Тарих және құқық



бет6/11
Дата10.03.2017
өлшемі1,04 Mb.
#11366
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Дәрістің мазмұны


  1. Бюджет ұғымы мен түрлері.

  2. Бюджет құрылымының ұғымы.

  3. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылу принциптері.

Құқық саласы ретіндегі Қазақстан Республикасы қаржылық құқығының жүйесінен (Ерекше бөлім) айрықша орын алатын Бюджеттік құқық Қазақстан Республикасының бюджеттік құрылысын ұйымдастыру және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету, мемлекеттік бюджетті (республикалық және жергілікті бюджеттерді) қалыптастыру және бөлу, сондай-ақ республикалық немесе жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттарды пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын бюджеттік қатынастарды реттейтін қаржылық құқықтың аса маңызды әрі негізгі бөлімі болып табылады.



Мемлекеттік бюджет (республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер):

1. Материалдық мағынасында мемлекет ауқымында орталықтандырылған Қазақстан Республикасының орталық әрі негізгі ақшалай қоры, сондай-ақ оның жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыстары деңгейінде орталықтандырылған жергілікті негізгі ақшалай қорлары болып табылады.

2. Экономикалық мағынасында жалпы мемлекеттік және жергілікті маңызы бар міндеттер мен функцияларды жүзеге асыруға қажетті, мемлекеттік және жергілікті деңгейлерде орталықтандырылған ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын экономикалық қатынастардың жиынтығын білдіреді.

3. Ұйымдастырылу мағынасында Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық құрылыстарының негізгі қаржылық жоспарлары, б.а. мемлекеттің немесе жергілікті өкілді органдардың кіріс және шығыс баланыстары ретінде көрініс табады.

4. Құқықтық мағынасында мемлекеттің республикалық бюджет туралы әр қаржы жыл сайын қабылдайтын негізгі қаржылық заңы немесе жергілікті өкілді органдардың әр қаржы жыл сайын жергілікті бюджеттер туралы шығаратын негізгі нормативтік қаржылық құқықтық шешімдері ретінде жұмыс істейді.

Бюджеттік жүйедегі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржы-қаражаттары негізінен бүкіләлемдік экономика аясында әлсін-әлі туындайтын кейбір жәйттерге орай шикізат секторы бойынша жоспарланған түсімдердің белгіленген көлемде алынбауына байланысты туындауы мүмкін бюджет тапшылығын жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мақсаттарға жұмсау үшін республикалық және жергілікті бюджеттерге берілетін түсімдер немесе ресми трансферттер түрінде пайдаланылады.

Ұлттық Қорды басқару Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан құрылған Кеңес тарапынан жүзеге асырылады.
8 дәріс

Тақырып: Бюджеттік бақылау және бюджет саласындағы басқару

Дәрістің мазмұны


  1. Қазақстан Республикасының бюджеттік құқықтары. Әкімшілік-аумақтық бөліністердің бюджеттік құқықтары.

  2. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, министрліктердің, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың бюджеттік құқықтары.

  3. Бюджеттік бақылаудың түрлері, принциптері және актілері.

Құқық саласы ретіндегі Қазақстан Республикасы қаржылық құқығының жүйесінен (Ерекше бөлім) айрықша орын алатын Бюджеттік құқық Қазақстан Республикасының бюджеттік құрылысын ұйымдастыру және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету, мемлекеттік бюджетті (республикалық және жергілікті бюджеттерді) қалыптастыру және бөлу, сондай-ақ республикалық немесе жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттарды пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын бюджеттік қатынастарды реттейтін қаржылық құқықтың аса маңызды әрі негізгі бөлімі болып табылады.



Мемлекеттік бюджет (республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер):

1. Материалдық мағынасында мемлекет ауқымында орталықтандырылған Қазақстан Республикасының орталық әрі негізгі ақшалай қоры, сондай-ақ оның жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыстары деңгейінде орталықтандырылған жергілікті негізгі ақшалай қорлары болып табылады.

2. Экономикалық мағынасында жалпы мемлекеттік және жергілікті маңызы бар міндеттер мен функцияларды жүзеге асыруға қажетті, мемлекеттік және жергілікті деңгейлерде орталықтандырылған ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын экономикалық қатынастардың жиынтығын білдіреді.

3. Ұйымдастырылу мағынасында Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық құрылыстарының негізгі қаржылық жоспарлары, б.а. мемлекеттің немесе жергілікті өкілді органдардың кіріс және шығыс баланыстары ретінде көрініс табады.

4. Құқықтық мағынасында мемлекеттің республикалық бюджет туралы әр қаржы жыл сайын қабылдайтын негізгі қаржылық заңы немесе жергілікті өкілді органдардың әр қаржы жыл сайын жергілікті бюджеттер туралы шығаратын негізгі нормативтік қаржылық құқықтық шешімдері ретінде жұмыс істейді.

Бюджеттік жүйедегі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржы-қаражаттары негізінен бүкіләлемдік экономика аясында әлсін-әлі туындайтын кейбір жәйттерге орай шикізат секторы бойынша жоспарланған түсімдердің белгіленген көлемде алынбауына байланысты туындауы мүмкін бюджет тапшылығын жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мақсаттарға жұмсау үшін республикалық және жергілікті бюджеттерге берілетін түсімдер немесе ресми трансферттер түрінде пайдаланылады.

Ұлттық Қорды басқару Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан құрылған Кеңес тарапынан жүзеге асырылады.
9 дәріс

Тақырып: Бюджеттік процесс

Дәрістің мазмұны


  1. Бюджеттік процестің ұғымы мен принциптері.

  2. Бюджеттік процестің сатылары.

Мемлекеттік қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері мемлекеттің мамандандырылған жоспарлау-қаржылық және басқа да уәкілетті органдарының арнайы қызметін регламенттейтін, мемлекеттік қаржылық жоспарлаудың жалпы бастауын белгілейтін және нақтылы стадиялары мен олардың орналасу қисындылығын айқындайтын, сондай-ақ қаржылық жоспарлардың жобаларын әзірлеу, қарау, қаржылық жоспарларды бекіту, атқару және атқарылуына бақылау жүргізу, қаржылық есептілік жүйесін құру тәртібі мен ережелерін белгілейтін қаржылық құқықтың жалпы бөлімінің институты болып табылады.

Қаржылық жоспарлау объектісі мемлекеттің тиісті ақшалай қоры болып табылады. Ал, осы ақшалай қорлардың жиынтығы мемлекеттің қаржылық ресурстарын құрайды.

Қаржылық жоспарлаудың міндеттері:



  • ақшалай қорларды қалыптастыру көздері мен жалпы көлемін айқындау;

  • мақсатты әрі қажетті қаржылық резервтерді құру;

  • орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттарын экономика секторлары мен салаларының және әкімшілік-аумақтық құрылыстардың арасында бөлудің ұтымды пропорциясын белгілеу болып саналады.

Мемлекеттік қаржылық жоспарлау стадияларына: 1) қаржылық жоспарлардың жобасын әзірлеу; 2) қаржылық жоспардың жобасын қарау; 3) қаржылық жоспарды бекіту; 4) қаржылық жоспарды атқаруды ұйымдастыру және оның атқарылуына мемлекеттік бақылау жүргізу; 5) қаржылық жоспарды (оның кірісі мен шығысын) жабу, сондай-ақ қаржылық жоспардың атқарылуы туралы есептілікті әзірлеу және бекіту жатады.

Мемлекеттік қаржылық жоспарларға:

  1. Мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары (республикалық бюджет);

  2. Әкімшілік-аумақтық құрылыстардың негізгі қаржылық жоспарлары (жергілікті бюджеттер);

  3. Бюджеттік жүйедегі, сондай-ақ бюджеттен тыс мемлекеттік ақшалай қорлардың кіріс және шығыс баланыстары;

  4. Мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық жоспарлары (соның ішінде қазыналық кәсіпорындардың сметалары);

  5. Мемлекеттік мекемелердің жиынтық шығыс сметалары;

  6. Мемлекеттің жиынтық төлемдік (валюталық) балансы жатады.

10 дәріс



Тақырып: Салық қаржы-құқықтық категория ретінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет