Тарихты оқыту әдістемесі


Оқу материалына құрылымдық- функциялық талдау



бет16/17
Дата15.07.2024
өлшемі219,5 Kb.
#203578
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
b320

Оқу материалына құрылымдық- функциялық талдау

Сабаққа дайындық барысында оқу материалына талдау жасауды П. В. Гора құрылымдық- функциялық деп атаған еді. Ол құрылымдық талдау дегенде мұғалімнің сабақ мазмұнын қисындық ой елегінен өткізіп, оның мазмұнынан басты тарихи деректерді және оларды талдаудан туындаған қорытындылар мен жинақтаушы тұжырымдарды бөліп алу деп түсіндіреді. Ол қорытындылар мен жинақтаушы тұжырымдар оқулықтың мазмұнынан анық көрінуі немесе деректер мен олардың байланыстарының астарында жасырын түрде кездесу мүмкін. Ал функциялық талдау құрылымдық талдау барысында анықталған теориялық ережелер, қорытындылар мен сабақтағы басты тарихи деректердің білім беру, тәрбиелеу және дамыту мүмкіндіктерін айқындауға бағытталады.


Басты тарихи дерекке не жатады? Бұл қоғамдық өмірде елеулі із қалдырып, қоғамдық дамуға айтарлықтай ықпал жасаған деректер. Олар сабақ мазмұнының фатологиялық негізін құрып, тарихи даму процесіндегі маңызын айқындап, оқиғаның картинасын жаңғыртады. Басты деректі талдаудан негізгі қорытынды мен тұжырымдар туындайды. Басты деректің мазмұны мен байланыстарының оқушылардың дүниетанымдық идеялары мен ұғымдарын қалыптастыруға қажетті маңызды теориялық мағұлматтар болуы мүмкін. Ториялық ережелер маңызы жағынан басты және қосалқы болып келеді.
Басты деректердің арасында маңызды теориялық мазмұн арқаламайтындары да болады. Бірақ олар өзінің бейнелігімен, жарқын және еліктіргіштігімен құнды. Оларды оқып үйренуі оқушылардың сезімдік толқуларын оятып, тарихқа деген қызығушылығын арттырады және шығармашылық қиялын дамытады.
Сабақта басты деректкрден басқа қосалқы оқу материалдары – қосалқы тарихи деректер, картографиялық, хронологиялық және басқа да деректер пайдаланылады. Олар көбіне оқушылардың ойлау белсенділігін, қызығушылығын дамыту үшін қолданылады. Мысалы, мұғалім 1945 жылғы Жеңіс шеруі және Ескі алаңға орналасқан Тарихи мұражай жанындағы Г. К. Жуков ескерткіші туралы әңгімелейді. Маршалдың Жеңіс шеруін ақ боз аттың үстінде қабылдағанын әркім біледі. Бірақ ол ахалтеке тұқымды тұлпардың есімі Араб екендігін, оның 1935 жылы Ашхабад-Москва бағытындағы атты шеруде даңққа бөленгендігін, ал оның ұрпағы Жамбыл облысының Луговой жылқы зауытының түлегі Абсенттін Римдегі олимпиадалық ойындарда чимпион болғандығын екенің бірі біле бермейді.
Деректік материалдар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай тәжірибелік және териялық деңгейде оқытылады. Тарихи материалды Тәжірибелік тұрғыдан игеру оқушыларға тарихи құблысты «дайын күйінде» ұсынуға негізделеді. Бұндай таным нысаннаның сытрқы белгілерін қабылдап, ұғымдардың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Содан соң барып теориялық таным басталады. Деректі танудан теориялық қорытындыға өту процесі онша күрделі емес. Ал бір теориядан екінші теорияға өту процесі барынша күрделі сипат алады, ол теориялық деңгейдегі таным деп аталады. Бұл білім тарихи оқиғалар мен құбылыстарды түсіну және түсіндіруде қолданылады.
Сабақ мақсатын айқындау. Тәжірибелі мұғалім оқу курсымен алдын ала танысқанда немесе тақырыптық жоспар түзгенде тақырыптарды немесе бөлімдерді оқып-үйренуге келешек мақсатын айқындайды. Ал жас мұғалім әдетте жалпы мақсаттарға емес, нақты сабаққа дайындық кезңінде нақты мақсаттарға көңіл бөлгені орынды.
Оқулық пен оқу бағдарламасына құрылымдық-функционалдық талдау кезінде мұғалім жұмыс қорытындысы, ойлар мен тұжырымдарды, ұғымдардың анықтамасын қағазға белгілеп отырады.
Құрылымдық талдаудың барысында білім берушілік, тәрбиелік және дамытушылық сабақ мақсаты айқындалады.
Ғылыми ұғымда мақсат дегеніміз әрекет нәтижесін алдын ала ойша болжау дегенді білдіреді.
Мақсатты айқындауда жалпыадамзаттық құндылықтарды (азаматтардың тең құқықтылығы, еркіндігі, ар-ұяты, парызы және т.б.) және мемлекеттік стандартта белгіленген тарихты оқытудың мақсаттарын басшылыққа аламыз. Мақсаттар ұзақ мерзімге жоспарластырылған, қысқа мерзімді, нақты, дербес сабаққа арналуы мүмкін.
Функционалдық талдауда айқындалған мақсаттарды былайша жүйелеуге болады. Білім беру мақсаттары: қандай маңызды білім қалыптасады; сабақ мазмұнынан оқушы ең басты қандай білімді игеру керек; сол сияқты білімді қайталау, бекіту және тереңдету мақсаттары белгіленеді. Тәрбиелік мақсаттар; сабақтың адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудегі (қайырылымдылық, кішіпейілдік, адалдық, еңбексүйгіштік ) үлесі қандай; тәрбие оқу материалының мазмұнын тану процесінде, оқу әдебиеті барысында, оқушы мен мұғалімнің өзара байланысында іске асатындығы ескерілуі тиіс.
Дамытушылық мақсаттары; оқу материалына сүйеніп қандай дағаылар дамытылды (жоспар құра білу, сұрақ құрастыра алуы, материалды игерудің қисындық бірізділігін игеруді және т.б ). Сонымен бірге дамытушылық мансаптарға оқушылардың пәндік және оқуға қатысты жалпы дағдылар мен шеберліктерінің қалыптасып, психикасының (ақыл-ой, ерік-жігер, танымдық қызығушылық ) дамуын да жатқызуға болады.
«Ежелгі Рим» тақырыбын оқудағы білім беру мақсаты – мәдени, шаруашылық тұрғысынан адамзаттың дамуын көрсету; тәрбиелік мақсаты – қаталдықты айыптап, оқушылардың қарапайым адамдардың азар өміріне деген аяушылық сезімін ояту; дамыту мақсаты – жекелеген бөлшектер негізінде оқиғаның жалпы картинасын жасау.
Сабақтың мақсатын айқындаудың жолдарын Ю. К. Бабанский былайша жүйеленеді:
1) тақырыптың оқу мазмұнынан (тақырыптық жоспарластыру кезінде) және сабақтан (әр сабаққа сабақ жоспарын жасау барысында) туындайтын нақты мақсаттарды жоспарластыру керек;
2) жоспарластыру кезінде оқушыларға білім беру, тәрбиелеу және дамыту мақсаттарын біртұтас бірлікте және өзара байланыста қарастыру керек;
3) мақсаттарды жоспарластырғанда сабақ тақырыбы оның негізгі мазмұнын талдауына және пәншілік, пәнаралық, курсаралық байланыстыруға сүйену керек;
4) оқу материалын талдау барысында осы сабақтың жалпы тарихи білім міндеттерін шешуге қосатын үлесі айқындалуы тиіс.
Сабақ жүргізудің тиімділігі мұғалімнің күткен нәтижені болжай алу, оны сабақ үстінде іске асыру, оқушылармен кері байланыс ортату (оқыту мен оқудың бірлігі) шеберлігіне тәуелді. Белгілі әдіскер Н. В. Кухарев сабақты ұйымдастыру мен өткізудің төрт деңгейін бөліп қарастырады. Жоғары деңгейдегі сабақта мұғалім оқушыларға түсетін ауыртпалықты ескере отырып, сабақтағы оқу нәтижесін алдын-ала құрастырып, оған қол жеткізе алады. Биік деңгейдегі сабақта мұғалім қол жеткен нәтижелердің себеп-салдарын нақтылап, сабақта тиімді жұмыс тәртібін қйымдастыруға қабілетті деп танылады. Орта деңгейдегі сабақта мұғалім тексеру кезінде оқушылардың білімдері мен дағдыларын айқындауға шамасы келсе, төменгі деңгейдегі сабақта мұғалім нәтижеге қол жеткізу жолдарына басын ауыртпай, тек қана сабақ жоспарын жазумен шектеледі. Соңғы екі деңгейде мұғалім тек оқушылардың білімі туралы ақпарат жасап, сабақ үстінде олардың тәртібін сақтауға бар күш-жігерін жұмсайды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет