Тарихты оқыту әдістемесі


Тарихи құжаттар мен тарихи дереккөздерін оқып – үйрену



бет3/17
Дата15.07.2024
өлшемі219,5 Kb.
#203578
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
b320

1.2 Тарихи құжаттар мен тарихи дереккөздерін оқып – үйрену


Мазмұны:
1) Тарихи кұжаттар және олардын түрлері;
2) Мұғалім мен оқушылардың тарихи құжаттар мен жұмысы;
3) Тарихи дереккөздерінің конспектісі мен тезистерін дайындау.


Тарихи кұжаттар және олардын түрлері
Тарихты оқытуда жазбаша құжаттарды қолданудың маңызы.
Тарихи дереккөздеріне адам қолымен жасалан - оның қоршаған ортамен байланысының нәтижесі, материалдық мәдениет, салт-дәстүр заттары, жазба ескерткіштер жатады. Әдістеме пәнінде кең мағынада айтқанда, жазба ескерткіштерді тарихи құжаттар деп атайды.
Ресейлік әдіскер-ғалым, профессор М. М. Стасюлевич 1863 жылы оқушылардың тарихи дамуы үшін оқулықпен жұмыс жасағаннан тікелей тарихи дерек көздерімен (кұжаттармен) танысудың маңызы зор екендігін айтқан еді. Ол осылайша түпдеректермен жұмыс істеуге негізделген практикалык әдіс бойынша сабақ жүргізуді ұсынады Осы әдістемеге негіздеп "Жазушылар мен ғалымдардың жазуындағы орта ғасырлар тарихы" деп аталатын үш томдық хрестоматия жазып, жарыққа шығарды.
Ал, кейбір ғалым, әдіскерлер (М. Н. Коваленский, А. Ф. Гартвич, Н. А. Рожков) тарихи құжаттар негізінде оқушылардың дербес жұмыс істеуіне негізделген зертханалық сабақ өткізуді ұсынады.
Дегенмен, көптеген әдіскерлер мектептегі оқуды бірыңғай құжатгармен жұмыс жасауға құруды негізсіз деп есептейді. Олардың пікірінше, тарихи кұжаттарды тек негізгі білім көзі болып табылатын мұғалім әңгімесі мен оқулыққа қосымша ретіңде қолдану тиімді болмақ. Құжаттар оқушылардың білімін терендетіп, нақтылап, сабақтың корнекілігін арттырады.
Құжаттың атқаратын роліне қарай оның сабакта қолданатын орны белгіленеді. Зертханалық әдісті қолданғанша кұжатты оқып-үйрену оқулықпен жұмыс жасаудан бұрын атқарылуы тиіс. Ал құжаттану әдістемесін қолдаушылар оқулықтың тиісті параграфымен танысқаннан соң барып оқушылардың тиісті құжатпен танысқаны дұрыс деп есептейді.
Сонымен, тарихи құжаттарды қолданудың маңызы неде? Құжаттың сыртқы түрімен танысу арқылы тарихты оқытудың көрнекілік қағидасы іске асады. Құжат мұғалім әңгімесін жандандырады, соның негізінде жасалған тұжырым сенімді шығады. Құжаттың маңыздылығының бір қыры – ол тарихи материалды нақтыландырып, откен уақыттың жарқын бейнесі мен суретін көз алдыңа келтіріп, дәуір тынысын сезуге көмектеседі. Қадырғали Қосымұлының "Жамиғ-ат Гауарих" еңбегінің бастапқы азатжолын мысалға келтіруге болады. Ескі құжаттар ежелгі автордың тілі, ойлау жүйесі, тұрмыс-салт ерекшелігі туралы көрнекті безендірме береді.
Құжаттармен жұмыс барысында оқушылардың ойлау және қиялдау процесінің белсенділігі артып, олардың тарихи білімді игеруі және тарихи санасының дамуы жемісті бола түседі. Оқушылардың мынадай дербес жұмыс істеу дағдылары қалыптасады; құжатты оқу, талдау және қажетті ақпаратты теріп алу, бұрынғы және қазіргі құжаттардың маңызын бағалап, талқылау. Оқушылар сабақ барысыңда құжаттардың тарих ғылымы үшін маңызын танып, олардан бір кездері өмір сүрген аламдардың ізін аңдай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет