Бұдан кейiн өзге губерниялардың хабары тыңдалды. Олардың барлығы Әуезов баяндаған жағдаймен астасып жатты. Олардың барлығы да iстiң өте нашар жүргiзiлетiндiгiн айтып шағынды. Сондықтанда өкiлдердiң сөзiнде тың пiкiрлер өте аз болды. Тек Меңдешев қана өзгеше ұсыныс енгiздi. Ол: жергiлiктi жерлердiң өкiлдерiнiң пiкiрлерiн қостаймын. Отарлаушылардың жұмыс iстеуге кедергi келтiретiнi де рас, бiрақта жергiлiктi ұлтшылдардың да тосқауылы жайында тiс жармағандарыңыздың да мақұлдамаймын дей келiп, осы мәселенi жиылыс қортындысын да атап өтудi ұсынды. Бұған кейбiреулер қарсы шықты, бiрақта ол көпшiлiк дауыспен қабылданды.
Сөйтiп, тиiстi тұжырым жасалды. Әуезов жиналысты кiрiспе сөзiнiң рухындағы сарынмен қортты».
Қазақстанның түкпiр – түкпiрiнен келген өкiлдер Мұхтардың күдiгiн растап бердi. Азамат соғысы, ақ пен қызылдың қанды жорықтары даланың үйренiшктi тiршiлiгiнiң тыныштығы мен кәсiпшiлдiк қалпын бұзды. Жұттың жақындығын сездiрдi. Қазақ қайраткерлерiнiң назарын соған баса аударған Мұхтар Әуезов шұғыл мiндеттердi алға қойды. Сондай – ақ, саяси мәнi зор шешiм де қабылдады. Ол – 1. Отарлаушы – коммунистердiң басқыншылық пиғылы мен басынуына тосқауыл қою. 2. Смағұл Сәдуақасовтың Семейдегi iс – әрекерiн ақтап алып, сол арқылы оның iсiне мемлекеттiк– ұлттық сыпат беру мәселесi едi. Жиналысқа қатысушылар бұл екi ұсынысты да мақұлдап, хаттап, ресми түрде өлкелiк партия комитетiне ресми құжат есебiнде тапсырды. Мұхтар Әуезов төрағалық, Әбдiрахман Байдiлдин хатшылық еткен мәжiлiстiң шешiмi мынадай:
«1921 жылы қазанның 4 жұлдызы күнi өткен Бүкiлқазақстандық кеңестiң II съезiне қатысқан қазақ коммунистерi жиналысының мәжiлiс хаты.
Қатысқандар: Өлкелiк революциялық обкомының мүшелерi – Меңдешев, Мырзағалиев және Асылбеков, Түркiстан Республикасының төрағасы Ходжаев, Семей, Ақмола, Орал, Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе және Бөкей губернияларының өкiлдерi, жиыны 51 адам қатысты.
Төрағасы – Әуезов жолдас.
Қаралған мәселелер:
Қазақ арасындағы жұмысты күшейту және кеңес құрылымдарын жақсарту.
Сәдуақасов жолдастың мәлiмдемесiн қарау.
Тындалды: Қаулы қабылданды:
Жергiлiктi жердiң 1. Отарлаушылармен
хабарлары: ымырасыз күрес жүргiзiлiп,
Орталық аппараттың оларды КССР – дiң шекара-
губерниялардан қол үзiп сынан аластатып, партиядан
қалуы. шығаруға дейiн шара қолда-
2. Бұратаналарды кеңес, сын.
Сондай-ақ партия құрылым- 2. Партиялас жолдас-
дарына тартудағы дәрменсiз- тарды ұлтшыл – шовинис-
дiгi туралы. термен аяусыз күресуге
3. Жұмыс барысында шақырамыз, сондай – ақ
бұратана жұрттың мұқтаж- ұлтшылдыққа қарай бет дығы мен ерекшелiгiн ескергiсi бұрған кейбiр жолдастардың
келмеген отарлаушыларды бағытын айыптаймыз.
аластату; 3.Осы съездiң қарар-
жергiлiктi жағдайды ларын жүзеге асыру бары-
жiкшiлдiк пен арандатуға сында орыстармен бiрлесе
пайдаланған қызметкерлердi отырып КЦИК пен КСНК -
жұмыстан шеттеу туралы. ға сайлау кезiнде қазақ
4. Кейбiр аса мүдделi кедейлерi мен еңбекшiлердiң
және тәжiрбиелiк жүргiзудегi өкiлiн тарту негiзгi басшы-
қатаң талаптың жоқтығы және лыққа алынсын.
ұлт мәселесi жөнiндегi Х 4. Съезде сайланған
съездiң қаулысының орындал- орталық ұйымдардың басшы-
мауы туралы. ларына сессия мен III съездiң
қарсаңында ерекше дербес
жауапкершiлiк жүктеу рәсiмi
аныәталсын және жауапты
басшыларды талғамсыз ауыс-
тыру әдетi тоқтатылсын.
5.Жергiлiктi жерлерде халық өкiлi партия, кеңес
қызметiне тартылсын.
6. Губерниялар мен
уездердегi партия қатарын
тазарту жөнiндегi комиссия-
ның құрамында кемiнде бiр бұратаналық коммунист мiн-
деттi түрде болсын.
II Сәдуақасов жолдастың мәлiмдемесiне орай шығарылған қаулы:
Мәжiлiс Сәдуақасов жолдастың қысқа баяндалған мәлiмдемесiн тындап: оның отарлаушы пиғылды жаппай өршiтiп отырған Семей губерниясындағы губерниялық атқару комитеттi таратып, Губревкомды жаңадан тағайындаған шешiм өте орынды деп табылсын. Сәдуақасов жолдастың Семей губерниясында бұдан кейiн жүргiзген: бұратаналық қызметкерлердi қызметке тартып, отарлаушыларды орынынан босатқан саясатын да дұрыс деп шештi, сондықтанда обком мен бақылау комиссиясынан съезд кезiнде Сәдуақасов жолдасты ақтау туралы мәселенi қайта қарауды өтiнемiз, ал бақылау комиссиясы Сәдуақасов туралы бұрынғы шешiмiн де қайта қарасын. Сол сияқты обком: бақылау комиссиясына Сәдуақасов жолдастың қызметi туралы қажеттi мәлiметтердi Семей мен губерниялардан келген өкiлдерден сұрап бiлудi бақылау комиссиясына тапсырсын.
Төраға – М. Әуезов.
Хатшы – Ә. Байдiлдин».
Қазақ ұлты мен кеңес өкiметiнiң саясат сахнасындағы мүдделерiнiң бағы –бағдары анықталып, қайтып ымыраға келмейтiндей қарама-қарсы жiкке бөлiнiп, iргелерiн ажыратқан ең соңғы және шешушi талқы едi бұл. Қазақ елiнiң маңдайына қандай бақыт пен сор бiттi, қандай келешек күтiп тұр, тағдырын кiмге тапсырды, үкiмет билiгi жанашырдың қолына тие ме, жоқ жалаңтөс жаhангердiң тырнағына iлiне ме, олар жақсылық әкеле ме, әлде жаманатқа бастайма, мiне, осындай өзектi өртеген күйiндi мәселелер тiкелей Мұхтар Әуезов пен Смағұл Сәдуақасовтың араласумен шешiлдi.
Айтты – айтпады, дәл осы 1921 жылдың күзi мен 1922 жылдың көктем айларына дейiнгi аралықтағы ұлттың мүддесiн қорғайтын аса көкейкестi шаралардың бiрде – бiреуi Мұхтардың қатысуынсыз өткен жоқ. Бұл қарсаңда қазақтың «қаратаяқтары» (зиялыларды қыр қазақтары солай атаған) бұрынды – соңды болып көрмеген дәрежеде ұйымшылдық танытып, iшiнара сая iздеген саяқтары болмаса, қалғандарының барлығы да ұлттық Мүдденiң айналасына топтасты. Қазақ Автономиясының iшiнде барған сайын жiгi ажырап, арасы ашылып бара жатқан екi қарама-қарсы ағым қалыптасты. Азамат соғысы кезiнде мәмәлеге келгенiмен де, мемлекеттiң iшкi саясатына тiкелей араласқан тұста олардың ымыраға келмейтiнi айқындала бастады. Мұның басты себебi, бұл екi саяси бағыттың қалаған iрге тасы мен түпкi мақсатының бiр – бiрiне мүлдем кереғарлығы едi.
Азамат соғысы жылдарында ақтарға қарсы одақтастардың бәрi де кеңес өкiметiне жолдас болды. Өкiмет билiгiн, қазақ даласының жағдайында тек әскери революциялық комитеттiң өкiмi мен үкiмiн мойындаса, соны зор қанағат тұтты. Ал бейбiт майдан басталған кезде жалаң, тұрпайы әлеуметшiл ұраннан өзге ешқандай әкiмшiлiк жаңалық әкелмедi. Пролетариат диктарурасын, жұмысшы өктемдiгiн желеу қылған, ешқандай әдеп, салтқа бойсұнбайтын ұйымдасқан, мемлекеттiң атынан өкiлдiк ететiн бейбастық, можантопай тобырлар қолындағы қарумен үрей сеуiп, кәсiбi, ұлты, дiнi, тiлi үшiн, ең аяғы iстi ұқсата бiлетiндерi үшiн жаппай жазаға тартып, дар ағашының түбiне жиды. Өздерiне бимағлұм мемлекет iсiне араласқанда неден бастарын бiлмей дағдарып қалды да, патшаның билiгi тұсындағы үйреншiктi тәсiлге көшiп, ұлы орыстық өктемдiктi саясат ретiнде ұстанды. Бұл – 1916 жылғы ұлт–азаттық көтерiлiсi кезiндегi орыстар мен қазақтардың арасындағы кектi егес сезiмiн тағы да оятты. Кеңес өкiметiнiң сауатсыз қайраткерлерi өкiмет тек орыстiкi деп түсiнiп, жергiлiктi комитеттерiнiң құрамына қазақтарды кiргiзбедi, ал қазақ ауылдарын әкiмшiлiк құрамына қабылдамады. Тек мемлекеттiк пiтiр – садақа, пiдия, зекет – салық жинаған кезде iстiктi мылтықтарын шошаңдатып шыға келдi. Қызылдардың ырғыны мен қатыгез қысымы туралы:
«Өзiнiң сыртқы көрiнiстерi арқылы Октябрь революциясы қазақтарға сұмдық үрей әкелдi. Россияның Орталық бөлiгiндегi большевиктiк қозғалыс қалай жүрдi, ол жағы қазақтарға белгiсiз. Ал шет аймақтарға ол өзiмен бiрге – зорлық-зомбылықты, талан – таражды, ұрлық -қарлықты, өзiмшiл өктемдiк пен тұрпаты басқа диктаторлық өкiметтi қоса ала келдi, турасына көшсек, шет аймақтағы қозғалыс революцияны (әдеттегi түсiнiкке сай) емес, барып тұрған анайы бейбастықтық анархияны орнатты... Тiршiлiк жағдайы қалыптастырған, дәстүрлi жеке меншiктiк иелiкке қатаң шекара қоятын тиым мен таптық айырмашылықтың жоқтығының арқасында қазақтар өзiне тән социализм мен коммунизмдi басынан кешiрдi, сондықтанда қазақ халқы социалистiк құрылымды дәл қазiр қажетсiнiп отырған жоқ. Олар қияли-қисынды (идиально–теоретический) социализм мен коммунизм туралы ойлап та, армандап та отырған жоқ, өйткенi олар, өзгенi былай қойғанда, тегi орыс жұмысшылар мен еңбекшi шаруалардың патша үкiметiнiң тұсында ие болған азаматтық құқығына да әлi қолы жеткен жоқ. Қазақтардың барлық азаматтық құқықтары сөз жүзiнде мойындалғанымен езгiсi мен зорлығынан босанған жоқ. Егерде, ат төбелiндей адамдар патша шенеунiктерiнiң атынан қазақтарды шексiз қанап, адам төзгiсiз зорлық көрсетсе бүгiн де большевик – коммунист деген атты жамылған, тура сол аз ғана топ пен өзге де адамдар шет аймақтағы ежелгi қанқұйлы әрекетiн жалғастырып отыр. Патша өкiметiнiң тұсында да мұндай сорақылыққа төзе алмаған менiң өзiм мен менiң пiкiрлестерiм, қазiр де оған төзе алмайды, сондықтан да Кеңестiк Ресейдiң өн бойында осындай ойрандау жүрiп жатқанда, бiз Кеңес өкiметiн мойындауға қарсы болдық», - деп жазды Ахмет Байтұрсынов.
Ұлттың ұлтжанды ұлы қайраткерi бұл пiкiрiн 1919 жылғы желтоқсанда Ленин мен Сталиннiң алдында қойып, қазақ автономиясының ұлттық саясатын мақұлдатып шығып:
«Ұлттық қарым - қатынас саласындағы РКП – ның бағдарламасын, сондай–ақ ұлттардың өз тағдырын өзi шеушi, бөлiнiп шығуы туралы пiкiрталасының қортындысында баяндалған жолдас Лениннiң ұлттардың бөлiп шығуына көзқарасын және РКП Орталық Комитетiнiң Шығыс халықтарының арасындағы жұмыс туралы айтылған тактикалық тұжырымдарын дұрыс қолдана отырып жүзеге асырса, езiлген ретiндегi қазақ халқының мүддесiн толық қанағаттандырады», - деп мәлiмдеп едi.
Қазақстан Орталық Атқару Комитетiндегi қазақ қайраткерi, оның iшiнде барлық мемлекеттiк iстi үйлестiрiп отыратын жауапты саяси хатшы Мұхтар Омарханұлы Әуезов өзiнiң қайраткерлiк әрекетiне осы бағытты ұсынды. Қазақ Автономиясына қуыршақ үкiмет ретiнде ғана қарап, барлық тiзгiндi партияның билеп – төстеуiнде қалдырып, бiрте – бiрте ұлт қайраткерлерiн iс басынан аластатып, ақыр – соңында көзiн жоюды ойластырғанын ұлт өкiлдерiнiң бәрi де сездi. Партиялық тазалау, таптық тектi айыру, ұлтшылдыққа қарсы күрес науқаны тура соған бағытталып едi.
Қазаө өлкелiк партия комитетi ұлты қазақ қызметкерлердi жаппай жазалап, мемлекет аппаратынан шеттетiп, сол тұстағы аса дiлгiр әрi маңызды екi мәселе жөнiндегi пiкiр алысуларға оларды қатыстырмауды көздедi. Олар: 1. Ресейдегi ұлттық республикалар мен автономиялардың құрылымын анықтау және ұлттық республикалардың Ресейден бөлiнiп шығу құқының кепiлдiгiн бекiту. 2. Қазақ Автономиясының шекарасын анықтау: солтүстiк және солтүстiк шығыстағы Сiбір ревкомының құрамындағы - Өскемен, Семей, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Жезқазған; Түркiстан Респуликасына қарайтын оңтүстiктегi – Шымкент, Жамбыл, Алматы, батыста Астраханға бағынышты Атырау, Маңғыстау облыстарын Қазақстанның заңды жерi ретiнде тану мәселесi болатын. Алдыңғы пiкiр таластарында жеңiлiп, жүрексiнiп қалған большевик – коммунистер Әлихан Бөкейхановты, Ахмет Байтұрсыновты, Халел Ғаббасовты, Халел Досмұхамедовтi, Әлiмхан Ермековтi, Мiржақып Дулатовты, Жүсiпбек Аймауытовты, Жақып Ақбаевтi уақытша мырзақамауға ұсынды. Оларды түрмеде ұзақ тергеуге дәттерi шыдамады. Ұлт республикаларындағы жағдай оны көтермейтiн. Алайда олардың орынын Тұрар Рысқұлов, Мұхтар Әуезов, Смағұл Сәдуақасов, Сұлтанбек Қожановтар басады деп күткен жоқ едi. Аса тегеуiрiндi бұл толқынның сол тұстағы саяси ынтымағы:
«Сол кезде Мәскеуден Ташкентке поезбен кетiп бара жатқан Рысқұлов жолдас Орынборға аялдады. Ол белсендiлердiң мәжiлiсiнде ұлт мәселесi жөнiнде баяндама жасады. Адамдар өте көп жиналды. Мәжiлiс обкомының үйiнде өттi. Бұған қазақ белсендiлерiнен басқа орыс қызметкерлерi де қатысты. Баяндамашы өзiнiң сол кездегi аян көзқарасын баян еттi. Ол: партияның ұлт мәселесi туралы бағдарламасының маңызын, мәнән айтып, содан кейiн мұны өзiнше дамытып, түсiндiрдi. Соның iшiнде Шығыс елдерiнiң компаниясын құру туралы пiкiр қозғады. Баяндамадан соң жарыссөз басталды. Рысқұлов жолдасты мақұлдап Әуезов, Нақыпжан, т.б., ал, Әйтиев, Саматов және бiр еуропалық жолдастар қарсы шықты», - деген Ә. Байдiлдиннiң көрсетуiнен анық байқалады.
Ол кезде ортақ Түркiстан мемлекетiн құру идеясы ұлт қайраткерлерiнiң арасында тәп–тәуiр бел алып тұр едi. Ал, Ресейге де, Түркiстанға да қосылмай, тәуелсiз автономия болу идеясын Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов өте қатты ұстанды. Олар «Қазақ – Шығыстың шәркейiн, еуропаның етiгiн кимей-ақ, саптамасымен де ұлттық мемлекет құра алады», - дестi өзара әңгiмеде. Ол үшiн жердiң шекарасын қорғауға тиiстi ел басқаратын азаматтарды ашық майданда сынға салды. Мұхтар мен Смағұлдың қайраткерлiгiнен алаш көсемдерiнiң қолтаңбаларының табы танылып тұратындығы сондықтан. Осындай қарбалас шақта қазақтың басына тағы бiр қауiп аштық төндi. Мұхтардың ендiгi қажыр-қайрат, күш – жiгерi сол нәубеттiң бетiн қайыруға жұмсалды.
1921 жылдың күзi мен 1922 жылдың көктемi қазақ мемлекетi мен ұлты үшiн осындай саяси, экономикалық, ұлттық мәселелердiң ширыға шиеленiскен тұсы болды. «Алашорда» қайраткерлерiнiң өкiмет басындағы ықпалы Сақталған ең соңғы маусым едi. Жазға қарай жаппай қамауға алынғанына қарамастан өздерiнiң ұлт алдындағы парызын орындап кеттi. Ел iшiндегi жағдайды толық көрiп – бiлiп, шындыққа көзiн жеткiзу үшiн қызмет бабының ретiн пайдаланып:
«...Губерниялық партия конференциясын өткiзу үшiн Орал қаласына барды. Ол Жолдыбаевпен, Қаратiлеуовпен бiрге Орынбор қаласына кiрештердiң көлiгiмен қайтты. Әуезов өзiнiң бұл жүрiсiн: жол – жөнекей аштардың жағдайын көзiммен көруiм қажет болды деп түсiндiрдi. Ол Орал губерниясындағы ашаршылық жайлаған қазақ тұрғындарының қасiреттi көрiнiсiне (иттiң өлексесiн, шөптiң тамырын жеген адамдарға, жолдың шетiнде үйiлiп жатқан аштан қырылғандардың өлiгiне, т.б.) қатты күйiнiп келдi, оның есесiне Оралдағы партия қызметкерлерiне риза болды. Бiздiң бағытымызды сенiмдi түрде ұстаған Жолдыбаев, Жантiлеуов, Қаратiлеуов сияқты жiгiттер туралы өте жақсы пiкiр бiлдiрдi. Сонымен қатар Кенжин, Мырзағалиев пен Асылбеков қатарлы бiздiң өз адамдарымыздың Орал губерниясыдағы беделi жоғары екендiгiн айтты. Соны айта тұрып, ат төбелiндей көк езу Әйтиевшiлдiң де бар екендiгiн, конференцияда оларға есе теңдiк бермегенiн мысқылдай баяндады».
Ашаршылықтың қазақ арасына ажал тырнағын салғанын, әр бұтаның түбiнде көмусiз қалғанын көрген Әуезов қызметке оралысымен дабыл қақты. Бiр аймақта емес, Орал, Ақтөбе, Торғай, Қостанай, Ақмола губернияларын жайлаған аштық кеңес өкiметiнiң жазалауынсыз–ақ қырылып бiтетiнiне көзi жеттi. Кеңестiк партия қызметкерлерi Мәскеуден жасырған қылмысын әшкерелеп, барлық қазақ қайраткерлерiн аштарға көмек комитетiн құруға шақырды. Мұндай хабарды алысымен Ташкентте С. Қожанов, Ғ. Бiрiмжанов, Семейде М. Дулатов пен Ж. Аймауытов бастаған зиялылар «Ақ жол», «Қазақ тiлi» газеттерi арқылы бүкiл қазаққа сауын жариялады. Содан кейiн барып Орынбордағылар қозғалды. Бұл жөнiнде тергеуде берген куәлiгiнде Ә. Байдiлдин:
«Бұл iстiң де бастамашысы Әуезов болғаны тегiн емес. Ол (1921 Жылдың желтоқсанында ғой деймiн) қазақ Орталық Атқару Комитетiнiң атынан қазақ қызметкерлерiнiң (партия мүшелерiн де, партияда жоқтарын да) үлкен мәжiлiсiн шақырды, оған үкiмет мүшелерiмен қоса жекелеген еуропалық жауапты қызметкерлер де қатысты, ашаршылық туралы мәселенi талқылауды күн тәртiбiне қойды. Мәселенi талқылау барысын – бұл мәжiлiс – аштарға көмек көрсетудi дереу қолға алу керек, ол үшiн Қазақ Орталық Атқару Комитетiнiң жанынан аштарға көмек көрсету комиссиясы құрылсын деген шешiм қабылдады. Бұл комиссияның құрамын бекiту кезiнде әдеттегiдей жiкшiлдiк ұсыныстар жасалды. Әр топ (Меңдешевшiлер, Сәдуақасовшылар, Асылбековтiң өкiлдiгiмен айқындалатын Сейфулиншiлер, алашорадшылар) өз адамдарын кiргiзуге ұмтылды. Соның iшiнде өте тосын, комиссияның төрағалығына Ахмет Байтұрсынов сайланып, партияда жоқ көрнектi адамдар оның құрамына мүше боп кiрсiн деген ұсыныс (ұмытпасам Әуезов) түсiрдi. Ол бұл пiкiрiн: коммунистерге қарағанда олардың (алашордашылардың) қазақ тұрғындары арасындағы беделi зор, сондықтанда комиссияның жұмысы жемiстi болады – деп дәлелдемек болды. Бұл ұсыны iшiнара ғана қабылданды. Меңдешев төраға, Байтұрсынов пен Әуезов төрағаның орынбасары болып сайланған бұл комиссияның мүшелiгiне сол кездегi жауапты қызметкерлердiң көпшiлiгi сайланды», - деп жазды.
Әрине, тергеудiң аты – тергеу. Сондықтан Ахмет Байтұрсынов пен Мұхтар Әуезовтi кекете еске түсiру заңды. Алайда кiмнiң қандай қайрат көрсетiп, елiнiң тағдырына қамыға араша түскенi онсыз да бiлiнiп тұрғандықтан да, бiз оған қосымша түсiнiк берiп жатпаймыз. Қазақ елiнiң басынан кешкен, қолдан жасалған 1932 жылғы ашаршылықтың зауалы сұмдық. Ешқашанда орыны толмайтын қасiрет. Алайда содан тура он жыл бұрын, 1921 – 1922 жылғы ашаршылықтан Қазақ Орталық Атқару Комитетiнiң толық емес анықтамасы бойынша 1,5 миллион (!) адамның аштықтың тұзағына iлiнгенiн, бұл жолы да кеңес өкiметi дер кезiнде шара қолданбай, Мәскеу мен Өлкелiк партия комитетi самарқаулық танытып, тек сырттай бақылаушы ғана болып отырғанын назарға iле бермеймiз. Сондықтан да ұлты үшiн күйiнген қайраткерлердiң, оның iшiнде Ахмет Байтұрсынов пен Мұхтар Әуезовтiң дабыл қағып, мәжбүр етуiмен өткен жоғарыдағы мәжiлiстiң бiзге танымал тарихшы, абзал ғалым Ақынжан Игенбаев ақсақал ұсынған протоколын толық келтiрудi жөн көрдiк. Көсемсөзбен баяндап беру тiлге де, түсiнiкке де жеңiл. Бiрақ тарихи құжаттың құндылығы да, ол құжатта сондай қысылтаяң, күрделi, қасiретi мол күндердiң күйiнiшi мен сүйiнiшiнiң табы, аяулы жандардың жан айқайы, отты лебi жатқанын жадымыздан шығармайық. 1921 жылы 10 желтоқсан күнi өткен қазақ қызметкерлерi қатысқан кеңестiң күн тәртiбiне қойған мәселесi екеу:
«1. Қырдағы аудандардың аштыққа ұшыраған тұрғындарына нақты көмек крсетудi ұйымдастыру.
Қазақ қызметкерлерiн осы жұмысқа тарту және оларды тиiмдi пайдалану, сондай–ақ Түркiстан Республикасына қоныс аударған қазақ қызметкерлерiн керi қайтарудың амалын қарастыру.
Қатынасқандар: Жангелдин, Әуезов, Алманов, Асылбеков, Нахимжан, Кенжин, Байтұрсынов, Байдiлдин, Төлепов, Жаманмұрынов, Сарымолдаев, Авдеев, Найманбаев, Нұрмаханбетов, Игiлiков, Қаржасов, Тұнғаншин, Бiржаров, Оразбаева, Саматов, т. б.
Жолдас Жангелдин төрағалық еттi.
Қырдағы аудандардың аштыққа ұшыраған тұрғындарына нақты көмек көрсетудi ұйымдастыру туралы М. Әуезовтiң баяндамасы тыңдалды. Әуезов жолдас: аштарға көмек көрсету ұйымдарының аяғы әлi қыр елiне жеткен жоқ. Олардың таяу арада жетуi де неғайбыл – екенiн айтты. Әуезов оның себебi мынада деп көрсеттi:
Ауылдардың тiкелей өзiмен араласа отырып, олардың мұқтажтықтарын анықтайтын бұл саладағы мiндеттi атқаратын қызметкерлер жоқ. 2. Аштыққа ұшыраған қазақтар нақты бiр жетекшi адам болмаса, олар аштарға арналып мемлекет тарапынан бөлiнген сыбағаның өзiне де қол жеткiзе алмайды, өйткенi қазақтар бiр үзiм нан үшiн жат жерде қол жайып қаңғып жүргеннен көрi үйiнде өлгендi артық санайды, тiптi көмек сұрап ел кезе қалған күннiң өзiнде де қараңғы, аңқау қазақ оларды өз бетiмен iздеп таба алмайды, көмекке қолы жетпейдi. 3. Жергiлiктi жердегi аштарға көмек көрсету ұйымы қолтығының астындағы, яғный жақын жердегi қалалар мен қала маңындағы селолардағы күйзелгендерге ерекше қамқорлық жасауға тырысады, сондықтанда қаладан шалғай орналасқан қазақ ауылдары үнемi кейiнге ысырылып қалады. Шындығына көшсек, - дедi Әуезов, - ашаршылық жайлаған қырдағы елдiң қырылғанының жанында, қаладағы аштықтың үрейлi көрiнiстерi ойын сияқты әсер етедi. Егерде бұл аудандарды аштықтан құтқару үшiн дәл қазiр шұғыл түрде шешушi шара қолданылмаса, онда қазақ республикасы қазақсыз қалады. Көптеген аудандардағы қазақтар көптен берi тек қана көртышқанмен, тышқанмен, суырмен, тағы сол сияқты ұсақ жәндiктермен өзегiн жалғауда, соның кесiрiнен әртүрлi жұқпалы аурулар мен iндеттер естiп – бiлмеген деңгейде таралып барады.
Мұның барлығы, аштарға көмек көрсету ұйымдарының қыр елiне жаны ашымайтындығын, оларға немкеттi қарайтындығын көрсетедi, сондай – ақ осындай қасiреттi өрттi өшiруге қазақ қызметкерлерiнiң де бейғамдығы байқалады. Өкiмет басында отырған қазақ қызметкерлерi, бұл iстi дәл осы күйiнде қадырып қоюға болмайтыны өз алдына, бұл – сiздер үшiн қылмыс, бiз бұл үшiн қазақ елiнiң алдында, өзiмiздiң арымыздың алдында жауаптымыз, - дедi Әуезов жолдас.
Баяндамасының соңында Әуезов жолдас қырдағы аудандарға аштарға көмек көрсету шараларының жоспарын ұсынды, жарыс сөз бен талқылаудан кейiн iшiнара өзгерiстер мен толықтырулар еңгiзiлген соң бұл ұсыныс қаулының негiзi етiп алынды.
Қазақ қызметкерлерiн осы жұмысқа тарту және олардың күшiн пайдалану туралы Алманов жолдас баяндама жасады.
Алманов жолдас мынаны атап айтты: Бiз ешқашанда қазақ қызметкерлерiн орынды пайдаланып көргемiз жоқ. Аштық болса тамағымыздан алып, қылқындырып жатқан кездiң өзiнде бiз ешқандай қолғанатсыз, жергiлiктi жердегi жетекшiсiз отырмыз. Оның үстiне, былтыр, одан арғы жылы осында iстеген партия қызметкерлерiнiң өзi бiзден кетiп қалды. Мұның басты себебi – орыс коммунистерiнiң жүргiзiп отырған отарлаушы бағытында. Бiз әу баста қазақ қызметкерлерiн орынымен пайдаланбадық, - дедi бұдан әрi Алманов жолдас, - бiз оларды жан–жаққа қуып, жыртығымыз бен тесiктерiмiздi бiтiрдiк, бұл онсызда саны аз қызметкерлердi есiнен тандырды, белгiлi бiр нақты жұмыспен айналысуға мүмкiндiгi болмады. Қазақ арасындағы аса зәру iстерге де жұмсайтын адамымыз жоқ. Бұл мәселенi дәл қазiр шешу керек, қазақ қызметкерлерiн жұмысқа тарта отырып, олардың мiндетiн анықтауымыз қажет. Сөйлеген адамдардың пiкiрi осыған тоғысып жатыр, - деп ойын қорытты Алманов жолдас.
Жарыс сөзден кейiн кеңес төмендегiдей қаулы қабылдады.
Қаулы:
1. Қырдағы аудандардың аштыққа ұшыраған тұрғындарына нақты көмек көрсетудi ұйымдастыру туралы Әуезов жолдастың баяндамасын тыңдағаннан кейiн жауапты қазақ қызметкерлерiнiң кеңесi мынаны атап өтедi:
Осы уақытқа дейiн аштыққа ұшыраған қырдағы аудандардың бiрде – бiр тұрғыны мемлекет тарапынан наәты көмек алған жоқ, олар өз беттерiмен тентiреп кеттi, сөйтiп өлiм тырнағына iлiндi. Олардың ешқандай көмек алмағаны былай тұрсын, тiптi КССР – нiң партия және кеңес ұйымдарының, орталықтың да, жергiлiктi жердiң де, тiптi қаперiне де iлiнбеген, яғни, турасын айтқанда, ұмыт қалған, тағдырдың тәлкегiне тастаған. Жоғарыда айтылған жайларды көрсете отырып, бишаралыққа ұшыраған қазақ елiне бұдан былай немкеттi және самарқау қарауға төзуге болмайтынаын атап өтiп, жауапты қазақ қызметкерлерiнiң кеңесi – барлық өлкелiк және жергiлiктi партия және кеңес, сондай – ақ кәсiподақ ұйымдарын, белсендi түрде көмек көрсетуге шақырады. Пәрмендi көмек көрсету үшiн кеңес өзiнiң тарапынан мынадай нақты шараларды белгiледi:
а). Аштыққа ұшыраған қырдағы аудандарға көмек көрсету үшiн Орталықтағы және жергiлiктi жердегi аштарға көмек көрсету ұйымының басты мiндеттерiн анықтап, оларды топ – топқа бөлсiн.
б). Қыр елiне көмек көрсету үшiн барлық жерде салауат – сауын (компание) жүргiзiлсiн: бұл мәселенiң осы уақытқа дейiн ескертiлмегендiгiне мән берiлiп, барлық партия, кеңес және кәсiподақ ұйымдары, бұл мекемелерде iстемейтiн жекелеген қазақ қызметкерлерi салауат – сауынға белсендi түрде тартылсын, сондай–ақ баспасөз мекемелерi халықтың санасын оятып, съездер мен жиналыстарда оларға ықпал етуге тырыссын.
в). Аштарға көмек көрсету ұйымының жергiлiктi жердегi құрамына адал қазақ қызметкерлерi кiргiзiлсiн, оларды неғұрлым көбiрек тартуға ұмтылсын, қыр елiне тiкелей көмек көрсету үшiн оларды аштарға көмек ұйымының жауапты өкiлi ретiнде пайдалансын.
г). Республикалық және уездiк аштарға көмек ұйымының қызметкерлерi тек қана аштыққа ұшыраған қырдағы аудандарда жұмыс iстеу үшiн төтенше өкiл боп барсын. Оларды аштарға көмек көрсету ұйымының өлкелiк төтенше өкiлдiгi ұсынады, обком мен қазақ Орталық Атқару Комитетi бекiтедi, соңғысы мандатпен қамтамасыз етедi. Жергiлiктi өкiлдердi аштарға көмек көрсету ұйымының төтенше өкiлi бекiтiп, мандат бередi, оны жергiлiктi партия және әкiмшiлiк мекемелерi растайды.
д). Аштарға бөлiнетiн азық-түлiктiң жайы туралы аштарға көмек көрсететiн орталық комиссияға мынадай ұсыныс жасалсын: аштарға көмек көрсететiн губерниялық ұйымға қолдағы бар азық-түлiк қорының белгiлi бiр мөлшерi нақты санмен көрсетiлсiн; уездерге бөлiнген кезде мiндеттi түрде аштарға азық тарататын бiр қазақ өкiлi қатысып тұрсын.
2. Орталық және жергiлiктi партия, кеңес мекемелерiн көмекке тартуды қатаң кеңсе тәртiбiмен жүргiзудi, сонымен көмекке тартуды кеңсе тәртәбiмен жүргiзудi, сонымен қатар осы мақсатпен арнайы адамдарды жол сапарға шығаруды облыстық комитет, ҚазЦИК және жекелеген халық комиссариаттары өз мiндетене алды.
Партия, кеңес мекемелерiнде жұмыс iстейтiн, және жұмыссыз жүрген қазақ қызметкерлерiнiң тiзiмiн губерния өкiлдерiмен бiрлесе жасау мiндетi ҚазЦИК – ке тапсырылсын, аштарға көмек комиссиясы мен өлкелiк төтенше өкiлдiктiң қатысуымен олар аштық жайлаған губернияларға жөнелтiлсiн, сондай–ақ арнайы азық - түлiк жинау үшiн Түркiстан Республикасына жiберiлсiн.
Аштарға көмек комиссиясымен келiсiп отырып осы қаулының негiзiнде шара қолдану құқына ие болатын ҚазЦИК–тiң бiр мүшесiн өлкелiк төтенше өкiл етiп тағайындау мiндетi ҚазЦИК – ке жүктелсiн.
Тұрған жерлерiнен босып, темiр жолдың бойында (Ақбұлақ, Ақтөбе, т.б.), сондай – ақ Түркiстан бағытындағы бекеттерде жиналып қалған аш қазақтарға ерекше көңiл бөлiп, назарда ұстау Аштарға көмек комиссиясына тапсырылады: босқындардың ұйлығып қалу себебi шұғыл анықталып, оларды уақытында отырғызып жiбермеген барлық мекемелердiң басшылары сотқа тартылсын.
Барлық тиiстi мәләметтердi жинақтап, ашаршылыққа ұшыраған. Қыр елiне көрсетiлетiн көмектiң мөлшерiн өсiру туралы қалайда Орталықтың келiсiмiн алу мiндетi Меңдещев пен Әуезовке жүктелсiн. Соның iшiнде бұл жолдастарға мына мәселенi шешу тапсырылады:
а). Торғайға жiберiлетiн азыә - түлiк жәрдемi әостанайдан бӨлек жiберiлуiн орталыә арәылы шешуге әол жеткiзсiн.
б). Гурьев ауданына азық - түлiктi тiкелей тасымалдау мүмкiндiгi болмағандықтан да, Гурьев пен Астраханның ауланған балықтарын сонда бөлудi, сонымен қатар Гурьев пен Оралдағы балық кәсiпшiлiктерi оларды тиiстi жабдықтармен қамтамасыз етiп, балық аулауға рұқсат беруiн Орталықтан сұрасын.
в). Қазақ республикасының шикiзаттарының ауқымды мөлшерiн азық-түлiк пен керектi заттар, аштарға қажеттi ақша алуға пайдалану үшiн бұл мәселенi дербес шешуге орталықтың келiсiмiн алсын.
Обкомның, ҚазЦИК – тiң және барлық жауапты қазақ қызметкерлерiнiң атынан партия ұйымдарында iстейтiн, одан тыс жұмыссыз жүрген қазақ қызметкерлерiне үндеу жариялансын, оларды ашаршалыққа қарсы күресуге шақырсын.
Бұл қаулының көшiрмесi жан – жаққа таратылсын.
Қол қойылып, мөр басылған.
II. Қазақ қызметкерлерiн жұмысқа тарту және оларды тиiмдi пайдалану туралы Алманов жолдастың баяндамасын тыңдап, мұндай жолды табудың қажеттiгiн ескерiп, қазақ қызметкерлерiнiң күшi дұрыс әрi тиiмдi пайдаланылмай отырғанын ескерiп, қазақ қызметкерлерiнiң кеңесi қаулы қабылдады:
ҚазЦИК–тiң жанынан ерекше комиссия құрылсын оған мынадай мiндеттер жүктелсiн:
а). Комиссияның пiкiрi бойынша қандайда бiр iске пайдалануға болатын барлық қазақ қызметкерлерiнiң тiзiмi жасалсын.
б). Өзiнiң туған жерiнен басқа ауданға немесе басқа лауазымды қызметке ауыстыру арқылы қазақ қызметкерлерi тұрақты әрi тиiмдi пайдаланылсын.
в). Партияда жоқ қазақ қызметкерлерi кеңес құрлысындағы жауапты жұмыстарға дейiн тартылсын, сөйтiп олардың өкiметтен де, жұмыстан да шеттетiлмегенiне көзiн жеткiзсiн.
г). Қазақтардың iшiндегi ең жауапты әрi шұғыл: аштықпен күрес, ағарту жұмыссын, қазақ қызметкерлерiн дайындау, қазақ арасындағы сот жұмысын дұрыс жолға қою, милиция жұмысын жолға қою, жергiлiктi өкiметтi нығайту, кооперация ұйымы, т. б. сияқты iстердi пайдалансын.
д). Обком мен ҚазЦИК – тiң ерекше тiзiмi арқылы Түкiстан Республикасындағы барлық қазақ қызметкерлерi шақырылып алынсын.
ж). Жергiлiктi жерлерде партияда жоқ қазақ қызметкерлерiнiң кеңесiн өткiзу дәстүрге айналсын.
з). Баспасөз арқылы барлық қазақ қызметкерлерiн жұмысқа шақырған үндеу жариялансын, бұл үндеуге құлақ аспағандардың белсендiлiгiн оятсын.
Комиссияның құрамына мыналар: 1. Әуезов. 2. Асылбеков. 3. Алманов. 4. Байтұрсынов. 5. Кенжин – мүше боп; 1. Нахим – жан. 2. Төлепов – кандидат боп сайланды.
Комиссия ҚазЦИК бекiткен ерекше ереже бойынша жұмыс iстейдi және өзiнiң барлық жұмысын Обком мен ҚазЦИК арқылы жүргiзедi.
Қазақ қызметкерлерiнiң Кеңесi қабылдаған бұл қаулы КЦИК – тiң бекiтуiне жатады.
Кеңес төрағасы – Жангелдин.
Хатшысы - Нахым – жан».
Қол қойылып, мөр басылған.
Кеңес қабылдаған екi мәселенiң де қазақ ұлты үшiн өмiрлiк мәнi бар едi. Бұған келiспеу – ұлттық жеккөрiнiш пен өшпендiлiктi тудыру, коммунистiк партияның отарлаушы және жазалаушы саясатын ашықтан – ашық әшкерелеу едi. Сондықтан да арада бес күн өткеннен кейiн, яғни 1921 жылы желтоқсанның 15 жұлдызында қазақ Орталық Атқару Комитетi мен жұмысшылар кеңесiнiң еңбекшi қазақ халқының, шаруалардың, қызметкерлердiң съезiнде және қазақ өкiлдерiнiң бiрiккен мәжiлiсiнде:
«Жауапты қазақ қызметкерлерiнiң 1921 жылғы 10 желтоқсан күнгi Кеңесiнiң қаулысын тыңдап:
Кеңес қабылдаған қаулы түгелiмен мақұлдансын және қорытынды шығару үшiн аштарға көмек комиссиясына берiлсiн. Көмек комиссиясының шешiмi 17 желтоқсан сенбi күнi ҚазЦИК – тiң секретариятына табыс етiлсiн, 17 желтоқсан, сенбi күнi РКП қазақ обкомының талқылауына ұсынылсын»,- деп қаулы қабылданды.
Бұл – ұлттық даму, өркениет, рухани тәуелсiздiк бағытын ұстаған қазақ қайраткерлерiнiң, оның iшiнде Мұхтар Әуезовтiң үлкен жеңiсi едi. Өйткенi, кеңес өкiметi орнасымен – ақ өздерiн «барлық елдердiң қамқоршысы» екендiктерiн «Ресей халықтарының құқықтары» атты декларацияда ант бере жариялап: 1. Ресейдiң барлық халықтары тең. 2. Олар бөлiнiп кетiп, жеке мемлекет құруға құқылы. 3. Барлық ұлттық шекетеулер жойылады. 4. Әр ұлттың құрамындағы аз ұлттардың еркiн дамуына жол ашылады», - деп жариялап, өздерiн жаәсы атты көрсетуге тырысып едi. Бұл үндеуге барлық ұлт өкiлдерi сендi. Сондықтан да тәуелсiз мемлекет ретiнде өмiр сүрiп жатқан «Алашорда» мен Башқұртстан үкiметi 1918 жылы кеңес өкiметiмен одақ құрып, мемлекеттiң құрамына кiрдi. Алайда Смольный мен Кремльде дербес бөлмесi де болмаған Сталин басқарған ұлт iстерi жөнiндегi халық комиссариаты iс жүзiнде декларацияға көпе – көрiнеу қарсы бағытта жұмыс жүргiздi. Лениннiң қатаң ескертпелерiне қарамастан ұлыорыстық - большевиктiк саясатты өршiте түстi. Сөйтiп, ұлттық мемлекет пен ұлттың мұқтаждығын терең түсiнетiн ұлттық қайраткерлердiң барлығы қызметтен қуылып, Сталиннiң өзi ғана «мекемелiк көсем» боп қалды, ұлттық партия, ұлттық автономия, дербес мемлекет деген сөздерден төбе шашы тiк тұрды. Мұның себебiн көп көсемнiң бiрi Лев Троцкий:
«Большевиктер езгiге түскен шет аймақтарда жергiлiктi ұлттық партиялармен күресе жүрiп тәрбиелендi, сондықтан да шовинистiк өштiктi өшiрудiң орынына орыс емес ұлттардың заңды әлеуметтiк талаптарын да орындаудан бас тартты. Ұлт iстерi жөнiндегi халық комиссариатының төралқасына орыстанып кеткен «бұратана халықтың» өкiлдерi сайланды, олар өзiнiң жалаң интернационалдық мүддесiн езiлген ұлттардың дамуына қажеттi нақты мұқтаждықтарға қасақана қарсы қойды. Шындығына келгенде, бұл саясат – ежелгi орыстандыру (русификаторство) бағытын одан әрi ушықтырып, азамат соғысы жағдайында аса үлкен қауiп төндiрдi», - деп жазды «Сталин» атты естелiгiнде.
Мiне, мұның ақыры кеңес өкiметiнiң өзi шығарған ең алғашқы декларация мен қаулы - қарарларының аярлықпен, топастықпен аяққа тапталуына әкеп соқты. Аз ұлттарға көмектесудiң орнына, оларды жаппай жазаға тартып, шетiнен әуғынға ұшыратты. Орталықтағы «Ұлыорысты» орыс емес өкiлдерiнiң арандатушы әрекеттерi – туған әке- шешесiнiң «танымаған» асыранды қаскөй баланың қылығын еске түсiрдi. Олар өздерiнiң бойында дамымай қалған ұлттық сезiммен қасиетi үшiн қандастарын қан қақсатып бiр қастандық жасаса, өтiрiк ақпарат пен арзан ақыл берiп, екi қиянат жасады. Мұндай дүбара мамандар ұлттық республикаларда да қалыптасып, ет пен терiнiң арасындағы арам бездiң мiндетiн атқарды. Егерде солар өз iстерiн дұрыс атқары, ұлт аймақтарындағы экономика мен ұлттық шеттету мәселесiн Орталықтың алдына дер кезiнде қойса, қанша қытымыр саясатты ұстанса да жаппай ашаршылыққа ұшырауға жол бермес едi. Ұлыорыстық рухтың бұл тұста өршiгенi сондай, пролетарлық бауырмалдықты да ұмытып, Аштарға көмек комиссиясы тек орыстарға ғана қызымет еттi. Өзi аштыққа ұшырап, жаппай қырылып жатқан ұлттың мал-мүлкiн тартып алып, Ресейдегi және Қазақстандағы орыстар қоныстанған селолар мен деревняларға үлестiрдi. Ал қазақ ұлтының қамын ойлайтын қайраткерлер «балапан басында, тұрымтай тұсында» кеттi.
Қазақ қайраткерлерiнiң бұл кеңесi «ұлы орыстық коммунистiк- колонизаторлыққа» қарсы бағытталған саяси- ашық күресiмен тарихтан тиiстi орнын алатыны сөзсiз. Өкiнiшке орай, Кеңес өкiметi тұсында дербес саяси ағым ретiнде қалыптасып, саясат сахынасына шыққан бұл қоғамдық қозғалысты партия мен кеңес кезеңiн зерттейтiн тарихшылар әр адамның iс – әрекетiне қарсы бағытталған жекелеген көрiнiс ретiнде бағалап жүр. Шындығына жүгiнсек, тек ресми тiркеуден өтпегенi болмаса бұл- ұлттық даму бағдарын ұстанған саяси ағым едi. Оны «мемлекеттiк көсем» Сталин мен Голощекин бiлдi. Сондықтан да Троцкиймен бiрге бұлардың да көзiн жойып жiберуге тырысып, тергеу iсiн барынша тұқырта жүргiздi. Жоғарыдағы кеңестен кейiн де «коммунистiк колонизаторлық» пиғылға тосқауыл қойылмады. Қайта екпiнi күшейiп, таптық тартыс – ұлттық тартысқа ұласты. Тақ пен бақты көздеп, ұлт мүддесiн сатқандар ғана екi жаққа бiрдей жалтақтап, жағымпаздқпен күн көрдi. Сол тұстағы Ахмет Байтұрсынов пен Мұхтар Әуезовтiң iс-әрекетi туралы «Қалам» былай баяндайды:
«Осы Кеңестен кейiн Әуезов ашаршылық туралы көлемдi мақала жариялады (Қараңыз: «Еңбекшi қазақ №4 және №5), қалыптасқан жағдайда дұрыс бағалаудың үлгiсi есебiнде Ташкенттiк алашордашылар қағып алып, «Ақ жол» газетi арқылы насихаттауға көштi...
Сол кезде аштарға көмек коммисиясы да өз iстерiн өзгеше жүргiздi. Сол коммисияға тартылған мекемелер жергiлiктi жерлерге шұғыл жедел хат жолдап жатты. Губерниялардағы зиялылардың игi жақсылқтарының тiзiмi жасалып, оларды аштарға салауат–сауын жинауға ұйымдастыруға тарту үшiн жергiлiктi жерлерге жiберiлдi. Жарлықтар мен нұқаулар жiберiлдi, губернияларға баратын өкiлдер iрiктелдi. Байтұрсынов комиссияның атынан қазақ елiне арналған көлемдi үндеу жазып, оны «Еңбекшi қазақта» жариялау үшiн маған алып келдi. Бере салысымен ол менен мұны тезiрек жариялауды өтiндi. Мен айтқанын iстеймiн деп уәде бердiм. ‡ндеудi шындығында жариялағым келдi... Бiрақ оны мазмұнымен танысқаннан кейiн ниетiмнен айнып қалдым. ‡ндеу бiр жақты екен. Онда ашаршылықтың жағдайы тым әсiреленiп жазылыпты және аштықты тудырған нақты себеп-салдары дұрыс көрсетiлмептi. ‡ндеудiң қорытынды бөлiмiнде халықтың қаймақтарын аштыққа қарсы күресуге шақырыпты, сондай – ақ онымен күресудiң жолдарын (барлық зиялыларды жұмылдыру, аштарға жаппай салауат-сауға жинау, оларды аштық жайлаған аудандарға жiберу т.б.) көрсеттi.
Мен бұл мақаланы жарияламауға бекiндiм де, оны өз қағаздарымның iшiне қоса салдым (Онда редакция кеңсесi жоқ болатын). Бiрнеше күн өткен соң Байтұрсынов тағы да келдi де өзiнiң үндеуiнiң қашан жарияланатынын сұрады. Мен: мақаламен танысып шығып, келiсiмiн беру үшiн алқа мүшелерiне берiлдi, таяу арада жариялап қалармыз,- дедiм. Содан кейiн өзiмнiң әрекетiме өзiм қатты ыңғайсызданып қалдым, анау-мынау емес, аштық туралы аса дiлгiр мақаланы үкiмет комиссияларымен тиiстi мекемелердiң келiсiмiсiз үндеудi тоқтатып қойғаным қате болды –ау деп ойладым, (Алашорданың жазғаны болса да), осындай ойға келдiм де бiрден Асылбеков жолдасқа бардым. (Ол обкомның хатшысы, Аштарға көмек комиссиясының мүшесi және «Еңбекшi қазақ» газетiнiң алқа мүшесi болатын) да, Байтұрсынов екеумiздiң арамыздағы әңгiменi айттым да, менiң ойымша бұл үндеудi жариялауға болмайтын сияқты дедiм. Танысып шығу үшiн үндеудi алып қалды да, келесi күнi жарияламауға келiсiм беретiндiгiн бiлдiрдi. Сөйтiп, Байтұрсыновтың үндеуi жарияланбай қалды. Ол үндеу соңғы жылдарға дейiн менде сақталып келдi, менiң қағаздарымның iшiнде бар ма, жоқ па, оны бiлмеймiн...
Ашып айтарым, «Алашордашы» зиялылар осы тұстарда көмек көрсету комиссиясын өз мүдделерi үшiн қатты пайдаланып қалды, олар аштарға жасаған жақсылығы арқылы жеке мүдделерiн жүзеге асыруға тырысып бақты. Кейбiр кездерде олар көздегендерiне (мақсатына) жеттi де, саяси және қазыналық қор жинады. Бұл 1926 жылы Қызылорда қаласында өткен «Торғай iсi» деген сот келесi барысында анық байқалады...
...Жоғарыда, мәлiм еткенiмiзден көрiнiп отырғанындай, бұл iс-әрекет кезiде сәдуақасовшылар өздерiнiң айнымалы екендiктерiн танытты. Олардың бiреуi (Әуезов) алашордашылармен қосылып кетсе, екiншiлерi (Тоғжанов) олардың қол шоқпарына қалай айналғанын өзi бiлмей қалды, ал үшiншiлерi (мен сияқты тағы басқалары) олардың iс-әрекетiне белгiлi дәрежеде сын көзбен қарап, өзiн толық пайдалануға жол бемедi. (Мысалы: Байтұрсыновтың үндеуiн жарияламадым, т.с.с.)».
Айыбы, айыптың көрсетiндiсi ретiнде жазылғандығы демсе, Әбдiрахман Байдiлдиннiң баяндап отырған оқиғаларының барлығы да шындық едi. Егер де мұндағы астарлы қорытындының әсерi мен ырқына қарай бағаласақ:
- иә, кеңес өкiметi ұйымдастырған және мақсаттары жүзеге асып, қыр қазақтары жаппай қырыла бастаған кезде саяси дұшпандарын мақтау үшiн осы тұста «Алашордашылар» ерекше қимыл мен ұйымшылдық танытып, аштықты жоюға қарсы, демек, тергеушiлердiң пайымдауы бойынша – кеңес өкiметiне қарсы белсене күрес ашты;
- иә, қазақ зиялылары үндеуге үн қосып, әр кiсi өзiнiң ықпалы зор елдi мекендерден азық-түлiк, мал жинап, аш аудандарға жөнелтiу арқылы кеңес өкiметiн құлатып, қазақ ұлтының аштан қырылып қалуына бөгет келтiрi, нақты қылмыс жасады;
- иә олар сол қылмысты әрекеттерi арқылы – «саяси және қазыналық қор жиып», оны аш аудандарға апарып таратып, қазаққатарды ажалдан құтқаруы арқылы оларды кеңес өкiметiне қарсы қойды;
- иә, олар ұлт араздығын қоздырып: Аштарға көмек көрсету комиссиясы – аш қазақтардан жиналған, тартып алған азық - түлiк пен малды, орталықтан бөлiнген астықты тек орыстар қоныстанған елдi мекендерге ғана таратқанын бiлiп қойып, «коммунист – колонизатордың» ұлттық саясат жөнiндегi мемлекеттiк аса құпия шарасының жүзеге асуына қастандық жасады;
- иә, олар қазақ ұлтымен кеңес өкiметiне қарсы осындай ұлтшыл реакцияшыл, түрiкшiл, исламшыл әрекеттердi iс жүзiнде қолдану үшiн барлық қазақ қызыметкерлерiне үндеу жазып, оларды астыртын ұйым құруға шақырды!
- Иә! Иә! Иә! Қандай қаскүнемдiк десеңшi! Бұл үшiн өлiм жазасының өзi жеңiл! қарашы, ешқандай әскери жазалаусыз, қарулы шығын шығармай, патшаның өзiнiң қолынан келмеген iндеттi-ашаршылықты ұйымдастырудың сондай оңтайлы сәтi түсiп, ендi ғана «қызыл қырғынның» жоспары орындала бастағанда мына оңбаған ұлтшылдардың шыға қалғаны! Қап!
Жә, тергеушi мен тергелушiлердiң жортақ желдiрмесiне iлеспей, дұрыс сөзге көшейiк. Оң iстiң тонын дәл осылай терiс айналдыру – кеңес өкiметiнiң тергеу жүйесiнiң аса әккi және сынақтан өткен тәсiлдерiнiң бiр болатын. Қазақ ұлтының ашаршылықтан жарым- жартылай аман шығуы – бүкiл бiр ұлт – кеңес өкiметi мен коммунистiк партияның қылмысты саясатының тiрi куәсi боп қалды деген сөз едi.
Ал куәларды бұл қоғам да, Сталин де, Голощокин де, ұнатпады. Ұлт iстерi жөнiндегi халық комиссары Сталиннiң қылмысын ашатын бұл аштықтың арашашылары – алаш азаматтарының көзi жойылмаса «ұлттар көсемiнiң» ұйқысы тынышталмайтын едi. Партия iшiндегi iрi тұлғалардың бiрi, татар обкомының хатшысы Сұлтанғалиевтi 1923 жылы түрмеге қамағаннан кейiн Сталин шарап ұрттап, өмiрден ең iлкен рахат алатын кезi: «құрбандығыңды алдын-ала белгiлеп, барлық қастандығыңды дайындап ап, жауыңды табан астында аяусыз жайратқаннан соңғы ұйқы» - екенiн Дзержинский мен Каменевке айтыпты. Сондықтан да Сталиндi бiрнеше рет жерге қарата сынаған Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсыновтың және «Алашорда» үкiметiнiң қайраткерлерiнiң соңынан тiмiскi тыңшылар қойылды. Тiптi, тергеу iсi мәлiметтерге жүгiнсек, ондай «Үндеместердiң» бiр екеуi ұлт зиялыларының өз iшiнен шыққанға ұқсайды. Олардың өздерiнiң аты – мәлiм, ал тыңшылық есептер – бимәлiм күйiнде қалыпты.
Сөйтiп, кеңес қайраткерлерi ашаршылықты жоюмен күресудiң орнына, аштарға көмек көрсетудi ұйымдастырған ұлт зиялыларының соңына тыңшы қоюмен, тiмiскiлiкпен шұғылданды. Қыс бойы Қазақстанның партия мен кеңес ұйымдары азық-түлiк жөнелтiп, ажал тырнағынан арашалаудың орынына: «Ұлтшылар ашаршылықты өсiрiп көрсетiп отыр», - деп даурығып, оларға идеологиялық тұрғыдан шабуыл жасап, қалайда аяқтан шалуға кiрiстi. Нақты iс әрекетiмен халық арасында үлкен құрметке бөленген оқыған ұлт қызметкерлерiнiң беделiн қызғанып, қорланды. 1922 жылдың қаңтар – ақпан айында Орынборда өткен Атқару комитеттiң мәжiлiсi мен II партконференцияда аштыққа қарсы шара қолдануға дәрменсiз үкiметтiң пәрменсiз өкiлдiгiне ыза болған Түркiстан Республикасының уәкiлдерi С. Жәленов, Ғ. Тоғжанов, Е. Қапин iспеттi өкiлдер оларды қатты сынға алды. Шыдамы таусылған қазақ оқығандары ендi жиналыс ашып, даурығудан пайда жоқ екенiн түсiнiп, өзара ақылдасып iске кiрiстi.
Ұлттық төзiм мен намысты бұдан әрi сынауға болмайтын. Кез-келген дәрменсiздiк пен әрекетсiздiк – ұлттық қорлық, басынумен пара–пар едi. Әрине, бұл қозғалыс та «Қаламға» iлiндi:
“Осы кезде кәдімгі, бірақ өте мәнді оқиға болды. Ташкенттен Мәскеуге кетіп бара жатқан Н. Төреқұлов, Г. Сафаров және С. Қожановтар жолай Орынбор қаласына тоқтады. Олар 12 партсъездегі партия бағдарламасының ұлт мәселесі жөніндегі жобаға толықтыру енгізуді талқылау мақсатымен қазақтың жауапты қызметкерлерінің кеңесін өткізді. Бұл кеңеске мен қатысқаным жоқ, ол туралы мағлұматты Әуезовтен естідім ғой деймін, сонда (кеңесте) қабылданған жобаның бір данасын да сол берді, Әуезов жобаны беріп тұрып: Бұл жобаның қарарын жасауға Ахаң да, яғни Байтұрсынов та белсене қатысты,- деді. Мұның бір данасы менің қағаздарымның ішінде бар. Бұл жобаның ішінде жергілікті ұлтшылдықтың саяз мүддесін қорғайтын бірнеше бап бар еді.
Жаз маусымы жақындап келе жатты (22-жылдың наурыз айы). Біздің жетекшілеріміздің (Әуезов пен Сәдуақасовтың) арасында шүйіркелесу басталды. Олар өзара әлде нені ақылдасып жүрді. Олардың бір нәрсеге дайындалып жүргені белгілі еді. Бұл сыбырласу 15 күнге созылды. Қаншама тырыссам да ештеңе біліп жарытпадым. Олар сырғақтата жауап берді, менің сұрақтарымды әзілге айналдырды. Біздің арамыздағы мұндай жатырқау менің жоғарыдағы мақаламнан кейін пайда болды. Содан бастап олар маған өздерінің саяси маңызы бар жоспарларын ашық айтпай, мәселе не олай, не былай шешілгеннен соң ғана хабарлап жүрді. Сырттай қарағанда біз өте дос адамдар сияқты көріндік: бірге жүрдік, әңгімелестік, қалжыңдастық, т.б., алайда біздің арамызда толықтай ішкі түсінік болған жоқ. Сондай сәттерде Сәдуақасов пен Әуезов мені келеке етіп: “Жаз, жаз, тарихта қаласың” деп (шындығында да, “Қалам” – қаламның күшімен тарихта қалып отыр ғой – Т. Ж.), арасында: “Иә, қалай, жасап жатырсың ба?” – деп кететін. (Олар менің “жасасын!” деп жазған мақаламды емеуірін етіп отыр). Біздің арамыздағы осындай қарым-қатынас туралы Тоғжанов пен Жолдыбаевқа айттым, олар да ұмыта қойған жоқ шығар. Міне, сондықтан да, мен әуелі де олардың не ойлағанын біле алмадым, тек ашық іс-әрекетке көшкен соң ғана аңғардым”.
“Қаламның” құпиялап, астарлап, дұшпандық мән бере жазғаны болмаса, Мұхтар мен Смағұлдың әрекетінде ешқандай да кеңес өкіметіне тікелей бағытталған қастандық жоқ болатын. Олар қалайда қазақ оқығандарын жалқына қызмет етуге мүмкіндік жасап, ашаршылықты ауыздықтауға ұмтылды. Әрине, адам, саясат басындағы мемлекет қайраткері ретінде өзара құпия пікір алысуға қақылары бар болатын және екеуі де “Қаламға” басқан қадамдары, іштегі арман-мүддесі туралы есеп беруге тиісті емес болатын. Бірақ, кәдімгі: “Мұхтар! Кешке асханаға барамыз, сондықтан тамақ алып қойма Смғұл”, - деген бір жапырақ қағаздың өзін сақтап, тергеушілерге ұсынған Әбдірахман Байділдин, шындығында да, сақ әрі сұғанақтау адам болса керек.
Мұны “достарының” қолтаңбасын қадірлеп, келешек ұрпаққа жеткізейін деген игі тілектің қатарына жатқызудың еш қисыны келмейді.
Мұхтар мен Смағұлдың құпиялап жүргені Орынбордағы ұлтжанды азаматтардың не істейміз деп талқыға салған пікірлері мен шешімдері еді. Ойды пісіріп алмай жария етсе, жоспарының жүзеге аспайтынын, өкімет шенеуніктерінің құлағына жетсе бітті, “ұлтшыл топтың тағы да бір қастандық әрекеті әшкереленіп” шыға келетінін білді. Құрғақ сөзден іске көшуге ұмтылған олар ел ішіне барып, аш-арықтарға тікелей көмек көрсету үшін жер аяғы кеңісімен топ-топқа бөлініп, жан-жаққа шығуға ұйғарым жасады. Сонымен қатар, солтүстік және оңтүстік аймақтарды қазақ автономиясының құрамына кіргізу үшін жергілікті жерге үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстарын қоса атқаруға уағдаласты. Соңғы мақсатты Әбдірахман Байділдинге қашан кетер-кеткендерінше айтпаған сияқты. Әйтпесе, бұл мәселенің хатқа түспеуі мүмкін емес. Қанша құлағын тосса да әлде бір нәрседен хабарсыз қалғанын “Қаламның” өзі де мойындап, өкіне баяндайды.
«Сөйтсе, соңғы уақытта олар (Сәдуақасов пен Әуезов Кенжинмен, Мырзағалиевпен, және Әлiбековпен бiрiгiп) бiр iстi жоспарлапты. Олар: қазақ тұрғындары арасындағы жұмысты жақсартып, ашаршылықпен күрестi күшейту туралы мәселе қою үшiн қаулының жобасын жасапты (Осы да қастандық па? – Т. Ж.). Бұл жобаны олар алдын– ала обкомның жекелеген мүшелерiне көрсетiп, мақұлдатып алыпты. Жангелдиндi көндiрiптi, Асылбековтi өздерiне қаратып, кейбiр еуропалық қызметкерлердiң де көзiн жеткiзiптi. Сөйтiп, обком мүшелерiнiң көпшiлiгiн өз жақтарына шығарып алып, бұл жобаны бекiттiрдi, осы бекiттiрген жобаны жүзеге асыру үшiн жергiлiктi жерлерге баратын қызметкерлердiң тiзiмiн де қоса жасады. Олар губерния бойынша былай:
Семейге – Әуезов пен Досов;
Ақмолаға – Кенжин мен Төлепов,
Қостанайға – Сәдуақасов, т. б. бөлiндi
Қайталап айтамын, менiң достарымның шүйiркелесуi осы iске тiкелей қатысты екен. Оны көрсетiлген оқиға бойынша обкомда шешiм қабылдағаннан соң барып Әуезов өзi маған айтты.
Бiрақта бұл iстiң ресми емес екiншi бiр астары бар екендiгiн Қостанайға жүретiн күнi Сәдуақасовтан бiлдiм. Ол маған: Обкомның шешiмi арқылы бекiтiлген қаулыдағы аштыққа қарсы күрес жұмысын жүргiзумен қатар, барған уәкiлдер жергiлiктi жерлердегi бiздiң қарсыластарымызды, яғни отарлаушылар мен меңдешевшiлердi орынынан тайдырып, оған қоса кеңестiң 3 – съезiне дайындық жүргiзетiн болады» , - деп хабарлады. Осыны айтқан соң менен Сәдуақасов: «Орынбордағы жаңалықтарды тұрақты жеткiзiп тұр», - деп өтiндi. Сонымен уәкiлдер елге аттанып кеттi».
Олардың бұл жолғы кеткенi – өкiмет билiгiнiнен де бiр жола кеткенi едi. Тек өжет мiнездi, қайсар да батыл ойлы Смағұл ғана билiк басына қайта келдi. Мұхтар кеңес өкiметiнiң аярлығына көзi әбден жетiп, көңiлi мүлдем суып қалды. Қауқарсыз қаулының құлы боп, «жасасындатып!» жүгiргенше, еркiн ойлы қалам қуатына сүйенгендi дұрыс шештi. Өйткенi, осынау игi жұмыс үшiн аттанған уәкiлдердiң соңына тыңшы қойып, тыныштықтарын бұза бердi. Орынбордағылар өздерiнiң «қапы кеткендiктерiн» кейiн аңғарып, «қолдарын кеш сермеп қалды». Соның өзiнде де Әлихан Бөкейханов, Семейдегi Мiржақып Дулатов бастатқан «Алашорданың» көсемдерiн кеңес өкiметiне қарсы астыртын әрекет жасады – мыс деген желеумен түрмеге қамады. Әсiресе, «Алашорданың» шығыс бӨлiмiнiң астанасы болып табылатын Семейдегi қайраткерлерге ерекше шұқшиды. Қазақ елiнiң сол тұстағы шынайы рухани астанасы ретiнде танылған және Сiбiр ревкомының, сол арқылы Ресейдiң құрамынан шығу қозғалысы бастау алған бұл шаhарда «Алаш» идеясы әлi өшкен жоқ едi. Ертiстiң Сарыарқа жақ бетi алаш деп аталуы соның бiр белгiсi болатын. Сондай – ақ, Ленин мен Сталин алдында қазақ қорғаған жерiнiң тұтастығын Әлихан Бөкейханов пен Әлiмхан Ермеков болатын. Семейлiк қайраткерлер шартты түрде Қазақ Автономиясына қарамайтындығын пайдаланып, Сiбiр ревкомының құрамындағы қазақ тұрғындарының атынан келiсiм жүргiздi. Меңдешев пен Жангелдин, Сейфуллин iспеттi автономия басшылары тыс қалды. Мұның өзi олардың ел iшiндегi беделiн түсiрдi. Қазақ оқығандары аштарға мал, азық-түлiк жиып, ерiнi кеуiп ел аралап жүргенде пәуескемен серуен құрып, қыз айттырып жүрген серi қайраткерлер де болды. Мұның барлығын халық бiлiп, көрiп отырды. Ашаршылыққа қарсы күрес қозғалысын қазақ ұлтын сақтап қалудың бiрден – бiр жолы ретiнде түсiнген Мiржақып Дулатов бастаған Семейдегi алаш азаматтары бұл науқанға аямай кiрiстi. Бұған Орталық Атқару Комитьетiнiң Әуезов пен Досов сияқты екi бiрдей өкiлiнiң келуi де қарқын бердi. «Ашаршылыққа» қарсы күрестiң ресми емес ұйымдастырушысы мiндетiн атқарған Жүсiпбек Аймауытов iстеген «Қазақ тiлi» газетi салауат – сауынның жинауына зор үлес қосты. Әттең, сол еңбектерi үшiн басы дауға түсiп, он жылдан кейiн өлiм жазасына кесiлетiнiн Жақаң – Мiржақып та, Жүсiпбек те бiлген жоқ. Тергеушiлер 1929–1931 жылғы қайратын: «Контрреволюциялық - ұлтшыл төңкерiс ұйымдастырып, Түркиядан астыртын келген Әнуар паша мен Заки Уәлидидiң басмашыларына қосылу үшiн қазақ әскерiн жинап, ел – жұртты соған үгiттеу мақсатымен қырға шыққан», - деп бағалады. Мiржақып Дулатов олардың бұл бопсасын жоққа шығара отырып, ешкiмнiң атын атамай сыпайы ғана:
«1921 жылы Торғай, Ырғыз, Қостанай уездерiндегi Орал губерниясының бiраз бөлiгiндегi тұрғындар аштыққа ұшырады. Мен Семейдегi «Қазақ тiлi» газетi арқылы бiрiншi болып: қырдағы аудандардың темiр жол торабына 400 – 500 шақырым қашықтықта жатқандығынан да және тұрғындарды орналасқандығынан да мемлекеттiк көмектiң оларға толық жетпейтiндiгiн айтып, барлық қазақ қызметкерлерiнiң атқа мiнiп, ел аралап салауат – сауын (добровольные пожертвование) жиып, жинаған малды дала арқылы аштық жайлаған аудандарға тура айдап апарудың әлде қайда тиiмдi екендiгi туралы бастама көтердiм. Менiң бұл ұсынысымды көпшiлiк те қабыл алды, осы мәселе жөнiнде өткiзiлген мәжәлiс те бұл жобаны қолдады, кейiннен губерниялық Аштарға көмек комиссиясы мен оның орталық ұйымы да қостап, iске кiрiсу туралы рұқсат бердi. Шұғыл кiрiсiп кетудiң нәтижесiнде 2 – 3 – айдың iшiнде 15 мың iрi қара жиналып, олар сол уақыттың iшiнде аштыққа ұшыраған аудандарға жеткiзiлiп, халыққа бөлiнiп берiлдi. Бұл салауат–сауынның жетекшiсi әрi ұйымдастырушысы ретiнде мен жаз айында Семей губерниясының үш уезiн аралап шықтым. Қырдан қайтып, Семей қаласына келген соң менi тұтқынға алды, ОГПУ – дiң Қазақстандағы өкiлiнiң бұйрығымен Орынборға жөнелттi, бiраздан кейiн босатты», - деп баяндады.
Мiне, коммунист – колонизаторлар мен кеңес өкiметiнiң және қазақ автономиясы атқару комитетiнiң өздерi басқарып отырған халықты аштықтан алып қалған қайраткерлерге көрсеткен сыйы мен айтқан рахметi. Бiр таңданарлығы, ашаршылыққа сол тұста партия мен мемлекеттiң басында отырған Әлiби Жангелдиннiң, Сейтқали Меңдешевтiң, Сәкен Сейфуллиннiң (Бетпақдала) ауылдары ұшырап едi. Олар неге соншама салқын қандылық танытты, алаш азаматтарын тұтқындауға неге бөгет жасамады?
Өзге – өзге, дәл мұндай жауапты науқанның кезiнде арандату мен алауыздыққа, аңдуға жол бермеуге олардың толық мүмкiндiгi бар едi.
Соның iшiнде көктемнен бастап бүкiл Семей губерниясын аралапмал жиып, Сарыарқаны кесiп өтiп, жердiң түбi Торғайға – екi мәрте барып, 8 мың мал айдап апарған, ең адал азамат ретiнде жұрт сенiп тапсырған өкiл – Жүсiпбек Аймауытовқа қарсы астыртын арандату әрекетi жүргiзiлгенi тiптi де түсiнiксiз. Тiмiскi тыңшылар өзi аштықтан ашынған, аш өзегi өртенген адамдардың ашкөзденген сәтiн пайдаланып, арғын мен қыпшақ руларының аштарын бiр – бiрiне айдап салды, сүйекке таластырды. Оны ұйымдастырған жергiлiктi жердегi кеңес өкiметi мен партия ұйымдарының белсендiлерi едi. Ал олар жоғарыдан арнайы нұсқау түспесе, өз бетiмен мұндай әрекетке бара алмайтын. Солар ұйымдастырған арыздың салдарынан Жүсiпбек Аймауытов жауапқа тартылды. Сот кезiнде жазушы айыпталушыдан айыптаушыға айналды. Жүсiпбектiң тергеу барысындағы куәлігі мен соңғы сөзi сол кездегi кеңес тергеу орындарының арандату әрекетiн әшкерелеген үлкен саяси айыптау болды. Абзал азаматтың:
«Азаматтық, адамшылық жүзiнен қаралса, бiр кiсi аштарға жан салып, қызмет көрсетсе – мендей– ақ көрсетер деп шүкiршiлiк етемiн. Мүмкiн, менiң еткен еңбегiм себептi ондаған, жүздеген аштар ажалдан қалған болар, қалмады деп Торғай елi айта алмас. Еңбегiм – салауат: ниетiм – арам, жүрегiм - қара, қазаққа зиянды адам болып табылсам, бұ да бiр уақыт шығар. Жазаға мойынымды ұсынамын, аштар үшiн мен –ақ құрбан болайын. Елiмнiң заңына көнемiн»- деген жүрек сөзi де кеңес өкiметiнiң жазалау саясатының бетiн қайырмады.
Жүсiпбек аштар үшiн ғана емес, ел үшiн құрбан болды. Бiрақ ол үкiм бес жылдан кейiн орындалды. Бұл жолы да Ахмет Байтұрсынов пен Смағұл Сәдуақасов жазықсыз жанды сала қорғады. «Алаш» қозғалысын тиянақты зерттеген тарихшы Мәмбет Қойгелдиевтiң мәләметiне жүгiнсек, оқу – ағарту комиссары, «Еңбекшi қазақ» газетiнiң жауапты редакторы Смағұл Сәдуақасов Мәскеуде жүрiп: «Түрмедегi айып орындығында отырған торғайлықтардың iсiн толық ақтайтын аса маңызды дерек менде бар. Мен келгенше сот iсiн тоқтата тұруыңызды өтiнемiн», - деп жеделхат жолдапты. Қызылордадаға келген соң айыпкердiң қорғаушысы, тым болмағанда куәсi ретiнде сөз алуды өтiнгенiне қарамастан оған рұқсат бермеген. Аса жауапты мемлекеттiк қызметтегi лауазымды адамның тiлегiн қанағаттандырмағанына қарағанда сотқа Орталық және Өлкелiк партия комитетi мен Бiрiккен Мемлекеттiк Саяси Басқарманың қысым жасағаны байқалды. Күрескер, өжет қайраткер Смағұлдың қолынан келгенi соттың барысы туралы күн сайын «Еңбекшi қазақ» газетiне есеп жариялатып отырды. Мұның өзi қоғамдық пiкiрдi қалыптастырып, ақыры Жүсiпбек Аймауытов бастатқан Шайқы Құлшанов, Ахметсафа Юсупов, Рүстем Әбдiғапаров, Iлияс Байменовтердi сот ақтап шығарды.
Бұған Жүсiпбектiң ақырғы сөзi де үлкен әсер еттi. Ол өзiнiң басын бәйгеге тiге отырып, заң мен дәстүрдiң арасындағы қайшылық туралы азаматтық құқық саласындағы мүлде жаңа пiкiрдi сарапқа салды. Тек таптық мүдденi қорғайтын заң – әдiлетсiз заң дегенге сайды. Алаш азаматтарының беделiн қалайда төмендетiп, жек көрiнiштi көрсету үшiн айла – тәсәлдiң бәрін қолдаған ОГПУ тергеушiлерi Жүсiпбек Аймауытовқа : 1). Малды аштарға таратып беретiн комиссияның мүшелiгiне қасақана кiрiп, «Алашорда» Үкiметiнiң туыстарына заңсыз үлес бердi. Кедейлердi үлестен қақты. 2). ‡лестiрген малды кiм алғаны туралы қолхат алмады. 3). Өз бетiнше бақташыларға мал үлестiрген – деген айып тақты. Жүсiпбек Аймауытов бҰл айыптың саяси астарын аша кеңiнен қамтып, ақтық сөзiнде былай әшкереледi:
«Бiз қазақтың өз алдына ел боламыз деген заманында, өз алдына сот құрып отырғанда – алғашқы сот алдын көрiп отырмыз. Бұған шүкiршiлiк ету керек. Себебi қазақ соты - қазақтың әдетiмен санаспақ. Қазақ iсiнiң қылмысты түрi қандай, қылмыссыз түрi қандай (соны) әбден қарастырмақ. Бұл iске, менiңше, кейбiреулер заң жүзiнен ғана қарап, кейбiреулер сұрқиялық көзбен құрғақ сөзге салып жатқан көрiнедi.
Бұл малдың жиналу ретiнде келсек, қазақ арасында жиналған мал - қазақ әдетімен жиналды, сондықтан бөлу де қазақшылық ретiмен болды.
Ал ендi малдың бөлiгi туралы наразылық – көрiнеу түрде, ру ретiмен, қазақтың ескi әдетiмен шыққандығы көрiнедi. Торғай елiне 4 000 мал келгенде көктен түскендей болды. Мал адамның етiне жақын (болғандықтан да олар) өте қуанып, тiк көтерiле даярланды. Малдың басына барған кезде – адам, халық малды таптап кеткен едi. Аштарға малды бере бастағанда халықтың қызығуы, алқымнан алуы солайша күшейе бастады. Бiр жағынан – аштардың тiзiмiн алып жатсақ, екiншi жағынан – мал бер деп жағадан алып жатты.
Жалпы, қазақтың бұл туралы әдетiн алсақ: 8 000 малды үлестiрiп алу түгiл – 8 кез сисаны жанжалсыз үлескен емес. Соған қарағанда бұл iс 12 том түгiл, әлденеше том болуы керек едi. Оның үстiне, ақсақалдық дәуiрi басынан кетпеген надан Торғай оязында болған iс болса, мұның ақырынан қандай ынтымақтық күту керек? Сондықтан бұл iске дау шықпайды деуге болмайды... Менен басқа тәсiлшiл бiреу болса, бәрiн қағаз жүзiнде тап – тұйнақтай қылып iстер едi.
Менде ол болған жоқ. Менi неге кемесияға кiрдiң, - деп айыптайды. Мұның қисыны жоқ.
Себебi, ала жаздай бейнеттенiп келiп, кемесияға кiрмей, малдың қалай бөлiнгенiн бiлмей кетуiм дұрыс па едi? Әрине, дұрыс емес. Бұл сөз: «жаны ашымастың қасында бас ауырмас» деген сөз ғой деймiн. Мен Торғайға жеткенше бiр мал жоғалттырмай келдiм, ақырында ашыққан ел оған қарамады, 90 малды талап әкеттi, оның 30 – дан артығы табылды. Ал ендi 2 жұма баққан 74 малшыға 74 қара, малшылардың тамағы, киiсi деп 30 шамалы қара берiлген. 2 – шi малдан менде ондай шығын болған жоқ.
Ал ендi азаматтарға мал бердi дегенi туралы. Мен кедейлерге беру жолында болдым. Мысалы, Орынборда жатқан Жангелдинге 15 қара бер дегем жоқ. Соның кедей аш – арық туыстарына бередi деп сенгенмiн.
Мен Торғай оязының партия құрамарлығын, ақсақалдар дәуiрi кетпеген ел екенiн газетте де жазғамын. Сондықтан да уәкiл сайлауын сол елдердiң өз ортасына жiберген күнде де (олар) бiзге аудан дұрыс уәкiлдерiн сайлап бермес едi. Сондықтан бiз сенiмдi, Торғайдың жауапкер қызметкерлерiнiң алдында сайлатуды мақұл көрдiк. Сондықтан қалада, ауатком алдында сайлады деп айыптау қате. Ал ендi айыптаушылар: қазақ арасында таптық сезiм жетiп болды деп айта ала ма екен? Әрине, айта алмайды. Оған дәлел: бүгiнгi «Еңбекшi қазақтағы» жазылған бiр мақала...
Ру тартысы бiтiп, тап тартысында қалды деп, қазақ елiн ешкiм айта алмайды. Сондықтан ондай елдiң ортасында қиянат болмау, кедейдiң ақысын жемеу мүмкiн емес. Ол болмайды деп мен айта алмаймын. Бiрақ оның үстiне менiң (өзiм) қазақ елiнiң iшiнде өтiрiк, өсекке, шағымға шебер екендiгiн көргенiм – Торғай елi, сондықтан бұл iстi (былай қойып) бұдан да ауыр iс iстеулерi ғажап емес едi.
Ал ендi осы тәрiздi iстен саяси астар шығаруды ойлайтындар да бар көрiнедi. Бiрақ оны жоғарыда айтқан Торғай елiнен шығаруға бола ма? Себебi, Торғай елiнiң балшебигi де, Алашы да – жуаннан шыққан, атқа мiнгендерi – оқығандар. Мысалы, пәлен жерде большевик бар десе, бiреуi большевик болады. Алаш бар десе Алаш болады. Мiне, осыдан саясат шыға ма? Бұдан қазақшылық шығады.
Қағаз (қолхат) болмады деседi. Ол үшiн бұл iстiң қандай уақытта болғанын еске алу керек. Бұл - ат–үстiнде болған iс, талмау уақытта болған iс. Бұл туралы қағазды жақсылап шығармақ түгiл, сол уақытта менде бiр жапырақ қағаз жоқ едi. Сондықтан мен ойлаймын, ондай уақытта қағаз жағын орындай алмаспың деп дәлел айтуға болмайды. Бұл арада Ленин сөзiн дәлелге келтiремiн: «Сөзге нанбау керек, iске нану керек»- деген. Сондықтан iстеген iстi еске аларсыздар.
Менiң сотты болып, ауыр не жеңiл жаза алуымнан қазақ халқына үлкен кемдiк болады –ау деп ойламаймын. Бiрақ қазақ соты - қазақ әдетiн, қазақ жайын, оның мiнезiн – құлқын еске ала (отырып), бiздiң тағдырымызды дұрыс шешер деп ойлаймын:..
Менi жек көргендер «шынды айтасың, жалпы кемшiлiктi көрсетесiң» деп жек көредi. Шындық айтқан адам халыққа жаққан емес. Әсiресе бiздiң қазақ халқына. Себебi, бiздiң ел әлi жетiлмеген. Сондықтан мен құрбан болармын. Бiрақ, мен – жетiлген елдiң баласы болсам, бұл сот iскамиясын көрмеген болар едiм. Бiрақ амал жоқ. Өз елiмнiң ортасында құрбан болып кетсем арманым жоқ. Ел заңына бағынбауға болмайды. Егер халқымның заң, ғұрпы менi айыпты десе, амалым не?», - деп сөзiн бiтiредi.
Қысқаша ғана үзiндiнiң өзiнен Жүсiпбектiң жан сырын аңғару қиын емес. Мiне, осы Торғайға жеткiзiлген 15 мың малдың iшiнде Мұхтар Әуезовтiң де Ертiс бойын аралап жүрiп жинаған сауын – салауаты бар едi. Ол өзi жиған малын Баянауылдағы Жүсiпбектiң қосына қосты. Әрине, олар, Жүсiпбек айтқандай «ондаған, жүздеген емес», мыңдаған отбасының шаңырағының түтiнiн түтеткенi анық. Өткенi, жылуға негiзiнен сауын сиыр жиналған болатын. Ал олардың қаншасы отыз екiншi жылғы зауалдан аман қалды, ол тек бiр Аллаға ғана аян.
Халықтың басына түскен қасiреттi ұлтшылдың дұшпандық әрекетiнiң кесiрi деп көрсетпек болғанымен де, бүкiл бiр ұлттың аштан қырылып қалу қаупi төнген оқиғаны Қазақ Автономиясын билеген коммунист – колонизаторлар да, коммунист - қазақтар да жасырып қала алмады. Ақыры бар шындықты мойындап Мәскеуге мәләмет беру үшiн «Алаштарға көмек комиссиясының жұмыс қортындысын» дайындады. Аса құпия құқы бар бұл мәлімет дербес кiтапша ретiнде дайындалғанымен, жарияланбаған күйiнде қалды. тарихшы Ақынжан Игенбаевтiң назарына iлiккен бұл құжаттағы құпия деректер жан түршiктiредi. Алаш азаматтарының қандай күй кешiп, неге тәуекелге барғанын түсiну үшiн «қортындыдан» бiрнеше мысал келтiремiз.
Құжат Мәскеудiң көңiлiн аулап, өздерiн ақтау үшiн жазылғандықтан да жұрттың шығу себебiн: 1) Патша өкiметiнiң ашаршылықпен күреспедi. 2) Қазақ даласы мен қазақтар үшiн жұт – табиғат сыйы. Қазақтардың ашаршылыққа етi үйренiп қалған. 3). Сондықтан да Ресей мен Украинадан келген келiмсектерге ең бiрiншi көмек көрсетiлгендiгiн баса баяндайды. Мұхтар Әуезов ашынып айтса – айтқандай екен. «Алаштарға көмек комиссиясының» құрамында бiрде – бiр қазақ қызметкерi жоқ. Олар көмектi тек еуропалық ұлттар қоныстанған мекендерге көрсеткен. Халықаралық көмек ұйымдары қазақ даласына ат iзiн салмаған. Сондай – ақ ашаршылықтан құтқару үшiн 1921 жылдың жазында Түркiстанға 20 мың еуропалық тұрғындар жiберiлген. Демек, осы «қорытындыда» да аталып өткенiндей, ашаршылыққа ұшыраған қыр қазақтарына ешқандай көмек көрсетiлмей, тағдырдың тәлкегiнде қалған.
Қасiреттiң аты - қасiрет. Оны қанша әсiрелеп жазғанымен де өкiнiштiң орынын толтыра алмайсың. Тек арнайы зерттеудiң арқауына айналмаған 1921-1922 жылдардағы қазақ даласындағы ашаршылыққа көзi қарақты қауымның назарын аудара кету үшiн және негiзгi кейiпкерiмiз – Мұхтар Әуезовтiң жеке басына тiкелей қатысты болғандықтан да, қысқаша ғана мағлұмат беремiз. «Аштарға көмек комиссиясының жұмыс қортындысы» бойынша:
Қазақ Автономиялы республикасының бес губерниясында 1 миллион 559 мың адам аштықтың тырнағына iлiнiптi. Әрине, бұл толық дерек емес екендiгi түсiнiктi.
Қазақ Республикасындағы баспанасыз, қаңғып қалған балалардың саны 1 желтоқсанда – 128 мыңға, 31 желтоқсанда – 158 мыңға, 1922 жылдың қаңтар айында 333 мыңға, наурыз айында – 408 мынға жетiптi. Бұлар тек есепке алынған аш балалар. Ал, қалаға жете алмай далада сүйегi шашылып қалғандар қаншама десеңшi.
Қазақ даласына ажал сепкен аштықтың қалай жайылғанын мына төмендегi екi кестеден анық байқайсыздар.
1921 жылдың наурыз айының соңындағы мәлiмет.
Губерниялар
|
Тұрғын-дардың
жалпы саны
|
Аштыққа ұшыра- ғаны
|
Процентi
|
Орынбор
Қостанай
Ақтөбе
Орал
Бөкей
Ақмола
Жиыны:
|
680.271
455.598
501.637
470.028
224.028
1 млн.164
3 млн. 353.228
|
526.401
414.350
361.049
446.536
66.255
472.000
2 млн.286.591
|
80.3
74.5
72.0
99.0
29.5
46.2
68.2
|
|
|
|
|
Екiншi кезекте: 1921 – 1922 жылдары аштық пен iндетке ұшырағандардың (мың есебiмен) тiзiмге iлiккен мөлшерi, жақшаның iшiндегi сан – өлгендердiң есебiн көрсетедi).
Айлары
|
Орын-борда
|
Оралда
|
Ақтөбеде
|
Ақмолада
|
1921 жыл.
Қараша...
Желтоқсан
1922 жыл.
Қаңтар...
Ақпан
Наурыз
Көкек
Мамыр
Маусым
Жиыны:
|
3044(210.7)
947(2.022)
2.241(1908)
770.3()625)
520.1(378.5)
433.3(340.1)
347.9(270.0)
682(376)
2.957.(2.253.5)
|
112.(39)
947(481)
813(503)
850(545)
868(13.9)
712(602)
536 (418)
338(57)
5.178(3.3.003)
|
1112(1.010)
749(1.642)
1.050(981)
1.438(138.9)
712(602)
630(530)
548(474)
505(430)
7804(70.58)
|
250(172)
224(184)
483(350)
105.0(730)
103.1(150.9)
226.0 (502)
704(502)
57(17)
6659(4955)
|
Екi кестенiң соңында да: «бұл толық есеп емес. Аштардың да, өлгендердiң де саны бұдан әлдеқайда көп» - деп ескерту берiлген, содан– ақ, бұл ашаршылықтың қандай көлемде заулал әкелгенiн болжай берiңiз. Бұл қолжазбада қасiреттi көрiнiстер көп. Адамның жанын түршiктiру үшiн емес, мұқым қазақстан халқының басына түскен нәубаттiң сұмдығын сездiре кету үшiн Орталық комитетке қаратыла жазылған ресми құжаттың өзiнде жазылған мына мәләметпен ойымды тұжырымдаймын.
«Ит пен мысықты ұрлап, сойып – жеу, шын мәнiнде, iндетке айналды. Осынау «бiр кесiм ет үшiн» бiрiнiң жағасын бiрi жыртқандар көшеде жыртылып айырылды. Өмiрдiң өзiнен алынған шындықтың сиқы осындай; қу құлқыны үшiн, күн көруi үшiн әлгiндей бiр хайуанның соңынан бiрнеше адам жүгiрiп бара жатады. Қалайда тiрi қалудың қамын жасап, жансебiлдiкпен жанталасқан әлгi адамның өмiрге құштарлығын түсiну үшiн оның қуып жүрген хайуанды ұстаған кезiндегi қуанышын көрсеңiз ғой, аштықтың қасiреттi сайқымазағын сонда түсiнесiз. Жол жиегiнде өлiп жатқан,өлiп бара жатқан адамдарға әлгi «жансебiлердiң» өзi қарауға қорқады, өйткенi келесi сәтте оның өзi де соның кебiн құшуы мүмкiн. Иә, ол да ғажап емес... Сотта, бiрде аштық сотта тұрақты түрде адамның етiмен қоректенген үш адамның iсi қаралап жатса, келесi де адамның етiн пұттап сатқанға үкiм шығарып жаттады. Мiне, дәл осындай көрiнiстен мағлұмат берген Орал губерниясындағы Елек аудандық аштарға көмек комитетiнiң 1922 жылғы 14 қаңтарындағы есебiнде: «Кешке жақын көшеге шығу қорқынышты, адамдарды, әсiресе толық адамдарды аң сияқты аулауға шығатындар бар.. Аштар өлгендердiң етiн жеп жатыр» - деп жазылған екен.
Сұмдық!
Адамға адамның етiн жегiзген өкiмет те жетпiс жыл өмiр сүрдi.
Мұқым ұлтты осындай мүсәпiрлiкке ұшыратқан партия мен үкiметтi өкiметiмен қосып жек көрмеске еш амал жоқ едi. Мұндай сараместiк пен сатқындыққа, қатыгездiк пен қаскөйлiкке, жалдамалық пен жәдәгөйлiкке шыдамаған, жүрегi шошынған қайраткерлер кеңкелес кеңестен мүлдем түңiлдi. Сондықтанда ұлттың арнамысы болған алаш азаматтары билiктен бас тартып, бетiн терiс бұрып әкеттi. Олардың ұлт мүддесiн ойламауы рухани игiлiгiне жұмсап, ұлттық рухты өлтiрмеу үшiн күресуге ұмтылды. Солтүстiк және Оңтүстiк облыстар қазақстанның мемлекеттiк шекарасына енген соң, өздерiнiң белдi мақсаттары орындалғанын қанағат етiп, бiр ыңғай мәдениет, оқу – ағарту саласына ауысып, сүйген iстерiмен шұғылдануға жұмылды. Партия мен үкiметтен көңiл қалған Мұхтар Әуезов ешкiмнен рұхсат сұрамастан әуелi Семейге, одан соң Ташкентке кетiп қалды. Iле Ленинград университетiне ауысты. Партиялық билетiн өлкелiк комитетке хатпен қоса салып жiбердi.
Ұлт зиялыларының Ташкентке жаппай ауысуы секемшiл өкiметтiң күдiгiн тудырды. «Алашорда» қайраткерлерiн түрмеге бiр – бiр сүңгiтiп алса да оларды сотқа тартатындай сылтау табылмады. Ол өкiнiшiнiң орынын тергеу орындары 1929 –1931 жылдардағы «Ұлы құрбандықтың» тұсында толықтыруға тырысты. Ақыры ештеңе таба алмаған соң «қысым көрсетiпе, азапқа салған» Байғасқин Есiмге:
«Мен өзiмнiң бұл куәлiгiмде алғашәы жолғы жауапта ұмытып кеткен мына бiр жайды қосқым келедi. Мен өзiмнiң алғашқы жауабымда: Әнуар паша мен Закиуәлидидiң саяси сахнаға шығуына байланысты 1922 жылдың мамыр айында алашордашылардың арасында бiр қозғалыстың басталғанын, алашордашыл Әуезов Мұхтар мен Тоғжановтардың қазақ ауылдарында ұлы түрiкшiлдiк рухты насихаттағанын айтқамын. (Менiң бiрiншi жауабымды қараңыз). Петропавлдық алашордашылардың арасына осы ұлы түрiкшiл үгiт – насихатты жүргiзген тұста, бiр жолы сол кездегi губерниялық атқару комитетiнiң төрағасы Қазбеков Смағұл, губерниялық партия комитетiнiң ұйымдастыру бөлiмiнiң меңгерушiсi Бейсенов Мұхамеджан және Әуезов, Тоғжанов, Жұмабаев, Қияқов, тағы да басқа мен аты – жөнiн ұмытып қалған адамдар өзара ұзақ кеңестi, бiрақ ортақ шешiмге келген жоқ, сонда да өзара пiкiр алысуларын жалғастыра бердi, ақырында Әнуар мен Закидiң iс – әрекетiнiң нәтижесiне қарай қимылдамақ боп, ешқандай шешiм қабылдамауға келiстi. Маған мұның барлығын солардың iшiнде жүрген Байтасов айтты және оны жұрттың бәрi бiлетiн.
Байтасовтың сөзiнен ұққаным мұның мәнiсi - қарулы әскер жасақтау, ауылды көтерiлiске дайындау екен. Менiң бұдан түйген тұжырымым мынау: егерде Әнуар паша мен Закидiң әскерi жеңiске жетiп, iлгерi басқан қадамы сәттi болса, онда алашордашылар халықты сөзсiз көтерiлiске шығарар едi. Жаңылмасам, маған Байтасов: Қожанов пен Рысқұловтың, Әнуар паша мен Заки Уәлидидiң арасында байланыс бар – деп айтқан сияқты. Бұдан басқа айтарым жоқ», - деп жалған куәлiк жаздырды.
Есiм Байғасқиндi «қыстап, барлық тәсiлдi қолданып, қалайда Байтасовтың атынан жалған мәлiмет жаздыруға тырыс», - деген бұйрық соны растады.
Сөйтiп, ұлтын ашаршылықтан арашалаған Әуезов аяқ астынан басмашы боп шыға келдi. Бiрақ та тергеу барысында бұл толық дәлелдегендiктен де дейексiз айып ретiнде алынып тасталды.
Алайда, басын өлiмге тiгетiндей Мұхтар Әуезовтiң екi өмiрi жоқ болатын. Сондықтан шұғыл түрде Семейге аттанып кеттi. Ол:
«Семей губерниялық атқару комитетiнiң төрағасына және губкомның хатшысы!
15 көкек күнi КЦИК обкомының және Кирпрофбюроның өкiлi ретiнде партия, совет және қасiптiк жұмысты жандандыру мақсатымен Семейге аттанамын, басты назардағы жұмысым қазақ тұрғындары арасындағы белсендiлiктi арттыру. Барлық кәсiпшiлiк аудандарындағы қазақ жұмысшыларының басын қосу, жер туралы деректi жүзеге асыру, қазақ кедейлерiн милиция қатарына тарту – бiрiншi мiндет. Аталған шараларды жүзеге асырудағы басты тiрегiм – кеңес қызметiнде жүрген қазақ қызметкерлерi болмақ. Сондықтанда губком мен губисполком жоғарыдағы қызметкерлердiң тiзiмiн жасап, аудандардан губернияға шақырып алу ұсынылады. Алғашқы кезеңдегi қажеттi адамның саны 20. Қазақ қызметкерлерiмен жұмыс iстесу – КССР мемелерiнiң кезек күттiрмейтiн бiрiншi кезектегi мiндетi екендiгiн, одан ешкiмнiң де тыс қалмауы қажеттiгiн ескертемiн. КССР губернияларына жiберiлген өкiлдердiң барлығы да шұғыл тапсырманы орындаушы болып табылады. Сондықтан да оларға немкеттi қарау – кешiрiлмейтiн қылмыс есебiнде жауапқа тартылады.
КЦИК обкомының өкiлi Әуезов», -
деп шұғыл телеграмма соқты.
Сөйтiп, Қазақ Орталық Атқару комитетiнiң мүшесi, КЦИК –тiң саяси хатшысы және Президиум мүшесi Мұхтар Омарханұлы Әуезовтiң мемлекеттiк мансабы осы жеделхатпен аяқталды. Жеке басын қорғау үшiн оған жапондар шығарған винтовканы өзiмен бiрге алып жүруге рұқсат етiлдi. Сiрә, оны пайдаланудың ретi келе қойған жоқ болуы керек.
Мiне, Мұхтар Әуезовтi тұтқындағандағы ең басты әрi бiрiншi айыптың тағылуының астарында жатқан оқиғалар осындай едi. Келесi тағылған айып – оның жер туралы көзқарасына байланысты болды. Оған: жазушылық, ғалымдық, оқытушылық қызметi арқылы кеңес өкiметiнiң саясатын бұрмалауға, сол арқылы кеңес өкiметiн құлатуға тырысты делiнген «қылмыстық әрекет» тағылдды. Соның iшiнде жер, жер бөлiсi туралы ұстанған пiкiрi алдына кесе – көлденең тартылды.
Жер дауы – өте күрделi әрi қазақ ұлты үшiн ең талмауытты мәселе болатын. Сондықтан сол тұстағы қазақ зиялыларының бiрде–бiреуi жер, жер бөлiсi жөнiндегi мәскеулiк жобаны бекiттiрмеуге тырысты. Сөйтiп, саяси көзқарастары мен қызмет орындарының әр саланы қамтығандығына қарамастан «коммунистiк колонизаторлыққа» қарсы тұрарлық аса қуатты ұлттық күш қалыптасты.
Бұл - қазақ қауымының рухани өмiрiндегi ең шешушi әрi тарихи қажеттiлiктен туған заңды құбылыс едi.
Сондықтан да қазақ жерiнiң талқыға түскен тағдырының тарихи тамырын аршып, оны толық түсiндiру үшiн сол кезде қалыптасқан саяси жағдай мен оның басты кейiпкерлерi туралы кеңiрек тоқталамыз. Өйткенi сондай шиеленiстi қайшылықтардың қалыптасуы мен оның тарихи мәйегiн бiлмей ойды ұйыта алмайсың.
Көңiлде күдiк қалмас үшiн ОГПУ –дiң Қазақстандағы төтенше өкiлi Мироновтың бекiткен «Айыптау қорытындысын» ретiне қарай барынша толық келтiрудi жөн көрдiк.
«АЙЫПТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Бұрын «Алашорданың» құрамында болған және ұлтшыл контреволюциялық ұйымға кiрген, сонымен қатар олармен байланысы бар ұлтшылдардың үстiнен қозғалған № 2370 - iс.
Достарыңызбен бөлісу: |