Тарих және құқық



бет21/26
Дата25.02.2018
өлшемі1,79 Mb.
#38201
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Әдебиеттер:


  1. З.М. Черниловский “Всеобщая история государства и права”, М. 1999.,133-146 б.

  2. “Всеобщая истори государства и права” под.ред. К.И. Батыра, М, 1998., 164-175 б.

  3. Мухтарова А.К. “Шетелдер мемлекеті мен құқығының тарихы”, А.,

15 дәріс

Тақырып: Англияның феодалдық мемлекеті мен құқығы

Дәрістің мазмұны

Ертефеодалдық англо – саксондық мемлекетінің пайда ерекшеліктері.

  1. Англия мемлекеттілігінің негізгі даму кезеңдері.

  2. Мемлекеттілік формаларының эволюциясы. Сеньориялды монархия Вильгелм басып алушының реформалары мен нормандықтардың жаулап алуы.

  3. Сословиелік - өкілетті монархия: парламенттің құрылуы және оның компетенциясының кеңеюі.

  4. Мемлекеттің жоғарғы органдары. Парламент: оның құрылымы.

  5. Жергілікті басқару органдары. Шерифтер, бейлифтер.

  6. Сот құрылымы

Ү ғасырда Британиядағы кельт тайпалары римдіктермен жаулап алынады. Рим әскерлері 407 жылы аралдан кеткен соң, көп ұзамай Британияға германдық, англ, сакс және ют тайпалары қоныс аударады. Жергілікті тайпалармен тынымсыз соғыстардың нәтижесінде, ҮІІ ғасырда англосакстар Британияның негізгі бөлігін жаулап алып, кельттар солтүстік-батысқа, Шотландия мен Уэльске ығыстырылады. Кейіннен, олардың 1 бөлігі ассимиляцияланды.

ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда англосакстар жаулап алған территорияда 6 корольдік құрылады. Осы корольдіктерде ру-тайпалық қатынастар ыдырай бастайды. Корольдар өз жақындарына "боклэнд" деп аталған жерлерді сыйға тарта бастады. Оны ұстаған адамдар корольге салық төлеуге міндетті болған және бұл жерді өз мұрагерлеріне қалдыра алған. Осы жер иеленушілер "глафорд",  кейіннен лорд деп атала бастады. Жер салыға "фирма" деп аталды. Феодалдық қатынастардың орнығуына англосакстардың арасында христиан дінінің таралуы әсер етеді. Христиан діні ҮІІ ғасырдың соңында толығымен орнығады. ҮІІІ ғасырдың ІІ жартысында Скандинавияда феодалдық қатынастардың пайда бола бастауына байланысты, оның халқы басқа елдерге шабуыл жасай бастады. Бұл кезең тарихта "викингтер кезеңі" деп аталады. Олар Англияға да шабуыл жасап, қоныстана бастады. Осыған байланысты Англияны біріктіру керек болады. ІХ ғасырда Уэссекс корольдігі Англияны біріктіріп, астана болып Лондон жарияланады. Осы кезеңнен бастап ХІ ғасырға дейінгі уақыт ертефеодалдық кезең деп аталады. 1966 жылы Нормандия герцогы Вильгельм Англияны жаулап алып, ел сеньориалдық монархия кезеңіне өтеді.



Қоғамдық құрылыс. Қоғам 2 топқа: "эрлдар" мен "кэрлдарға" бөлінген. Эрлдар тобын ақсүйектер  құраған. Оларда ірі жер үлестері болған. Эрлдардың жерінде тәуелді адамдар жұмыс істеген. Көпшілік кэрлдардың қатарында болған. Кэрл - жер иеленуші. Ол малмен немесе қолөнермен айналысатын, үлкен жанұяны басқарады. Ерікті қауым мүшелері халық жиналысына қатысты, ол соғыс және бейбітшілік, салық тқлеу, сот және шаруашылық мәселелерін шешетін. Олардың қарулануға және халық әскеріне қатысуға құқығы болатын.

Мемлекеттік құрылыс /ерте - феодалдық монархия кезеңі/. Герман тайпалары Британияны жаулап алған соң, тайпалардың басқару органдары мемлекеттік органдарға айналады. Бұл кезеңдегі басқару органдары: 1/ король - бейбітшілікті қорғау міндті болған, әскери және діни функцияларды жүзеге асырған, сот, ақша жасау және салық жинау құқығын өз қолына шоғырландырған.

2/ Корол сарайы - орталық мемлекеттік басқару органы болған.

Король сарбаздары мен қызметшілері мемлекеттік қызметшілер мен феодалдарға айналады.

Король қаражатының қайнар көздері: 1/ жерден алынған өнім; 2/ "фирма" салығы; 3/ дат ақшасы; 4/ кеден салығы; 5/ нарық салығы; 6/ таразы салығы.



Сеньориалды монархия. ХІ ғасырдың ІІ-ші жартысында король билігі күшейді. Соның нәтижесінде, феодалдық қатынастар нығайды, сауда дамыды, қалалар саны көбейді. Корольдің қасында магнаттар мен жоғарғы мемлекеттік қызметкерлердің кеңесі "уитанагемот" жұмыс істеген.

Жергілікті билікті "элдормендер" /король өкілдері/ және жергілікті феодалдардан корольмен тағайындалатын "шерифтер" жүзеге асырған. Элдормендер мен шерифтер графтіктегі билікті бөлісіп жүзеге асырған. Элдормендерде сот, әскери және қаржы функциялары болған. Шерифтердің билігі шектеулі болған және уақыт өткен сайын азайып отырған. Графтіктердің құрамына жүздіктер кірген. Оларды жергілікті ақсүйектердің арасынан тағайындалатын "тэндар" басқарған. Ең ұсақ әкімшілік бірлік сход деп аталған және оны староста басқарған. Сот функцияларын элдормендер бірлесе отырып графтік және жүздік жиналыстары жүзеге асырған.

Патша соттарының рөлі жоғары болған. Тәуелді шаруалардың істерін манориалды курия қарастырған. Діни сотпен азаматтық сот І Вильгельм кезінде ажыратылады. ІІ Генрих сот жүйесін реформалайды. Сот бажы, жылжымалы соттар енгізіледі, шерифтер үшін күзет орнатылады. 1176 ж. Англия 6 округқа бөлініп, әрқайсысына жылжымалы соттар тағайындалады.

Өкілетті-сословиелік монархия /ХІІІ-ХҮ ғғ/. ХІІІ ғасырда феодалдық жүйеде ерекшеліктер пайда болды. Натуралды шаруашылық тауарлық шаруашылыққа айналды. Қалада және селода тауар айналымының дамуына байланысты қатынастар өзгереді. Феодалдар салықты натуралды түрде жинаудан бас тартып, ақшалай түрде жинай бастайды. Жерсіз шаруалар ауқатты адамдарға жалдануға тырысады. Демек, қоғамда жалданбалы еңбек пайда болады. Ірі жер иеленушілер мемлекеттік билікке әсер етуші үстем тапқа айналады. Қауымдар ыдырап, кедейлер көбейеді. 1380 ж. парламент босаған шаруаларға бағытталған салық реформасын жүргізді. 1381 жылы Уот Тайлер бастаған шаруалар көтерілісі болады. Шаруалар басыбайлық құқықты жою, ақша рентасын бекіту, қауымдық жерлерді еркін пайдалану, сословиелерді теңестіру талаптарын қояды. ІІ Генрих жүргізген реформалардың нәтижесінде Англияда сословиелік-өкілдік монархия қалыптасады. 1215 ж. король билігін шектейтін "Ұлы еркіндік хартиясы" дүниеге келеді. ІІІ Генрихтің кезінде 1258 ж. барондар Оксфордтық провизия антын қабылдатады. 1263 ж. корольмен Симон де Монфор бастаған барондардың арасында соғыс басталады. Билікті Симон де Монфор иеленіп, алғаш рет парламент шақырады. Алайда, барондар 1267 ж. жеңіліске ұшырайды. 1295 ж. "үлгі" парламент шақырылады. Парламент мынадай қызметтерді жүзеге асырған: заң шығару, салық мөлшерін белгілеу, жоғары лауазымды тұлғалардың қызметін бақылау, сот істерін шешу.

Абсолюттік монархия кезеңі. ХІҮ-ХҮ ғғ. Англияда феодалдық жүйе ыдырай бастайды. ХҮ ғ. ІІ жарт. Ақ және Қызыл раушан деп аталатын 2 ірі феодалдық топтың арасындағы соғыстың нәтижесінде ірі феодалдардың көбісі жойылады. Асүйектердің 25 әулеті ғана қалады. Соғыс Тюдорлардың жеңісімен аяқталады. Бұрын король ақсүйектердің жерлерін сатып алған болса, енді жерлерді ірі буржуазия және ауқатты шаруалар сатып ала бастады. Жаңа топ - рыцарьлардан қалыптасқан джентри тобы қалыптасады. Олар шаруашылықты капиталистік әдіспен жүргізді. 1450 жылғы Джэк Кэд көтерілісінің нәтижесінде шаруалар бірқатар құқықтарға ие болады. Қоғамдағы өзгерістерге байланыста ХҮ ғ. халық фригольдермен және  копигольдер болып 2 топқа бөлінеді. Копигольдерлер лордтарға салық төлеген, бұрыңғы бағынышты шаруалармен құқықтары тең болған. Фригольдерлер - еркін жер иеленушілер.

1539 ж. король мен парламент актілерінің теңдігі жарияланады. Бірақ, 1547 жылы Парламент қабылдаған заң король қол қойған соң ғана заңдық күшке ие болады деген ереже бекітіледі. Король билігі күшейгенімен, Парламент және жергілікті өзін-өзі басқару сақталып қалады. Мемлекеттік аппарат орталықтандырылған сипатқа ие болады. Орталық мемлекеттік органдар: король, Құпия кеңес /құрамы:лорд-канцлер, лорд-қазынашы, лорд-мөр сақтаушы/, Парламент. Ең жоғарғы шіркеу органы - Комиссия болған. Оның құрамына шіркеу қызметкерлерінен басқа Құпия кеңес мүшелері де кірген. Жергілікті басқаруда графтікті король тағайындайтын лорд-лейтенант басқаратын болды. Олардың қарамағында констебльдер болды. Сот жүйесінде бітістіруші сот институты енгізілді. І Елизаветаның тұсында төтенше сот - Жұлдызды палата құрылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет