Байланысты: Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз
44. 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстау қазақтары . көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысын талдаңыз 1867—1868 жылдары Қазақстан үш генерал-губернаторлыққа бағынды. Орынбор генерал-губернаторлығына — Орал, Торғай облыстары; Батыс Сібір генерал-губернаторлығына — Семей, Ақмола облыстары; Туркістан генерал-губернаторлығына — Жетісу, Сырдария облыстары мен Орал және Сібір казак-орыс әскери округтерінің кейбір аудандары кірді. Әрбір облыстың басында әскери губернатор мен оған бағынышты облыстық басқарма болды.
1868 жылдың желтоқсаны мен 1869 жылдың қазаны аралығында болған Орал мен Торғай облыстарындағы көтеріліс отаршылдыққа қарсы жəне антифеодалдық сипатта болды.
Қазақтардың бүкіл азаттық үшін күресінің негізгі көкейкесті мәселесі — жер. 1868 жылғы «Уақытша Ереже» бойынша қазақтардың ата-қонысы мемлекет меншігі деп жарияланды. Жер қауымдық пайдалануға берілді. Казақстанның оңтүстігінің Ресейге түпкілікті қосылуы 1867—1868 жылдардағы «Уақытша Ереженің» жасалуына тікелей байланысты. Бұл заң Ресейдің империялық пиғылының арта түскендігінің көрінісі. «Уақытша Ереженің» түпкі астары—қазақтардың әлеуметтік-мәдени және этностың тұтастығынан айыру еді. Көшпелі қоғамның тірегі — рулық құрылымды бұзып, әкімшілік басқаруды оларға түсініксіз, сан алуан сатылы билік иерархиясымен ауыстырды. Орал облысы қазақтарының жері Орал казак әскерлері жерімен біріктіріліп, оны басқару казак атаманының қолына берілуі де қазақтардың наразылығын туғызды. Қазақтар дүниетанымы мен көшпелі өмір салтына қайшы келетін сырттан күшпен таңылған жаңа реформаны қабылдамады.
Қазақтар 1868 жылғы «Уақытша Ережені» «жаңа штат» деп атаған. Міне, осы «жаңа штат» туралы алып қашты хабар оны жариялаудан көп бұрын және ұйымдастыру комиссиясы елге шықпай тұрып-ақ тарады
Көтерілісті басқаруға артықшылықтарынан айырылған ру басылары қатысып, кейін көтерілістің бұқаралық, таптық бағытынан сескеніп ауытқыды. 1869 жылғы 6 мамырда Ойыл өзенінен 20 шақырым жердегі Жамансай көлі маңында фон Штемпельдің 200 атты және бір рота жаяу әскер тобына көтерілісшілер шабуылдады. 20000 көтерілісші фон Штемпельдің тобын 7 күн бойы қоршап, жазалаушылар шайқаспай əскери шепке қайтып кетті.
Кіші жүз қазақтары 1868—1869 жылғы «Уақытша Ережені» енгізуден көп бұрын табиғат байлықтарынан: жерден, орманнан, өзен-көлдерінен айырылған болатын. Тұз кендері, аң аулайтын жер Орал, Орынбор казак әскерлері және генерал-губернаторлық меншігінде болды.
1869 жылғы наурыз, маусым айларында 3 мың шаруа феодалдарға қарсы 41 рет шабуылдады. Орал облысындағы азаттық күресті басуға ірі әскери күш жіберілді. Ақсүйектер опасыздығынан, нашар қаруланған, ауыз бірлік болмаған, түпкі мақсаттарын жете түсінбеген көтеріліс талқандалды.
1870 жылы Маңғыстау түбегінде шаруалар көтерілісі басталды. 40 мыңдық шаңырақтан тұратын адай руы екі жылда 160 000 сом салық төлеуге тиіс болды. Бұл адайлықтардың қарсылығын туғызды.
Жазалаушылардың адайлықтардың мекендеріне жақындауы көтеріліске түрткі болды. 1870 жылы наурыздың ортасында Маңғыстау өлкесінің приставы подполковник Рукин тобы “Ережелерге” қарсылық білдіріп көшуге бел байлаған адайлықтарды күшпен тоқтатуға тырысты. Бозащы түбегінде Досан Тəжіұлы, Иса Тіленбайұлы бастаған 200-ге жуық көтерілісші жазалаушыларды қоршап алып талқандады. Подполковник Рукин атылып өлді.
Жеңіс көшпелілерді рухтандырып, қозғалыс бүкіл Маңғыстауға тарады. Шаруалардың көтерілісін басқа да әлеуметтік топтар қолдады. Николаевск станицасы мен Александровск форты cлободкосының балық аулау кəсіпшілігіндегі ауқаттылардан тартып алынған қайықтардан “флотилия” құрған көтерілісшілер тобы 10 мыңға жетті. 1870 жылғы 5 сəуірде қазақ шаруалары мен жалдамалы жұмысшылар тобы Алексанровск фортына шабуылдады.
1870 жылғы мамырда Маңғыстауға Кавказдан Апшерон полкі, Терек казактарының тобы жеткізіліп, көтеріліс талқандалды.
Əскери министр Милютиннің “бұларды келістіріп жазалау керек” деген нұсқауына сəйкес Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский көтерілісшілерді 3 ай бойы қудалады. Қозғалыс басшылары И.Тіленбайұлы, Д.Тəжіұлы, И. Көлұлы бастаған 3000-ға жуық шаңырақ жазалаушылардан ығысып, Хиуа хандығына өтіп кетті.
Кавказ әкімшілігінің талап етуімен Маңғыстау қазақтарынан 57 901 сом қосымша салық жиналды. Адайлықтар соғыс шығыны ретінде өкіметке 90 мың қой өткізуге міндеттелді.
Маңғыстау көтерілісінің ерекшелігі қазақтың жалдамалы жұмысшыларының тұңғыш рет күреске белсене қатысуы болды. Көтерілістің антифеодалдық сипаты əлсіз болу себебі, адайлықтардың өзге аймақтардан алшақ орналасуына байланысты рулық-патриархаттық құбылыс әлі де болса күшін сақтап қалған болатын. Көтерілістің жеңілуі халықтың жағдайын бұрынғыдан да шиеленістіріп жіберді.
XVIII—XIX ғасырлардағы Қазақстандағы көптеген бас көтерулерден айырмашылығы да осында. Салыстырмалы түрде айқын көрінетін батыл қимылдар, үлкен ұйымдасқандық белгілерін көреміз. Көтерілістің нағыз ұйымдастырушыларының бірі малшы шаруа Досан Тәжиевті халық батыр ретінде мойындады.
Көтерілістің жеңілу себептері: көтерілісшілердің мықты тылы, экономикалық базасы болмай, көпке дейін өз ауылдарынан қол үзіп кете алмай отырды. Олар тек шөлді сусыз дала Үстіртке ғана шегіне алатын жағдайда еді. Қалған жерде жан-жақтан анталаған орыс әскері тұрды. Көтерілісшілерде алдын ала ойластырылған саяси жоспар болмады, болуы да мүмкін емес еді. Іс-қимылдар оқиғаның даму барысымен ғана анықталды. Әлеуметтік-экономикалық қатынастардың артта қалғандығы халық бірлігіне кедергі болды.[1]