Тарих пәні мұғалімі Алиев М. Ш. 2019 жыл мазмұНЫ



бет14/21
Дата14.11.2019
өлшемі3,25 Mb.
#51809
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
Белсенді оқу әдістері 2014


Жалпы сипаттама

Бұл әдіс оқушылар бойында идея білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіруді көздейді.


Сыныпты жоспарлау

Жылжымалы орындықтар.



Жұмыс алгоритмі

Бұл әдіс бойынша оқушылар кезектесіп сөз сөйлейді. Оқушылар төрт немес бес адамнан тұратын топ құрайды. Оқушыларға тақырып және ол бойынша ой жинақтау үшін бірнеше минут беріңіз. Содан кейін талқылау басталады, әр оқушыға үздіксіз сөз сөйлеу үшін үш минутке дейін (немесе өзге уақытты таңдаңыз) уақыт беріледі. Бұл уақытта ешкім еш нәрсе айта алмайды.



Әрқайсысы бір рет сөз сөйлегеннен кейін жалпы әңгіме жүргізу мақсатында шағын топтар шеңберінде сөз беріңіз. Бұл кезеңде оқушылардың өзінің жеке идеяларын емес, біреудің айтқандарын негізге ала отырып сөйлеуге тиіс екенін алдын ала ескертуді ұмытпаңыз, сонымен қатар әңгімені қорытындылау кезеңінде олар жаңа идеяларды енгізе алмайтындығын еске салу қажет (Брукфильд және Прескиль, 1999).

http://cte.uwaterloo.ca/teaching_resources/teaching_>ps/Other/gw_types_of_small_groups.pdf.pdf




СТИКЕРДЕГІ ДИАЛОГ
Жалпы сипаттама

Көпшілік алдында «сөз сөйлеу» қажеттілігі жоқ ашық пікірталас жүргізу арқылы визуалды, кинестетикалық және тыңдау аспектілерін дамытудағы тиімді әдістердің бірі. Талқылауға арналған маңызды тақырыптың болғаны жақсы.



Сыныпты жоспарлау

Әр оқушыға стикерлер, жүріп-тұруға арналған орын қажет.



Жұмыс алгоритмі

Бұл әдісті қолданудың әртүрлі жолдары бар. Айталық: қабырғаға немесе тақтаға пікірлер немесе сұрақтар жазылған бірнеше түрлі-түсті қағаз ілінеді, болмаса оларды үстелдің үстіне қоюға болады. Оқушылар оларды оқып, стикерлерге өз ойларын жазып қалдырады. Екінші жолы: 3/4/5 адамнан тұратын топтар стикердегі сұрақтарға жауап береді немесе ол жөніндегі өз ойларымен бөлісіп, талқылап, стикерге өз ойларын жазады, кейін пікірлерін қорғайды. Оқушылар стикерлерде өз пікірлерін/эмоцияларын білдіре алады.






АЙНАЛМАЛЫ БЕКЕТТЕР

Жалпы сипаттама

Бұл әдіс оқушылардың өзгелердің идеясына сүйеніп, проблеманы немесе мәселені толығымен қамтуын көздейді, сондай-ақ олардың белсенді болып, жылдам қозғалуын талап етеді.



Сыныпты жоспарлау

Бөлмеге индикаторлары, түрлі-түсті қағаз және қаламдар бар бірқатар бекеттер қою керек (немесе әр топқа әр түсті қалам беріңіз, осылайша кім қандай үлес қосқанын көре аласыз).



Жұмыс алгоритмі

Әр топты өз бекетінің жанына орналастырыңыз. Оларға талас тудыратын проблеманы талқылап, өз идеяларын газетке немесе тақтаға жазу үшін 10 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін топтар кабинеттегі жаңа бекеттерге көшеді, ол бекетте бұған дейін болған топтардың идеяларын негізге ала отырып, талқылауды жалғастырады. Барлық топтар бекеттердің барлығын өтіп, өзге топтардың түсініктемелерін қарастырып болғанша әр 10 минут сайын топтар бекеттерін ауыстырып отырады.

( http://drscavanaugh.org/discussion/inclass/discussion_formats.htm)
ОЙЛАН – ЖҰПТАС – БӨЛІС

Жалпы сипаттама

Идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдалған әдісі.



Сыныпты жоспарлау

Нақты еш нәрсе қажет емес.



Жұмыс алгоритмі

Төмендегіні қараңыз

Көбірек білу үшін http://www.eazhull.org.uk/nlc/think,_pair,_share.htm қараңыз



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет