Тарих талқысы Ұлттық тағдыр, Тұлға және тарихи көзқарас



бет12/24
Дата17.02.2017
өлшемі7,02 Mb.
#9675
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
1. Тарихи анықтама
Аәқан төңкерiсiнен кейiн ұлтшыл «Алаш» партиясының құрамына кiрген, «Алашорда» үкiметiнiң мүшесi болған, сондай–ақ орыстың ақгвардияшыл казактарымен, контрреволюцияшыл генерал Колчактың армиясымен бірігіп кеңес өкiметiне қарсы ашық күрескен, кейiннен контреволюциялық армия мен үкiметке кешiрiм жасалғаннан соң да контрреволюциялық ұйымның ұйытқысы болған қазақтың ұлтшыл – буржуазияшыл интеллигенциясының өкiлдерi кеңеске қарсы қылмысты әрекеттерiн жалғастырып келдi.

Қылмысты iс бойынша айыпқа тартылып отырған бұрынғы алашордашыл Әлiмхан Ермеков 1921 жылдың басында, Мәскеу қаласында әйгiлi ұлтшыл Байтұрсыновпен (қазақ ұлтшылдарының контрреволюциялық астыртын ұйымына қатысқаны үшiн ОГПУ–дiң коллегиясының шешiмi бойынша 1930 жылы сотталған) бiрге башқұрт ұлтшылы Валидовпен кездесiп, контрреволюциялық ұйым ашуға келiскен, оның орталығына Орынбор қаласын таңдап алды. (№ 541784 –iс, 1т, 10 парақ).

Мұның артынан iле – шала айыпқа тартылып отырған Досмұхамедов Халел мен М. Дулатов (ОГПУ коллегисының шешiмiмен сотталған) Ташкент қаласында осы астыртын контрреволюциялық ұйымның бөлiмшесiн құрған, оның құрамына айып тағылып отырған: Досмұхамедов Халел мен Жаhанша, Тынышбаев Мұхамеджан, ‡мбетбаев Алдаберген, Мұнайтбасов Әбдiрахман және басқалар кiрген, Орынбормен тiкелей байланыстары болған және айыпкер Досмұхамедов Халел мен Жаhанша және Тынышбаев Мұхамеджан дайындаған бағдарламаны қабылдаған, оның негiзiне «Алаш» партиясының бұрынғы бағдарламасының талаптары өзек етiп алынған, яғни, олардың түпкi мақсаты – кеңес өкiметiн құлату, құрылтай жиналысын өткiзу арқылы қазақтың ұлтшыл – демократиялық республикасын құру, бұл мақсаттарына жеткенше ұлтшылдарға сықап тұрған кеңес өкiметiнiң мекемелерiн пайдаланып, мәдениет майданын қолына алып, жастарды көтерiлiске дайындап, кеңестiк саясатты «Алаштың» бағыт – бағдарына сай бұрмалап отыруды көздедi. (№ 2370 – iс, 1 т., 106, 1126, 123 және 179 – парақтар, № 541784 – iс, 4 т, 21, 80, 90 және 92 – парақтар)

Семей және Петропавл қалаларында осы ұйымның бөлiмшелерi құрылды, оларға жауапқа тартылып отырған Ермеков Әлiмхан мен Тiлеулин Жұмағали жетекшiлiк еттi.

Өзiнiң iс–әректiн кеңейту мақсатымен Ташкент бөлiмi Алматы, Әулиеата, Шымкент, Түркiстан, Қазалы және басқа да қалалардағы ұлтшылдарды бауырына тартып, ұйымның құрамына енгiздi, жергiлiктi жерлерде өзiнiң бөлiмшелерiн ашуға тырысты.

Қазақстанның ашттыққа ұшыраған тұрғындарына көмек көрсету үшiн 1922 жылы құрылған аштарға көмек көрсету комиссиясын астыртын ұйымға жаңа мүшелер тарту пайдаланды, айыпқа тартылған Әуезов Мұхтар мен А. Байтұрсыновтың ұсынысы бойынша Қазақстанның түпкiр – түкпiрiне үндеу жолданды, Орынбор қаласында тұрған аштарға көмек көрсету комиссиясының құрамындағы астыртын ұйымның мүшелерi ұйымға адам тартумен айнаналысты, мысалы, айыпкер Досмұхамедов Жаhанша бұрынғы Жетiсу облысындағы аштарға көмек көрсету комиссиясының өкiлi, Алматы қаласының тұрғыны айпкер Сүлеев Бiләлдi ұйымға тартты, оған ұйымның бағдарламасының бiр данасын тапсырды. Бағдарламаның бiр данасы аштарға көмек комиссиясының Жетiсу облысындағы Лепсi ауданындағы өкiлi Күдерин Жұмаханның қолына тиген. (№541784 – iс, 1т., 403 және 404 – парақтар, № 2370 – iс, 1 т., 177, 178 және 179 – парақтар).

Ташкент қаласындағы қазақтың» ағарту институтының жанынан студенттердiң контрреволюциялық ұйымның студенттер жасағы құрылды, бұл «Қазақ халқының сатқындарына» қастандық ұйымдастыратын жауынгер жассақтың мiндетiн атқарды.

Соның iшiнде, Оқу–ағарту комиссары С. Ходжановты өлтiру туралы шешiм қабылдады, оны айыпқа татрылған Мұңайтпасов Әбдрахман өлтiруге тиiстi болды.

Бұл жасақтың құрамына айыпқа тартылған Қожамқұлов Нәшiр мен тағы басқалар кiрдi (№ 2370 – iс, т., 383 – парақ, 2 т., 659, 660 және 701 – парақ. Соңғы парақтар өшiрiлiп тасталған. Зады айтылған айыпты дәлелдеуге еш қатысы болмаса керек – Т. Ж.)

Кеңес өкiметiн мақсатына орай контрреволюциялық ұйым Орта Азиядағы басмашылар тобын әскери күш ретiнде пайдаланбақ болған, сөйтiп Ферғана басмашыларының басшысы Жанұзақовқа және басмашылардың жетекшiсi – Орта Азиядағы контрреволюциялық ұйымның көсемi Заки Уалидовке өкiлдер жiберген, сонымен соңғы адамға (Уалидовке – Т. Ж.) барған ‡мбетбаев Алдаберген оны ұйымның мүшелерiмен жолықтыру үшiн Ташкентке жасырын алып келген, оны айыпқа тартылған Қожамқұлов Нәшiрдiң үйiне жасырып ұстаған (№ 2370 – iс, 1 т., 23, 42, III және 259 – парақтар, 2 т., 678 – парақ).

Тура сол мақсатпен 1922 жылы қиыр шетте жатқан Адай, Сарысу және Қызылқұм аудандарында әскери күш жасақтау үшiн жетекшi әскери мамандарды дайарлауды ойластырған.

Соның нәтижесiнде, ұйымның мүшесi Әдiлев Дiнмұхамед (ОГПУ–дiң коллегиясының шешiмiмен сотталған) Сарысу ауданда бандылардың тобын құрып, жетекшiлiк еттi, iшiнде оның туысы Әдiлев Байсейiт те бар, ал жауапқа тартылған ‡мбетбаев Алдаберген ұйымының тапсырмасы бойынша Қазақ ағарту институтындағы студенттерге әскери жаттығу сабағын жүргiзген, мұндағы мақсат – ұлттық командирлерлердi дайындау едi.

Қазақстанның партия ұйымдарындағы оңшыл элементтермен тығыз байланыс жасай отырып, оларға жасайтын ерекше ықпалын ескере келiп, астыртын ұйымның мүшелерi оңшыл оппозициялық элементтердi партияның 12 – съезiнде өз мүдделерiн жүзеге асыруға пайдалану үшiн арнайы дайындық жүргiздi, сол үшiн ұлттық мәселе жөнiнде тиiстi ұсыныстар жасады, оның басты мақсаты - «ұлттық - мәдени автономияны» талап ету болды. ‡ндеуге Бөкейханов, Байтұрсынов, Сәдуақасов Смағұл, Досов және айыпкер Омаров Әшiм қол қойды.

Осы үндеудегi бағыт–бағдарды қолдай отырып, айыпталушы Әуезов Мұхтар Қазақстанның партия және кеңес мекемелерiндегi отарлаушылық пиғылдармен күрес дегендi желеу етiп, астыртын ұйымның мiндеттерiне сай келетiн шараларды жүзеге асыруда аса белсендiлiк танытты. Орынбор қаласында өткен Қазақстан кеңес қызметкерлерiнiң 2 – съезi ол съезге қатысқан уәкiлдердiң iшiнен тек қана қазақтарды – ұлтшыл коммунистер мен партияда жоқ ұлтшылдарды жеке жиып алып, мәжiлiс өткiздi, онда «отарлаушылардың шабуылы және онымен күресудiң әдiс тәсiлдерi» туралы мәселе қаралды. «Отарлаушылықпен» күрес жөнiндегi Әуезовтiң ең жақын қолдаушылары астыртын ұйымның мүшесi Сәдуақасов пен айыпталушы Омаров Әшiм болды. Сәдуақасовтың мақсаты сәтсiздiкке қшырап, партиядан шығып қалу қаупi төнгенде, Әуезов оған Ташкентке баруды ұсынды, содан әрi қарай Ферғанадағы басмашыларға жетiп аласың деп кеңес бердi, ал олармен сол кезде Ташкенттегi қазақтың астыртын ұйымы олармен байланыс жасап тұратын. (№ 541784 – iс, 1 т., 251, 255, 398 – 405 парақтар).

Уалидов пен ұлтшыл Мұстафа Шоқай шет елге қашып кеткен соң, ұйым олармен астыртын байланыс орнатты, ол үшiн шет елге оқуға барған ұйымның мүшелерi Бiрiмжановты, Битiлеуовты және айыпталушы Мұңайтпасовты пайдаланыпты.

Басымашылар талқандалған соң, ұйым өзiнiң өмiр сүруiн тоқтатты, бiрақта бұрынғы мүшелер бiрiн-бiрi тез тапты, өзара тығыз байланысвта болды, ұйымның ортақ мүшесi ретiнде бiр –бiрiмен тез тiл табысты. Ұйымның бұрынғы мүшелерi алашордашылар кеңес өкiметiмен ашық күрес туралы әрекет қимылын өзгертiп, ендi кеңес мекемелерiне (әсiресе, Жер жөнiндегi халық комиссариаты мен Оқу – ағарту комиссариатының мекемелерiне) және партия ұйымдарына кiрiп алуды ойластырды, ондағы ойы – өздерiнiң мақсаттарына сәйкес партия мен кеңес өкiметiнiң саясатын өздерiнiң мақсаттарына сәйкес бұрмалап, өзгертiп отыру болды.

«Әнуар паша мен Уалидов бастаған көтерiлiс жеңiлiс тапқан соң. Бiздiң ұйым мұндай бағыттан бас тартты да қазақ халқының тағдырына қатысты мәселелердi мүмкiндiгiнше «Алашорданың» идиологиялық рухына сәйкестендiрiп жүргiзу үшiн кеңес мекемелерiн пайдалануды көздедiк те, оған өз адамдарымызды орналастыру, сөйтiп адам арқылы мекемелерге және жекелеген жауапты партия қызыметкерлерiне - қазақтарға ықпал жасау жөнiнде шешiм қабылдадық. (Тынышбаевтiң 1930 ж. 7.3. күнгi жауабынан, №2370 – iс, 1т, 275 – парақ)».

«Бiздiң басты мақсатымыз – кеңес өкiметiнiң саясатына өзiмiздiң ықпалымызды жүргiзу үшiн және оны бiз ойлаған бағытта жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк басқару аппаратына өз адамдарымызды барынша көп кiргiзуге ұмтылдық. Бұған қызыметкерлердiң (қазақ - Т.Ж.) жетiспеушiлiге де септiгiн тигiздi, соның нәтижесiнде аппаратқа өз адамдарымызды өткiзудiң сәтi түстi.

Содан кейiн бiз өзiмiз жақсы танитын аппарат қызыметкерлерiне тiкелей ықпал жасадық. Сөйтiп, мақсатымызға жеттiк. Тынышбаев, Ходжиков пен Есболов – Жер жөнiндегi комиссариатқа, Қашқынбаев – Денсаулық сақтау комиссариатына, Бiрiмжанов – газет редакциясына, мен – ғылым жөнiндегi комиссианың құрамына, Ж. Досмұхамедов те соның құрамына кiрдi.

Бiз өзiмiз идиологиямызды осындай жолмен жүзеге асырдық. Сонымен қатар бiз әр түрлi жиналыстар мен мәжiлiстердi де пайдаландық, оларға өз адамдарымызды қатынастырып отырдық». (Досмұхамедов Халелдiң жауабынан. 22.IХ.1930.№2370 – iс, I Т, 220 – парақ.).

1928–1929 жылдары ОГПУ мекемелерi астыртын ұйымның бұрынғы мүшелерi Байтұрсыновты, Дулатовты, тағыда басқаларын тұтқындаған болатын. Бостандықты қалған ұйым мүшелерi уақытша бұға тұруды көздеп, ешқандай әрекет етпеуге тырысты, сол уақытта айыпталушылар – Ермеков пен Досмұхамедовтың арасында Байтұрсыновтардың ұсталу себебiне байланысты өзара талас туды. Олардың ұсталуына Ташкенттегi ұйым мен оның жетекшiсi Досмұхамедов кiнәлi деп айып тақты, ал екiншi құрамына Ермековтың өзi жүрген Орынбордағы ұйым мен Семейдегi бөлiмше кiнәлi деп жауап бердi.

Бұл жөнiнде Ермековтың пiкiрiн Қадырбаев Сейтазым қолдап сөйледi. (№370 – iс, I т, 262 және 263 – парақ, II т, 702, 703, 721 – 727, 733 – 735 және 736 – 740 – парақтар).

Жаhанша Досмұхамедовтың кеңесi бойынша Халел Досмұхамедов 1929 – 1930 жылдардың қасында Мәскеудегi Ә. Бөкейхановқа барып, Ермеков пен арадағы таласты қалай шешудiң жолын және Байтұрсыновтың тобының тұтқындалуына байланысты әрi қарай не iстеу керек екендiгiн ақылдасты. Ол (Бөкейханов – Т.Ж.) ұйымның өзге мүшелерi де тұтқындалуы мүмкiн екендiгiн ескере келiп Халел Досмұхамедовке: тұтқындала қалған жағдайда өздерiңдi өздерiң мықты ұстаңдар, еш нәрсенi де мойындарыңа алмаңдар, ал кебiр құжаттар сақталып қалса, оны Ә. Ермековке сақтауға берiңдер, Қазақстан Орталық Атқару комитетiнiң мүшесi ретiнде Қазақстандық үкiмет оған сенедi, - деп нұсқау бередi.

Алматыға келе салысымен Досмұхамедов бұл жайды Ермеков пен Тынышбаевқа, кейiннен Ж. Досмұхамедовке айтты, олардың барлығы да Бөкейхановтың нұсқауын мақұлдады және алда – жалда тұтқындала қалған жағдайда ештеңенi де мойындамауға келiстi. (№2370 – iс, I т, 208, 222-парақтар, II т, 702 және 703 – парақтар).

Өзара байланыстары мен iс- қимылдарын құпия ұстау үшiн ұйымның бұрынғы мүшелерi тек қана екi-екiден екеу ара ғана кездесiп, мүдделi мәселелердi талқылады, оған айыпталушы Тынышбаевтың:

«Соңғы уақытта бiздiң ұйымымыз ешқандай да жиналыс пен кеңес өткiзген жоқ, екi-екiден екеу ара ғана жолығып, мүдделi мәселелердi талқыладық. Сондай –ақ, Ермековпен, Досмұхамедовпен де жеке–жеке кездесiп, олармен болған әңгiмеде... Кеңес өкiметiнiң саясатын айыптадық». (Тынышбаевтiң жауабынан . 3.IХ.1930.№2370, I т, 125- парақ), деп жауап бердi».

Мәскеу мен Алматының жазалау саясатын жүзеге асыратын заң және тергеу, сот орындарының М. Тынышбаев пен Х. Досмұхамедов жетекшiлiк еткен «Алашорданың» Ташкенттегi астыртын контреволюциялық ұйымының кеңес өкiметiне қарсы iс - қимылдарына берген «Тарихи анықтамасы» осындай. Қиыннан қиыстырылған қисынсыз баптардың тек қана айыптау бағытына құрылғандығын дәлелдеп жатудың өзi артық. Тек екiұшты ой туғызбас үшiн осында көрсетiлген «қылмыстардың» кейбiреулерiне қысқаша ғана түсiнiк бере кетемiз. Олар мыналар:

1. 1922 жылы астыртын контреволюциялық ұйым құрылды деген мағұлматты осының алдында ғана тергеуi аяқталған Ахмет Байтұрсынов бастаған «Алашорда» қайраткерлерi жоққа шығарған болатын. Ал Әлихан Бөкейханов мұндай сұраққа жауап беруден мүлдем бас тартты. «Алашорда» үкiметiнiң мүшелерiне кешiрiм жасаған кеңес өкiметi. Ол үкiмет әлi құлаған жоқ. Демек, оның шешiмi де күшiнде. Оның үстiне бiзге кешiрiм жасаған Лениннiң өзi. Сендер сол Лениннiң жолымен жүрiп келемiз деп ұрандатып жүрген жоқсыңдар ма. Ендеше, әңгiме осымен бiттi», -деп тергеушiлердiң меселiн қайтарып тастаған болатын. Алаштың көсемдерiнен «тiстерi сынған» тергеушiлер екiншi топты, өздерi «Ташкент тобы» деп атаған адамдарды қасақана арандатып отыр. Шындығында да, ресiми түрде астыртын ұйым құрылған жоқ. Бiрақ кеңес өкiметiнiң «коммунистiк – отаршылдық» саясатымен елдi күйзелтуге әкелiп соқтыратын экономикалық шараларына, ұлттық рухани тәуелсiздiгiн сақтап қалуға қарсы бағытталған «таптық мәдениеттiң жiктелушiлiгiне» сын көзбен қарады, оны қатерлi бағыт деп санап, ашық түрде мәлiмдедi. Тарих «Алашорда» үкiметiнiң ұлттық экокномика мен мәдениет туралы бағдарының дұрыстығын дәлелдеп бердi.

2. 1921 жылы және одан кейiн де Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Әлiмхан Ермековтiң, Мәскеу қаласында башқұрт ұлтының көсемi Заки Уәлидимен кездескен, әңгiмелескенi рас. Тiптi бiр рет көгалға шығып, көңiлдi серуен де жасаған. Әрине, олардың ұлт тағдыры жөнiнде пiкiр алысқандары аян. Ал астыртын ұйым құру туралы уағдаласпаған. Бұл жөнiнде Заки Уәлидидiң «Естелiктерiнде» де ештеңе айтылмаған. Сондықтан да «тарихи анықтамадағы» астыртын ұйым туралы айыптаулары тергеушiлердiң ойдан қиыстырылған айла – шарасы деп бiлген жөн.

3. Ахмет Байтұрсынов пен Мұхтар Әуезов Аштық пен күрес жөнiндегi комиссиясына мүше кезiнде астыртын ұйымға кiру туралы үндеу таратты деген айып – айып емес, кәдiмгi көзбояушылық. Мұнда олар, қырдағы ашаршылыққа ұшыраған қазақ аудандарына көмектесу үшiн оқыған азаматтарға салауат жариялап, оларды азық - түлiк жинау науқанына ат салысуға шақырған болатын. Ол үндеудi Өлкелiк комитет ресми түрде бекiткен. Мұхтар Әуезов пен Сұмағұл Сәдуақасовтың қазақ қызыметкелерiнiң арнайы кеңесiн шақыруы да осы ашаршылыққа байланысты. Онда, расында да, «коммунистiк колонизаторлықтың» зардаптары туралы да нақты мәселелер қаралды.

4. Ташкентегi, Сарсудағы, Адай жұртындағы, Қызылқұмдағы әскери жасақтардың бүлiншiлiгi хақында баяндалған «тарихи анықтама» да шындыққа жанаспайды. Бұл аудандардағы көтерiлiстiң басты себебi – аштық пен тәркiлеу науқанының әдiлетсiз жүргiзiлуiнен едi. Ол адамдардың «Алашорда » үкiметi мен «Алаш» партиясына ешқандай қатысы жоқ. Ал Сұлтанбек Қожановқа қастандық жасау әрекетi жоспарланды деген айып мүлдем қисынсыз. Мұны ешқандай дерек растай алмайды. «Алашорда» үкiметiнiң «қылмысын» неғұрлым ауырлатып көрсету үшiн жасалған құйтұрқы жала.

5. Бiрiмжановтың, Битiлеуовтың, Мұңайтпасовтың Алманияға барып оқығаны, онда Зәки Уәлидовпен кездескенi, Уәлидовтiң бұларға көмектескенi шындық. Бiрақ олардың әр қайсысы әр қандай жағдаймен әр мезгiлде елге қайтып оралды. Әрине, Уәлидовтiң «Алашорда» үкiметiнiң қайраткерлерiнiң хал–ахуалын сұрауы, сәлем айтуы табиғи. Ал астыртын бiрiгiп iс – әрекет жасау туралы уағдаласуы шындыққа жанаспайды. Екi жақ та мұның мүмкiн емес екендiгiн жақсы бiлетiн. Ал Уәлидовтiң жасырын түрде Ташкентке келгенi, Қожанов пен Рысқұловқа хабарласуға ниет қылғаны шындық оқиға. Мұны түрмедегi айыпқа тартылушылардың жауаптары да, сыртқы деректер де растайды.

«Тарихи анықтамадағы» тарихи шындықтар осылар. Ал өзге-өзге, ОГПУ-дiң тергеушiлерi «әдеби өңдеудi» өте жақсы меңгерген болатын. Сондықтанда өтiрiктi шындай етiп баяндау оларға пәлендей қиындыққа түскен жоқ.

Үшiншi бөлiм:

Жер талқысы
I

Ұлттық дербес өмiр сүрудiң басты кепiлi – жер. Жерсiз ұлт – ұлттық қасиеттен, дербес халық ретiнде жер бетiнде өмiр сүру құқынан айырылады. Мiне, қазақ елiнiң басына 1922 – 1929 жылдары арасында тура осындай қатер төнген кезде қазақ ұлты өзiнiң дербес ұлттық- саяси ойлау жүйесiнiң толық қалыптасқандығын, үшкi ұлттық тәуелсiздiк жолындағы қозғалыстың қандайда қоғамдық құрылымда болмасын, қашан толық тәуелсiздiк алғанша тоқтамайтындығын таныты. Отаршыл самодержавие, кеңес өкiметi тұсында да осынау ұлт азаттық идеясы тарихи сынақтан өттi.

Жалпы қоғамдық ой мен ұлттық сананың даму тарихы тұрғысынан алғанда, 1921 – 1929 жылдардағы қазақ қайраткерлерiнiң мемлекеттiк сясяты мен iшкi күресi ұлт – азаттық қозғалыстың, тәуелсiз мемлекет құруға ұмтылған ұлттық күрестiң екiншi сатысы едi. 1905 жылғы қоянды жәрмеңкесiндегi бүкiлқазақтық Азаматтық мойынсынбау (иетиция) қозғалысынан бастап, «Алаш» партиясы орнатқан «Алашорда» үкiметiнiң өмiр сүруiн тоқтатқанға, яғни 1920 жылға дейiнгi халықтық майдан – ұлттық -азаттық күрестiң алғашқы сатысы болды. Дербес қазақ мемлекеттiгi құрылды.

«Алашорда» үкiметiн сыртқы күш, қарулы әскер құлатқан жоқ. Iшкi төңкерiстiң нәтижесiнде өкiмет билiгiнен ысырылған жоқ. Аса қиын тарихи зобалаң тұсында «Алашорда» үкiметiнiң көсемдерi Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Әлiмхан Ермеков автономия мен ұлт мәселесi жөнiнде Ленинмен, Сталинмен кездесiп, екi жақты келiсiмге келдi. «Алашорда » үкiметi кеңес өкiметiн, ал кеңес өкiметi қазақ республикасының автономиялық құрылымын мойындады. Колчак, Анненков, Дутов, Семенов әскерлерiнiң құрсауындағы қазақ үкiметi үшiн бұл бiрден – бiр дұрыс әрi амалсыздықтан бұған саяси таңдау едi. Кеңес өкiметi де тура сондай тығырыққа тiрелiп тұрған. Ахмет Байтұрсынов пен Әлiби Жангелдин қазақ өлкесiн тең дәрежеде билейтiн революциялық комитеттiң өкiлi болып тағайындалды.

Алғашында «Алашорда» үкiметiнiң қайраткерлерi жауапты мемлекеттiк қызыметке қойылды, барлық губерниялар мен уездердiң басты - қасында болды. Соның нәтижесiнде ұлттық - коммунистiк мүдденi қатар ұстап, өзара сәйкестендiре жүргiзген қайраткерлер тәрбиеленiп шықты. Өмiрдiң заңы бойынша олар саяси сахынаға көтерiлгенде алдыңғы толқынның қайраткерлерi рухани тұтқынға айналып, олардың ақылшы – кеңесшiсi болды. Алайда 1921 – 1922 жылғы Ресейдегi ұлттыә федерация мәселесi қолданған тұста «Алашорда» қайраткерлерi мен большевиктердiң көсемдерiнiң арасында үлкен қарама - қайшылықтар туындады. Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов, Әлiмхан Ермеков Ленин мен Сталинге қайыра жолықты. Сiбiр ревкомына қарайтын солтүстiктегi бес облсты қазақстанның құрамына енгiзуге, оның қазiргi тарихи шекарасын белгiлеуге қолдары жеттi. Бұл тұрғыда алғанда Ленин өзiнiң уәдесiне тұрды. Ал, ұлттық дербес мемлекеттiк мәселесi қозғалғанда жалт берiп шыға келедi.

Тарихи келiсiмнiң сақталмайтынына, ұлттық мемлекеттiк дербестiк нысанасының большевиктерге мүлдем жат ұғым екендiгiне, тәуелсiздiк жолындағы күрестiң жаңа жолын таңдау керектiгiне көзi жеткен ұлт көсемдерi, оның iшiнде Ахмет Байтұрсынов ресми түрде большевиктiк үкiметтiң құрамынан шығатындығын мәлiмдедi. Өзiнiң бұл қадамын: «Ғылыми – педогогикалық жұмыспен еркiн айналысуым үшiн» деп түсiндiруi жай ғана сылтау едi. Шын мәнiнде ол саяси мәлiмдеме болатын. Сол арқылы «Алашорда» үкiметi мен кеңес өкiметi арасындағы саяси келiсiмнiң бұзылғандығын ресми түрде жариялады. Өйткенi, олардың ендi кеңес өкiметiнiң құрамында қалуының ешқандай мән–мағынасы жоқ едi. Ол – большевиктедiң «езiлген ұлттарды» одан әрi езе түсу, жаныштау, мәңгүрттендiру, ұлттық бiрлiктi ыдырату, ұлттық тәуелсiздiктi жою сияқты аяр саясатымен келiсу, соған қызымет ету деген сөз едi. Орыс тарихының ғұлама өкiлi В.О. Ключевскийдiң:

«Қырым соғысынан кейiн орыс үкiметi өзiнiң түкке тұрғысыз екендiгiн түсiндi, болгар соғысынан кейiн өз үкiметiнiң түкке тұрғысыз екенiн орыс зиялылары да түсiндi; жапон соғысы тұсында ғана орыс халқы өзiнiң үкiметiнiң де, интеллигенциясының да түкке тұрмайтынын түсiне бастады. Ендi Жапонияның алдында: үкiмет те интеллигенция да, халық та бiр ауыздан өзiнiң түкке тұрмайтындығын түсiнгендiгiн мойындап барып, бiтiмге келу әрекетi ғана қалды, тек сонда ғана күн сайын өрши топастанып бара жатқан орыстың ұлттық санасының топастану дәуiрiне тосқауыл қойылу мүмкiн», - деп атап көрсеткен жағымсыз құбылыс қазақ ұлтының да басына төнiп келе жатты.
Ключевский дегдардың келтiрiлген мысалының ғана өзгешелiгi болмаса, жалпы ұлттық сана, тарихи даму мен таным тұрғысынан алғанда орыс пен қазақ қоғамының әлеуметтiк – рухани жағдайы сабақтас болатын. Тек қазақ ұлты жоғарыдағы аталып өткен жағымсыз көрiнiстермен қоса ең ауыр әрi қарғыс қамытын – отаршылдық қамытын мойынына киiп отырды. Қырым соғысы тұсында толықтай бодандыққа көштi. Төре мен билердiң қолынан билiк кетiп, түкке тұрғысыз болып қалды. Болгария соғысы тұсында ұлт – азаттық көтерiлiстерi бұрық ете қалғанымен, Хан Кененiң басын кесiп, дұшпанына сиға тартты. Сөйтiп, ел иелерiнiң өзi сатымсақ жалдапқа айналды. Биден де бедел кеттi. Орыс – жапон соғысы тұсында жалпы халықтың ұлттық намысы оянды. Азаматтық Мойынсынбау қозғалысы басталды. Бiрақ бұқара халық сонда ғана басына отаршылдық қамытының мықтап тұрып киiлгендiгiн түсiндi. Қозғалыс буырқана келiп 1916 жылғы көтерiлiске ұласып, «Алашорда» үкiметi құрылды. Мiне, осы тұста ұлттық сана тұманданып, ең қатерлi бағыт алды. Тәуелсiздiк мүддесiн таптық мүдде алмастыра бастады. «Ақ болсын, қызыл болсын бәрiбiр, мен тек қазақ ұлтын тебiннен құтқарып, соның мүддесiн қорғайтын мемлекеттi жақтаймын», - деген Ахмет Байтұрсыновтың өзi бұл сөзiн iс–әрекетпен дәлелдейтiн кезi туды.

Мұны сол тұстағы қазақ қайраткерлерiнiң бәрi де түсiндi. Тақ пен бақ үшiн тар маңдайы тырысқан үш – төрт қызметкерден басқалары тәуелсiз дербес республика құру жағына шықты. Iшiнара пiкiр қайшылығы туғанымен, түпкi нысанасы бiр арнаға сайды. 1921 – 1922 жылғы ұлттық федерация туралы пiкiр таласы тұсында Смағұл Сәдуақасов, Сұлтанбек Қожанов, Тұрар Рысқұлов, Нығымет Нұрмақов, Жайлау Мыңбаев, Ораз Жандосов, Ыдырыс Мұстамбаев iспеттi кеңес өкiметi кезiнде мемлекет басына келген қайраткерлер сондай бағытты ұстанды. «Алаш iсi» атты тергеу iсiнiдегi құжаттар мен жауаптарға және олардың саяси көзқарасына қарағанда бұл топ негiзiнен «Алашорда» үкiметiнiң ұлттық бағытын жетекшiлiкке алды. Кейiнгi тағдырлары әр қалай қалыптасқанымен де өзiнiң тарихи қалыптасу кезiңiне орай iрiктелген бұл топ жаңа жағдайға байланысыты өмiрдiң өзi тудырған саяси күрестiң қайраткерлерi болды. Олар ұлт – азаттық идеясының ең нәзiк әрi тап келген заманына лайық «тар жол, тайғақ кешудi» таңдап алды. 1921–1922 жылдары «Алашорда» үкiметiнiң мүшелерi ресми түрде билiктен бас тартты. Олардың орынын тың толқын алмастырды.

Бұл – Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов ұсынған, өте алыс мақсатты көздеген ұлттық күрес тәсiлi едi.

Мұндай шешiмге олар 1921 – 1922 жылдары келдi. Iшкi – сыртқы жағдайды кеңiнен талдай отырып: «Бұрынғы аты танымал қайраткерлердi кеңес өкiметi түбiнде бәрiбiр жазаға тартады. Сондықтан ұлттың санасын тұмандатпас үшiн және бұлар бастаған ұлт – азаттық қозғалысының мақсатының толық орындалмағанын, оған кеңес өкiметiнiң мүмкiндiк бермейтiнiн халыққа жария ету үшiн ескi қайраткерлер жаппай қызметтен шықсын, кеңес өкiметiмен жiк –арасын ашсын. Олар ғылыми –ағарту саласына ауысып, рухани тәуелсiздiктiң ұрығын сепсiн. Ал саяси сахнаға екiншi толқын мемлекттiк мекемелердiң iсiне белсене аралсып, ұлттың мүддесiн көздесiн. Дәл қазiргi жағдайда бұдан басқа амал жоқ», - деген қортынды жасады.

Сол iлгерi топтың қатарында Мұхтар Әуезов те партиялық билетiн керi қайтарып тастады. Тергеу барысында: «еңбек тәртiбiн бұзғаным мен мүшелiк жарна төлемегенiм үшiн партиядан шығарып тастады», - деген уәж айтты. Әрине, бұл ғана сылтау едi. Ал Смағұл Сәдуақасов өзгеше шешiм қабылдады. Ол партияның мүшесi қатарында қала жүрiп ұлттық нысананың ұйытқысы болды. Қазақ мемлекетiнiң ұлттық бағытта дамып, экономикалық, рухани тәуелсiз елдiң қатарына қосылуына барынша ат салысты. Әрине, бұл кезеңде саяси еркiндiк, толық бостандық туралы мәселе қозғау мүмкiн емес едi. Ол белгiлi бiр дәрежеде өзiнiң қайын атасы Әлихан Бөкейхановтың саясаттағы да, өмiрдегi де iзбасары болды. Осы екiншi толқынның тегеуiрiндi қайраткерлiгiнiң арқасында қазақтың қоғамдық - әлеуметiк ойлау жүйесiнiң даму сатысы мүлдем жаңа деңгейге көтерiлдi. 1922 –1927 жылдар арасындағы Қазақстандағы саяси күрес тәжiрибесi оларды шынықтырып, буынын бекiттi. Халықаралық беделге ие бола бастаған екiншi толқынның өкiлдерiне Сталин мен Голощекиннiң де тосқауыл қоюы қиынға соқты. Олар қандайда бiр саяси, мемлекеттiк, экономикалық, дипломатиялық түйiнi қиын мәселелердi шешуге тастүйiн әзiр болатын.

Ең бастысы – ұлттық ойдың өзегi үзiлмедi.

Жаппай жазалау науқаны басталып, «Алашорданың» қайраткерлерi 1927 жылы шетiнен ұсталып, қамауға алынғаннан соң саяси сахнаға Голощекиннiң жандайшаптары шықты. Олардың денi бiлiмi таяз, тұрақты мемлекеттiк - қоғамдық көзқарасы қалыптаспаған, дауыл шайқаған кезде толқынның бетiне шыққан желқабық жандар–тын. Елге ұсынар нысанасы жоқ, қондырғы саясаттың қолшоқпарлары болған олар, өздерiнiң iстеп отырған iс – әрекеттерiнiң түпкi залалы мен зауалын жете сезiнбедi, сезiнуге бiлiм жетелерi жетпедi. Әйтпесе, қандай таққұмар тақуа болса да, мұқым ұлтты аштықтың аранына айдап салмас едi. Заманның ауаны мен зауалына, ертеңгi өмiрге көз жiбермей, күнделiктi жалаң ұранның жетегiнде кеттi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет