцияға түсінік беру. Конституциялық реформалар Шетелдердегі конституциялық бақылау ұғымдарын меңгерту. Барлық құқық салаларында кездесетін конституциялық құқық жүйесі, құрылымын оқу.

Өткізу тәртібі: Сұрақтарды талдап ашық пікір талас, сұраққа жауап алу негізінде өткізу.

Тапсырмалар, сұрақтар:

3. ОЖСӨЖ: Конституцияны құқықтық қорғау

4. ОЖСӨЖ: .Констиуциялық бақылау және оның түрлері.

Әдістемелік нұсқау. Кестелі бейнелеуді қолдану. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке тұратын студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану

Аптасы : 2
Тақырып 3: Шет елдердегі адам мен азаматтардың құқықтық мәртебесінің негіздері

Мақсаты: Шет елдердің конституциялық құқығы жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру және нығайту және адам құқықтары мен бостандықтары, Шет елдерінің конституциялық құрылысы жөнінде.

Өткізу түрі: Сұрақтарды талдап ашық пікір талас, сұраққа жауап алу негізінде өткізу.

Тапсырмалар, сұрақтар:

5. ОЖСӨЖ Азаматсыздық, екі азаматтылық және шетелдіктердің режимі

6. ОЖСӨЖ Құқықтар мен бостандықтардың тарихи дамуы.

Әдістемелік нұсқау:

семинар – диспут. Белсенді өрбіген әңгімені ұйымдастыру, яғни дәріс материалдарына, студенттердің өзіндік жұмысына негізделуі тиіс. Жаппай сұрауды қолдану.

Аптасы : 3
Тақырып 4: Шетелдердегі басқару нысандары.

Мақсаты: Шетелдердегі басқару нысандары бойынша білімін бекіту, студенттердің қоғамдағы құқықтық жүріс тұрысқа тәрбиелеу.

Өткізу түрі: Сұрақтарды талдап ашық пікір талас, сұраққа жауап алу негізінде өткізу.

Тапсырмалар, сұрақтар:

7. ОЖСӨЖ Мемлекеттік режим

8. ОЖСӨЖ Территориялдық (облыстық) автономия

Әдістемелік нұсқау:

Семинар баяндамаларының жүйесі. Сабақтың құрылу жолы студенттердің баяндамасын тыңдаттыру және баяндамашыға топ стденттерінің сұрақ қоюы, баяндама мазмұнына талдау.

Аптасы : 4
Тақырып 5: Шет елдердегі саяси партиялар және партиялық жүйелер.

Мақсаты: Шетелдердегі саяси партиялар туралы білімдерін бекіту.

Өткізу түрі: Сұрақтарды талдап ашық пікір талас, сұраққа жауап алу негізінде өткізу.

Тапсырмалар, сұрақтар:

9. ОЖСӨЖ Партияның әлеуметтік базасы.

10. ОЖСӨЖ Көппартиялық жүйе.

Әдістемелік нұсқау:

Жазбаша бақылау жұмысы. Жаппай жазбаша сұрау дәріс материалдарына, семинар сұрақтарына, материалдарды өз алдына талдауға негізделеді.

Аптасы : 5
Тақырып 6: Шет елдердегі сайлау құқығы және сайлау жүйелері.
Мақсаты: Шетелдердегі сайлау жүйесі бойынша білім меңгерту. Сайлау құқығының негізгі принциптерін түсіндіру, сонымен қатар референдум ұғымы және түрлері үйрену.

Өткізу түрі: Сұрақтарды талдап ашық пікір талас, сұраққа жауап алу негізінде өткізу.

Тапсырмалар, сұрақтар:

11. ОЖСӨЖ Сайлау алдындағы агитация.

12. ОЖСӨЖ Сайлаудың нәтижелерін анықтау.

Әдістемелік нұсқау:

Кең түрде әңгіме. Семинар сұрақтарына, дәріс материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Кестелі бейнелеуді қолдану. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке тұратын студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану.

Аптасы : 6
Тақырып 7: Шет елдердегі мемлекет басшысының Конституциялық –құқықтық мәртебесі.

Мақсаты: Мемлекет басшысының құқықтық мәртебесімен таныстыру.

Өткізу түрі: Сұрақтарды талдап ашық пікір талас, сұраққа жауап алу негізінде өткізу.

Тапсырмалар, сұрақтар:

13. ОЖСӨЖ Мемлекет басшысы-Монарх

14. ОЖСӨЖ «Биліктің бөліну» теориясы.

Әдістемелік нұсқау. Дөңгелек үстел түрінде өткізу.

Аптасы : 7
Тақырып 8: Шет елдердегі Парламент. Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі.

Мақсаты: Шетелдердегі заңшығарушы билік бойынша білімді нығайту.

Өткізу түрі: Сұрақтарды талдап ашық пікір талас, сұраққа жауап алу негізінде өткізу.

Тапсырмалар, сұрақтар:

15. ОЖСӨЖ Парламент және атқарушы билік.

16. ОЖСӨЖ Депутаттық иммунитет.

Әдістемелік нұсқау .

Ауызша сұрақ, жауап, жаңа ұғымдарды жазу түрінде өткізуге болады.



Аптасы : 8
Тақырып 9: Шет елдердегі Үкіметтің Конституциялық –құқықтық мәртебесі.

Мақсаты : Шетелдердегі Үкімет жөнінде негізгі ұғымдарын меңгерту. Студенттерді азаматтық құқықтық санаға, жауакершілікке тәрбиелеу.

Өткізу түрі: Сұрақтарды талдап ашық пікір талас, сұраққа жауап алу негізінде өткізу.

Тапсырмалар, сұрақтар:

17. ОЖСӨЖ Шет елдердегі үкіметтің өкілеттігі.

18. ОЖСӨЖ Үкіметтің төтенше өкілеттігі.

Әдістемелік нұсқаулық:

Тереңдетілген сұрақ: Семинар сұрақтарына, дәріс материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке тұратын студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану.

Аптасы : 9
Тақырып 10: Шет елдердегі жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару органдары.

Мақсаты: Шет елдерінің өзін-өзі басқару органдары қызметтерімен таныстыру.

Өткізу түрі: Сұрақтарды талдап ашық пікір талас, сұраққа жауап алу негізінде өткізу.

Тапсырмалар, сұрақтар:

19. ОЖСӨЖ Жергілікті және муниципалдық өзін-өзі басқару.

20. ОЖСӨЖ Маслихаттардың құрылу тәртібі, олардың өкілеттігі.

Әдістемелік нұсқау. Семинар-диспут түрінде жүргізу.

Аптасы : 10
Тақырып 11: Шет елдердегі сот билігінің конституциялық негіздері.

Мақсаты : Сот билігінің өкілеттігін түсіндіру.

Өткізу түрі: Сұрақтарды талдап ашық пікір талас, сұраққа жауап алу негізінде өткізу.

Тапсырмалар, сұрақтар:

21. ОЖСӨЖ Сот билігінің ерекше белгілері. Сот жүйелерін ұйымдастыру мен қызметінің констиуциялық құқықтық негіздері. Сот жүйесі мен өндірісінің түрлері. Конституциялық бақылау мен конституциялық әділет.

22. ОЖСӨЖ Маслихаттардың құрылу тәртібі, олардың өкілеттігі.

Әдістемелік нұсқау. Дөңгелек үстел түрінде өткізу

Аптасы : 11
Тақырып 12: Америка Құрама Штаттарының Конституциялық құрылымы

Мақсаты : АҚШ-тың конституциялық құқық негіздері бойынша білімін нығайту, АҚШ-тың конституциялық құқық негіздері құрамының элементтерін анықтауды үйерену.

Өткізу түрі: Сұрақтарды талдап ашық пікір талас, сұраққа жауап алу негізінде өткізу.

Тапсырмалар, сұрақтар:

23. ОЖСӨЖ АҚШ Конгресі.

24. ОЖСӨЖ АҚШ адам құқықтары мен бостандықтары.

Әдістемелік нұсқаулық:

Өрбіген әңгіме. Семинар сұрақтарына, дәріс материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. АҚШ-тың конституциялық құқық негіздері анықтауды мысалға ала отырып сауалнамаларыдын әртүрлі нысандарын қолдану.

Аптасы : 12
Тақырып 13: Франция мемлекетінің Конституциялық құқығының негіздері.

Мақсаты: Франция Республикасының конституциялық құқықтық негіздері жөнінде білімін нығайту.

Өткізу түрі: Сұрақтарды талдап ашық пікір талас, сұраққа жауап алу негізінде өткізу.

Тапсырмалар, сұрақтар:

25. ОЖСӨЖ Франциядағы сайлау құқығы және сайлау жүйесі.

26. ОЖСӨЖ Франциядағы атқарушы билік.

Әдістемелік нұсқаулық:

Өрбіген әңгіме: Семинар сұрақтарына, дәріс материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Кестелі бейнелеуді қолдану. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке тұратын студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану

Аптасы : 13
Тақырып 14: Ұлыбританияның конституциялық құқығының негіздері

Мақсаты: Ұлыбританиядағы тұлғаның, партиялық жүйе жөнінде, мемлекеттік органдар жүйесі жөнінде білімін нығайту.

Өткізу түрі: Сұрақтарды талдап ашық пікір талас, сұраққа жауап алу негізінде өткізу.

Тапсырмалар, сұрақтар:

27. ОЖСӨЖ Ұлыбританиядағы саяси партиялар.

28. ОЖСӨЖ Ұлыбританиядағы заң шығарушы орган.

Әдістемелік нұсқаулық:

Тереңдетілген сұрақ: Семинар сұрақтарына, дәріс материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке тұратын студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану.

Аптасы : 14
Тақырып 15: Италия Конститциялық құқығының негіздері.

Мақсаты: Тақырып бойынша білімін нығайту.

Өткізу түрі: Сұрақтарды талдап ашық пікір талас, сұраққа жауап алу негізінде өткізу.

Тапсырмалар, сұрақтар:

29. ОЖСӨЖ Италиядағы атқарушы орган.

30. ОЖСӨЖ Италиядағы сот жүйесі.

Әдістемелік нұсқаулық:

Өрбіген әңгіме: - Студенттер орындаған тапсырмаларды талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу; Семинар сұрақтарына, дәріс материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Кестелі бейнелеуді қолдану. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке тұратын студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану

Аптасы : 15
Әдебиеттер тізімі:


  1. Абдрасулов Е.Б. Толкование закона и норм Конституции: теория, опыт, процедура. Алматы, 2002.

  2. Абдулатипов Р.Г. Опыты федерализма. М., 1994.

  3. Абелъдинов А.К., Копабаев O.K. Конституционное право зарубежных стран. Алматы, 1997.

  4. Абзеев Б.С. Конституция. Правовое государство. Конституционный Суд. М., 1987.

  5. Авакъян С. А. Политический плюрализм и общественные объединения в Российской Федерации: конституционно-правовые основы. М., 1996.

  6. Алебастрова И.А. Основы американского конституционализма.М.,2001.

  7. Александров В.В. Новейшая история стран Европы и Америки.М., 1988.

  8. Андреева Г.Н. Конституционное право зарубежных стран: Учебник. – М.: Изд-во Эксмо, 2005.

  9. Арановскш КВ. Государственное право зарубежных стран. М.,1999.

  10. Ардан Ф. Франция: государственная система. М., 1994.

  11. Арон Р. Демократия и тоталитаризм. М., 1993.

  12. Баглай М.В. Конституционное право зарубежных стран. М.,1999.



8.КУРСТЫҚ ЖӘНЕ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Бұл пән бойынша курстық және лабораториялық жұмыс жоспарланбаған.




9. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.

СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.

СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОЖСӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.



СӨЖ материалдарының түрлері кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен жасалып, келесі құжаттарды қамтиды:

  • пәннің оқытылу кезеңін түгел қамтитын сөж кестесі

  • типтік және жұмыс оқу бағдарламарының негізгі бөлімдеріне сай келетін тапсырмалар жүйесі

  • рефераттардың, баяндамалардың, шығармашылық жұмыстардың тақырыптары

  • негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі

  • кеңес түрлері

  • бақылау түрлері

  • бағалау критериялары, орындалатын жұмыстың көлемі және оны тапсыру уақыты т.б.

СӨЖ ЖОО-ның нормативті құжаттарының негізінде (оқу бағдарламасы) ұйымдастырылады.

СӨЖ-дің ұйымдастырылуы

  • библиографиялық мәліметтерді өңдеумен (картотеканы дайындау),

  • жазбаша жұмыстарды дайындаумен (реферат, баяндама, бақылау тапсырмалары, аннотация),

  • ғылыми жобаны өндеумен (семестрлік, курстық, дипломдық жұмыстар, проблемалық мақалалар),

  • виртуальдық жұмыстарды іздестірумен (интернет жүйесі және локальды желі арқылы),

  • жеке аудированиямен (лингофон жүйесі және медиатека арқылы),

  • электрондық курстың материалын меңгерумен (компьютерлік жүйе арқылы),

лабораториялық тәжірибені еңгізумен (спортық кешен арқылы) байланысты.

СОӨЖ тақырыптары ,мақсаты дәріс, семинар тақырыптарына сәйкес келеді.
9.1 реферат тақырыптары:

  1. Құқық саласы ретіндегі конституциялық құқықтың қалыптасуы және дамуы

  2. Конституциялық құқықтың дамуының қазіргі кезеңдегі ерекшеліктері

  3. Шетелдердегі конституциялық құқық ғылымының пайда болуы және дамуы

  4. Шетелдердегі конституциялық құқық ғылымының пәні, жүйесі және функциясы

  5. Шетелдердегі конституциялық құқық ғылымының әдістері

  6. Шетелдердегі конституциялық құқық негіздерінің түрлері. Мысалдар келтіру

  7. «Шетелдердегі конституциялық құқық» оқу пәнінің пайда болуы және дамуы

  8. Жеке елдердегі конституциялық-құқықтық мектептердің ерекшеліктері:

  9. Конституция және ағымдағы заңдар

  10. Конституция және халықаралық құқық

  11. Лассаль Фердинанд – неміс философы, конституция тұжырымдары атты еңбектердің авторларының бірі болып табылады

  12. Шетелдік көрнекті мемлекет қайраткерлерінің конституцияға арналған анықтамаларын мүмкіндігінше көптеп келтіру.

  13. Болингброк Генри Сент-Джон – ағылшындық мемлекет қайраткері, конституция туралы заманауи түсініктер қалыптастырғандардың көшбасшысы

  14. Адам құқығының қазіргі заманғы тұжырымдамасы және олардың конституциялық-құқықтық рәсімделуі

  15. Адам және азаматтың құқық және бостандығы институттарының тарихи эволюциясы

  16. Адам құқықтарына қатысты негізгі халықаралық актілерге талдау жасау

  17. Азаматтылықты алу және оның жойылуы негіздемелері түсінігі

  18. Шетелдердегі саяси партиялардың қызметінің тәртібі және құқықтық статусын регламенттеу

  19. Саяси партия және сыртқы саяси механизм

  20. Антидемократиялық саяси режимнің әртүріне салыстырмалы талдау жасау

  21. Шетелдердегі саяси партия және партиялық жүйе

  22. Шетелдерде бар сайлау цензасына бірнеше мысал келтір.

  23. Дайси Альберт Венн – белглі ағылшын юристі, конституциялық құқық саласында үлкен дәрежеге и болған.

  24. «Джерримендеринг» ұғымының маңызын және шығу тегін айтыңыз. Сұраққа жауап беріңіз: Қай елде және қашан сайлауға сайлаушылардың 100 % қатысты және 100% дауыс қандай партияға берілді.

  25. Депутаттың құқықтық жағадайы (нақты бір мемемлекетті мысалға келтір)

  26. Милль Джон Стюарт – өкілдік басқару теориясын жасаушы

  27. АҚШ және мемлекетаралық одақтар

  28. 1787ж АҚШ конституциясының тарихи маңызы.

  29. АҚШ-тың конституциялық құқық негіздері

  30. Карл Шмит – белгілі неміс юристі, конституция теориясын жасауда маңызды үлес қосқан

  31. Еллинек Георг – белгілі юрист, Германияның мемлекеттік құқығы бойынша маман

  32. Жапонияның қазіргі партиялық жүйесі

  33. Жапония және Индияның конституциялық құрылысын салыстыр. Жапония және Индияның конституцияларының өздеріне тән ерекшеліктерін анықтау

  34. Индияның жоғарғы мемлекеттік органдар жүйесін кестелі түрде бейнелеу

  35. Қазіргі таңдағы ТМД ролі

  36. Израилдің констиуциялық құқық негіздері

СӨЖ негізгі түрлері:

- қосымша сұрақтарды конспектілеу:

Дәптерге орындалады; бұл материал СӨОЖ топқа айтылады;

- баяндама:

А4 форматы беттерінде орындалады, көлемі 3-4 терілген бет (шрифт Times New Roman 12, интервал 1,5); дқазіргі таңдағы кез келген құбылысты көрсететін фактіден тұруы тиіс: СӨОЖ топқа мәлімет жеткізілдеі;

- реферат:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет