Тарих және құқық



бет8/11
Дата10.03.2017
өлшемі1,04 Mb.
#11366
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Дәрістің мазмұны


  1. Қазақстан Республикасының банк жүйесі мен банк қызметінің құқықтық негіздері.

  2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің құқықтық жағдайы

  3. Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы.


Құқық саласы қаржылық құқықтың жүйесінде орын алатын қаржылық банктік құқық Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қазақстанның даму Банкінің, мемлекетаралық банктердің, Қазақстан Республикасының тиісті заңнамасына сәйкес мемлекеттің қаржылық агенті болып саналатын коммерциялық банктердің іс-қимылдары мен банктік операциялары нәтижесінде қоғамдық-мемлекеттік маңызы басымды қаржылық мүддеге сай туындайтын қоғамдық қатынастарды, б.а. экономикалық банктік қатынастарды реттейтін құқықтық құрылым ретінде көрініс табады.

Қаржылық банктік қызмет Қазақстан Республикасының банк жүйесін мемлекеттік қаржылық реттеуге, сондай-ақ мемлекетке тиесілі ақша қаражаттары қорларын қалыптастыруға, пайдалануға әрі басқаруға байланысты құзіретін, құқықтар мен міндеттерін іске асыру жөніндегі Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қазақстанның Даму Банкінің. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігінің уәкілетті коммерциялық бантердің іс-қимылдары мен банктік операцияларын білдіреді.

Қазақстан Республикасының банк жүйесі – екі деңгейлі, иерархиялы, біртұтас және өзіндік ұйымдастыруға аса қабілетті кредит-қаржы жүйесінің негізгі бөлігі, баға тұрақтылығын, ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз етуге және инфляцияны төментетуге ат салысатын әлеуетті құрылым, Қазақстан Ұлттық Банкінен, Қазақстанның Даму Банкінен, Қазақстанның Даму Банкінен, коммерциялық банктерден, банктік инфрақұрылымнан және банктік рыноктан тұратын, ұйымдастырылу нысандары мен операциялық өзге де мән-жайлары Қазақстан Республикасының Конституциясына, банктік заңнамалық актілерге, басқа да заңнамаларға, Қазақстан Ұлттық Банкінің және Қаржы рыногы менұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігінің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілеріне негізделінетін, сондай-ақ мемлекеттік басқару – реттеу ықпалының аумағында жұмыс істейтін экономикалық институт болып саналады.

Қазақстан Ұлттық Банкі елдің эмиссиялық, кассалық және резервтік орталығы, мемлекеттің ақша кредит және валюталық саясатын іске асыратын, қаржы жүйесін тұрақтандыруды қамтамасыз ететін, елдің ақша – кредит және валюталық жүйесіне басшылық жүргізетін уәкілетті мемлекеттік орган, жалпымемлекеттік ақшалай кредиттік міндеттерді және валюталық қаржылық мүдделерді қамтамасыз ету үшінөзіндік операциялары мен халықаралық валюталық, кредиттік-қаржылық қызметін айрықша құзіреті негізінде әрі мемлекеттік орталық банк ретінде жүзеге асыратын, сонымен қатар, банк секторындағы мүдделердің теңестірілімді болуын көздейтін, өз болмысы мен іске асырып жатқан ақша-кредит саясатының ұстанымдарына орай дүниежүзілік банк жүйесінің стандарттарына айтарлықтай жақындаған мүлдем жаңаша рыноктық сипаттағы, мемлекеттік кредиттік-қаржылық институт болып табылады.
14 дәріс

Тақырып: Бағалы қағаздар нарығын құқықтық реттеу

Дәрістің мазмұны


  1. Бағалы қағаздар ұғымы мен түрлері

  2. Бағалы қағаздар нарығының құрамдас бөліктері.

  3. Қор биржасының қызметінің ұйымдық-құқықтық негіздері.

15 дәріс



Тақырып: Сақтандыру мен сақтандыру қызметінің құқықтық негіздері

Дәрістің мазмұны


  1. Сақтандыру нарығы, Қазақстан Республикасында сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметін ұйымдастыру.

  2. Өмірді сақтандыру, аннуитеттік сақтандыруды құқықтық реттеудің негіздері мен ерекшеліктері.

  3. Жеке және заңды тұлғалардың мүлкін сақтандырудың ерекшеліктері.


Сақтандыру қызметі Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ісін ұйымдастыру, оның негізіндегі принциптерді айқындау және сақтандыру рыногын дамыту, ұлттық сақтандыру жүйесіндегі алдын алу, қайта қалпына келтіру, өтеу шараларын қатаң іске асыру, сақтандыру тәуекелдерінің орын алуына орай көзделінетін төтенше табиғи немесе техногендік сипатты сақтандыру жағдайларының ауыр әрі келеңсіз салдарын жою, заңнамалық акті және азаматтық-құқықтық шарт негізінде міндетті немесе ерікті сақтандырылған, мемлекеттік сақтандырылған заңды немесе жеке тұлғаларға келтірілген залалды зардаптардың орнын толтыру мақсатында арнайы ақшалай қорларды (сақтандыру резервін) қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік реттеу ауқымымен қамтылатын мемлекеттік және коммерциялық сақтандыру ұйымдарының тиісті нормативтік құқықтық актілермен ресімделген экономикалық мәнді – мазмұнды іс-қимылдарын білдіреді.

Құқық саласы қаржылық құқық жүйесінің Ерекше бөлімінде орналасқан қаржылық сақтандыру құқығы Қазақстан Рсепубликасы сақтандыру рыногының міндетті мемлекеттік сақтандыру бөлігінде мемлекеттік қаржылар есебінен жұмыс істейтін мемлекеттік сақтандыру ұйымдарының (компанияларының, корпорацияларының) және коммерциялық сақтандыру компанияларының мемлекеттік сақтандыру жөніндегі операцияларын мен өзге де іс-қимылдары (қаржылық сақтандыру қызметі) нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды, б.а. мемлекеттік қаржылық құқықтық мазмұнды сақтандыру қатынастарын реттейтін құқықтық құралым болып табылады.

Сақтандыру нысандары: 1) міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті; 2) сақтандыру объектісі бойынша – жеке және мүліктік; 3) сақтандыру төлемін жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және жинақтаушы емес болып бөлінеді.

«Өмірді сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында:



    1. өмірді сақтандыру; 2) аннуитеттік сақтандыру сыныптарын қамтиды.

«Жалпы сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында:

1) жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; 2) медициналық сақтандыру; 3) автомобиль көлігін сақтандыру; 4) темір жол көлігін сақтандыру; 5) әуе көлігін сақтандыру; 6) су көлігін сақтандыру; 7) жүктерді сақтандыру; 8) 3)-7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлікті сақтандыру; 9) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; 9) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; 10) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; 11) темір жол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; 13) су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; 15) шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру; 16) 10)-14) тармақшаларда аталған сыныптарды қоспағанда, зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру сыныптарын қамтиды.

Қазақстан Республикасы сақтандыру рыногының қатысушылары:


  1. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандырушы);

  2. сақтандыру брокері;

  3. сақтандыру агенті;

  4. сақтандырушы, сақтандырылушы, пайда алушы;

  5. актуарий;

  6. уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор);

  7. өзара сақтандыру қоғамы;

  8. сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды және жеке тұлғалар болып саналады.

Құқық саласы ретіндегі қаржылық құқықтың бөлімі Қаржылық шаруашылық құқығының пәніне орталықтандырылмаған қаржылар құрылысын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету, мемлекеттік кәсіпорындардың орталықтандырылмаған қаржыларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.
5.2. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

Найманбаева С.С. Финансовое право: Учебник (Общая и Особенная части). – Алматы: Данекер, 2004

Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Общая часть. – Алматы, Баспа, 2001

Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Особенная часть. – Алматы, Норма-К, 2002

Худяков А.И. Основы теории финансового права. – Алматы, Жеті Жарғы, 1995

Финансовое право/ Учебник под ред. Химичевой Н.И. – М., БЕК, 2000

Финансовое право/ Учебник под ред. Горбуновой О.Н. – М., Юрист, 2001

Карасева М.В. Финансовое право. Общая часть. - М., Юрист, 1999



6. Семинар сабақтарының жоспары





Тақырып

Семинар сабақтарының сұрақтары

Апта

Әдебиеттер

1

Мемлекеттің қаржы қызметі

  • Қаржы ұғымы

  • Мемлекеттің қаржы қызметінің ұғымы мен принциптері

1

(1)-10-16

2

Қаржы құқығы құқық саласы ретінде

  • Қаржы құқығының құқытық реттеу пәні

  • Қаржы құқығының жүйесі

2

(2)-19-27

3

Ақша жүйесінің құқықтық негіздері

  • Ақша жүйесі, ұғымы

  • Ақша жүйесі элементтері

3

(3)-17-29

4

Валюталық реттеу мен валюталық бақылау

  • Валюталық реттеу ұғымы

  • Валюталық қатынастардың субъектілері

4

(4)-20-34

5

Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері

  • Қаржылық бақылау ұғымы

  • Қаржылық бақылаудың жіктелуі

5

(5)-28-35

6

Қаржылық құқықытық жауапкершілікті құқықтық реттеу

-Мемлекеттік мәжбүрлеу және мемлекеттік қаржы саласындағы құқықытық жауапкершілік

-Қаржылық құқық бұзушылық түсініг



6

(6)-34-39

7

Бюджет құрылымы

-Бюджет ұғымы және түрлері

-Бюджет құрылымының түсінігі



7

(7)-30-39

8

Бюджеттік бақылау және бюджет саласындағы басқару

  • ҚР Бюджетті құқықтары

  • Бюджеттік бақылаудың түрлері және принциптері

8

(8)-34-42

9

Бюджеттік процесс

-Бюджетті кпроцестің ұғымы мен принциптері

-Бюджетті к процестің сатылары



9

(9)-42-49

10

Салық қаржы құқығы категориясы ретінде

  • Салық ұғымы және белгілері

  • Салықты есептеу және төлеу тәртібі

10

(10)-42-50

11


Мемлекеттік несиенің құқықтық негіздеруі

  • Мемлекетті кқарыз алудың түрлері

  • Мемлекеттік борыш

11

(10)-42-50

12

ҚР қаржы жүйесіндегімемлекеттік нысаналы тыс қорлары

  • ҚР Ұлттық қоры

  • ҚР Мемлекеттік зейнетақы қоры

12

(10)-52-54

13

Банк қызметін құқытық реттеу

  • ҚР Банк жүйесі

  • ҚР Ұлттық банкінің құқықтық жағдайы

13

(10)-52-54

14

Бағалы қағаздар нарығын құқықтық реттеу

  • Бағалы қағаздар ұғымы мен түрлері

  • Бағалы қағаздар нарығын құқықтық реттеу

14

(10)-42-50

15

Сақтандыру қызметі және оны құқықтық реттеу

  • Сақтандыру нарығы

  • Сақтандыру түрлері

15

(10)-52-54


7.Пәнді меңгеру бойынша әдістемелік нұсқау

Теориялық білімді меңгеру бойынша методикалық нұсқау

Қаржы құқығы пәні бойынша дәрістер өткенде студенттер ҚР кәсіпкерлік құқығы, ҚР Салық құқығы пәнінен алған білімдері еске түсіреді

Дәріс сабағында сабақ жоспары қалай құрылатындығын , сабақта қандай жағдайда қандай оқыту әдістерін қолдануға болатындығы жөнінде талданады, теориялық анықтамалар беріледі, маңызы түсіндіріледі.Сонымен қатар қаржылық бақылау мен қадағалау, қаржы құқығының басқа құқық салаларымен байланысы, оның ішінде сақтандыру қызметімен, бюджет қызметімен, банк қызметімен арақатынасы туралы түсніктер беріледі

Студент ұсынылған әдебиеттер негізінде семинар сабағының барлық сұрақтары бойынша конспект құрастыруы қажет және сабақ барысында қысқаша баяндама жасауы тиіс



Практикалық семинарлық сабақтарға әдістемелік нұскаулар
Семинар сабақтарын орындау бойынша нұсқаулар:

-студент семниарға силабуста берілген тақырып бойынша дайындалуы тиіс;

-Семинарға дайындалу барысында студент ұсынылған әдебиеттерді қарастыруы тиіс;

-Студент тақырыпқа қатысты нормативтік-құқықтық актілерді қолдануы тиіс

-Семинар тақырыбы бойынша конспектісі болуы тиіс;

- конспект негізінде қысқаша баяндама жасауы тиіс.

Семинар сабағында студенттер теориялық анықтамаларға түсініктеме жасауы,оқыту және тәрбие әдістерінің маңызын ашуы тиіс.Ең бастысы олра семинарда криминология пәнінен оқытушының берген тапсырмаларын орындауы қажет.Оқытушы семинар барысында семинар материалдары қаншалықты меңгерілгендігі және ұсынылған оқулықтар қолданылуына байланысты студенттін жауабы бағаланады. Оқытушы семинар соңында сабаққа жалпы баға береді, сонымен қатар студенттердің жауаптарынада баға береді.

1 семинар



Тақырып: Мемлекеттің қаржы қызметі

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет