Тарих талқысы Ұлттық тағдыр, Тұлға және тарихи көзқарас



бет18/24
Дата17.02.2017
өлшемі7,02 Mb.
#9675
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24

Кейiннен университеттi бiтiрдiм, ғылыми марксизмнiң негiзiмен таныстым, өмiрiмдi әдебиетке, педагогикалық - ғылыми жұмысқа арнадым. Бар ықыласымды соған аудардым. Өзгедей әрекетпен айналысқаным жоқ.

58 – статьяның 7 – тармағы бойынша маған тағылған айыпты мойындамаймын, оның үстiне шаруашылық саласындағы iс – әрекеттерiм үшiн тағылған айыпқа менiң мүлдем қатысым жоқ деп есептеймiн Және одан үзiлдi – кесiлдi бас тартамын. Өмiрiмде ешқашанда шаруашылық мекемелерiнде қызмет iстегенiм жоқ. Тек қана ағарту саласында жұмыс iстедiм. Бұл арада айтарым, еске алатын бiр мәселе бар: мына айыптауға қарағанда мен ұлтшыл емеспiн, керiсiнше, қаскүнеммiн, әйтеуiр екiнiң бiрi ғана қалуы керек. Бiрақта артта қалған халыққа қызмет ететiн халық ағарту саласында, оның iшiнде сол халықтың өкiлiне зиянкестiкпен шұғылдану намысты әрекет және ақылға қонбайды.

Менiң шаруашылық мәселесiне қатысым туралы жайды тергеушi Попов маған былай түсiндiрдi: Ленинград қаласындағы менiң атыма жолдаған Ермекеовтiң хатында ол маған Қазақстандағы жергiлiктi халықтың жерге орналастыру барысында қысым көрiп жатқанын жазыпты – мыс. Сұрақ-жауап кезiнде мен тергеушiге онымен (Ермековпен – Т. Ж.) ешқашанда бұл тақырып жөнiнде хат жазыспағанымды айтып, бұл деректi жоққа шығардым. Осы хатқа байланысты мынаны есiме алдым. Ол менiң мекен - жайымды, менiң фамилиямды көрсетiп Ленинградқа хат жазыпты. Iшiн ашып қарағанымда ол хаттың маған арналмағандығын бiлдiм, өйткенi онда менiмен ол сiз деп сөйлесiптi, ал жасының үлкендiгiне байланысты олай жазу мүмкiн емес едi. Соңынан бiлдiм, ол Әлихан Бөкейхановқа арналған екен, оның Ленинградтағы нақты адресiн бiлмеген Ермеков хатты мен арқылы жолдапты. Осы хатпен танысып шығуларыңызды қатты өтiнемiн.

2) Маған тағылған екiншi айып – менiң «Алқаның» әдеби бағытына қатысым туралы екен. Осы мәселе жөнiнде және өзiм етене араласқан идеология майданындағы менiң iс – әрекеттерiм бұдан бұрынғы берiлген жауаптарымда бандалған, соны назар сала отырып оқып шығуларыңызды сұраймын.

Ақыр-аяғында Байдiлдиннiң көрсетуiндегi: менi 1921 жылы Смағұл Сәдуақасовқа басмышыларға кетiп қалу туралы кеңес бердi – мiс деген жайға келетiн болсам, мұнысы барып тұрған нағыз өтiрiк, сондықтанда мойындаудан бас тартамын. Өйткенi осы жылы: бiрiншiден, мен Семей қаласында тұрдым тiптi, Сәдуақасовты көргенiм де жоқ, басмашыла жөнiнде ешқандай да хабарым болған емес. Шындығын айтсам, тура сол жылдары менiң Сәдуақасовқа: колонизаторлармен күрес майданын тастап, барлық ақыл-ойымды билеп алған және берiле iстеп жүрген партия мен кеңес мекемелерiндегi тiкелей атқарып жүрген қызыметтi тастап басқа жаққа кете қой деуiм, кеңес беруiм мүмкiн емес. Бұл пәлеқор Байдiлдиннiң маған қарсы бағытталған кезектi ойдан шығарылған жаласының бiрi.

Жасырын құрылған астыртын ұйым-мыс деп жүрген «Алқа» әдеби үйiрмесiнiң бағыт-бағдары туралы мәселе жөнiндегi менiң пiкiрiмдi сол кезде Семей облстық партия комитетiнiң насихат және үгiт бөлiмiнiң меңгерушiсi Тоқжiгiтов жолдастан сұрап беруiңiздi табанды түрде өтiнемiн, «Алқаның» бағдарламасын оған көрсетiппiн бе, жоқ па, оған берiппiн бе, жоқ па, соны анықтаңыздар, демек, соның өзiнен –ақ мұнда ешқандай жасырып-жабушылықтың (нелегальщинаның) жоқ екендiгi байқалады.

Әуезов,29 / Х – 31ж.».


Иә, «Алқа» үйiрмесi мен «Табадырық» атты бағдарламада ешқандай «жасырынбақтың» жоғы анық едi. Алайда, тергеушiлердiң қаламының күшiмен ол «контрреволюциялық ұлтшыл астыртын ұйым» болып шыға келдi. Оған таңданатындай ештеңе жоқ едi. Бұл кезде Ресейдiң өзiндегi әдеби ағымдардың жетекшiлерi бiрiнен кейiн бірі жазаға тартылып, қудалауға ұшыраған болатын. Есенин өзiнiң күретамырын қиып жiбердi, Маяковский атылып өлдi. Тарихтың бiр тәлкегiн ретi келгенде айта кетейiк: Маяковский Есениннiң қазасына арналған сөзiнде оны кiнәлай сөйлеген болатын, iле шала өзi де соның таңдаған өлiм жолын өзiне мұрат етiп алды. Маяковскийдiң басында тұрып сөйлеген Фадеев те кейiннен өзiн – өзi атып өлтiрдi. Тура бiр қарғыстың қамыты сияқты қаралы нышан. Мәскеудiң данышпандарының өзi осылай «құрбандыққа шалынып жатқанда», Ахаң –Ахмет Байтұрсынов айтқан «бiздiң 96 – пробалы коммунистер» бұл науқанды одан әрi өршiтiп жiбердi. Оның кесiрi Жүсiпбек сияқты адал да абзал азаматқа тиiстi. Мұхтардың да, Жүсiпбектiң де, Мағжанның да «терiстеудi терiске шығарған» тәсiлi iске аспады. Бiрақ олар айтарын ашық айтып барып қанатынан қайырылды. Бұл ретте әдебиет туралы Жүсiпбек пен Мағжанның пiкiрi барынша айқын көрiндi. Тергеушiлердiң қолына түске Жүсiпбектiң хаты мен «Алқаның» бағдарламасы дербес талдауды қажет етедi. Мұнда саяси көзқараспен қатар Мағжанның iшкi ақындық әлемiнiң де жаңғырығы қылаң бередi. Бiз олардың әр пiкiрiн жiк-жiкке бөлмей, ойлары орайласқан тұстарды ғана қысқаша үзiндiмен салыстырып өтемiз. Мағжанның пiкiрi - «Алқа» үйiрмесiнiң ресми бағдары. Ал Жүсiпбектiң пiкiрi сол «Табалдырықты» оқып шыққаннан кейiн жазылған хат. Хаттың бас жағын әдейi кiрiстiргенiмiз жоқ. Тек «Кәке-бай» дегенiне қарап Жүсiпбек мұны Қошке Кемеңгеровке жолдаған ба деп жорамал жасаймыз. Ал үшiншi сөз – Мұхтардың «Ашық хаттың» iшiндегi пiкiр. ‡ш пiкiр үш түрлi жағдайда жазылғанына қарамастан ұзын сарыны ортақ желi тартады. Әңгiме – әдебиеттiң ұлттық, таптық, көркемдiк сыпаты қақында өрбидi. Соның iшiнде маркстiк iлiмнiң қағидаларын талдайды. Алғашқы кезектi Мағжан ақынға беремiз. Ол бiрден Маркстi аузына ала ой сабақтайды:

Мағжан Жұмабаев «Алқаның» бағдарламасы: «Әдебиеттiң өзiнше дәуiрлеуi – техника мен әдебиеттің өзiнше дәуiрлеуіне бағынбайды». (К. Маркс. Введение к критике политической экономии. Изд. Москва). Маркс осы пiкiрiн бекiту үшiн грек тарихының Гомер заманы мен Еуропа тарихының Шекспир заманын көрсетедi. Шынында да Гомер заманындағы гректiң, Шекспир заманындағы Еуропаның техника мәдениетiнiң бала болғаны рас. Алайда сол дәуiрде грек пен Еуропа мәдениетi құлашты аспанға сермеген. Неге бұлай болғандығын тексеру әдебиет тарихының мiндетi. Бiздiң бұл жерде айтатынымыз: Маркстiң мынау пiкiрiн қазақ өмiрiне қабыстырсақ, қазақтың техника мәдениетi тiптi төмен болған. Сондықтанда, әдебиеттi де «жоқтың жанында болған» деген пiкiрдiң тууы қате. Шындығында да қазақтың өзiнше терең әдебиетi болған. Һам бiр қазақ әдебиетiнiң түрлi өзгерiсi, өрi - қыры, қайғысы - қуанышы, ойы - қиялы әдебиетiне түсiп отырған».

Жүсiпбек Аймауытов, хаттан үзiндi: «Жаман– аяғымен жақсы төсенiшiн былғайды... Сiрә, бiздiң жас марксшiлер үлкен кiтаптарды оқып алады да: мынау қазаққа келедi екен, деп жалшының не мұжықтың көзiмен қазақты өлшейдi. Маркстi бiздiң жiгiттер қазаққа жанастыра алмай, шатақ осыдан туып жүр ғой деп ойлаймын. Қазақ өзгеше (своеобразный) тұрмысты, тарихты, салт – саналы жұрт болуға керек. Қисыншыл (теоретик) болумен тәрбиешiл болудың арасы алыс. Бiздiң Ғаббас (Тоғжанов – Т. Ж.) алдыңғысы болар деймiн. Әуелi қазақты оқу керек. Қазақты бiлемiн дегенiмiзбен, көбiмiз бiле бермеймiз, оны Бройданың кiтабынан оқып отырмын. Бiз анық бiле алмай, көмескi көрген нәрселердi ол анық айтып отыр. Қазақ ұйымсыз, әазаәберекесiз, (бiраә) әазаә ұлтшыл емес. Малы қандай болса, мiнезi де сондай жұрт. Бұл мәселе түбiрленбей тұрғанда бiздегi даудың шегi болмайды».
Мұхтар Әуезов, «Ашық хаттан» үзiндi: «Өзiмнiң сондай топтармен («Алашордамен» - Т. Ж.) байланысқан артқы күнiмдi осылайша нақ тексерiп, қайта бағалап келгендегi ендiгi байламым: сол ескiлiгiмнен өз арымды бұдан былай бiр жола үзiп, жарып алу және сол ескiлiкпен менi байланыстырып, жақындастырған жайлардың барлығынан үзiлдi – кесiлдi арылып шығу. Осы сияқты жаңа түсiнiк, жаңа бағыт тұрғысынан алғанда ендi менiң жүрiп Өткен әдеби және қазақ әдебиетiнiң тарихын қарастырғандағы зерттеушiлiк қызметiмдi шолып өткенде айтатыным: ол қызметтерiм Қазақстандағы мәдени төңкерiстiң жол – бағытымен үйлескен жоқ. Қайта соған қайшы келiп отыр».

Алдыңғы екеуi теориялық тұрғыдан пiкiр қозғаса, Мұхтар Әуезов әдебиет тарихшысы ретiнде соны дәлелдеп берген. Әрине, «Ашық хатта» терiске балаған iсiн оң деп түсiнсек мұның астарын тез аңғарамыз. ‡ш пiкiрдiң айтар түйiнi - қазақтың төл ұлттық әдебиетi мен мәдениетi дербес көркем ойлау жүйесi қалыптасқан, тарихи танымдық сынақтан өткен және сол мәдени – рухани жәдігерлер ұлттық мүдденiң тұтастығын көздеген. Демек, таптық мүддеден гөрi биiк мұратты нысанаға алған. Мұхтардың жазғанындай, бұл пiкiр «Қазақстандағы мәдениет төңкерiстiң жол – бағытымен үйлескен жоқ. Қайта соған қайшы келiп отырды». Мағжан бұл ойын былай дамытты.


Мағжан Жұмабаев: «Әлi тiптi тексерiлмеген дәуiрдi қоя тұрып, соңғы дәуiрдi алсақ, кешегi Мұрат, Махамбет, Базар, Шортанбай, Ақан серi сықылды ақындардың елдiң мұңын, зарын ой - қиялын жырлай бiлген шын жыраулар екенi анық. Бұлар қазақ даласына бет алған Еуропаның, орыстың қарабоз отаршылығының қарасын көрiп, бiрiншi уланған ерлер. Қазақ әдебиетiнiң алыбы Абай қазақ даласына кеулеп кiрiп келе жатқан капитализмге, отаршылдыққа қазақтың қанды жас төгiп, ерiксiз шалған бiрiншi құрбаны. Ел билеп, елге ақыл айтудан бастап өмiрден үмiт үзуге, тұңғыш тұңғиық ойға барып келген Абайдың өмiрiнiң ақындық трагедиясы да, тереңдiгi де осында. Абайдың алыптығы - қыл көпiрдiң үстiнде тұрғандығы. Екi қолмен, екi өмiрмен алысқандығы. Сондықтанда қазақ әдебиетiнiң ескi мағнасын, бұрынғы бағытын тереңдеткендiгi, әдебиетке жаңа түр кiргiзгендiгi. Абай жиын – тойдың ақыны болмағандықтан. Әсiресе, баспасөздiң жоқтығынан Абайдың әдебиеттегi бағыты, әсiресе, түрi сол дәуiрде қазақ даласына тарай алмады. Сол дәуiрде қазақ даласына капитализм кеулеп кiре бердi. Ел езiле бердi. Әдебиет те, бағыт та түр де қалмады. Әдебиет: «ғизатлы, оқып, матурлы», «бисмилла деп башлитын сөздiң басын» сықылды балдыр – батпаққа айналды.

Бiрақ, Еуропа отаршылдығының «бiр қасиетi» - «құлды қуып батыр қылды». Өлiмге бұйырылумен өмiрдi сүйгiздi, езiлген елдiң ұлттық сезiмiн оятты. Осы заң бойынша, 1905 жылғы төңкерiстен соң соққы жеп, сiресiп жатқан қазақ елi есiн жия бастады. Жаралы жанның есiн жия бастағандығы үнi – ыңырсу, күрсiну, күңiрену болмақ. 1905 жылдан соңғы әдебиетiмiз - «Қырық мысал» сықылды елiм – жұртым деген әдебиет. Сол күңiренген жаралы жанның көзiне әлгiндей қылышынан қан тамып, майданда жүргенi елестеген.

Ояна бастаған ер – кешегi ел болған күнiн есiне түсiрдi. Әдебиетiмiз мынау «Оян!» деген зармен бiрге елдiң өткен күнiн есiне сала бастап едi. Өткен тағы болып жүрген дәуiрдi қайта орнату үшiн емес, жасынан елдiң жанына үмiт салу үшiн өткендi жырлай бастап едi. Жырлап үлгерген жоқ едi, жырлай бастап едi. Әдебиет осы күйде тұрғанда бiз үстiмiздегi зор төңкерiске келiп кiрдiк».

Жүсiпбек Аймауытов: «Менiң бiр қосылмайтын жерiм бар, мысалы Плеханов: «Ақын таптың ғана ақыны болады. Бiрақ кейде тұрмыс жағдайымен, таптан мойыны асқан, тап шарасынан жоғары, өзге таптың да сойылын соғатын бұқарашыл, ұлт санасын меңгерген ақын да болады», - деп айтады. Оны Ғаббас жазып отыр. Олай болса, қазақ ақындары тапқа неге қамалып қалады? Неге байшыл, неге дiншiл болуға мiндеттi? Отаршылдық зардапты бай, кедей, ұлт болып тартқан жоқ па едi? Жерiнен бай да кедей де қуылған жоқ па едi? Малы жоғалса хохолдан бай да, кедей де таяқ жеп өлгенi өлген жоқ па едi. Ұлт мұңы бұрын бiр емес пе едi? Бiр болса, Асан қайғысы, Бұқар жырауы, Шортанбайы, Абайы, Ахметы, Мiржақыбы, Мағжаны, тағы басқалары отаршылдыққа, орысқа, патша өкiметiне қарсы болып келген жоқ па едi? Осы өткен ақындардың бәрiн түгелiмен байшыл, кедейшiл қылып алып, одан кейiн Мағжанға, тағы тағыларға келсе, сонда жүлгелi (последовательный) болып сынаған болмай ма, әйтпесе, Мағжан – байшыл, ... байшыл, Бейiмбет – кедейшiл деген сөз бола ма? Төңкерiстен бұрын қара кедей Сәбит Дөнентайұлы да, Бейiмбет те, бәрi де ұлтшыл болып жазып жүрсе, ендi кедейдi бетке ұстады деп, олар тап ақыны бола қалмақ па? Бояма ақын бола ма? Әдебиеттiң сұйылуы боялудан шығады деп бiлемiн. Шындап ақын жаза алмаса, ақын емес - етiкшi».

Мұхтар Әуезов: «Менiң өткендегi жазушылық қызметiмнiң айқын белгiлерi - «Еңлiк - Кебек», «Қаракөз» сияқтылары едi. Бұлар бүгiнгi төңкерiс дәуiрiнен алыстағы қазақ салтын көрсетумен қатар, өздерiнiң екшелiп алынған тақырыптары бойынша төңкерiс тематикасынан әдейi аулаққа жайылып кеткендiгi және ұлтшыл жазушылардың тобына бiлдiретiн нәрселер. Мен сол жазушылардың қатарына кiрiп, 1920 жыл мен 1928 жыл, аздап 1929 жылдың аяғында Қазақстандағы және Ташкенттегi баспасөзге әсер етiп, баурап алмақ боп әрекет еттiк. Сол жылда оқушы тобына тар ұлтшылдық бағытында әсер етiп, әдеби шығармалар, сындар, айтыстар арқылы ұйымда қандай iс жүргiзсек, жастар арасына (сондай – Т. Ж.) ұлтшылдық күйiн тараттық. Бұл әрекеттiң ортақшыл партиясы мен кеңес үкiметiнiң сол жастарды интернациональдық рухында баулимын деген мiндет бағытына негiзсiз қарсы жүрiп отыр. Мен қазiр де жаңағы сияқты шығармаларымның бүгiнгi күннен аулақ кетiп, бiр беткей тақырыптарды ғана екшеп алғандығын айып деп, кiнә деп қоймаймын. Сол тақырыптарды суреттеген, таратқан әдiсiн санашылдық-суреттеулiк ретiндегi қалыптасуын да терiс деп бiлемiн.»

‡шеуiнiң мұндағы шүйiлiп отырған басты мәселесi – әдебиеттiң ұлттық сыпаты. Ұлттық сыпаттан айырылған көркем өнерде не қасиет қалады. Бұл – ұлттың тарихын, танымын, сенiмiн, салт – дәстүрiн, тiлiн, өзiндiк ерекшелiк сыпаттарын жоюмен пара – пар қылмыс. Ұлттың мұңы – оның ұлының да мұңы. Ал кеңестiк кесiр идеологиялық саясат ұлттық сананы өрiшiп, оның орынына тексiз таптық, массондық будан ұрықты сепкiсi келдi. Мағжан да, Жүсiпбек те, Мұхтар да елдiң өткендегi тарихы мен тағдыр тәлкегiн суретитей отырып, ұлттық сананы оятпақ болды. Сол үшiн де олар «Батыр Баянды», «Қорқытты», «Қартқожаны», «Қилы заманды», «Хан Кененi» жазды. Ал кеңес бұларға мүлдем жат бағытты ұсынды. Бiрақта көркемдiк ойлау жүйесi мен қалам қуаты әбден қалыптасқан үш арыс оған көндiге қоймады. Мойынсынбады. Олар тарихи шындықты, кеңес өкiметiнiң билiгiн жоққа шығарған жоқ. Алайда оның кесiрлi саясатына ерiп те кетпедi. Бәрiн де суық ақылмен қабылдап, өздерiнше қортынды жасады.


Мағжан Жұмабаев: «‡стiмiздегi зор төңкерiс – бiздiң өз тарихымыз тудырған, өз тарихымыздың қатынасы болған таныс төңкерiс емес, Еуропа тарихы тудырған жат төңкерiс едi. Осы себептен, бiздiң әдебиетiмiз бастапқы жылдарда төңкерiс туралы ешнәрсе жаза алған жоқ... Бiр жағынан, орыс отаршылығының зардабынан елге кiрген бүлiншiлiктi, бұзықты суреттеп, екiншi жақтан, елдiгiн ұмытып, жасып қалған елдiң өткенде өзiнше ел болғанын есiне салып, табиғи жолмен келе жатты... Осы жолда жаңа әдебиетiмiз бiрталай iлгерi аттап та қалды. қиялға қарғып шығамын деп мертiгiп қалмай, тұрмыстық тарихтың заңы бойынша табиғи жолмен жүрiп, күн санап өсiп келе жатқан кешегi, бүгiнгi әдебиетiмiздi қарғауға емес, алқауға мiндеттiмiз. Төңкерiс туралы тез үндей қоймады деп томпиып өкпелеуге емес, не себептi үндемегенiн ұғынуға мiндеттiмiз. Әдебиетiмiзге төңкерiстiң мәтiбiнiң түспеуiнiң, бiрен – саран түсiрем деген топас тәжiрбиелер де терiс жағынан түсушiлiктiң бiр себебiн (аңғартады). Төңкерiстiң өзiнiң қазақ даласына күнгей бетiнен емес, терiскей бетiнен, оңынан емес, солынан кiруi алақандағы нәрсе ғой. Оны бүркеп қоюға болмас... Зор төңкерiске пролетариат зеңбірек, пулемет, машинамен кiрсе, қазақ қамшы, сойыл, балпаң етiп малма тұмағымен жолдан қосылып отыр... Осы төңкерiстiң екпiнiнен қазақ сықылды құр қалған елдер өмiр үмiтi кiргенiн жырлай бiлсе, төңкерiсшiл әдебиет болғаны. Марксшыл зор ғалым белгiлi ақын Луначарский жазады: «Жаңа ұлт, жаңа тап бұрынғысының бiтiрген жерлерiн тастап кетпейдi... Жаңа тап, яки жаңа халық бұрын өздерiн бiлгендерге қас болып, олардың мәдениетiн жек көретiн болып өсiп - өркендейдi», - дейдi. (Основы позитивной эстетики. Москва. 1923. стр. 125.). Сондықтан да осы мiнез, осы қулық үстiнен қарап айтқанда, осы қияңқылық, осы ыстық қандылық қазақ әдебиетiнде де болуға мүмкiн, болғанда да өзiнше, қазақша, азияша болуға мүмкiн.»

Жүсiпбек Аймауытов: «Рас, пiкiр жүре өзгередi. Орыс жазушылары да төңкерiстен кейiн кейбiрi жарамсақтанған, олардың жарамсақтықтан аманы да бар. Қазақ ақындарының пiкiрi соншама күрттен өзгеретiндей жағдай болған жоқ, өйткенi төңкерiске көлденеңнен қосылдық. Ащысы, тұщысын, тауқыметiн басымыздан кешiргемiз жоқ. Сондықтан тек думанга, дүрмекке қызып, төңкерiстiң маңызын, дәнiн тата алмай қалдық. Сол дүрмекпен әлi де келе жатырмыз. Күшенгенмен сөзiмiз үйлеспей жатыр.

Мен өз басымдағыны айтайын. Өзiм нағыз кедейдiң баласымын. Бай туысқандарымнан зорлық, қысым көрiп өстiм. Балаң орыс боп кетедi, солдатқа алып қояды деп немере ағам орысша оқытқызбаған. Өз баласын оқытып жүрiп, менi оқытпаған. Сөйтiп мен байға, жуанға өш болып өстiм. Бiрақ жүре, оқи, көз ашыла келе байдың да, кедейдiң де орыстан көрген қорлығын көрдiм. Шорман ауылының Қаракөл деген ата қонысын, Баян төңiрегiндегi қазақтың шұрайлы жерлерiн келiмсектер алды, оны мен естiдiм де көрдiм. Орыс стражниктерiнен, полицейлерiнен қазақтың талай таяқ жегенiн көрдiм. Ана жылғы Қарақаралыға хохолдан қорқып, қашып келiп жүрген Жетпiсбайлар есiмде. Хохол жоғалған малы үшiн оның (надан адам ғой) атын тартып алса, ол сотқа берген ғой. Сотқа беретiн неме екенсiң деп, хохолдар оның ауылына жиналып келiп өлтiрмек болған. Сонда қорқып, қысай үйiне жолай алмай жүрдi ғой. Ақмола үйезiнде Төкiш деген бiр кедей әншi бар едi. Жақ жоқ әнші едi. Соның ауылын малы жоғалған хохолдар шауып, Төкiштi тепкiлеп өлтiрген. Бұлар 22 – 23 жылдардағы оқиға. Осыларды көрiп, естiп тұрып, қалай тапқа кiсенделерсiң? Кеше ғана осы жылдың сентябiрiнде Қарқаралының алты кедейi Қояндыдан Орынборға жылқы айдауға бiр орысқа жалданып келсе, мұнда келген соң орыс ақысын бермей, қашқан да кеткен. Олар менi тапты. Бiреуi ана жылы Торғайға мал айдауға жалданған, менi бiлетiн Сәбiкей деген жiгiт екен. Сорлы кедей қаңғып, зарлап қайтып кеттi. Қолдарында түк белгi жоқ. Не қыларсың? Осының бәрi – жүзден бiрi, бәрін көрiп, естiп жүрсiң. Қай қазақ хохолдың жерiн тартып алды, үйiнен бездiрдi? Ауылына ат ойнатты, өлтiрдi, ақысын бермей, сауырға бiр салып қоя бердi? Мұнша зорлықты кiм iстеп отыр? Осының бәрiн көре-бiле тұра кiмшiл болу керек? Рас, бұқарашыл болу керек. Байды мақтауға болмайды. Өзiм байдан жақсылық көргем жоқ, байды жақтап жазғам жоқ. Бiрақ мен тап ақыны бола алармын ба? Менiң миымдағы перне - шұп – шұбар. Сыртқы әсерден қалған миымдағы iздер де бар. Ол iздермен жүрмесiме мүмкiн бе? Ғаббас қалай жүргiзбейдi екен? Құлағымнан, көзiмнен миға хабар жеткiзетiн жүйкелерiмдi (нерв) кесiп тастамақ па екен? Әлде, жүйкемдi мүлде құртпақ па екен? Көлденең адам жазушыға, ақынға көтен зорлық қылуға жарамайды. Өзiнше ойлатам деу - қиянат.

Рас, қазақ кедейi теңдiкке жеттi, жетiлдi. Жаңа тұрмысқа аяқ басты. Бiрақ екi зорлықтан әлi айырылған жоқ, жуықта арыла алмайды: бiрi – өз байынан көретiн зорлық, бiрi – жатынан көретiн зорлық. Соңғыны айтайын десең ұлтшыл болып шығасың, ендеше, байшыл болсасың. Бастапқыға қанағат етуге болмайды. Қашаннан қалып алып қалған нәрсе, тұрмыс талқысымен болмаса, бұдан оңай шыға қоймайды. Шыға қойса, әлгi алты кедей неге сандалып қалды? Қағаз жүзi мен өмiр жүзiн айыру керек. Ғаббас, Әбдiрахмандар қағаз жүзiн алса, мен өмiр жүзiн алғым келедi. Мiне, менiң пiкiрiм осы.»

Мұхтар Әуезов: «Менiң шығармамның көпшiлiгi сарнамашылық бетiмен болуымен бiрге, өткен дәуiрдi төңкерiсшiл сарыншылдық жолымен сипаттаудан қашық болды. Қайта ескiлiктiң кейбiр залалды салттрын жарыққа шығарып, өсумен, ол салтты жақтаушыларды аз–аздап пiкiрi жолындағы құралсызданумен қатар, бәрiбiр, мен өз шығармаларымның көпшiлiгiмен анығында бетi ашық ұлтшылдық күйiндегi жазушы боп шықтым... Қорытындысын айтқанда, менiң әдеби қызметiм, сол жастардың көңiлiндегi, салт –санасындағы ұлтшылдық күйiн жеңiлдетiп, сейiлдетуге арналмай, қайта соны нығайта түсуге арналып кеттi. Қазiргi күнде мен өзiмнiң бұрынғы жазушылық жолымдағы бағытыма ғана емес, қазақ әдебиетiн тексерген тарихшы, зерттеушi есебiндегi қызметiме де терiс деп қараймын. Түгелдеп айтқанда, төңкерiс жолдарының қоғамдық заказы мен төңкерiсшiл жұртшылықтың тiлегiне бiржолата үйлеспейтiн сөздерiм болған. Бұл ретке қосылатын төңкерiс жолындағы жылдар iшiнде қазақ әдебиетiнiң жолы қандай болуы туралы «Шолпан» журналының бетiнде ертеректе айтқан пiкiр едi. Сол қаталарым кейбiр кейiнгi тексерулерiмнен де арылған жоқ. Мысалы, соған ұқсаған қаталар Абай шығармаларын тексеруiмде де бар».

Жә, үш арыстың әдебиет туралы пiкiр таласын осымен тоқтатамыз. Сұлу сөздiң насихаттық құрал емес екендiгi, өнердiң мiндеттерi туралы қилы - қилы қисындар бұрын да, бүгiн де ертең де айтыла бермек. ‡ш түрлi жағдайда, үш түрлi көңiл күйде жазылған бұл үш пiкiрдiң түп қазығы – ұлттың рухани тәуелсiздiгi едi. ‡ш арыс бұл мүдденi азаматтық арымен қорғай бiлдi. Сол арқылы ұлттық сананы мәңгүрттенiп кетуден сақтап қалды. Мұхтар айтқандай, «ұлтшылдық күйiн жеңiлдетiп, сейiлдетуге арналмай, қайта соны нығайта түсуге арналды». Олардың басты мақсаты да сол болатын. Ең маңыздысы – кеңестiк жазалау саясатының диiрменiне өздерi жаншылса да ойларын жаншылдыртпады. Отаршылдық коммунистiк пиғылдың еркiнде кетпей, оны әшкерелей бiлдi.

Бұл олардың үлкен рухани ерлiгi едi. Талқыға түстi. Талқыланды. Бiрақ рухтары талқандалған жоқ. Осынау үш дерек – Мағжан мен Жүсiпбектiң соңғы сөздерi, Мұхтардың ең талмалы мәлiмдеуi болғандықтанда, олардың сол тұстағы жандүние тебiренiсiн сезiндiру үшiн аталған құжаттардағы олардың соңғы пiкiр – тiлектерiн оқырманға жеткiзудi парыз деп санадық. Бұл олардың бiзге жолдаған жүрек сәлемi едi.
Мағжан: «Домбырада бiрi - қоңыр, бiрi – ащы үн беретiн екi шек бар. Екi шек екi түрлi үн шығарып тұрса да бiр – ақ күй тартылмақ. «Алқа» осы. Жөн iздеген жас болсаң, жол iздеген жолаушы болсаң, тез iздеген естi тентек болсаң, мынау «Алқа» сенiкi! «Алқаға» кiрейiк! Өзiңнiң сұмырай мақсұтыңа шындықты құрбан қылып шалып, қайқайып жүре беретiн соғылған болмасаң, балапан әдебиетiмiздiң шын әдебиет болып ержетуiн шын тiлейтiн болсаң, мынау «Алқа» сенiкi. «Алқаға» кiр. Шын әдебиетшiл, шын ақын болсаң, мынау «Алқа» сенiкi.

Жүсiпбек: «Мен осы пiкiрiмдi газетке жазуға Смағұлдан рұқсат сұрап, толық хат жазып отырмын. Өрiс берер – бермесiн бiлмеймiн. Iшiмде қайнап жатқанша тым болмаса сендей жолдасқа ағытайын деп жазып отырмын. Сен бұған өз пiкiрiңдi жаз. Терiс, бұрысын көрсет! Бұл пiкiрiмдi Ғаббасқа да айт. Жөнi келсе, керек жерiн оқып жiбер.

Ордадан (Қызылорда – Т. Ж.) хат – хабар алмаймын. Сенiмен жазысып тұрайық. Сен не оқып жүрсiң? Жақсы кiтап болса маған жiбер. Мұхтардың адресiн бiлсең, жазып жiбер. Балалар аман. Тұрмыс – сәл, жалақы – 72 сом. Тезiрек хат жазарсың. Қош, сүйдiм. Жүсiпбегiң. Адрес: Орынбор, Совет көшесi, дом 51, астыңғы қатар. Маған. Орынбор. 2 январь».

Мұхтар: «Тағы бiр сөз, ауыр қатам деп санайтыным - қазақ баспасөзiнiң жүзiндегi төңкерiсшiл марксшiлдiң сынына құлақ салмауымда. Дәлелсiз сыңаржақтықпен қарап, барлық сынды түгелiмен ұйымсыз жазушыларға арналған жаулықтың ғана сыны деп санап жүрдiм. Өз iшiмнен ол сынның ролi де, мұраты да, ортақшыл емес. Жазушыны әдебиет жүзiнде соққыға жығудан басқа емес деп, бiр жақты терiс баға берiп жүрдiм, сонымен сынның негiздi – ғылыми негiздi төңкерiсшiл басшы екенiн ескермедiм. Сынға осылайша терiс қараған көзқарасыммен соңғы жылдарға шейiн келдiм де, әдейi ұстаған көңiл құрылысы есебiнде, жұртшылық алдында өзiмнiң қаталарым туралы да үндемей, сөз көтермей келдiм. Бұл да қатамның бiрi едi. Ендi «Қазақстан правдасы» мен Социалды Қазақстан« арқылы барлық Қазақстан жұртшылығының алдында өзiмнiң бұрынғы әдеби – саяси iстерiмдi осылайша айқын күйiнде айыптайтынымды ашық жарияламақ боламын. Сонымен бiрге, ендi бұрынғы қаталарымды төңкерiс iсiне барымша бой салып ұдайы, адал қызметпен түзетуге бекiнгенiмдi бiлдiрмекпiн. Ендi мәдениет, салт–сана майданының ең жауапты, ең тартысының кезеңдерiнде iс iстеуге өзiмдi өзiм мiндеттiмiн деп санаймын».

Мiне, талқы осылай аяқталды. Бiрi – «Алқаға» ақылдасуға шақырды, екiншiсi – өзiнiң өзгелерден бұрын атылып кететiнiн бiлгендей «Қош, сүйдiм. Жүсiпбегiң!» - деп бақұлдасып қалды, үшiншiсi - «ең жауапты, ең қызу тартысты кезеңдi» күтiп алуға бел буды. Бұл олардың ақ қағаз бетiндегi соңғы пiкiр бөлiсулерi болды. ‡ш тұлға. ‡ш тағдыр. ‡ш түрлi қаза. Ендi олардың басын қазақ ұлтының тәуелсiздiгi ғана мәңгi қосып тұр. Олардың асыл бейнелерi қатар iлiнiп, есiмдерi де құрметпен қатар аталатын болады. Әрине, мұны барлығы көңiл жұбанышы ғана. ‡шеуi тiзе қосып өмiр сүрiп, қаламдарын қатарласа ұстап, көркем сөзбен еркiн айналысқанда, қазақ ұлтының рухани мұрасы мен көркем ой деңгейi сол тұстың өзiнде – ақ әлемдiк сатыға көтерiлер едi. Өкiнiшке орай, бұл салмақты Мұхтар Әуезовтiң жалғыз өзi көтердi және ұлтының рухани байлығы мен мәдениетiн дүниеге мойындатты. Бiз соған шүкiршiлiк жасаймыз. Әйтпесе, екi досымен бiрге одан да көз жазып қалуымыз әбден мүмкiн едi. Құдай оның бетiн аулақ қылды. Бұған да тәубә.

Ұлттың рухани өмiрiн тiзерлетiп кеткен бұл зауалдың бетiн қайыру мүмкiн емес–тiн. Оған Қужақтың – Голощекиннiң өзi де араша түсе салмайтын. Дегенменде, адамның үмiтi үзiлген бе? Өзiнiң кiнәсiз екендiгiн, тағылған айыптардың дұрыс еместiгiн, тергеушiлердiң мүлдем қисынсыз қылмыстарды телiп отырғанын оларды мойындамайтынын мәлiмдеп Мұхтар Әуезов Голощекиннiң атына түрмеден хат жолдапты. Ондағы сөз – тергеушiлерге берген жауабының көшiрмесi болғандықтанда он томнан асатын тергеу хаттамаларының iшiнен зайыбына араша түсiп, оны ақтап алуға тырысқан жалғыз - ақ әйелдiң хаты шықты. Ол Жүсiпбектiң әйелi Евгения Аймауытова едi. Шоқынған қазақ үйiнiң сауатты қызы өзiнiң арыз – арманын Голощекинге жолдап, одан қайрымдылық пен адамгершiлiк танытуды өтiнiптi. Арманда кеткен асыл жарының сол тiлегiмен оқырманды таныстыра кетудi парыз санадық. Хаттың мазмұны мынандай:


«2 / VII – 29.

Голощекин жолдасқа!

Маған көмек көрсететiн бiрден – бiр адам ретiнде Сiзге хат жазып отырмын. Менiң тауқыметтi iсiме сiз ғана көмектесе алады деп көп адамнан естiдiм.

Мәселе мынада. Биылғы жылдың 14 мамыры күнi ОГПУ –дiң агенттерi менiң күйеуiм Жүсiпбек Аймауытовты тұтқындап әкеттi, оған тағылған айыптың бабына қарағанда оның қылмысының саяси астары бар екен. (Менiң күйеуiмдi ұстаған ОГПУ –дiң Шығыс бөлiмiнiң өкiлi, тергеушi Саенко солай деп айтты) Мұның әлде - қалай бiр жаңылысу екенiн мен өте жақсы бiлемiн, Өйткенi, менiң күйеуiм саясатпен ешқашанда айналысып көрген емес. Ол тек қана әдеби жұмыспен ғана шұғылданды, оқу – ағарту саласына арнап оқулықтар мен таза көркем шығармалар жазып, кiтап шығарды. Ол қазақтың жаңа қарпiне байланысты Орталық Комитетте жұмыс iстедi, латын қарпiн етене кiргiзуге белсене араласты, газет беттерi арқылы еуропалықтарға қазақ тiлiнен дәрiс жүргiздi. Бұдан басқа ол қазақ ағарту институтында сабақ бердi, демек, оның саясатпен айналысуға ешқандай да уақыты болған жоқ.

Мен сiзден осы iске араласып, тергеудi тездетуге және егер мүмкiн болса тергеу бiткенше кепiлдiк арқылы босатуға рұқсат етуге көмектесуiңiздi қатты өтiнемiн, өйткенi ол ешқайда ешқашанда жасырынып әлек болмайды, себебi ол өзiнiң кiнәсiз екенiн бiледi, өзгесiн былай қойғанда, жазықсыз адамның кәдiмгi қылмыскер сияқты түрмеде отыруының өзi күйiнiштi ғой. Егерде оның денсаулығы маған сенiмсiздiк тудырмағанда, онда мен соттың әдiлдiгiне сенiп, үндемей отыра беруiме шыдамым жетер едi. Алайда ол биыл қыста ғана ауырған сүзектiң зардабынан қос өкпесi қабынып кетiп едi, сол үшiн оны өкпе ауруының емханасына есепке алған болатын. Менiң өзiмнiң де өкпем ауырады, сондықтанда сағат сайын оның өмiрiн қысқартып бара жатқанын жақсы бiлемiн, ол өзiнiң жастығымен, бiлiмiмен және қабiлетiменен қазақ пролетариатына өте зор пайда келтiрген болар едi ғой.

Менiң жан айқайыма құлақ түрiп, бiр жағынан – Қазақстандағы ең ықпалды адам ретiнде, екiншi жағынан өзге адамның қайғысын түсiне бiлетiн адам ретiнде осы iске араласып, менiң күйеуiмдi босатуға көмектесуiңiздi тағы да өтiнiп сұраймын әрi қатты үмiттенемiн. Менiң өзiм сiзге жолығып бар мұңымды ашып айтсам ба деп едiм, ойындағыңның барлығын қағазға толық түсiре алмайсың ғой, бiрақта оған денсаулығым мүмкiндiк бермедi, менiң өкпем ауырады әрi менiң қолымда үш бала бар.

Оның өзiне де, бүкiл үй-iшiне де не үшiн екенi белгiсiз, осыншама қасiрет әкелген осынау үлкен қателiктiң бетiн қайтаруды сiзден тағы да қиыла өтiнемiн.

Сiздiң кiшiпейiлдi қайырымдылығыңызға деген сенiмiмде қаламын.

Евгения Аймауытова

15 / VI – 29 жыл.

Шымкент, Пушкин көшесi, 5 үй. Аймауытова».
Қарапайым адамның, оның iшiнде ерiн аялаған әйелдiң үмiтi мен сенiмінен асқан қымбат ештеңе жоқ. Евгения Аймауытованың да сезiмi сондай қасиеттi махабаттан туып едi. Түрменiң тар терезесiнен бiр нәзiк сәуле боп түсiп, Жүсiпбектiң жүрегiне жарық құйғысы келдi. Бұл ұясына таңдайының астына тамшы тұңдырып, су тасыған ана қарлығаштың мейрiмiмен пара – пар едi. Бiрақ, оған «көмек көрсете алатын бiрден - бiр», «Қазақстандағы ең ықпалды» адамның «өзге адамның қайғысын түсiне бiлмейтiн», түсiнгiсi де келмейтiн, «кiшiпейiлдi де емес, қайрымды да » емес, қатыгез, Жүсiпбек пен оның үй – iшiне ғана емес, бүкiл қазақ ұлтына «осыншама қасiрет әкелген үлкен қателiктiң бетiн қайырудың орынына», соны тудырып, бүкiл елдi «кiшi октябрь үшiн» жаппай құрбандыққа шалып отырған қара жүректiнiң өзi сол Голощекин екенiн Евгения Кирилловна бiлетiн. Бiрақ өзге амалы да қалмап едi. Екiншiден, бiрден Голощекинге арнап хат жазуының себебi, Жүсiпбекке тағылған айыптың бiрi – Голощекинге қастандық жасауды жоспарлады деген жаланы тергеушiлер алдын – ала айтқан да болуы керек. Мұңлы махаббат иесi тiкелей Голощекиннiң өзiне хабарласу арқылы оның жүрегiндегi қатқан берiштi ерiтуге тырысқан. Өлкелiк басшының кешiрiмiн алуға ұмтылған. Өкiнiшке орай, «ұлы құрбандыққа» деген тәбетi ендi ашылып келе жатқан Қужақ бұл хатты тергеугiлерге жолдап, қосымша айғақ ретiнде iске тiркеттiрдi. Сөйтiп:

«ОГПУ коллегиясының 1930 жылғы 4 көкек күнгi кеңесiнiң шешiмi бойынша № 78754 3с бойынша айыпталған Байтұрсынов пен Мiржақып Дулатовты қылмысты iстер кодексiнiң 58/2, 58/4, 58/11, 58/10 – баптары бойынша, Есболов Мырзағазыны 58/2, 58/10 баптары бойынша, Ғаббасав Халелдi 58/2 бабы бойынша, Әдiлев Дiнмұхамед пен Аймауытов Жүсiпбектi 58/2, 58/8, 58/11 және 58/10 баптары...» бойынша айып тағып, ату жазасына бұйырды.


«Алаш iсi» бойынша жауапқа тартылған 42 адамның тек алдыңғы легiнiң ғана тiзiмiн келтiрудегi мақсатымыз, Жүсiпбектiң өзгелерден бұрын неге атылып кеткендiгiнiң себебiн аңғарту. Оның ең басты кiлтипаны Дiнмұхамед Әдiловпен бiрге тiзiмге қатар iлiгуi едi. «Алаш iсiнiң» басталуына себепкер болған куәләрдiң iшiндегi ең «тұлғасы» да Дiнше Әдiлов болғандықтан да бұл тұзақтан Жүсiпбектiң жазасыз құтылуы мүмкiн емес едi. Егерде жеке тұрғанда оның арнаулы кешiрiмге iлiгiп, тағы да жетi – сегiз жыл Өмiр сүруiне мүмкiндiк туатын едi. Жүсiпбектi оқтың үшiне байлаған айып мынау:

«Дiнмұхамед Әдiловтiң жауабының хаттамасы. 3 ақпан. 1929 жыл.

(Жауаптың басында террор туралы ұзақ-ұзақ толғаулар айтады. Өзiн кекшiл – терроршы ретiнде көрсетедi – Т. Ж.). ... Айтпақшы, Есболовтың үйiнде Голощекин туралы әңгiме болды. Онда Голощекиннiң өмiрiне тiкелей қауiп төндiру жөнiнде мәселе қозғалған жоқ. Тек Голощекин қақында ғана болды. Онда қатысып отырғандардың барлығы да: егерде ретi келсе оған қастандық жасаған артық болмас едi. Бiрақта бұл өте қиын дүние, бұл бiрiншiден халыққа қатты күйзелiс әкеледi деген қорытындыға келдi. Сөйтiп, бiз үшеуiмiз осы тақырып төңiрегiнде әңгiмелестiк, алайда бұл мәжілісте нақты шешiм қабылдағанымыз жоқ. Менiң ағайым тұтқындалғаннан кейiн (оның «Алаш iсiне» ешқандай қатысы жоқ - Т. Ж.) Қызылордаға екiншi рет келгенiмде ол әңгiмеге қайтып оралғамыз жоқ.

1928 жылы жаз айында мен Шымкент қаласына келiп Аймауытовпен жолықтым. Әңгiме арасында Голощекин жөнiнде сөз қозғалды. Оған дейiн мен одан: Шымкент губерниялық атқару комитетiнiң төрағасы кiм деп сұрағанымда Аймауытов: «Макин. Ол жерге оңбаған бiр бұзықты қойды», - деп жауап бердi. Содан кейiн: Жетiсу губерниялық атқару комитетiнiң төрағасы кiм – деп сұрадым, бұрын ол орында Әлiбековтiң отырғанын бiлетiнмiн. «Оған да бiр бұзықты қойды», - дедi Аймауытов. Ташкентке бару, бармауым туралы Аймауытовпен ақылдасқаным туралы бұрын да айтқанмын. Ол сол жолы қатты мазасызданып: «Әйтеуiр бiр қара түнек төнiп келедi, дүниенiң астан – кестенi шығып, асты – үстiне төңкерiлiп барады. Айналаң толған тыңшылар мен «үндеместер», тынысыңды тарылтып, алға бастырмайды, барлық жерде де тыныштық кеткен, қайда барсаң да аңдудан құтылмайсың. Қазақстанды шыңырауға тастап, қатты күйзелттi, соның барлығына Голощекин кiнәлi. Сол келгеннен бастап дүние асты – үстiне төңкерiлдi», деп мұңын шақты.



Сөйтiп, бiздiң әңгiмемiз Голощекин жөнiнде болды. Әңгiме арасында не ол екенi, не мен екенiм есiмде жоқ, әйтеуiр бiреуiмiз оған қастандық жасауға болмас па екен дедiк, Аймауытов өзiнiң мұңы - қастандықты қолдамайтынын бiлдiрдi. Ол маған: «Ол қолдан келе ме, жоқ па бiлмеймiн. Сен өзiңнiң ауылыңа қайта бер, мен жолай Ташкентке соғамын, одан Қызылордаға барамын, сонда Қожановпен, Дулатовпен ақылдасамын, сен өзiңнiң адамыңды жiбер, барлық сұрағыңа жауапты сол арқылы беремiн», - дедi.

Мiне, Дiнмұхамед Әдiловтiң осы сөзi Жүсiпбектi «саяси қастандық жасады» деген айыппен кiнәлауға себепкер болды. Дiнмұхамед (Дiнше) Әдiлов өте күрделi өмiрбаянның иесi. Оны он төрт жасында көшеден көрiп қалған Мiржақып Дулатов бауырына тартып, Омбыға оқуға түсiредi. Одан қызылдардың әскерiнiң қатарына кiредi, Колчактың түрмесiне түседi, Қиыр Шығыстағы партизан жасағында соғысады, одан Қожановтың көмегiмен қызметке алынады, қазақ драма театрының тұңғыш директоры мiндетiн атқарады. Мiнезi тез, тентек, оқиға құмар Дiнше ауылына барғанда Бетбақдаланы шулатып жүрген, ауылдың қыз – келiншектерiн Сарысудың бойында жинап алып, бейбастақ әрекетке еркiндiк берген Қараноғай дегендi ұстап, оған өзiнше сот құрып, атып тастайды да денесiн мұздың ойындысына батырып жiбередi. Содан бастап қуғынға түседi. 1928 жылы желтоқсан айының 28 күнi ұсталады. Ол өзiн бiрден ұлттың жоқшысы ретiнде жариялап, «Алашорданың» тапсырмасын орындадым, - деп мәлімдейдi де бүкiл өмiрбаянын хатқа түсiрiп, «Алаш» үкiметiнiң барлық көсемдерiнiң қайраткерлiк әрекетерiн өзiнше баяндап бередi. Сөйтiп, әуелi Мiржақып Дулатов пен Жүсiпбек Аймауытов, содан кейiн Ахмет Байтұрсыновтар түрмеге қамалып, тергеуге алынады. Соның нәтижесiнде алдыңғы топта 42, кейiнгi топта 30 адам жазаға тартылады. Тергеу барысында Жүсiпбек Аймауытов өзiне Дiнмұхамед Әдiловтiң бiр рет жасырынып келгенiн, Голощекинге қастандық жасаймын деп қоқиланғанын, бiрақта оған тентектiкпен iс бiтпейдi, сен бар жағдайды айтып, Қараноғайдың қылмысын дәлелдеп, өкiметке жаз. Ал қастандық жасаймын дегендi ұмыт. Халыққа кесiрiң тиедi, - деп шығарып салғанын айтады. Сондай –ақ, Жүсiпбектiң үстiнен өзiнiң шәкiрттерiнiң де арыздары жиналыпты. Шымкент педагогикалық техникумының студентi Қалабай Бекдуллаев бастатқан үш шәкiрттен жауап алыныпты. Оның iшiнде кейiннен аты қазаққа танымал болған бiр адамның аты да ұшырасады. Оның барлығын тәптiштеп айтудың пәлендей қажетi шамалы. Соңғы адамның барлық мән – жайды өзi түсiндiрiп беруге толық мүмкiндiгi бар екендiгiн ескерiп, жария етпеудi жөн көрдiк. Айта кететiн бiр жағдай, 1977 жылы қараша айында Жүсiпбек Аймауытовтың шәкiртi, атақты аңыз адам Бауыржан Момышұлына жолығып, әңгiме барысында Мағжан мен Жүсiпбек туралы мағлұмат сұрадым. Ол әңгiменiң өзегi өзгеше бiр тақырып. Сонда Баукең: «Мен Жүсекеңнiң тiкелей шәкiртi боламын. Одан оқыған үш адам қатарға iлiктiк. Мен, Құрманбек Сағындықов, Әбдiлдә Тәжiбаев. Қалғандарының денi есiмде қалмапты. Өте мәдениеттi, өнерлi, кiшiпейiл адам едi. Музыка аспаптарының бәрiнде ойнайды, жақсы дауысы бар едi. өзiнiң де ән шығаратыны бар екен. Скрипкада тамаша ойнайтын. Аспаптарды өзi жасайтын. Етiктi жақсы тiгетiн. Менiң ойымша ол кiсiге өтiрiк жала жабылды. Оған менiң көзiм анық жетедi. Кеңес өкiметiне қарсы үндеу жазыпты – деген сөз жала. Түбi ақталатын ұлы адамның бiрi – осы Жүсекең» - деп әрi қарай шығармаларын тiзбелей жөнелдi. Ол кезде мен де Жүсекеңнiң негiзгi шығармаларын оқып едiм. Оның жөнiн бiлген соң батырдың көзi күлiмдеп Мағжан туралы ұзақ бiр хикая айтты. Ғабит Мүсiрепов марқұм да Жүсекеңдi ақтауға қатты талпынып едi. Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаевтiң өзiне кiрiп, оның түрмедегi iсiн алдыртты. Сонда, әлгi үндеу алдынан шығыпты. Ғабең: «Мынау Жүсiпбектiң жазуы емес» - деген кезде Димекең екiншi бiр iрi қайраткердiң: «Жазу – Жүсiпбек Аймауытовтiкi», - деген куәлiгiн көрсетiптi. Бұл жайды бiз де Димекеңнiң өз аузынан естiдiк. Бiр таңданарлығы, бұл үндеу бiз қараған тергеу iсiнде көзге түспедi. Бiрақ ол туралы шәкiртi Қалабай Бекдуллаевтiң айыптау куәлiгi сақталыпты. Ендi бiз соны назарға ұсынамыз:

«Қалабай Бекдуллаев, 22 жаста, Қызылорда қаласындағы Атбасар көшесiнiң 2 – үйiнде тұрады, 1921 жылдан комсомол, қазақ, батырақ, мектеп мұғалiмi, үйленген.

- Ол 1926 жыл мен 1928 жылдың аралығында Шымкенттегi педагогикалық техникумның оқытушысы болды. Аталған оқу орынында сабақ берген кезiнде ол өзiн барып тұрған ұлтшыл – алашордашы ретiнде көрсеттi, барлық жерде және үнемi студенттердiң миына ұлтшылдық сананы егуге тырысты. Мысалы, арнайы әдеби бақылау орындары басып шығаруға рұхсат бермей қайтарып жiберген әдеби шығармаларын, кiтаптарын шәкiрттерге оқуға бердi. Әсiресе, жоғары класс оқушыларына оқу үшiн таратып берген кiтаптардың iшiнде «‡рбек» ( - ? – Жүсiпбектiң бұл аттас шығармасы кездеспедi. Зады, «Ақбiлектi» нұсқап отырса керек. Әлде, Евгения Аймауытованың өзi Жүсiпбектiң тапсырмасы бойынша Ғабит Мүсiреповтiң қолына 1933 жылдары табыс еткен қолжазба ма екен – Т. Ж.) атты шығармасы ерекше көзге түсетiн. Бұл кiтап «алашордашылардың» рухында жазылған, онда ескi қазақ зиялыларын бiрiгуге шақырған. Кеңес өкiметiнiң олармен күресуге шамасы келмейдi делiнген. Сондай – ақ, ол студенттерге «Ақ жол» газетiнiң ескi тiгiндiсiн (1923 жылғы ғой деймiн) әкелiп, ондағы өзiнiң «Қилы, қилы заман болды, қарағай басын шортан шалды» - деген мақаласын оқытты. Ол бұл мақаласында қазiргi қоғамға деген өкпесi мен сенiмсiздiгiн бiлдiрген.

Жоғарыдағы аталып өткен әдеби шығармалардан басқа педтехникумның студенттерiнiң арасына өзiнiң «Сылаң қыз», «Мансапқорлар», т. б. кiтаптарын оқуға таратып бердi. Бұлар студенттерге қосымша құрал ретiнде пайдалануға ұсынылды, бiрақта мазмұны жағынан алғанда ұлтшылдық рухымен жазылғандықтанда ондай кәдеге жарамайтын. Ол туралы «Еңбекшi қазақ» газетiнде сын мақала жарияланды, кеңес өкiметiне қарсы бағытталғандықтанда бұл кiтаптардың қазақ әдебиетiне ешқандай қажетi жоқ делiнген.

Петехникумда сабақ берiп жүрген кезiнде әдебиет пәнiнiң мұғалiмi ретiнде студенттердiң назарын әр түрлi қажетсiз нәрселерге аударып, түкке пайдасы жоқ Мағжан Жұмабаев пен Абайдың өлеңдерi мен поэзиясынан мысал келтiрiп, үзiндi оқитын, жалпы алғанда оның оқыған дәрiсiнен студенттер ешқандай да пайда алды деп айта алмаймын. 1928 жылы көктемде педтехникумның бiр топ студенттерi оқу бiтiргелi жатқанда белгiсiз бiреу Шымкент қаласының көшелерiне алашордашылардың үндеуiн желiмдеп жапсырып кеттi. Менiң пайымдауымша және оны толық сенiммен айтуыма да болады, бұл Аймауытов пен оның ықпалындағы студенттердiң және губерниялық соттың қызметкерi Досовтың (ОГПУ тұтқынға алған) қолымен iстелген iс. Бұл үндеу шыққанға дейiн Аймауытов Ербазаров Әлiмбек (қазiр шет елде жүрген қазақ ұлтшылы Мұстафа Шоқаевтiң бауыры), Хамитов Әлиайдар (оның да Шоқаевпен туыстық байланысы бар) сияқты студенттермен ерекше дос боп жүрдi. Бұл студенттердi Аймауытов жиi – жиi үйiне қонаққа шақыратын... Егерде iшiнара кейбiр студенттер: «Неге бiзбен саяси тақырып жөнiнде әңгiмелеспейсiз» - деп сұрақ қоя қалса ол үнемi: «Бiз саясатқа араласпаймыз, ол жөнiндегi бiздiң құқымыз шектеулi» - деп жауап беретiн... Аймауытов әсiресе ұлттық қазақ театрының артистерiмен тығыз байланыста болды және олардың арасында беделi зор едi, оның iшiнде мемлекеттiк ұлттық театрдың директоры Шанинмен, Жандарбеков Құрманбекпен (Аймауытов кезiнде сабақ берген Ташкенттегi қазақ институтының бұрынғы түлегi), Байзақов Исамен және Әмiремен (екеуi де ұлттық ақындар) ерекше жақын едi. Бұл артистер Шымкент қаласына келген бетте – ақ жақын достары ретiнде Аймауытовтың үйiнiң төрiн бермейтiн».
Мiне, ұстазына шәкiртiнiң көрсеткен «қызығы» осындай.

Түсiнiгi төмен, Абайды халық жауы деп санап жүрген мұғалiм – сымақтың пiкiрiн талдап жатпаймыз. Тек «‡ндеудi» жазған деген жаласын терiске шығару үшiн ғана мысал келтiрдiк. Мiржақып Дулатовтар жаппай ұсталып жатқанда Жүсiпбектiң «Алашорданың» ұранын жазып, көшеге iлiп қоюы ешқандай қисынға келмейдi. Мүмкiн, оның ықпалындағы студенттердiң өкiметке өз бетiнше көрсеткен қарсылығы болуы мүмкiн. Голощекин мен «‡ндеу» туралы дерек дәлелденбесе де Жүсiпбектiң мойнына айып ретiнде тағылды. Негiзгi себеп осы ғана. Соныменен:

“1930 жылғы 4 көкек күнгі ОГПУ-дің ерекше қаулысы бойынша: 1. Байтұрсынов Ахмет, 2. Дулатов Мiржақып, 3. Есболов Мырзағызы, 4. Ғаббасов Халел, 5. Әдiлев Дiнмұхамед, 6. Аймауытов Жүсіпбек, 7. Бірімжанов Ғазымбек, 8. Юсупов Ахметсафа, 9. Кеншімов Мәдібек, 10. Тоқманбаев Барай, 11. Әбдікеев Бітімбай, 12. Әбдікеев Піттібай, 13. Байділдин Әбдірахман атылсын”, - деген үкім шықты.

Сондай–ақ, Битiлеуов Дамолла, Дулатов Асқар, Бөлтiрiков Оспан, Исмағамбетов Темiржан, Барлыбаев Жарахмет, Жұтақов Құлахмет, Есболов Есенбай ең жоғарғы жазаға кесiлiп, ол үкiм он жыл концлагерьде отыру жазасымен ауыстырылды; Жұмабаев Мағжан, Омаров Елдес, Ұрзабеков Абдолла, Сәтбаев Ибрагим, Әдiлев Асқар, Әдiлев Әбуәли, Әдiлев Әубәкiр он жыл түрмеге кесiлдi; Болғамбаев Хайреддин, Байтасов Абдолла бес жыл түрмеге қамалып, солтүстiк аймаққа жер аударылды; Жәленов Кәрiм, Кенжiмбаев Дархан, Мұратов Төреғұл, Ибраев Әкбар, Кәрiбаев Нұрлан, Байдуллаев Ағабек бес жыл түрмеге кесiлдi. Байтұрсынов Ахметтiң, Дулатов Мiржақыптың, Әдiлев Дiнмұхамедтiң, Жұмабаев Мағжанның, Дулатов Асқардың, Бөлтiрiков Оспанның, Исмағамбетов Темiржанның, Барлыбаев Жарахметтiң, Есболов Есенбайдың, Мұратов Төреқұлдың, Кешiмов Мәдiбектiң еңбек мөлшерiнен тыс мүлiктерi тәркiге алынды. Арғымбаев Мұхамедия, Әлин Артықбай, Бектұрсынов Бажай, Майлиев Ерке, Тұрдыбеков Әбдiрахман, Мұханов Кәкен, Құлмұратов Тәжiбай үш жылға концлагерьге қамалды.

Мұндағы тiзiмде аты – жөнi көпшiлiк қауымға таныс емес адамдардың денi Д. Әдiлев пен М. Дулатовтың ауылының адамдары. Туыстары. Олар туралы дербес әңгiме етуге лайық. Араға сегiз ай салып барып, 1931 жылы 8 қаңтар күнi iс Мәскеуде қайта қаралып: Бiрiмжанов Ғазымбекке, Есболов Мырзағызға, Дулатов Мiржақыпқа, Байтұрсынов Ахметке шығарылған ату жазасы туралы үкiм күшiн жойып, олар түрмемен ауыстырылды. Бұл тiзiмге, өкiнiшке орай Жүсiпбек пен Халел Ғаббасов iлiнбей қалды. Неге? Оның бiрiншi кiлтипанын жоғарыда айттық. Екiншi себебi: Ежов бұл кезде Мәскеудегi ОГПУ –дiң көсемдерiнiң қатарына қосылып келе жатыр едi. Ал 1922 жылы С.Сәдуақасов оны Семей губерниясының басшылығынан алып тастаған кезде Халел Ғаббасов пен Жүсiпбек Аймауытов оған қарсы «сөйлеп», «коммунистiк колонизаторлық» пиғылын әшкерелеген болатын. Олардың бұл мiнезiн «кене – адам» - Ежов кешпедi. Екеуiн де оқтың үшiне байлады. Одан ешкiмде арашалап қала алмады. Тағдырдың талқысы деген сол.

Талант пен төзiмдi таразылайтын тез – түрме емес. Ол жүйкесi темiрдей қатты, ерiк – күшi мықты, парасат пайымы терең деген талай – талай тұлғалардың рухын диiрменге үгiткен қиыршықтай етiп уатып жiбергенiн бiлемiз. Әсiресе, жаппай қысымға ұшыраған кезеңдегi тергеу iсiндегi сұрақ - жауаптар жұлын – жүйкедi инедей шаншып, тiтiркендiредi. Қауiпсiздiк комитетiндегi «Алаш iсiн» қарап шығуға рұхсат алғаннан кейiнгi бiр жарым жыл бойы Ләйлә Мұхтарқызы күнде кешке қарай хабарласып, сондай бiр жасқаншақ үнмен тiл қатып, әкесiнiң берген жауаптарынан көңiлге секем алатын ештеңе табылмағанына көзi жеткен соң, кәдiмгiдей жадырап қалатын. Тергеудегi жауаптардың ксерокөшiрмесiн қарап отырып, төменде келтiрiлетiн көрсетiндiнi көргенде: «Құдай сақтасын, мынау менiң әкемнiң жазуы емес, қатесi қандай көп!» - деп зәресi ұшып кеттi. Шындығында да, бұл жауап Мұхтар Әуезовтiң өз қолымен қағазға түсiрiлмеген. Оны тергеушiлердiң бiрi жазған. Тергеу iсi аяәталып келе жатқанда ресмилiктi сақтауды қажет деп таппаған сияқты. Жалпы осы тергеу барысында Смағұл Сәдуақасовты, Сұлтанбек Қожановты, Тұрар Рысқұловты қалайда қылмысты етiп шығаруға тырысқан есекдәмелi пиғыл аңғарылады. Әсiресе, 1921 1922 жылдағы осы үшеуiнiң әрбiр әрекетiн тәптiштеп сұрап отырған. Бұндай сұрақ Мұхтарға да қойылды. Оған Мұхтар:

«... Партияның шығыс бөлiмшесiн құруды көздеген мәселеден хабарсызбын, Орынбор қаласындағы Өлкелiк комитеттiң кеңейтiлген мәжiлiсiнде Рысқұловтың сөйлегенiн бiлемiн, бiрақ партияның шығыстық комитетiн құру туралы мәселе көтерiлген жоқ. Жеке басыма келсем, Рысқұловтың нұсқауы бойынша сөйлеген емеспiн.

Қалғандарын өзiмнiң жауабымда айтқанмын. Қазақ ұлтшылдарының ұйымына ешқашанда кiрген емеспiн. Көзсiз ұлтшылдық менде болған емес. Ғылыми марксизммен танысқаннан кейiн және кеңестiк жүйе артта қалған ұлттардың барлығының басын қосқан күш екендiгiне көзiм жеткеннен соң, өзiмнiң пiкiрiмдi түбiрiмен өзгерттiм, өзiмнiң педагогикалық және зерттеушiлiк қызметiмдi маркстiк көзқарасқа негiздедiм», - деп жауап берiптi.


Зады бұл екi жылға созылған тергеудiң соңғы сұрақ - жауабы болса керек. Өйткенi әлгi жазудың астына: «Протоколдi оқып шықтым. Мұхтар Әуезов», «1931 жылдың 28 қыркүйегi күнi тергеудiң аяқталғаны туралы маған хабарлады. Мұхтар Әуезов» деген қолын қойыпты. Тергеудiң айыптау қорытындысы үш айдан кейiн ғана дайын болған. Онда:

«ОГПУ – дiң 1924 жылғы № 172 бұйрығы бойынша бұл iс ОГПУ – дiң коллегиясының жанындағы Ерекше кеңестiң (әйгiлi үштiктiң – Т. Ж.) қарауына жiберiлiп, сотсыз үкiм шығаруға ұсынылуға тиiстi.

Анықтама: тергеу iсi бойынша тұтқындалғанның барлығы да Алматы қаласындағы түрмеде отыр, олардың барлығыда ОГПУ –дiң коллегиясының қарамағына берiлдi.

ПП ОГПУ –дiң ерекше бөлiмiнiң

КАССР-дегi бастығы Хворостян.

Өкiлеттi өкiл В. Попов.

Келiсiмдi бердiм:

ПП ОГПУ–дiң жанындағы прокурор Столбов.

21 / ХII – 31 ж.» - деп жазылыпты.
Алайда, Қазақстанның жазалау мекемелерiнiң тергеу қорытындысына қанағаттанбаған және үкiмет басындағы саясаттың өзгеруiне байланысты құбыла қалған Мәскеудегi ОГПУ –дiң «ерекше өкiлдерi» iстi керi қайтарды.
«ОГПУ –дiң Коллегиясының 2/III – 32 жылғы қаулысына сәйкес: Ермеков Әлiмханды, Досмұхамедов Халелдi, Досмұхамедов Жаhаншаны, Күдерин Жұмаханды, Қожамқұлов Нәшiрдi, Ақбаев Жақыпты, Әуезов Мұхтарды, Қадырбаев Сейтазымды, Сүлеев Бiләлдi, Тынышбаев Мұхамеджанды, Мұрзин Мұхтарды, Бұралқиев Мұстафаны, Кемеңгеров Қошмұхамедтi, Ысқақов Даниалды, Мұңайтбасов Әбдiрахманды, Тiлеулин Жұмағалиды, ‡мбетбаев Алдабергендi, Омаров Уәлиханды айыпқа тартқан № 121027 – iс қайтадан қосымша тергеу жүргiзiлуге жiберiледi.

Қосымша: 5 томнан тұратын тергеу iсi және ОГПУ – дiң 2 / III – 32 жылғы № 141850 қатынасы.

ОГПУ –дiң тiркеу – есеп жүргiзу бөлiмiнiң бастығының көмекшiсi

2 – бөлiмнiң бастығының көмекшiсi



  1. IV. 1832 ж.» - деп iстi керi қайтарды.

Зубкин.

Мишустин.


Демек, тұтқындар тергеу ресми аяқталғаннан кейiн де сегiз ай бойы соттың үкiмiн күтiп жатқан. Мәскеудiң жоғарыда жiберген қатынасы олардың өмiрiне ешқандай да өзгерiс әкелген жоқ. Араға екi күн салып барып олардың үкiмi кесiлдi. Бұл тек қана «ұлы көсем» - Сталиннiң «табысқа бас айналу», «коллективтендiру науқанындағы асыра сiлтеушiлiк», «мәдениет саласындағы әсiресолшылдық» туралы жазған «данышпандық еңбектерiнiң» артын баққан бақай қулық қана болатын.

Әйтпесе, жазалау диiрменiнiң шығыршығы айналып кеткен. Оны тоқтату – осы шығыршығы iске қосқан қаскөйлер мен қатыгез жендеттердiң өзiнiң де қолынан келмейтiн. Өйткенi, дүлей шығыршық оның өзiн де iлiп әкетiп, жаншып жiберетiн. Кейiннен солай болды да. Бiрақ отызыншы жылдардың басында «ұнтақтайтын дән», «жаныштайтын жау», талқандайтын тұлғалар жеткiлiктi болатын. Сондықтан да алдын ала дайындалған үкiм сол күйiнше қалды. Соның тiшiнде, «Алаш iсiндегi» үшiншi айып - «мәдениет майданындағы ұлтшылдардың қастандық әрекеттерi» жөнiндегi тергеушiлердiң қортындысы сол күйiнде күшiн жоймады. Тынышбаев пен Досмұхамедов басқарған «қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымының мәдениет майданындағы қылмыстары» мынаған келiп сайды. Бiз мәселенiң мәнiсiн толық түсiну үшiн әрi осы тарауда айтылған жайлардың астарын толық бағамдау үшiн «айыптау қортындысын» тұтастай келтiремiз.


«2. Мәдениет майданы
Өздерiнiң жолын қуатын iзбасарларды дайындаудың аса маңызды мәселе екендiгiн ескере келiп, ұйым мүшелерi оқушы жастарды өздерiнiң қарамағына iлiктiру үшiн белсендi түрде қимылдады және оларды ұлттық рухта тәрбиелеуге ұмтылды.

«...1926 жылы оқу–ағарту институты бiздiң ықпалымыздан шығып кеттi, оның есесiне Ташкенттегi жоғары оқу орындарындағы партияда жоқ жастарды өзiмiздiң ықпалымызға қаратып алдық. Бiз мұны жоғары оқу орындарында оқып жүрген Байтасов пен Ысқақов арқылы жасадық. Бұл 1924 – 1926 жылдары жүргiзiлдi. (Досмұхамедовтiң 22.IХ.30 жылы берген жауабынан № 2370 – iс 1 т., 220 - бет).

Жастардың арасындағы өздерiнiң ықпалын күшейту үшiн және ұлтшыл рухтағы жастарды дайындау арқылы өздерiнiң идеяларын бұқара қауымның арасында кеңiнен тарату үшiн контрреволюциялық ұйым баспасөздегi, мәдени – ағарту мекемелерiндегi және ғылыми – зерттеу мекемелерiндегi, жоғары оқу орындарындағы, ең бастысы, әдебиет саласындағы контрреволюциялық әрекеттерiн өршiте түстi.

Астыртын ұйымның бұрынғы мүшелерiнiң көмегімен басылып шыққан кiтаптар – бұқара халықты ұлттық рухта тәрбиелеуге, хан мен батырлардың дәуiрiн аңсау сарынында, кеңес өкiметiне наразылық тудыру рухына бағытталды.

Жекелеген әдеби еңбектердi дайындау белгiлi бiр тәртiп бойынша жүргiзiлiп, ұйым мүшелерiне өзара бөлiнiп берiледi. «Алқа» атты астыртын әдеби үйiрменiң өмiр сүруi әдеби еңбектердi белгiлi бiр тәртiп бойынша бөлiсiп дайындауға ұйытқы болды, оның бағыт – бағдарын («Табалдырықтың») анықтауға Жұмабаев М. және айыпталушылар Ысқақов Даниял, Досмұхамедов Х., Әуезов Мұхтар мен Кемеңгеров Қошмұхамед қатысты.

«Осы кезде әдебиет майданындағы жұмыстарымыз жандана түстi… Әуелi Аймауытов, содан кейiн Кемеңгеров келiп қосылып, бiздiң iсiмiздi жүргiзiп отырды. Өзiмiздiң ықпалымызды баспасөз арқылы кеңiнен тарату үшiн бiз барлық күшiмiз бен жағдайды пайдаланып қалуға тырыстық... «Алқа» үйiрмесiнiң пайда болуы да соның нәтижесi. Бұл iстi тiкелей жүзеге асырған Ысқақов, Кемеңгеров және Байтасов маған жұмыс бабы бойынша кеңес алу үшiн келiп тұрды, мен оларға өзiмнiң нұсқауларымды бердiм». (Досмұхамедов Х., № 2370 – iс 1 т., 221 – парақ).

«Алашордашылар» көркем әдебиетке ерекше көңiл бөлдi. Олардың көзқарасын бұқара халыққа кеңiнен таратуда пьесалар, өлеңдер, ескi әдебиеттiң нұсқалары, әңгiмелер мен фельетондар, тағы да басқа жанрлар таптырмайтын оңтайлы құрал болды... Бұған қоса Байтұрсынов: қазақ жазушылары өзiнiң туындыларында тек қана қазақ ұлтының мұқым мүддесiн қорғауы тиiс деп үндеу тастады... Әуезов Мұхтар мен Ысқақов Даниал да 1923 жылы осыған шақырып, әдебиет мәселелерiн ұлтшылдық бағытта талдады, өздерiнiң мақалаларында Аймауытов пен Кемеңгеров те солай iстедi». (Байдiлдин, № 5441 784 – iс, IV т., 134 – парақ»).

«Бұдан кейiнгi жылдарда кеңес өкiметiне қарсы ашық пiкiр бiлдiре алмадық, оны жүзеге асыра қоятындай күш болмады, сондықтанда барлық күштi кеңес мекемелерiндегi қызметке ие болып, сол арқылы кеңес өкiметiнiң науқандары мен шараларына бөгет жасауға тырыстық». (Тынышбаев, № 2370 – iс, 1 т., 131 – парақ).

«...мәдениет майданындағы жұмыстарды толықтай, ұйымды қаражатпен қамтамасыз ету үшiн шаруашылық саласын жарым – жартылай қолға алуға шешiм қабылдадық. Бiздiң тобымыздың тiзiмiн Рысқұловқа берiп, жұмысқа жауапты қызметке қоюды ұсындық. Ұйымның өкiлi ретiнде Рысқұловқа бұл тiзiмдi мен және Әдiлов апарды. Берiлген тiзiм оны толық қанағаттандырды... Менi ұйымның атынан Оқу–ағарту коллегиясының мүшесi етiп бекiттi...» (Қашқынбаев, № 2370 – iс, 1 т., 378 – парақ).

«...бiздiң ойлаған мақсаттарымыз кеңес өкiметiнiң мемлекеттiк басқару аппараты арқылы жүргiзiлiп, iске асты. Басқа салаларға қарағанда мәдениет майданында бiз көп iс тындырдық.

а). Оқу–ағарту комиссариатының ғылыми комиссиясында Байтұрсынов, Досмұхамедов және Ысқақов қызмет iстедi.

б). 22 – жылға дейiн Оқу – ағарту комиссариатын Байтұрсынов басқарды, одан кейiн Сүлеев Оқу – ағарту комиссариатының орынбасары болды, одан кейiн Сәдуақасов келдi, ОАК – ға Дулатов та жақын жүрдi, бiр кезде Ташкенттегi институтттың директорлығының мiндетiн Әдiлов те атқарды.

в). Қазақ мәдениетi мен ағарту iсiнiң жанашырларының қоғамы құрылды. Басқарма мүшелерiнiң құрамында: Х. Досмұхамедов төраға, Есболов орынбасар, Әуезов, Тынышбаев және Ж. Досмұхамедов пен Қашқынбаев болды.

г). Қазақтың мемлекеттiк баспаларында – Досмұхамедов пен Ысқақов Даниал (Ташкентте), Дулатов (Қызылордада да), Бөкейханов пен Әуезов (Мәскеуде) қызмет iстедi.

д). Оқулықтарды – Байтұрсынов, Дулатов, Омаров Елдес, Досмұхамедов Х. және («Алашорданың» кезiндегi идеологиялық бағыт – бағдар бойынша) жазды.

е). Аударма әдебиеттерiмен – Бөкейханов, Дулатов, Жұмабаев, Байтасов (аудармалардың мағынасын бұрмалап, керексiз, кеңес мектептерi мен бұқара халыққа аса қажеттi емес кiтаптарды аударумен шұғылданды.)

ж). Қазақ тiлiнде мыналар: Х. Досмұхамедов (қазақтардың тәуелсiз кезiндегi өмiрiн жырлаған, батырлар мен қазақ даласының құдiретiн баяндайтын ежелгi әндер мен халық аңыздары), Әуезов (өткен кездiң табиғаты мен ауыл өмiрiн үлгi ете эпикалық сарында суреттедi,оларды үлгi етiп көрсеттi), Жұмабаев (сол сарындағы әндер мен өлеңдер), Тынышбаев (орыс тiлiнде – кең байтақ кең далаға қоныстанған бұрынғы тәуелсiз өмiрдiң, өзге халықтарға тәуелсiз күн кешкен тарихын) кiтап етiп бастырып шығарды.

з). Ескi араб әлiпбиiн жақтап қорғағандар: Байтұрсынов, Е. Омаров, Байсейiтов Әзiз.

и). Тiлдiң тазалығы үшiн күрескендер: (бұрынғы атаулар мен ұғымдарды): Байтұрсынов, Жұмабаев, Х. Досмұхамедов.

к). Маркстiк қондырғысыз, бұрынғы «Алашорданың» идеологиясының негiзiнде мектепке: Байтұрсынов, Аймауытов, Жұмабаев, Байтасов, Жәленов, Омаров Е., Омаров А.С., Байсейiтов Әзiз, Әдiлев, Әуезов, Х. Досмұхамедов, М. Тынышбаев оқулық жазды.

л). Баспасөзде пiкiр бiлдiргендер: («Ақ жол» және басқа да «Алашорданың» идеологиясының ықпалында болған басылымдар арқылы): Байтұрсынов, Дулатов, Жұмабаев, Әуезов, Есболов, Аймауытов, Омаров Уәлихан, Досмұхамедов Х., Қашқынбаев, Қожамқұлов, т. б.

м). Көпшiлiктiң алдында лекция оқып, баяндама жасағандар (қазақтың мәдениетi мен тарихын, өмiрiн «Алашорданың» идеологиясы» тұрғысынан түсiндiргендер): Досмұхамедов., Есболов, Қашқынбаев, Жұмабаев, Әуезов, Тынышбаев – бұлар Ташкенттегiлер, Орынбордағыларды бiлмеймiн, Қожанов та баяндама жасаған, Аспендиаров пен И. Тоқтыбаев және басқалар да араласты.

н). Университетте (Алматыдағы) сабақ бергендер: Байтұрсынов, Ермеков, Досмұхамедов Х, (университеттiң ашылу кезiнде Байтұрсынов «Алашорданың» идеологиясы тұрғысынан сөйледi).

Осы кезде шыққан кiтаптардың көпшiлiгi «Алашорданың» идеологиясы тұрғысынан жазылды, оқу орындарының түлектерi сол идеямен қаруланып шықты. (Тынышбаевтiң 3. Х. 30 ж. жауабынан. № 2370 – iс, 1 т., 277 – 278 – парақтар).

Соңғы уақытта, Тынышбаев және басқа да астыртын ұйымның мүшелерi түрмеге қамалғаннан кейiн, ұйым мүшелерi Оқу – ағарту комиссариаты мен жоғары оқу орындарына, оның iшiнде қазақ мемлекеттiк университетiнiң маңына топтаса бастағаны байқалады.

Қазақ жастары оқып жатқан Қазақ мемлекеттiк университетiне, бiз өзiмiздiң идеологиямызды кеңiнен таратуға мүмкiндiк беретiн оқу орыны ретiнде қарадық. Қазақ мемлекеттiк университетiн бiтiрiп шыққан соң мектептерде сабақ беретiн, қалың бұқарамен тығыз байланыста болатын жастарды оқытады, сондықтанда, бiз үшiн жастарды «Алашорданың» рухында тәрбиелеудiң маңызы ерекше болды.

Қаз МУ-дiң ректоры Аспендиаров пен оның орынбасары Жандосов бiзбен жақсы араласып тұрды және бiзге сендi, сондықтан олар бiздiң пиғылымызды аңғарған жоқ. Мысал үшiн, бiздiң оқу орындарындағы жүргiзген әрекетiмiз туралы маған Домұхамедов хабарлаған бiр жайды айта кетейiн: Досмұхамедов Қаз МУ–де рефлекстанудан дәрiс бердi және шәкiрттерге маркстiк емес тұрғыда түсiнiк бердi. Мұны байқап қалған студенттер,одан сабақты маркстiк тұрғыдан түсiндiрудi талап етiптi. Сонда ол: мен марксшыл емеспiн, сондықтан маркстiк тұрғыдан түсiндiрiп бере алмаймын, сондықтанда рефлекстануды маркстiк негiзде оқытатын адамды өздерiң тауып алыңдар – дептi. (Тынышбаевтың 4/Х – 30 ж. жауабынан № 2370 – iс, 1 т., 312 – парақ ).

Тағы да ол:

«Оқу – ағарту комиссариатының нұсқауы бойынша бiз оқу орындарында қызмет етуге және кейбiр кiтаптарымызды шығаруға мүмкiндiк алдық. Досмұхамедов пен Ермеков ҚазМУ – де, Сүлеев – Семейдiң Аймақтық оқу – ағарту бөлiмiнде қызмет еттi» (Сонда, 313 – парақ) – деп көрсеттi.

Досмұхамедов Х.:

«...байдың балаларын ҚазМУ – ден шығарып тастаған кезде мен оны (Аспендиаровты – тергеушiлердiң ескертуi – Т. Ж.) бұлар байдың балалары емес деп сендiруге тырыстым. (Досмұхамедовтiң 21 IХ – 1930 ж. жауабынан. № 2370 – iс, 1 т., 209 – парақ)».

Мiне, қазақ ұлтының рухани мұрасын сақтап қалған тұлғаларға деген көрсетiлген «құрметтiң» сиқы осындай. Әрине, тергеушiлер үшiн мұндағы айтылған жайлардың байыбына барудың пәлендей қажетi жоқ. Тек тiзiм мен дерек болса жетiп жатыр. Егерде, дәл сол кезде Ахмет Байтұрсынов қазақ тiлi мен әдебиеттану ғылымының негiзiн салмаса, бiз бұл күндерi бастауыш пен баяндауышты - бастаушы мен қостаушы, анықтауыш пен толықтауышты, айқындаушы мен толдықтырушы, зат есiм мен сын есiмдi – негiздi есiм мен түрлi – түс, қимыл есiмi деп атап жүрер ме едiк, кiм бiлсiн. Ал, шылау мен үстеудi, етiстiктi қалай атарымызды бiр алланың өзi бiлсiн. «Тiлмен ұғымның тазалығы» үшiн күрескенiне «айыпкер, алашордашыл» атанған Ахаңсыз есептiң төрт амалына – алу мен қосуға, бөлу мен көбейтуге ат тауып көрiңiзшi. Алынғыш, қосылғыш, көбейткiш, бөлiнгiш деп тәржiмаланып жүрген ұғымдардың санамызда мәңгi тұрақтап қалмасына кiм кепiл? Мағжанның өлеңдерiнсiз, «Ақбiлексiз», «Қилы замансыз», «Аламансыз», «Қазақ тарихынсыз», жаратылыстану, физика, психология, геология саласындағы алғашқы оқулықтардағы атаусыз (терминдерсiз) қазақтың бүгiнгi рухани, мәдени – ғылыми iлiмдерiнiң дәрежесi қандай «табалдырықта» жатар едi?

Қазақ ұлты рухани парасаттың даму баспалдағына неғұрлым биiктеп көтерiлген сайын, өзi үшiн құрбан болған алаш ғұламаларын соғұрлым құрметтеп, тағзым етуi тиiс. Өйткенi, ұлттың рухани тәуелсiздiгiн сақтап қалғандар да, мәңгүрттiктен құтқарып кеткендер де, болашақтағы тәуелсiздiктiң қасиеттi ұлы жолын анықтап берген де солар.
Уақытты да, Дәуiрдi де, Заманды да;

Қоғамды да, Мемлекеттi де, ‡кiметтi де;

Адамзатты да, Халықты да, Ұлтты да;

Дананы да, Тұлғаны да, Тобырды да;

Ақылыңды да, Жаныңды да, Тәнiңдi де
талқыға салған коммунистiк колонизаторлық жазалаушы өкiметтiң «ұлы құрбандарының» рухы қашанда рухани бостандықтың киелi нысанасы болып қала бередi. Еркiн ұлт сол сезiммен мәңгi өмiр сүредi.

Таланттың тағдырын талқыға салған, тұлғаларды тұқыртқан жазалау науқанының кезектi бiр науқаны былай аяқталды:

«Қазақстандағы бiрiккен Мемлекеттiк Саяси Басқарманың төтенше өкiлеттiгiнiң жанындағы үштiктiң мәжiлiсiнiң № III/к мәжiлiс – хатының көшiрмесi 1932 жыл. 20 көкек.

Тыңдалды: № 2370 – iс бойынша : Тынышбаев Мұхамеджанды, Досмұхамедов Халелдi, Досмұхамедов Жаhаншаны қылмыс кодексiнiң 58/10, 57/7, 58/11 және 58/3 – статьялары бойынша; 2. ‡мбетбаев Алдабергендi, Мурзин Мұхтарды ҚК 58/7, 58/11 – статьялары бойынша; 3. Мұңайтбасов Әбдiрахманды ҚК 58/4, 58/11 – статьялары бойынша; Кемеңгеров Қошмұхамедтi, Бұралқиев Мұстафаны ҚК 58/10, 11 – статьялары бойынша; Күдерин Жұмақанды, Қожамқұлов Нашимдi ҚК 58/11 – статьялары бойынша; Ақбаев Әбдүлхамиттi ҚК 58/11 және 16 – статья бойынша; Ақбаев Жақыпты ҚК 58/10, 59/3 – статьялары бойынша; Қадырбаев Сейтазымды ҚК 58/7, 11 – ст. бойынша; Омаров Әшiмдi ҚК 58/10, 7, 11 – ст. бойынша; Тiлеулин Жұмағалиды ҚК 58/2 – ст. бойынша; Ермеков Әлiмханды, Әуезов Мұхтарды ҚК 58/7, 10, 11- ст. бойынша Омаров Уәлиханды, Сүлеев Бiләлдi 58/2 – статьясы бойынша; Ысқақов Даниалды ҚК 58/10, 11 – статьялары бойынша жауапқа тартты. Шешiм:



  1. Тынышбаев Мұхамеджанды. 2. Досмұхамедов Халелдi. 3. Досмұхамедов Жаhаншаны. 4. ‡мбетбаев Алдабергендi. 5. Мұрзин Мұхтарды. 6 Мұңайтбасов Әбдiрахманды. 7. Бұралқиев Мұстафаны. 8. Кемеңгеров Қошмұхамедтi. 9. Күдерин Жұмақанды. 10. Қожамқұлов Нашимдi. 11. Ақбаев Әбдүлхамиттi. 12. Ақбаев Жақыпты. 13. Қыдырбаев Сейтазымды. 14. Омаров Әшiмдi. 15. Тiлеулин Жұмағалиды – бес жыл мерзiмге концлагерьге жiберуге, оны сонша мерзiмге жер аударумен ауыстыруға... шешiм қабылдады. 16. Ермеков Әлiмхан. 17. Әуезов Мұхтар – үш жыл концлагерьге қамалсын, уақыттары 8/Х – 30 ж. бастап есептелсiн. Ермеков пен Әуезовтiң үкiмi шартты түрде есептелсiн. 18. Омаров Уәлиханды. 19. Сүлеев Бiләлдi. 20. Ысқақов Даниалды қамаудан босатсын, тергеу кезiндегi отырғаны еске алынсын».

Қазақ ұлтшылдарының контрреволюциялық астыртын ұйымын әшкерелеуге арналған бес жылға созылған тергеу ісiнiң нәтижесi осындай үкiммен тәмәмдалды Әуелi тергеуге алынған 30 адамның 10 адамы мерзiмiнен бұрын ерте босатылды. Бұл - қандай бiр аяушылықтың белгiсi емес едi. Оның басты себебi: бүкiл тергеу iсi Голощекиннiң нұсқауы бойынша жүргiзiлген болатын. Ал тура осы 1932 жылы қазақ ұлтының үштен бiрi аштықтан қырылып, Қужақтың өзiне де тықыр таянған–тын. Оның бiрiншi басшы қызметiнен кететiнiн алдын – ала сезген тергеушiлер мен соттар да, үштiктiң мүшелерi де сақтық жасап, iстi қысқа қайыра салған болатын. Ұлтының тағдыры талқыға түсер шақта түрмеге отырғызылған ардагерлер елжұрты ашаршылыққа ұшырап, жаппай қырылып жатқан кезде қапастан шығарылды. Бұл қасiрет оларға түрмеден де көрi қатты батты. Бiрақ қолдан келер қайран мен айла – амал, қайрат, қуат – күш жоқ едi. Олардың әрқайсысы солтүстiктiң орманының бас еркiнен айырылған балташыларына айналды. Кейбiрi қайтып оралды, кейбiрi мәңгiлiкке мұз жамылып, қиян шетте қалды. Оларға туған жердiң бiр уыс топырағы да бұйырмады. Тiрi қалғандары ендi есiн жия бергенде кеңес өкiметiнiң екiншi бiр «ұлы құрбандығы басталды» Оған сол өкiметтi орнатқандар мен алдыңғы «құрбандықты» ұйымдастырғандардың өзi де iлiндi. Ол – заманның талқысы болатын. Бұл «қарадүлейден» (смерчь) кейiн ұлт зиялыларының қатары өрттен кейiн аман қалған жалғыз қарағай құсап сиреп – ақ қалды. Соның бiрi – Мұхтар Әуезов едi. Тiрi қалуы тiрi қалғанымен, заман талқысы зықысын шығарып – ақ кеттi. Ендi сол бiр жанталасқан заманның зауалын басынан кешуiне тура келдi. Басқа салған соң пенде шiркiн көнедi екен. Көндi де.

Б Е С I Н Ш I Б ӨЛ I М


ЗАМАН ТАЛҚЫСЫ




I
Қандай қиыншылыққа қарамастан азаматтық арын таза ұстау – адам атаулының өмiр бойы мақсат етiп, тiршiлiк кешетiн асыл арманы. Бұл ретте, кез – келген пенденiң ғұмырын үлгi ету не сол құбылыстың қатпарлы астарын, тарихи қажеттiлiгiн, не қоғамдық құрылыстың мүдде – жүйесiмен сәйкессiздiгiн түсiндiрiп беру қиынның қиыны. Сәуегейлiк бұл арада жүрмейдi. Тарих талғамы мен таразысы тұрғысынан талдау - қоғам тану ғылымының еншiсiне тиесiлi.

Алайда бiр мемлекеттiң даму тарихындағы күрделi де күрмеуi қиын қатерлi кезеңдi басынан кешiрген Мұхтар сияқты дана адам сол кезде өзiн – өзi қалай ұстады, қандай пендешiлiк кештi, қандай көзқараста болды деген сұрақтар ерiксiз алдыңды орайды. Шындығында да назарға ерiксiз iлiгерлiк, орынды қойылған сауал. Бұған бiр сөзбен мәмiле айту ағаттық. Сол бiр аласапыранның қалай басталғанын, қатерлi дауылдың қалай тез күш алып, өртеңге қойған өрттей қаулағанын мемлекеттiң iшкi – сыртқы жағдайынан тыс қарау мүмкiн емес. Троцкийдiң және оны жақтаушылардың толықтай талқандалуы Сталиннiң халық алдындағы беделiн орасан зор дәрежеге көтерiп, көсемдiк тұлғаға айналдырды. Қатаң тәртiпке негiзделген әкiмшiлiк қалыптасты. Сондай салтанатты кезде «халық жауы» деген сөз бұлтты күнгi найзағайдай әсер еттi. Француз саясаткерi Бенжамен Констанның; «Тек бiр ғана адамның батырлығымен жеңiске жеткен мемлекеттiң де алысқа бара алмайды; оған бас июдiң өзi ағаттыққа әкеп соқтырады», - деген сөзiнiң керi келдi. Жаңа қоғамның экономикалық - саяси жемiстерi тек Сталиннiң есiмiмен байланыстырылды. Жеке басқа табынушылық асқындап барып жазықсыз жандарды құзға құлатты. Шындығында да бiр адамның «қатал еркiне» бағынған ұлы мемлекеттiң iшкi өмiрiне қауiп төндi. Ал, «батыр адамның» оны көруге құлқы болмады. Мүмкiн, әдейi көргiсi келмеген болуы ғажап емес.

Бұл «науқанның» фашизмнiң бас көтеруiне байланысты қырағылық пен сақтылықты, патриоттық сезiмдi оятуға психологиялық жағынан септiгi тигенiмен, сүйiнiшiнен гөрi күйiнiшi басып кеттi. 1936 жылдың аяғында орталық газеттерде, завод – фабрикаларда, транспорт саласында, жауапты қызметкерлер мен әскери бөлiмдер арасында «бүлдiрушiлiк, арандатушылық, шпиондық» әрекеттер жүргiзген бiр топ адамдардың үстiнен жүргiзiлген сот iсi, сұрақ - жауаптары күнсайын жарияланып жатты. Социализмнiң қас жаулары ретiнде халықтың делебесiн қоздырды. Кәсiпорындарда, колхоз – совхоздарда, артельдерде оларды айыптаған мәжiлiстер өттi. ‡кiм айтты. Бiрте – бiрте екпiн алып, өрiсiн кеңейтiп, жалпы жұртшылықтың арасына үрей, сенiмсiздiк туғызды. Ендi, сол халық жауларының тегi қайдан шықты, олар кiмдер және мақсаты не едi деген сұрақтар туды. Сталин оған: «Совет мемлекетiнiң қуат – күшiнiң өсуi өлiп бара жатқан таптың қалдықтарының қарсылығын өршiте түсетiндiгiн есте ұстау керек. Олар өлiп бара жатқандықтан да соңғы күндерiнде жанталасып бағады, олар бiр бұлтақтан екiншi бұлтаққа көшiп, жұртшылықтың артта қалған қауымын үгiттеп, оларды совет өкiметiне қарсы қоюға ұмтылып, бұрынғыдан да батыл азғыруға кiрiседi. Бұрынғы адам деген атынан айрылғандардың Совет өкiметiне жасамаған қастандығы, жаппаған жаласы жоқ және керi тартпашыл элементтердi бiрiктiрiп қарсы қоймаған әрекетi жоқ. Бұрынғы контрреволюциялық оппозициялық элементтердiң де тiрiлiп, жан бiте бастауы мүмкiн. Бұл, әрине, қорқынышты емес. Бiрақ егер бiз осы элементтерден тез әрi үлкен шығынсыз құтылғымыз келсе, онда осының барлығын естен шығармауымыз керек», - деп жауап бердi.

Бұл сөз ол кезде жиi – жиi тиек болды.

Мұның жауабын ол кездегi аса қиын әрi күрделi жағдайға байланысты қалыптасқан iшкi – сыртқы саясаттың психологиялық шиеленiсi мен мемлекет басшысының әдiлдiгiне деген соқыр сенiмнен iздеу керек. «Адамзат тарихында бұрын – соңды кездеспеген жалмауыз - фашизм» батыстан бас көтерiп келе жатты. Ол «жалмауыз» Европа мен Африкадағы мемлекеттердiң бiрiнен соң бiрiн жұтып, сонау Америка құрлығына да аранын ашты. Ал оның, ерте ме кеш пе, бетiн берi бұратыны – еш күдiк тудырмайтын. Алапат апаттың алдындағы қарбалас – үлкендi – кiшiлi аласапыран, арандатулар туғызатындығы диалектикалық шындық. Сондай психологиялық шиеленiстi мұқым ел, барша адам, Сталиннiң өзi де басынан кешiрдi. Троцкийдiң платформасының талқандалуы сенiмдi күшейттi. Фашистiк барлау орындары да қарап қалған жоқ. Барын салып, оқиғаны ұшықтыра түстi. Бұл адамдардың бiр – бiрiне күдiкпен қарауын тудырды. Жаудың – «шын халық жауы» екендiгiн мойындатты. Қанымен, жан – тәнiмен берiле орнатып жатқан қоғамға деген шексiз сүйiспеншiлiк, кiршiксiз сенiм – заңды ашу – ыза қоздырды. Жеккөру, шындыққа күмәнсiз илану, фашизмнiң дұшпандық қимылының түпкi жауыздық жоспарын алдын ала бiлу – халықтың белгiлi бiр мөлшерде жүйкесiне әсер еттi және ақыл – ой парасатын тұмандандырды. Әуелiде белгiлi бiр мақсатпен жүзеге асырылған арандату әрекетi бiрте – бiрте қатерлi «жалмауызға» айналды. Қызған темiр суығанша талай тағдырды жазықсыз жазалап үлгердi.

Қазақстан баспасөзiндегi «халық жауларын» әшкерелеу қақындағы алғашқы теориялық мақаланың авторы Т. Жүргенов те өзiнiң «Казахстанская правда» газетiнiң 1937 жылғы 11 қаңтардығы «Мәдениет майданын талқандалған ұлтшылдықтың қалдықтары мен сарқыншақтарынан тазартайық!» деген мақаласына Сталиннiң жоғарыдағы сөзiн цитата етiп алды. Ойлы, елiне шын жаны ашыған, қазақ өнерiнiң атағын дүние жүзiне таратуға жанкештiлiкпен еңбек еткен аяулы азаматты жаманшылыққа қию - қиянат. Оның өзi сол науқанның алғашқы құрбанының бiрi болды. Барынша әдiл пiкiр айтуға ұмтылған автор ұлтшылдықты әшкерелей келiп: «қазақ халқының «болашағы жоқ» деген «идеяның» негiзiн қалаушы Шоқан Уалихановтың бiрiншi рет патша шпионы ретiнде Батыс Қытайға барып келгендiгiн ескерте кетемiн» - деп те «сiлтеуге» мәжбүр болды. Өнер, оқу ағарту, мектеп саласындағы «ұлтшыл адамдарды» сынай келiп: «Өткендi, қазақ халқының тарихын бағалауда ұлтшыл көзқарастарды өткiзiп жiберу тәсiлi соңғы кезге дейiн орын алып келдi. Қазақ театрының сахынасынан «Хан Кене» пьесасын алып тастау туралы сөз қозғағанда дәл осы мәселе жөнiнде әңгiмелендi деп Мұхтарды ишара еттi. Iле идеология, өнер саласындағы қайраткерлер «халық жаулары» мен «ұлтшылдарды» әшкерелеуге көштi. Алғашқы үш – төрт айда жалпылама, сипай қамшылады. БК(б) П Қазақстан өлкелiк комитетiнiң бюро мүшесi, Қазақ ССР – iнiң халық ағарту комисары Темiрбек Жүргеновтың мақаласындағы «Хан Кене» және басқа да оқу ағарту, әдебиеттану, театр мәселелерiне байланысты айтылған сында Мұхтардың аты аталмаса да, белгiлi бiр дәрежеде айып тағылды. Оған өзара сын ретiнде ресми түрде жауап беруге мiндеттi едi. «Казахстанская правда» газетiнiң 28 қаңтар күнгi санында жарияланған «Жалмауыз сөзсiз жаншылады!» деген репликасы «Қазақ әдебиетi» газетiнiң 5 ақпан күнгi санында «Сақтық күшейiп, көрегендiк артсын» деген атпен аударылып басылды. Онда ешкiмнiң атын атап, түсiн түсiрмейдi. Газет есебiндегi берiлген хабарға сүйенiп, жалпылай тiл қатады. Мұхтар Әуезовтың бұл екi репликасынан, тiптi, «халық жауларының» өзiне тiкелей тиер зиян жоқ едi. Тарихи жағдайдың ырқына көнгендiгiн де, мойынұсынғандығын да танытады және сол кездегi көңiл күйiнен, елегiзуiнен хабар да бередi.

Әлқиса, бұл арада сәл түсiнiк бере кету қажет. Екi газетте «халық жауларының» әшкереленгенiне, олардың қылмыстарын «мойындағанына» орай арнайы қос бет ұйымдастырып, репликаны орыс және қазақ тiлiнде басты. Солармен бiрге он үш адамды атуға, қалдырғандарын бас еркiнен айыруға бұйырылған үкiм де орын алды. «Халық жауларына» қарсы халықтың наразылығын бiлдiрген үн қосулардан жазушылар одағы да тыс қалмады. Қаламгерлердiң «үндеуiне» Сейфуллин, Мұқанов, Жансүгiров, Әуезов, Өтепов, Қаратаев, Орманов, Тәжiбаев, Жароков қол қойды. Iлияс, Жақан, Өтебай, Қалмақан, Тайыр мақала жазды. «Сақтық күшейiп, көрегендiк артсын» деген Мұхтардың репликасы да сонда басылды. Мазмұны мынадай:

«Мұхтар.
Сақтық күшейiп, көрегендiк артсын.


Халық фольклоры, адам ұрпағына жау болған жауызды жетi басты жалмауыз деген бейнемен суреттеп едi.

Ертегi ескiлiктiң заманындағы адамға қарсы тұрған қараңғы әлемнiң барлық сұм, сорақы белгiсiн бiр араға жиған жиынтық - кескiн осы болатын. Бұл ең жыртқыш, жауыз, ең нас – сұрқия. Осыған ұқсаған екiншi бiр кескiн бар. Ол, шын дүние туындысы. Мұны тапқан зоология ғылымы. Бұл сұмырай «құбыжықты» теңiз кезген кемешiлер көрiп, атын сегiз аяқ - спрут деп қойыпты. Оның өзi адамға ұмтылғанда қайыс аяқтарын бiрiнiң артынан бiрiн жұмсап кеп орап алмақ болады. Сол кезде ылай судан, батпақты шыңыраудан сұм жайынның басы шығып, ұстаған затын жемекке ұмтылады.

Мiне, осындай лас сұмырайлардың арты әлi күнге арылмаған екен. Бiрақ ендiгi кескiнi ертегi дүниесiнде емес, адам ортасында боп отыр. Олар, мына бүгiн тарих сотының үкiмiмен қара таңба басылып шыққан сұрқия жаулар.

Бұларда жаңа тарих адамына, герой адамға қарсы тұруға ойлаған спрут туыстас, кейiптестерi секiлдi көп басты дұшпан.

Фашистiк лас – жауыз, обыр қарынмен астасқан әлденеше құзғын бастың аттары: Троцкий, Пятаковтар неше түрлi - «оң» мен «солдар», диверсант контрреволюцияшыл ұлтшылдар. Осы жауыздардың қайыс аяқтары, герой адамның тұтасып бiте қайнасқан бiр денесiн, сом денесiн шырмамақ болған, ол қара жүздi сұмырай жыртқыштар, әдiл соттан үкiм алып қырқыла-қырқыла ұрылды. Жалмауыздар қалып қойған әр басында осындай қыр табандары ұрып, тапжылдырмай қиып түсiрiп құртып отыру үшiн әлде де мықты сақтық күшейiп, көрегендiк арта түссiн».

Бұл жолдарды Мұхтар өз еркiмен жазды ма, жоқ па, мәселе онда емес. Себебi: «сенiмсiз адамның» төрт жарым жыл бұрын ғана дәл осындай «жалмауыздың» бiреуiне саналған «халық жауының» айып сөз алуы – жауапқа тартылғандардың қылмысының шындығына көз жеткiзетiнiн, күдiкке орын қалдырмайтынын баспасөз де, басқа орындар да бiлдi. Ұсыныстан бас тартса, өз басы кететiн Мұхтар анық аңғарды. Ол үшiн асқан көреген болудың қажетi шамалы едi. Мәселе «жалмауызды жаншуға» бағытталған қара дауылдың сұрапыл күшiн, орасан зор зардабын iштей сездi ме жоқ па, сол «жалмауыздың» аузынан өзiнiң де жұтылып бара жатып, «дер кезiнде қимылдап, сақтық пен қырағылық көрсеткен» адал да батыл жандардың арқасында аманқалатынын болжай алды ма, жоқ па – гәп осында.

Өзiнiң дәл тауып, айтқан теңеуiнiң астарын, кейiнгi зардабын Мұхтардың бiлуi мүмкiн бе едi? Бiле тұрып, өзiнiң басына төнген қауiптi ысырып тастау үшiн алдын ала қамданған әрекетi ме едi? Жоқ. Мүлдем олай емес. Ең қатерлi кезең 1937 жылдың қыркүйегiнен басталған болатын. Оған дейiн әлi тоғыз ай уақыт бар едi. қыркүйектен қарқын алған дүлейдiң құйыны 1938 жылдың көктемiне дейiн ұйтқыды. Сол мерзiм iшiнде Мұхтар Әуезовтiң қаламынан мұндай айыптаулар шыққан емес. Күндiз – түнi күдiк пен күн кешiп, есiктiң әрбiр тықырына елегiзiп қараумен жүрдi. Өзiнiң арыз – аманатын айтып, семьясымен қоштасып қойды. Кезегiн тосты. Бақытына орай ол кезекке iлiнбедi. Сәбит Мұқанов Жазушылар Одағының мүшелiк билетiн қолынан шығармай: «қаламымды қалдырыңдар!» - деп көзiнен жасы ыршып кеткенде: «пошол вон!» - деген сөздi естiген күнi әйелiмен ұзақ бақұлдасып, iш киiмдерiн, сабын мен орамалын дайындатып, сақал – мұртын қырып, шашын алдырып, моншаға барып, тас түйiн дайындалып отырыпты. Демек, Мұхтардың «жалмауыздың» аузынан аман – есен қалуы – тағдырдың кездейсоқ сыйына жатады.

Сондықтанда, «ел аман, жұрт тынышта» жазылған «жалмауыз сөзсiз жашылады!», «Сақтық күшейiп, көрегендiк артсын» атты шағын сөздерi баспасөз тiлегiн, заман талабын орындаудан, халық жауларын – шын халық жауы ретiнде қабылдап, қылмысты екенiне сенгеннен туған–тын. Себебi: 1936 жылдың желтоқсанынан бастап Л. Сперинскийдi, В. Вегердi, В. Высоцкийдi, П.Зридовский, Б. Лаврентьевтi, М. Резенковты, Г.Федоровтi халық жаулары деп таныған, бүлiншiлiк әрекетерiмен шұғылданып, қылмыс үстiнде ұсталынды деп жарияланған Радектiң, Пятаковтың, Сокольниковтың, Мураловтың, Дробинстiң үстiнен жүргiзiлген сот iсiнiң барысы, сұрақ - жауаптары, олардың шахтада, транспорт орындарында, әскери қызметте жүрiп iстеген өз қылмысын мойындаған сөздерi барлық баспасөз атаулыда күнделiктi басылып тұрды. Күн өткен сайын олардың өз қылмыстарын «ашықтан ашық мойындауы» - шын халық жауы екндiгiне шүбә келтiрмедi. Iле бұларды айыптаған пiкiрлер әуелде бiр – бiрлеп басылды да бара – бара бүкiл халықтық науқан алды. Қылмыстылардың да қатары көбейе бердi. Мұхтардың «Жалмауыз сөз жаншылады!» деген репликасы жарияланған беттегi мына хат халықтың тобырлық санасын жеткiздi. Онда: «Бiз, Алматы облысы Кеген ауданындағы Киров атындағы артельдiң коллективi ұлы социалистiк Отанымыздың сатқындары – Герман фашизмi мен жапон империализiмiнiң агенттерi Радектiң, Сокольниковтың, Серебряковтың, Мураловтың, Дробинстың капитализм мен кулактардың құлдығын қайта орнатуға тырысқан арам ойлы пиғылдарын қарғыспен, жеккөрiнiшпен қабылдаймыз. Олардың тағылық, пасықтық қылмыстары туралы оқығанымызда жүрегiмiз айтып жеткiзгiсiз ашу–ызаға толды. Бұл қаскүнемдер сондай қиыншылықпен қол жеткiзген бiздiң барлық қазынамызды, туған жерiмiздi, байлығымызды тартып алмақ болды, адам ретiнде бақытқа кенелткен колхозымызды тарқатпақ болды... Мұндай опасыздар мен сатқындарға тек өлiм жазасы лайықты. Бiздiң советтiк сотымыз миллиондаған совет халқының, оянған Қазақстанның еңбекшiлерiнiң барлық сұрқия сатқандарды ату жазасына кесу туралы тiлегiн ескередi деп сенемiз. Бiз өзiмiздiң үкiметiмiзден шет ел итаршылары жiберiп отырған агенттер мен шпиондарға қатты соққы беру үшiн, сондай – ақ алдағы уақыттарда бiздiң елiмiзге олардың тiмiскiлеген мұрнын сұққызбауын өтiнемiз. Егер Отанымызды қорғау қажет болса, бiздiң бәрiмiз де қолымызға қару алып, жауға қарсы тасыған селдей екпiнмен аттануға дайынбыз!» - деп жазылған.

Бұл хаттың мазмұнынан халықтың «айыптыларға» деген жеккөрiнiшінiң қандай патриоттық сезiммен астасып жатқанын, ең қасиеттi ұғымды – Отанды арандату құралы ретiнде пайдаланғаны аңғарылады. Қалай дегенменде, «жетi басты жалмауыз» жұртшылықты күмәнсiз сендiру үшiн адамның, оның iшiнде жаңа қоғам үшiн күресушiлердiң нәзiк те осал тұсын дәл басқан. ‡кiмдi халықтың өзiне шығартқан.

Мұндай қоғамдық пiкiрдiң алапат тасқынына жалғыз адамның, оның iшiнде тағылған «қоңырауы» алынып үлгермеген Мұхтардың қарсы шығуы мүмкiн емес – тiн. Өзiнiң қойылған репликамен қатар «қазақ әдебиетiнiң» 1937 жылғы 18 қаңтар күнгi санында жарияланған қазақ көркем әдебиет баспасының бастығы Рахымжан Жаманқұловтың «Қырағылықты күшейтейiк» атты үн қосуында автордың дұшпанды жасырып қалғанын бетiне басқан сын шықты. Онда: «Қазақстан совет жазушыларының органы «Қазақ әдебиетi» газетiнiң бетiнен кейде шын мәнiнде түсiнiксiз құбылыстарды байқайсың. Бұл жолғы мәселе өзара сын мен жапон империализмiнiң агентi – контрреволюциялық қазақ ұлтшылдығымен күресу жолдарына байланысты», - делiнедi де Р. Жаманқұловтың «Әдебиет энциклопедиясындағы» алаш ордашыл халық жауларының творчествосы туралы мақалаларды сынағаны келтiрiлiп: «Бiздiң бiр жолдас - жазушымыз (?!) ұлтшылдар қазақ халқының мүддесiн қорғайды деп айтуы арқылы контрреволюциялық пiкiр таратты» - деген жерiне шүйiле тоқталады. Жақша iшiндегi леп және сұрақ белгiсiнiң қатар қойылуы және «бұдан әрi автор әдеби жаттығу ретiнде: «бiздiң бiр жолдас – жазушымыздың» ұлтшылдардың қазақ халқы алдындағы еңбегiн дәлелдеуге арналған сөзiнен үзiндi келтiредi»-деген қайталауы арқылы Р. Жаманқұловты «жолдас-жазушының» атын атамағаны үшiн «халық жауын жасырды» деп айыптайды. Бұл тегiн кеткен жоқ. Ең алғашқы «халық жауының» легiнiң iшiнде баспа директоры Р. Жаманқұловтың есiмi жүрдi.

Шындығында да ол жазушы кiм едi?

Әрине, нақты көрсетiлмегендiктен де атын сенiмдi түрде атай алмаймыз. Бiрақ, емеурiнiнен тануға болады. Сол кезде әдебиет саласында «ескiден қалған ескiшiл» екi – үш қана жазушы еңбек ететiн. Оның бiрi – Мұхтар. Одан өзге Мағжан сияқты «ескiшiл жазушыларға» өз пiкiрiн ашық айтатындай еркiндiк әлi берiле қойған жоқ болатын. Демек, ақылға жүгiнсек «жолдас - жазушының» орнына жазылуға тиiстi жалғыз фамилия қалады. Ол – Әуезов!.. Ал газет редакторының ашықтан ашық мұны мегзей отырып, сол бетке Мұхтардың өз мақаласын беруi қалай? Мұның астары не? Түсiнiктi де, түсiнiксiз де.

Мүмкiн, Мұхтардың өзiне де жұмбақ күйiнде қалуы ғажап емес.

Түсiнiктi дейтiн себебiмiз, содан төрт ай бұрын, яғни «Казправданың» 1936 жылдың 22 қазан санында Ғаббас Тоғжановтың «Абай» атты монографиялық кiтабына Сәбит Мұқановтың «Абайды алашордашылар қатарына қосуға тырысып баққан» атты мақаласы басылған. Онда жазушы өзiн – өзi сынай келiп: «ұлы пролетарлық социалистiк революциясынан кейiнгi совет өкiметiнiң қамқорлығының арқасында қазақ халқының ұлт болып қалыптасқаны белгiлi. Осы жолдардың авторының өзi де «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетi» деген кiтабына Сталин жолдастың ұлт туралы анықтамасын революцияға дейiнгi қазақ өмiрiнiң шындығына жалаң түрде орайластырып көптеген қателiктер жiбердi. Ол алашорда көсемдерiнiң ұлт – азаттық күрестегi алатын орындарын асыра бағалап, революциялық қозғалысқа дейiнгi қазақ өмiрiнде олардың маңызы болды деп есептедi. Тек Октябрь революциясынан кейiн ғана қазақ ұлтының қалыптасқанын ол кезде түсiнбедi», - деп жазды. Демек, жоғарыдағы жат пiкiрдi «жаулардың» қатарына Ғаббас Тоғжанов пен Сәбит Мұқановтың да қосылуы мүмкiн.

Қандайда бiр топшылауларды санаға салып, екшегенмен де, бiр шындық анық. Ол – Мұхтар аталмыш екi репликаны жеке басқа табынушылықтан туған саяси қате бағытта қолданғандықтан, немесе оның түпкi мақсаты мен зардабын бiле тұрып жазған жоқ. Әлi толық бет – пердесi ашылмаған құбылысытың астарын сезбегендiктен, соншама «дәлелдi айғақтармен қылмысы» дәлелденген «халық жауының» қастандық әрекетiне шүбәсiз сенгендiктен өзiнiң iшкi қарсылығын бiлдiрдi. Мүмкiн, сол ойын сыртқа шығаруға әлдекiмнiң мәжбүр етуi де.

Тағы бiр анық нәрсе – бұдан кейiнгi әшкерелеу науқанына араласпағаны. Iлияс, Сәкен, Бейiмбеттерден айырылған естiгенде, «Мүмкiн емес. Олар ақталады. Өйткенi олардың өмiрi маған қарағанда таза, жарқын емес пе», - деп Темiрғали Нұртазинге мұңын шағуы куә. Шын тебiренген көңiл – күйiне қарап Мұхтар арына кiр келтiрмедi, бетiне шiркеу түсiрмедi деп сенемiз. Ондай пiкiрдiң ұшығы қылаң берген де емес. Солай болуға тиiстi де сияқты.

Сонда да шындықтың шылбырынан ұстап көрейiк.

Ол өзiн осындай аласыпыран кезiнде қалай ұстапты?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет