Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


 Жетісу және Сырдария облыстарын (1867 ж.) және Дала облыстарын басқару туралы (1868 ж.) уақытша ереженің жүзеге асырылуы туралы жазыңыз



бет33/100
Дата30.11.2023
өлшемі322,43 Kb.
#194269
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   100
Байланысты:
Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз

42. Жетісу және Сырдария облыстарын (1867 ж.) және Дала облыстарын басқару туралы (1868 ж.) уақытша ереженің жүзеге асырылуы туралы жазыңыз
Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының аяқталуы империяның Қазақ өлкесіне байланысты саясатына біршама түбірлі өзгерістер әкелді.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін, патша үкіметі аймақтағы ағылшындарды ығыстырып шығарған болатын. ЬІңғайлы халықаралық жағдайды пайдаланып, Ресей империясы Қазақстанда отаршылдық төртіпті күшейтуді колға алды.
Патша үкіметінің отаршылдық саясатының осылайша өзгеруітң айқын көрінісі — қазақтарды басқару туралы 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформасы.
18671868 жылдардағы патша үкіметі реформасының негізгі мақсаты — қазақ өлкесінде отаршылдық тәртіпті нығайтуға бағытталды. XIX ғасырдың екінші жартысындағы әзгерістер де бұған едәуір ықпалын тигізді. Капитализмнің кеңінен дамуы үшін де Қазақстандағы бұрынғы басқару жүйесін өзгерту қажет болды.
Осы міндетті жүзеге асыру үшін XIX ғасырдың 60-жылдары басында қазақтардың саяси өкімшілік, сот ісін басқару жүйесін қайта құрудың жобасын әзірлеуге арнаулы комиссия құрылды.
Комиссия Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторы қазақтарын екі түрлі басқаруды жойып, бүкіл қазақ даласын екі — Батыс және Шығыс облыстарға беліп басқаруды ұсынды.
1867 – 1868 жылдардағы реформалар «уақытша» сипат алып, екі жылға тәжірибе ретінде енгізілді, бірақ заңды тұрғыдан бекітілмей, ХIX ғ. 80-90 жылдарға дейін қолданылды.
1. Аумақтық өзгерістер:
ІІ Александар патша 1867 ж. 11 шілдеде «Жетісу, Сырдария облыстарын басқару туралы», 1868 ж. 21 қазанда «Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы» уақытша ережелер жобасын бекітті. «Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа бағынды. Олар: Батыс-Сібір, Орынбор, Түркістан. Батыс Сібір генерал-губернаторлығына – Ақмола, Семей; Орынбор генерал-губернаторлығына – Орал, Торғай; Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу, Сырдария облыстары кірді. 1870 ж. Маңғыстауьприставтығы – Кавказ әскери округына, 1872 ж. Бөкей ордасы – Астрахан губерниясына қарады.
2. Басқарудағы өзгерістер:
1867 – 1868 жж. басқару жүйесі өзгеріссіз қалды. Генерал-губернаторлықты генерал-губернатор, облысты әскери-губернатор, уезді уезд бастығы, болысты болыс, ауылды ауыл старшыны басқарды. Облыс орталықтарында – полицейлік басқармалар, уездік қалаларда – полицейлік приставтықтар сияқты тәртіп бақылау мекемелері құрылды. Отаршылдық билеудің күшейгені сонша, сайланған болыс пен ауыл старшынын бекіту не бекітпеу әскери губернатордың қолында болды. Егер ол сайлау нәтижесін бекітпей қайта сайлау жүргіземін деп шешсе, оған ешкім қарсы келе алмайтын еді. Отырықшы тұрғындар мен қоныс аударушылар құқық тұрғысынан Ресейдегі селоның және қаланың тұрғындарымен теңестірілді. Бұл ереже қазақ жеріне сырттан көшіп келгендердің мәртебесін арттырды. Қазақ ақсүйектері барлық артықшылықтарынан айырылды.
3. Сот жүйесіндегі өзгерістер:
Халық дәстүрі мен ислам қағидаларына сүйенген халық соты қатаң түрде билік орындарының бақылауында болды.Христиан дініне қарсы әрекет, жаңа басқару жүйесіне наразылық таныту, алым-салық төлеуден және мемлекет үшін әртүрлі міндеттер атқарудан бас тарту сияқты қылмыстар билер сотының қарауынан алынып, жергілікті отаршылдық биліктің құзіретіне берілді. 1867-1868 жылдардағы ережелер бойынша болыстық соттың үш буыны болған еді: билердің төтенше съезі, билердің болыстық соты, бидің жеке соты. Билердің төтенше съезі тек әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды, ал сот процесі уезд бастығы немесе Облыстық басқарма құқығына ие болған шенеунік қатысқан жағдайда ғана заңды болды.Билер 3 жылға сайланды, олардың қызметін уездік начальник қатаң бақылап отырды.
4. Салық жүйесіндегі өзгерістер:
1867 – 1868 жж. реформалар бойынша қазақ халқы жылына бір рет «түтін салығын» төлейтін еді. Оның мөлшері: Орынбор, Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы қазақтар үшін 3 сом, Түркістан генерал-губернаторлығындағы қазақтар үшін 2 сом 75 тиын болып белгіленді. Шыңғыс ұрпақтары салықтан босатылды. 1867-1868 жылғы ереженің қазақтарға ең басты ауыртпалығы жер мәселесі болды. Онда қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланып, қазақтарға «қоғамдық пайдалануға» берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет