Тарих және құқық



бет7/11
Дата10.03.2017
өлшемі1,04 Mb.
#11366
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Дәрістің мазмұны


  1. Салықтың ұғымы мен белгілері.

  2. Салық элементтері.

  3. Салықты есептеу және төлеу тәртібі.

  4. Салық салудың принциптері

Қазақстан Республикасы бюджеттік жүйенің қаржылық әлеуетін нығайтуға мәңгілік ат салысатын салық жүйесі (салық салу саласы) мемлекеттің салықтық құқығының мызғымас ауқымы болып табылады.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі мынадай құрылымдық элементтерден: 1) салықтарды белгілеу және салық салу аясына енгізу тәртібі мен негіздерінен (заңнамалық актілерде белгіленіп, бекітілуі); 2) салықтар жүйесінен (алынатын салықтар мен міндетті төлемдердің түрлері және тізілімі); 3) салықтардың алыну көздерінен; 4) салықтарды (мәжбүрлеп) алудың принциптері мен түрлерінен; 5) салықтарды алу деңгейлерінен; 6) мемлекеттік салықтық бақылаудың нысандыры мен әдістерінен; 7) салық төлеушілердің тиісті құқықтары мен міндеттерінен; 8) мемлекеттік органдардың өкілеттіктерінен; 9) салықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қорғау тәсілдерінен тұрады.

Салық қоғамдағы экономикалық қатынастардың аса қажетті буыны, бюджет – қаржы жүйесінің маңызды құраушысы, әлеуметтік – саяси қатынастардың басты элементі, бюджеттік кірістің негізгі нысаны, мемлекеттік белгілеме сипатындағы мәжбүрлі ақшалай алыным, жалпымемлекеттік қаржылардың элементі, мемлекет тарапынан қоғамдық өндіріске экономикалық ықпал ету үшін пайдаланылатын механизм, республикалық және жергілікті бюджеттің салықтық кірісін қамтамасыз ететін тетік, экономиканы ретту және ынталандыру құралы, дербес экономикалық категория, мемлекеттің бюджеттік жүйесіндегі және корпоративтік әрі жеке меншік шаруашылық аяларындағы қаржылық қатынастарға тікелей қатысы бар объективті – субъективті қаржылық экономикалық және құқықтық қоғамдық құбылыс ретінде көрініс табады.

Салықтық құқық қоғамдық - мемлекеттік маңыздылығы басым мүдделерді қамтамасыз етуге қажетті салықтық түсімдерді республикалық және жергілікті бюджеттердің кірісіне жұмылдыратын, заңи және экономикалық табиғаты бойынша біртекті салықтық қатынастарға мемлекеттік биліктің өктем ықпалын тигізетін, сондай-ақ материалдық салықтық қатынастар туындайтын, өзгеретін немесе тоқтатылатын корпоративтік (және жеке кәсіпкерлік) және мемлекеттік шаруашылық жүргізу аяларын реттеуші әлеуетімен толық қамтитын айрықша қуатты құрал әрі құқықтық құралым болып табылады.

Салықтық құқық Қазақстан Республикасы салық жүйесінің материалдық бюджеттік құқықтық қатынастар аясындағы трансферттік қабілетін белгілі бір дәрежеге көтеруі арқасында бюджеттік жүйенің салықтық түсімдерін (кірістерін) қамтамасыз етеді.
11 дәріс

Тақырып: Мемлекеттік несиенің құқықтық негіздері

Дәрістің мазмұны


  1. Мемлекеттік несиенің, мемлекеттік қарыз алу, мемлекеттік борыштың, мемлекеттік несиелеудің ұғымы. Мемлекеттік қарыз алудың түрлері мен нысандары.

  2. Мемлекетпен кепілдік берілген қарыз алу мен борыш.

  3. Бюджеттік несиелеу.

12 дәріс



Тақырып: Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіндегі мемлекеттік нысаналы бюджеттен тыс қорлар

Дәрістің мазмұны


  1. Мемлекеттік нысаналы бюджеттен тыс қорлардың ұғымы мен түрлері.

  2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

  3. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры

Қазақстан Республикасында мемлекеттің өзіне тән кейбір әлеуметтік және экономикалық функцияларын қаржыландыру мақсатында, мемлекеттік бюджет құрамына енгізілмеген, заң жүзінде немесе басқа да нормативтік құқықтық актілерде белгіленіп, қатаң көзделген бағдар-бағытта пайдаланылатын бюджеттен тыс мемлекеттік ақшалай қорлардың құрылуы елдегі әлеуметтік – экономикалық даму процестерінің қазіргі заманғы талаптарына сай келіп отыр.

Бюджеттен тыс ақшалай қорлар тікелей әрі оралымды пайдалануға қолайлы мемлекетттегі әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымға тигізер айтарлаықтай ықпалына қарай олар бірінші кезекте қоғам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталады.

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасындағы бірден-бір бюджеттен тыс мемлекеттік қорларға мемлекеттік жинақтаушы Зейнетақы қоры мен мемлекеттік Әлеуметтік сақтандыру қорын жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын, республикалық және жергілікті бюджеттер аясына (бюджеттік жүйеде орын алмайтын) жатпайтынқатаң белгіленген мақсатқа бағытталған ақшалай қорлар нысанында қалыптастырылатын және пайдаланылатын бюджеттен тыс мемлекеттік қорларға қатысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы аталмыш дербес қаржылық құқықтық институтты құрайды.

Осы институттың реттеуші қаржылық құқықтық нормаларының аясы:


  1. Бюджеттен тыс қорлар саласындағы мемлекеттік органдардың тиісті өкілеттіктерін белгілеу және олардың нақты қызмет аяларын айқындау тәртібі;

  2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жинақтаушы Зейнетақы қорының және мемлекеттік Әлеуметтік сақтандыру қорының кірісі мен шығысының құрамын;

  3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жинақтаушы Зейнетақы қорының және мемлекеттік Әлеуметтік сақтандыру қорының кірісіне салықтар мен басқа да міндетті төлемдер сомаларын, сондай-ақ міндетті жарналар мен өзге де түсімдерді енгізу тәртібін;

  4. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әлеуметтік сақтандыру қоры мен мемлекеттік жинақтаушы Зейнетақы қорының кіріс және шығыс баланстарын әзірлеу, қарау, бекіту, сондай-ақ атқару тәртібін;

  5. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әлеуметтік сақтандыру қорымен мемлекеттік жинақтаушы Зейнетақы қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептемені әзірлеу, қарау және бекіту тәртібін;

  6. Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлардың қаражаттарын қалыптастыру және пайдалану (бөлу) кезінде орын алған (алатын) құқық бұзушылықтарға орай тиісті қаржылық құқықтық жауапкершілік шараларын белгілеу тәртібін және қолдану негіздерін қамтиды.

13 дәріс



Тақырып: Банк қызметін құқықтық реттеу

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет