Тарих пәні мұғалімі Алиев М. Ш. 2019 жыл мазмұНЫ



бет16/21
Дата14.11.2019
өлшемі3,25 Mb.
#51809
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Белсенді оқу әдістері 2014


IV. СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ

Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.

Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі:

• қажетті ақпараттар жинауды;

• дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды;

• кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;

• ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды көздейді.

Төменде балаларға сынып тапсырмаларын ойдағыдай орындау үшін қажетті әрекеттер реті мен дағдылар келтірілген:



1. Көру немесе есту арқылы алынған ақпаратты өңдеу, сондай-ақ бастапқы дереккөздерді зерделеу кезінде алынған деректерді, жауап алу немесе сауалнама барысында жиналған деректерді немесе оқулықтар, энциклопедиялар немесе веб-сайттар сияқты екінші дереккөздерден жиналған ақпаратты өңдеу.

2. Зерттеу жүргізуге арналған дәлелдемелерді немесе зерттеу нәтижесінде алынған дәлелдердің негізін құрайтын дәлелдемелерді жүйелейтін түйінді мәселелер, болжамдар мен гипотезаларды түсіну.

3. Осы түйінді мәселелер мен қолда бар дәлелдемелердің бір-біріне сәйкес келуін және үндесуін талдау.

4. Жекелеген факторлар немесе түрлі дербес бағалар мен болжамдар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау.



5. Дәлелдерді немесе бірқатар идеяларды дайындау үшін түрлі ақпарат көздерін жүйелеу. Сіздің идеяңызды қалыптастыратын және қолдайтын түрлі дереккөздер арасында байланыс жүргізіңіз.

6. Сіздің зерттеуге қатысты дәлелдемелердің шынайылығы мен дәлелділігін және дәлелдемелер сіздің болжамдарыңызбен, туындаған идеяларыңызбен қаншалықты сәйкес келетінін бағалау.

7. Зерттеу негізінде жатқан сұрақтардың жауабына түсініктеме беру кезінде зерттеу барысында алған білімін қолдану.

8. Зерттеу қорытындылары мен нәтижелерін дәлелдеу және негіздеу.



Белсенді оқыту мен оқу әдістерін қолдану үдерісінде оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытқысы келетін мұғалімдер арасында оқу мақсаттарын жіктеудегі Блум таксономиясы ең маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.



Блум таксономиясына сәйкес танымдық мақсаттарды топтастыру
Роберт Фишер (2005: 57) ұсынған төмендегі кестеде түрлі ойлау деңгейлеріне тән түрлі санаттар мен үдерістер аталған.

1-кесте. Ойлау үдерісінің санаттары мен мазмұны




Санат

Ойлау үдерісінің шешуші белгілері

1

Білу

(есте сақтау және қалдыру)



Кім, қашан, қайсысы, қайда, не екенін сипаттау, қайталау, тұжырымдау арқылы не білетіндімізді, нені есте сақтағамызды айту.

2

Түсіну

(түсінік беру және түйсіну)



Өзіңіздің бір нәрсеге қатысыңыз туралы сипаттау және баяндау, оның мәнін түсіндіру, салыстыру, арақатынасын белгілеу.

3

Қолдану (қатысу)

Сіз мұны қалай пайдаланасыз, оны проблеманы шешу үшін пайдалану, көрсету.

4

Талдау (қатысу)

Факторлардың, тәуекелдердің, проблемалардың, оны шешу жолдарының, күтілетін нәтижелер мен салдардың құрылымын, ретін, себебін анықтау.

5

Жинақтау (біріктіру)

Бұдан әрі өзгерту, түрлендіру, жақсарту тәсілдерін анықтау.

6

Бағалау (пайымдама және бағалау)

Табысқа жететінін/жетпейтінін анықтау, алдағы нәтижелерді болжау.

1-кестеде ұсынылған мәселелер негізінде көптеген оқыту тапсырмаларын әзірлеп, ұсынылған үлгіге сәйкес (2-кестені қараңыз) олардың табыстылығына талдау жасауға болады.


ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ОРЫНДАУ КЕЗІНДЕ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАТЫН СҰРАҚТАРДЫҢ ҮЛГІЛЕРІ

Есте сақтау

Пайдалы етістіктер

Сұрақтардың үлгілері

Тізім жасау

Орналастыру

Атау

Білу


Баяндау

Сипаттау


Еске түсіру

Қайталау


Шығару

• ...кейін не болды?

• Қанша...?

• ... кім еді?

•... атай аласыз ба?

• Онда не болғанын сипаттаңыз?

• Онымен кім сөйлесті?

• ... себебін айта аласыз ба?

• ... мағынасын айқындаңыз?

• Бұл не?

•Бұл шын ба немесе өтірік пе?



Түсіну

Пайдалы етістіктер

Сұрақтардың үлгілері

Қорытынды жасау

Өз сөзіңізбен сипаттау

Көрсету

Алдын ала болжау



Айту

Анықтау


Басқаша сөзбен айту

Жиынтықтау

Жүйелеу

Топтастыру



Талқылау

Келісу


Сұрыптау

Салыстыру

Қарама-қарсы қою

Түсіндіру



Сіз өз сөзіңізбен жаза аласыз ба?

• Сіз қысқаша мазмұнын жаза аласыз ба?

• Сіздің пікіріңізше, одан әрі не болуы мүмкін еді?

• Сіздің пікіріңізше, кім ...?

• ... басты идеясы қандай?

• Кім басты кейіпкер болды?

• .... арасында айырмашылықты айыра аласыз ба?

• ... арасында қандай айырмашылықтар бар?

• сіз ... меңзегеніңізді көрсететін мысал келтіре аласыз ба?

• ... анықтамасын бере аласыз ба?



Қолдану

Пайдалы етістіктер

Сұрақтардың үлгілері


Жалпылау

Қорытынды жасау

Көрсету

Пайдалану



Сіз онда ... болатын басқа мысал білесіз бе?

• .... болуы мүмкін бе еді?

• Сіз ... сияқты сипаттамалар бойынша топтастыра аласыз ба?

• Егер ..., сіз қандай факторларды өзгертуші едіңіз?

• Сіз өзіңіздің ... тәжірибеңізде пайдаланылған әдісті қолдана аласыз ба?

• Сіз қандай сұрақ қоясыз?

• Ұсынылған ақпараттан .... қатысты бірқатар нұсқаулар дайындай аласыз ба?

• Егер сізде ..., осы ақпарат пайдалы болар ма еді?



Бағалау

Пайдалы етістіктер

Сұрақтардың үлгілері


Бағалау

Дәлелдеу


Сынау

Пікір айту



• ...үшін үздік шешім бар ма?

• ... маңыздылығын бағалаңыз.

• ... қатысты сіз өз көзқарасыңызды қорғай аласыз ба?

• Сіз ... жақсы немесе жаман деп санайсыз ба?

• ... сіз қалай шешер едіңіз?

• ... қандай өзгеріс енгізуді ұсына аласыз?

• ... ... санайсыз ба?

• Сіз ... адамсыз ба?

• Егер... , өзіңізді қалай сезінер едіңіз?

• ... қаншалықты тиімді?

• ...туралы не ойлайсыз?


Жасау

Пайдалы етістіктер

Сұрақтардың үлгілері


Әзірлеу

Құру


Жоспарлау

Болжам жасау

Қайта қарау


• ... үшін ... жасай аласыз ба?

• Неге ...туралы ән шығармасқа?

• .... шешімін елестете аласыз ба?

• Егер сіз барлық дереккөздерге қол жеткізе алатын болсаңыз, ... қалай қарастырар едіңіз?

• Сіз ... жұмыс істеуге арналған жеке әдісіңізді неге қарастырмадыңыз?

• Егер ..., не болады?

• Сіз қанша әдісті ... аласыз?

• Сіз ... қолданудың ерекше жаңа жолдарын таба аласыз ба?

• ... пісірудің жаңа рецептісін жасай аласыз ба?


Идеялар, деректер, айғақтар мен жағдайларды жақсы түсінуге мүмкіндік беретін оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдылары Брукфильд анықтаған (1987) төмендегі аспектілерге сәйкес белсенді оқыту мен оқу барысында қалыптасып, дамуы мүмкін:

Болжамдарды анықтау және олармен келіспеу. Өзінің жеке тәжірибесі мен түсінігінің негізінде болжамдар мен жорамалдардың шынайылығын тексеру.

Мәнмәтіннің маңыздылығымен келіспеу. Ойымыздың мәнмәтінмен үйлесуінің маңыздылығын түсінуге ықпал ету, басқа сөзбен айтқанда, тәжірибе, құрылым мен қызметтің бірлігін қамтамасыз ету.

Баламаларды ұсыну және зерттеу. Айқын және қисынды ойлана білу. Түрлі көзқарастар мен ұстанымдарды қабылдау қабілеті. Нақты және бейнелі түрде ойлана білу.

Рефлексивтік күмәндануды дамыту. Жалпыға мәлім ақиқаттан немесе сұрақтың бір ғана дұрыс жауабы болады деуден бас тарту; әркімнің әртүрлі ойланатынын, қарама-қарсы көзқарастар болуы мүмкін екендігін назарға алу.

(Брукфильд (1987) цитата Лестерден алынған (2010: 4))

Сын тұрғысынан ойлаудың жоғарыда аталған аспектілерін дамыту үшін Лестер ұсынған (2010) жаттығуларды назарға алуға болады:

Болжамдарды анықтау және олармен келіспеу

Шектелген тәжірибеге негізделген жалпылама пайымдаулар қолайлы, алайда олар тұжырымдардың негізді болуын қамтамасыз ете алмайды. Осыған байланысты, болжам жасамас бұрын, көбірек білу үшін болжалды шектеулер бар ма екенін анықтап алған дұрыс. Осы жағдайда қолдануға болатын жаттығулар:



  • Қашан сұрақ қою керек екендігін түйсіну: мен айтылғанды дұрыс түсінем бе әлде өз жалған сенімім не эмоцияларыммен оны бұрмалаймын ба?

  • Оқушылардың мәтіннің бір мағынасын ғана ашумен тоқтап қалмауына жағдай жасаңыз, бірнеше рет жүргізілген есептердің негізді екендігін немесе оның жай ғана қате екендігін түсіндіруге мүмкіндік беріңіз.

  • Ақпаратты жалпылау кезінде басқалар жасаған келеңсіз тұжырымдардан абай болып, тиянақты әрі байыпты болуға тырысыңыз.

Мәнмәтіннің маңыздылығымен келіспеу

Сын тұрғысынан ойлау дағдылары объекті мен оны қоршаған орта, объектілер мен идеялар және т.б. арасындағы қарым-қатынастар жүйесін бақылауды қамтамасыз етуді көздейді. Осы жағдайда қолдануға болатын жаттығулар:



  • Түрлі тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан түрлі мәнмәтіндерде фраза, түсінік, идеялар, бағаны қалай қолдануға болатындығын талқылауды ұсыныңыз.

Баламаларды ұсыну және зерттеу

Әдетте баламаны ұсына алу қабілетін креативті ойлау қабілетімен байланыстырады. Оқушылар ойлаудың немесе бірдеңені орындаудың бір ғана жолы бар деп түсінбеулері керек. Осы жағдайда қолдануға болатын жаттығулар:



  • «Көзқарасты» өзгерту. Оқушылар мінездері әртүрлі адамдарға арнап диалог құрады (мысалға, алдымен олар әйелдердің пікірі тұрғысынан диалог құрады, содан кейін осындай диалогты ер адамдардың пікірі бойынша құрады).

  • Бір проблеманы шешудің әртүрлі әдістерін іздеу. Мысалы, математика немесе жаратылыстану ғылымдары сабағында оқушылар бір тапсырманы, проблеманы шешудің әртүрлі тәсілдерін іздестіреді.

Рефлексивтік скептицизмді дамыту

Оқушылар оқу барысында өздерінің дәлелдеу және дәйектеу жүйесіне негізделген жеке пікірлері мен идеяларын қалыптастыруы тиіс. Осы жағдайда қолдануға болатын жаттығулар:

Талқылау барысында мұғалімдер оқушыларға:


  • өз мәлімдемелері үшін негіздемелер мен дәлелдемелер ұсынуға;

  • негізделмеген деп санаған мәлімдемелермен келіспеуге;

  • расталмаған болжамдарға күмән келтіруге;

  • пікірлер мен көзқарастарының алдын ала пішілмей, дұрыс болуына;

  • түсініксіз нәрселерді түсіндіруді сұрауға;

  • басқалардың өз көзқарасын ұстануға құқығын (тіпті онымен келіспесе де) сыйлауға көмектесулері қажет.



Оқушылардың сенімін нығайту

  • Оқушыларыңыздың қандай да бір пікір қалыптастыруына бөгет болмаңыз және тыйым салмаңыз;

  • Ешқашан жете бағаламауға жол бермеңіз;

  • Әрқашан оқушыларға, олардың пікірлеріне қызығушылық білдіріңіз;

  • Егер оқушыларыңызда өз күшіне деген сенімділігі жетіспей жатса, сізге онымен жұмыс істеу қажет.

ХХ ғасырдағы британ философы Стефан Тулмин былай деген: «Орынды, тәжірибеге негізделген дәлелдемелер әдетте алты бөліктен тұрады». Аталған бөліктерді сипаттау үшін ғалым мынадай терминдерді пайдаланған:

Деректер: дәлелдеу үшін пайдаланылатын фактілер немесе негіздемелер.

Мәлімдеме: дәлелденуі тиіс пікір (тезис)

Растаулар: мәлімдемелер мен деректер арасында «көпір» болып қызмет ететін жалпы, гипотетикалық (әдетте - тұспалданатын) логикалық пікірлер.

Ескертпелер: дәлелдер немесе тұжырымдардың күшін шектейтін және де дәлелдердің дұрыс болып шығуына жағдай жасайтын пікірлер.

Жоққа шығару: басты дәлел өз күшін жоятын жағдайларды көрсететін қарсы аргументтер немесе тұжырымдар.

Негіздеме: растауларды қамтамасыз ететін тұжырымдар, яғни, теріске шығарылатын мәселені дәлелдейтін емес, ол пікірдің дұрыс екендігінің растауларын дәлелдейтін аргументтер.

Тулминнің аргументтер диаграммасы төмендегі суреттен көруге болады:




Тулмин аргументтерінің құрылымы

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет