Тарихты оқыту әдістемесі



бет1/3
Дата26.08.2017
өлшемі0,8 Mb.
#29498
  1   2   3
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Колледж

ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Жоғары оку орындарының тарих мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік оқу құралы

Павлодар

Кереку


2011
ӘОЖ 372.893(07)

КБЖ 74.266.3

Т21
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің колледжінің оқу-әдістемелік кеңесімен

басуға ұсынылды

Пікірсарапшы

тарих ғылымдарының кандидаты К. К. Батталов



Құрастырушы Г. С. Кизатова

Т21 Тарихты оқыту әдістемесі : Жоғары оку орындарының тарих

мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік оқу құралы

/ құраст. Г. С. Кизатова. – Павлодар : Кереку, 2011. – 33 б.


Жоғары оқу орындарының тарих мамандықтарында оқытылатын "тарихты оқыту әдістемесі" курсының типтік бағдарламасы негізінде дайындалған оқу құралы дәріс баяндар жинағы түрінде берілген. Оқу курсында тарихты оқыту әдістемесінің теориялық негіздері жан-жақты қамтылып, оқушыларға тарихи білім берудің әдістері мен тәсілдері, олардың оқу икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру, тарих сабағын ұйымдастырудың тәсілдері және оқу процестерінде жаңа технологияларды қолдану сияқты мәселелер теориялық және әдістемелік тұрғыдан баяндалады.
ӘОЖ 372.893(07)

КБЖ 74.266.3

© Кизатова Г. С., 2011

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2011


Материалдық дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты

Алғыс сөз

Оқу құралы тарих пәнін оқытудың негізгі мәселелерін қамтиды. Мұғалімдер мен әдіскерлердің ұзақ жылғы бай тәжірибесіне сүйеніп, тарихи білім мазмұнынын игерудің дәстүрлі әдіс, тәсілдері мен қазіргі заманғы сабақ техналогиясы тұтас бірлікте қарастырылады.

Тарихи білім мазмұнының күрделі өзгеріске түсуі оны оқытудың әдіс, тәсілдерін де жанартуды қажет етеді. Осы мақсатқа сәйкес оқу құралының бөлімдерін,тақырыптарын жаңа мазмұнмен байытуда педагогика мен психалогия ғылымындағы концептуалдық жаңа бағыттар, идеялар басшылыққа алынды. Бұл жағдай оқу құралына теориялық сипат береді.

Тарихты оқытудың әдістемесі пені бойынша қазақ тілінде жоқары оқу орындарына арналған оқу-әдістемелік кешен осы кезгедейін жасала қойған жоқ. Оқу процессінде пәнді жетік игеру үшін дайндалған осы оқу құралы аталған оқу-әдістемелік кешеннің алғашқы теориалық бөлігі. Алдағы уақытта тарихты оқытудың әдістемелік, практикалық сипаттағы көмекші құралдары жарық көретін болады.

Автор осы оқу құралы жоғары оқу орындарында білікті тарихшы-мұғалімдер дайындауға көмек жасайды деп үміт артады.

1 Тарихты оқыту әдістемесінің дамуы мен қалыптасуы
1.1 Тарихты оқытудың әдістемесі-педагогикалық пән

Мазмұны:

1) Тарихты оқыту әдістемесі пәні;

2) Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері мен негізгі факторлары;

3) Тарихты оқытудағы әдістеменің орны мен рөлі.



Тарихты оқыту әдістемесі пәні

Әдістеме дегеніміз- "Методика" сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда-"таным тәсілі", "зерттеу жолы" деген ұғымдарды береді.Әдіс дегеніміз-нақты міндетті шешудің,әлдебір мақсатқа жетудің тәсілі. Сонда, әдістеме бұл әдістер жиынтығы,кешені. Тарихиты оқыту әдістемесі-тарихты оқытудың міндеттері,мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдардың бір саласы.Ол тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын зерттеу және оқып-үйоенуге арналады. Сонымен әдістеме оқу процесін ұйымдастыру мен оның негізгі факторларын жетілдіруге бағытталады.

XX ғасырдың басындағы көрнекі әдіскер К. А. Иванов әдістеменің маңызды міңдеттері деп сол ғылымды оқу пәні ретінде жақсы жолқа қоюға алып баратын оқытудың айқындау, бағалау, бейнелеу тәсілдерін атайды. Әдістеме тарихты қалай оқыту мәселесін қарастырады және зерттейді.

Осылайша әдістеме пәні- педагогикалық процесс, мұғалімнің тарихты оқытуы, оқушының тарихты оқуы. Ал әдістеменің нысаны- оқытудың әдістері, мазмұны, ұйымдастырылуы және түрлері.

Тарихты оқыту - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты ►оның мазмұны ►білім беру жәме оны игеруге басшылық жасау ►оқушылардың оқу әрекеті ►оқыту нәтижесі деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар оқыту мақсаты мен қол жеткен нәтиже арасында, қолданылуы жоспарластырылған және нақты қолданылған оқыту құралдары мен әдістсрінің арасында пайда болады.

Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымдарымен бірге философия, әлеуметтану, мәдениеттану, педагогика, психологая, дидактика талаптары логика сияқты ғылым салаларымен де тығыз байланысты дамиды. Бұл салалардың материалдарын пайдалану шығармашылық сипат алады, өйткені әдістеме пәні оларды тарихты оқыту пронесін жетілдіру мақсатында қорытып, жаңгыртып пайдаланады.

Мұғалім мен оқушының оқу процесі күрделі және көп қырлы болып келеді. Оның тиімділігі оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады. Мүғалім өз пәнін қаншалықты жетік білгенімен оқушылардың қызығушылығын оятып, шығармашылық әрекетін ұйымдастыра алмаса, айтарлықтай табысқа жете алмайды.

Өмірде нашар мұғалімдерді көп кездестіреміз, олардың пайда болуы өз пәнін жетік білмеуіне байланысты емес, ең бастысы олар өз білімдерін өзгелерге оңай жолмен түсіндіре алмайды. Өйткені, олар оқушыларға тарихи материалды баяндаудың әдістемелік негіздерімен таныс емес, тіпті пәннің әдістемесінен жеткілікті хабары жоқ. Сондықтан пәннің әдістемесін не үшін оқытамын? Қалай оқытамын? Немен оқытамын? деген сұрақтарға жауап тақырыпта басты назарда болуы тиіс.

Қазіргі кезенде тарихи білім берудің мақсаттары былай айкындалған:


  • оқушылардың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін адамзаттың тарихи даму жолы туралы тарихи білімдерді игеруі;

  • тарихи білім негізінде оқиғалар мен өмірлік құбылыстарды ой елегінен откізе алу қабілетін дамыту;

  • отансүйгіштік, тарихи тәжірибе, гуманизм идеялары негізінде оқушылардың рухани құндылық бағдарлары мен көзқарасын қалыптастыру;

  • халықтардың тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрметін дамыту.

Қазіргі кезде тарихты оқытудың мақсаттарын айқындау одан әрі жалғасуда. Соған сәйкес мынадай міндеттерді атауға болады.

- ұлттық және жалпыадамзатгық құндылықтарды құрметтейтін, табиғаттаң, мәдениеттің және қоршаған ортаның байланыстарын қорғау қажеттілігін сезіне білетін отансүйгіш азамат тәрбиелеу;



  • оқушыларды қоғам мен адамзаттың ежелгісімен, бүгінімен таныстырып, оларды өткен бабалардың әлеуметтік, адамгершілік тәлім-тәрбиесін ұғынуға бейімдеу;

  • қазіргі қоғамға кіріккен және оны жегілдіруге ұмтылатын тұлға қалыптастыру;

  • тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке кіріктіруге бейімдеу;

  • әр түрлі көзқарастар жүйесін есепке ала отырып, оқушылардың пікірлер мен көзқарастарды еркін тандау құқын қорғауын қамтамасыз ету, гуманистік және демократиялық құндылықтарға бағыттау;

- тарихи білімдер мен әдістерді қолданып, қоғамдық ойдан жаңа мағлұматтарды өз позициясы тұрғысынан алу дағдысын қалыптастыру.

Әдістеменің маңызы тарих пәнінің мұғалімі, студент үшін

  • белгілі бір жастағы оқушылардың тарих пәні бойынша білім мен дағды денгейін анықтау

  • сынып, курс, бөлім және тақырып бойынша оқытудың мақсатын нақтылауға;

  • оқу процесінің әртүрлі кезеңдеріндегі жұмыс тиімділігін анықтап, оқыту міндетін нақтылауға;

- оқыту мазмұнын қолданылатын әдістер және тәсілдерімен

ұштастыруға;

- тест, қисынды тапсырмалар және тірек сигналдарды қолданып, конспект дайындауға;

- оқытудың барынша тиімді әдістері, түрлері мен құралдарын қолдануға;

- оқыту нәтижелерін алдын ала болжап, педагогикалық әрекетке түзету енгізіп отыруға мүмкіндік беруімен бағаланады.

Тарихты окыту әдістемесі өзге ғылымдармен, әсіресе оқытудын мазмұнын талдап жасайтын базалық тарих ғылымымен тығыз байланысты. Әдістеменің мақсаты - тарих ғылымының негізгі мәліметтерін таңдап алып, оны дидактикалық өңдеуден өткізіп, бейімдеп, мектеп курсының мазмұнына енгізу

Тандап алу оқушылардың танымдылық мүмкіндігін ескере отырып жүргізіледі. Оларды анықтауда психология ғылымының жетістіктеріне сүйенеміз. Бұл ғылым окушылар танымы мен танымдык әрекетінің ерекшеліктерін ашуға көмектеседі. Онын үстіне тарихты оқыту процесіне талдау жасағанда бірқатар психологиялык және педагогикалык зерітеу тәсілдері де қолданылады. Әдістеме пәні окытудың бір саласы ретінде педагогикамен де тығыз байланысты. Педагогика - окыту, ғылыми зерттеу әдістемесі мен тәрбие мақсатын айқындайды. Осы әдістер мен мақсаттарды негізге алып, әдістеме оқу процесіне де, ғылыми зерттеуге де нақты тарихи мазмұн береді.

Ғылыми - зерттеу әдістері деп зерттеудің педагогикалык бақылауды және қалыптастырушы эксперименттің (эксперименттік сабак) мақсаты, міндеттері мен болжамын анықтауды айтамыз. Латын тіліндегі "эксиериментум" сөзі тәжірибе, сынақ дегенді біддіреді. Мұндай тәжірибелер белгілі бір оқытудың факторы және жағдайының әрекеті нәтижесінде пайда болады.

Педагогикалық бакылау- оқу процесіне ықпал жасамай, тарихты оқыту практикасын зерттеу дегенді білдіреді. Зерттеуші тарих сабақтарына қатысып, оны талдайды, оқушыларға сұрақ қою мен тесті өткізіп, мұғалімдердің ашық сабақтарының хабарламаларын тексеріп, пән бірлестіктерінің озат тәжірибені жинақтаған материалдарымен танысады.

Қалыптастырушы эксперимент жасаушының оқу процесіне белсене араласуын қарастырады. Мұндай эксперименттің міндетті қүрамы - дәлелге негізделген, бірақ міндетті түрде тексеруді кажет ететін болжанған нетиже, болжал болмақ. Болжал мына сұлба бойынша қалыптасады: оң нәтижеге қол жеткізуге бола ма, егер: а) мазмұнды, материалды баяндаудың бірізділігін өзгертсе; ә) оқытудың жаңа құралдарын, материалды баяндаудың жаңа тәсілін қолданса; б) таным әрекетін баскаша ұйымдастырса. Болжал іс жүзінде тиісті жағдайлар мен әдістер арқылы тексеріледі.

Эксперимент жасаушы ең алдымен зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай әдістемелік талдама жасайды, содан кейін оның тиімділігін оқыту барысында тексереді.


1.2 Тарихи құжаттар мен тарихи дереккөздерін оқып – үйрену
Мазмұны:

1) Тарихи кұжаттар және олардын түрлері;

2) Мұғалім мен оқушылардың тарихи құжаттар мен жұмысы;

3) Тарихи дереккөздерінің конспектісі мен тезистерін дайындау.
Тарихи кұжаттар және олардын түрлері

Тарихты оқытуда жазбаша құжаттарды қолданудың маңызы.

Тарихи дереккөздеріне адам қолымен жасалан - оның қоршаған ортамен байланысының нәтижесі, материалдық мәдениет, салт-дәстүр заттары, жазба ескерткіштер жатады. Әдістеме пәнінде кең мағынада айтқанда, жазба ескерткіштерді тарихи құжаттар деп атайды.

Ресейлік әдіскер-ғалым, профессор М. М. Стасюлевич 1863 жылы оқушылардың тарихи дамуы үшін оқулықпен жұмыс жасағаннан тікелей тарихи дерек көздерімен (кұжаттармен) танысудың маңызы зор екендігін айтқан еді. Ол осылайша түпдеректермен жұмыс істеуге негізделген практикалык әдіс бойынша сабақ жүргізуді ұсынады Осы әдістемеге негіздеп "Жазушылар мен ғалымдардың жазуындағы орта ғасырлар тарихы" деп аталатын үш томдық хрестоматия жазып, жарыққа шығарды.

Ал, кейбір ғалым, әдіскерлер (М. Н. Коваленский, А. Ф. Гартвич, Н. А. Рожков) тарихи құжаттар негізінде оқушылардың дербес жұмыс істеуіне негізделген зертханалық сабақ өткізуді ұсынады.

Дегенмен, көптеген әдіскерлер мектептегі оқуды бірыңғай құжатгармен жұмыс жасауға құруды негізсіз деп есептейді. Олардың пікірінше, тарихи кұжаттарды тек негізгі білім көзі болып табылатын мұғалім әңгімесі мен оқулыққа қосымша ретіңде қолдану тиімді болмақ. Құжаттар оқушылардың білімін терендетіп, нақтылап, сабақтың корнекілігін арттырады.

Құжаттың атқаратын роліне қарай оның сабакта қолданатын орны белгіленеді. Зертханалық әдісті қолданғанша кұжатты оқып-үйрену оқулықпен жұмыс жасаудан бұрын атқарылуы тиіс. Ал құжаттану әдістемесін қолдаушылар оқулықтың тиісті параграфымен танысқаннан соң барып оқушылардың тиісті құжатпен танысқаны дұрыс деп есептейді.

Сонымен, тарихи құжаттарды қолданудың маңызы неде? Құжаттың сыртқы түрімен танысу арқылы тарихты оқытудың көрнекілік қағидасы іске асады. Құжат мұғалім әңгімесін жандандырады, соның негізінде жасалған тұжырым сенімді шығады. Құжаттың маңыздылығының бір қыры – ол тарихи материалды нақтыландырып, откен уақыттың жарқын бейнесі мен суретін көз алдыңа келтіріп, дәуір тынысын сезуге көмектеседі. Қадырғали Қосымұлының "Жамиғ-ат Гауарих" еңбегінің бастапқы азатжолын мысалға келтіруге болады. Ескі құжаттар ежелгі автордың тілі, ойлау жүйесі, тұрмыс-салт ерекшелігі туралы көрнекті безендірме береді.

Құжаттармен жұмыс барысында оқушылардың ойлау және қиялдау процесінің белсенділігі артып, олардың тарихи білімді игеруі және тарихи санасының дамуы жемісті бола түседі. Оқушылардың мынадай дербес жұмыс істеу дағдылары қалыптасады; құжатты оқу, талдау және қажетті ақпаратты теріп алу, бұрынғы және қазіргі құжаттардың маңызын бағалап, талқылау. Оқушылар сабақ барысыңда құжаттардың тарих ғылымы үшін маңызын танып, олардан бір кездері өмір сүрген аламдардың ізін аңдай алады.

Тарихи құжатардың түрі және оларды сабаққа таңдап алудың өлшемдері. Тарихты оқытуда қолданылатын құжаттарды топтастыру тәсілі тарих ғылымында қолданылатын зерттеу тәсілімен салыстырғанда әлдеқайда оңай. Ол құжат мәтінінің сипатына негізделеді. Ол сипат бойынша барлық құжаттарды екі топқа топтастырамыз. Бірінші –баяндау-суреттеу құжаттары: екінші — өз кезінде практикалық маңызы болған актылық сипаттағы құжаттар. Бұл құжаттар бірін-бірі толықтырып отырады. Ал коркемсөз ескерткіштері құжаттардың қосымша тобын кұрайды.

Актіліқ құжаттар – заңдық, шаруашылық, саяси, бағдарламалық кұжаттарды құрайды (грамоталар, заң, жарлық, келісім-шарт, статистикалық, және тергеу кұжаттары, бағдарламалар, сөздер). Баяндау – суреттеу құжаттары - жылнама, шежіре, хроника, естелік, хат, саяхатжазбаларын құрайды. Көркемсөз ескерткіштері ежелгі және ортағасырлар тарихындағы халықтың ауызекі шығармашылығы (миф, мысал, шешендік сөздер, аңыздар,жоқтау жырлары, эпос).

Сабақта қолдану үшіп, ғалымдардың пікірі бойынша, кұжаттар мынадай болуы-керек:

- тарихты оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сай болуы;

- сол дәуірдің негзгі, барынша түрпаттық деректері мен оқиғаларын қамтуы тиіс;

- бағдарламалық материалмен тығыз байланыста болып, тарихи білімінің өзектілігін арттыруға ықпал жасауы керек;

- мазмұны мен көлемі оқушыларға ауырлық түсірмеуі тиіс; тарихи құбылыс, оқиға туралы оқушылардың білімін нақтылап терендететіндей құжат мазмұнында түрмыстық және сюжеттік нақтылық болуы; оқушыларға белгілі бір сезімдік ықпал жасауы тиіс.



Мұғалім мен оқушылардың тарихи құжаттармен жұмысы

Құжатты оқып – үйрену әдістемесі. Тарих сабағында құжаттарды оқушылар да, мұғалімдер де қолдануы мүмкін. Құжат тым күрделі болса мұғалім оның мазмұнын оқушыларға түсіндіріп береді; құжатқа сілтеме жасап, дәйексөз келтіреді (әңгімелеудің дәлелділігін күшейту үшін); өз әңгімесін нақтылау және қызықты ету үшін кұжаттан үзінділер пайдаланады. Әңгімені жандандыру үшін құжат үзінділерін төл сөз ретінде қолданып, тарихи тұлғаға мінездеме беріледі.

Оқушылардың құжатпен жұмыс жүргізуі оларды жасына, танымдық мұмкіндігіне және дайындық деңгейіне қарай күрделене берсді. 5-6 сьптығарда баяндау - суреттеу сипатындағы қарапайым материалдар пайдаланылады; оның көлемі 10-15 жолдан аспауы тиіс; ал 7-8 сыныптарда талдау жасалатын заңдық және шаруашылық құжаттардың саны арта түседі; 9-11 сыныптарда саяси бағдарламалық құжаттар кеңінен қамтылады.

Құжаттармен жұмыс істеуге үйрету мынадай кезендерден тұрады:

1) Мұғалім кұжатты талдаудың үлгісін береді;

2) Оқушылар мұғалімнің көмегімен құжатты талдайды;

3) Мұғалімнің жетекшілігімен жеке дербес жұмыс жүргізеді;

Құжатты өз бетінше сынынта және үйде оқып үйренеді. Мұғалім сыныпта оқушыларды кұжатпен таныстырып, тапсырманың мазмұнымен хабардар етеді. Оқушылар үйде құжат негізінде қысқа хабарлама, суреттеме дайындап, оқулықтың мәтіні, безендіру бойынша шығармашылық мазмұндама дайындайды. Әрине дербес жұмыс жасау үшін құжат барлык оқушыға жеткілікті болуы керек.

Құжаттармен жұмыс жүргізу мынадай дағдыларды да меңіеруді талап етеді; құжатты оқып әңгімелеу және ол бойынша жоспар кұру, құжатты дербес талдап. ол бойынша сұрақтарға жауап беру; бірін-бірі толықтыратын ұқсас кұжаттарды салыстыра талдау; құжатқа сыни баға беру. Осы дағдылардың барысында оқушыларға кұжаттағы қисындық түйінді, негізгі идеяны анықтап, белгілі бір ережелерге дәлел тауып үйренеді. Мұғалім оқушыларға "бұл туралы кұжатта не жазылғанын оқындар", "кұжат мәтіні негізінде.....дәлелде", "өз пікірінді құжат негізінде тиянақта" деген мазмұнда тапсырма береді.



Жоғары сынып оқушыларының құжаттармен жүргізетін жұмысы күрделене түседі. Оларға ендігі кезекте күрделі тапсырмаларды орындауға тура келеді. Ол тансырмалар мына мазмұнша болуы мүмкін:

құжат мазмұнының бастысын, екінші кезектісін таңда; өз тандауынды негізде;оқып үйренетін оқиғаның себебін, қай кезеңге тән екендігін анықта;оқиғаның іске асуына қандай тарихи алғышарт немесе идея, бастама нсгіз болды;жағдайларды салыстыр; қажетті дереккөзінен мәліметгерді таңдап ал;саяси және мемлекеттік қайраткерлерге мінездеме бер; түпдерек бойынша хабарлама дайында;

оқып үйренген құжаттар қазіргі қоғамдық құбылысты тани білуге қалай көмектескенін ойлап көр.

Мұғалімнің түпдеректі сабаққа пайдаланар алдында оны алдын ала електен өткізіп, педатогикалық екшеу жасайды. Ол неғұрлым екшелген сайын оны оқушылардың дербес игеруі, қабылдауы оңайлай түседі. Педагогикалық еклеу дегеніміз -сабақка пайдаланатын құжаттың мазмұнын тандау дегенді білдіреді. Қажет болған жағдайда мұғалім кұжат авторының стилін озгертпей-ақ кұжатты еркін пайдалануы мүмкін. Одан әрі мұғалім оқушылар үшін жаңа терминдер мен ұғымдарды түсіндіріп, құжатпен жұмыс істеудің тапсырмаларын анықтайды.

Жинақталған өлкегану материалдарын жүйелі түрде қолдану мақсатын іске асыру үшін мұғалім мынадай жүйеленген таблицаны қолдануына болады.

Мұғалім сабақ барысында құжатты қолданар алдында оған қысқаша сипаттама береді; құжат қайда, қашан қандай мақсатта, кім жазды; бұл құжаттан оқушылар не біледі?


Сабақтың тақырыбы, рет саны

Жергілікті материалды қолдану мақсаты

Жергілікті материалдың қысқаша мазмұны

Жергілікті материалды пайдалану тәсілі

Оқушыларға арналған әдебиеттер

Түркістан-Қазақ хан-дығының астанасы

Қалалардың рөлінің

артуын нақтылау, олкетану дерегімен

бекіту

Түркістан қаласының сауда, қолөнер діни орталықтан саяси орталыққа айналуы

Оқушының қала туралы буклет, хабарлама,

баяндама дайындауы.



"Түркістан тарихы мен мәдениеті". Түркістан, 2000 ж.

ұра"


Мұғалім "Жеті Жарғы" туралы әңгімелеп отырып, оның алдында "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" деп аталатын заңдар жинағы болғандығын хабарлап, ол зандарда меншік түрлері, қылмыс деңгейлері, оларға салынатын қүш өлшемдері жазылғандығын баяндайды. Оқушылар одан әрі "Жеті Жарғының" мәтінін талдауға кіріседі: 1) Мәтін бойынша ауызша дәлелдеу; 2) Қүн өлшемдерін анықтау; 3) Құжаттың жекелеген тармақтарын бөліп алу; 4) Құжаттың мазмұнын анықтауға көмектесетін сұрақтар түзу.

Оқушылар құжатты жеке беліктер бойынша оқиды, ал мұғалім жекелеген сөйлемдерді түсіндіріп, құжат мазмұнын қаншалықты меңгергендігін анықтау үшін "Үзіндіде не туралы айтылған?" "Мына сөйлемнің мазмұнын қалай түсінесің?" Содан соң барып құжатты қайталап оқып, жекелеген бөліктер бойынша талдауға кіріседі. Оқушылардың жауабы толық және дәл болып, тұжырымдар құжатқа сілтеме жасау арқылы негізделуі тиіс.

Орта буын оқушыларымен өткізілген сабақтарда құжатты тарихи дерек пен әдеби шығарманың арасындағы айырмашылық туралы ұғымдар қамтылуы тиіс. Мысалы, түркі халықтарының мифтері туралы әңгімелегенде олардың қайсысы рас, қайсысы ойдан шығарылғандығын түсіндіреді.

Сабақ барысында тарих курсымен хронологиялык байланысты, тақырыпқа қатысты оқушылардың отбасы тарихының құжаттары ретіңде отбасы мүшелерінің жазбаларын, фотосурсттерін де қолдану тиімді. Бұған қатысты мынадай тақырыптарды атауға болады: "Менің отбасым XX ғасырдың 30-жылдарында", "Ұлы Отан соғысы біздің отбасы өмірінде", "Біздің отбасының еңбектегі және соғыстағы наградалары".

Құжаттың көрнекілігі оның мазмұнын көрнекілік қағидасымен ұштастырғанда тиімді бола түседі.

Құжатты талдау нәтижесінде оқушылардың санасында тарихи ұғымдар қалыптаса бастайды. Ол ұғымдар дайын білім түріндс емес, оқушылардың логикалық ойлау қызметінің барысында қамтылуы тиіс. Белгілі бір мәселені құжаттар арқылы нақты адамдардың көзқарастарындағы қайшылык. айқындалады, ол жағдай, процестер мен құбылыстардың мәнін ашуға көмектеседі. Бір мәселені әр түрлі ұстанымдарда қамтылған құжаттарды салыстыру барысында оқушылар бір мәселе туралы бірнеше көзқараспен таныса алады.

Құжаттарды оқу материалында орын алған кайшылықтарды шешуге де тиімді қолдануға болады. Оған байланысты құжаттармен жұмыс жүргізуге берілетін тапсырмалар оқушылардың танымдық мүмкіндігін ескеріп беріледі. Құжаттарды оқып үйренуге байланысты тапсырманың сұлбасы мынадай: құжатты талдау — одан деректерін теріп алу - оларды ауызша әңгіме, ролдік ойын, жазбаша шығарма түрінде баяндау. Бұл жерде құжаттарды баяндау мен карта; зандық құжат пен күнделік жазбасы; жеке түлғаның естелігі, хаттары мен портреті деп жұптаған орынды.

Оқушылар құжат бойынша сұрақтар дайындап, сөзжұмбақ құрастырады, оқиғаны баяндап, мәтіндер дайындайды. Талқылап, талдап, толықтырғаннан соң мәтін оқулықтың тақырыбына қосылады. Бұл мәтін оқушыларға барынша түсінікті, өйткені оны өздері түзді ғой. Осы жолмен қалыптасқан тарихи ұғым барынша тұракты болмақ

Мұғалімнің құжаттарды тандауына мектеп хрестоматиясы көмектеседі. Кейбір хрестоматиялар тек құжаттарды біріктірсе, ендігі бірі — құжаттар, оларға түсіндірмелер, ғылыми-көпшілік әдебиеттердің үзінділерін құрайды, ал үшіншілері — көркем немесе басқа әдеби шығармалардан тұрады. Сабактың мақсатына қарай мүғалім аталған хрестоматиялардың бірін тандайды.

Тарихи дереккөздерінің конспектісі мен тезистерін дайындау

Дереккөздерімен жұмыс жоғары сыныптарда ұйымдастырылады. Мұндай дерек көздеріне тарихшылардың, экономистер мен саясатшылардың ғылыми еңбектері мен қолбасылардың, мемлекет басшыларының, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің естеліктерін қосуға болады.

Мұғалім сабақтағы қысқаша кіріспе сөзінде бұндай еңбекпен жұмыс жасаудың міндеттеріне тоқталады. Онда құжапың жасалған уақыты, мақсаты мен міндеттері, қысқаша сипаты антылады. Одан әрі еңбектің құрылымы, негізгі идеясы сөз болып, тарихи оқиғалар мен құбылыстарға баға берудегі маңызына тоқталады. Алғашқы ксзде бүкіл сынып ғылыми еңбекті термин, ұғымдардың сөздігін жасай отырып түсіндіру арқылы оқиды. Мұғалім мәтін бойынша сұрақтар дайындайды. Кейін тек күрделі мәтіндер түсіндіріліп, өзгесі оқушылардың өздігінен оқуына беріледі. Олар мәтіннен негізгі идеяны тауып, оған сипаттама беруге тырысады.

Мұғалімнің тапсырмасымен оқушылар жай жоспардан күрделі жоспар жасауға, одан әрі еңбектің қисындык күретамыры тесис жасауға ауысады. Тезис - дерек көзіне ешқандай сілтеме, түсіндірме, безендірме жасалмай баяндалған қысқаша негізгі мазмұн. Тезисте жалпы ой желісі басым болады. Алғашқы кезде оқушылар мұғалімнің көмегімен, кейін дербес жағдайда еңбектің тезисін дайындайды. Бір құжатың негізінде олар тезис дайындап, конспект жасауға үйренеді.

Конспектілеу - мәтіннің ең маңызды жағдайларын барынша қыска етіп жазбаша баяндау. Оқушылар құжаттың жоспары қалай жасалып, ол қалай тезиске айналып, сонымен деректер және үлгілермен қалай толықтырылғанын (конспектіге айналғанын) жетік білуі тиіс. Конспектілеу арқылы жинақталған білім баяндама, реферат дайындағанда пайдаланылады.

Конспект дайындауға байланысты түрлі жаднама бар. Солардың бірі мынадай:



1) Конспектілеу алдында шығарманы мұқият оқып, жоспарын құру; 2) Конспектілеуді бастағанда автордың (немесе жинақ редакторының) дәл аты-жөнін, жұмыстың толық атын, шыққан жері мен уақытын көрсету; 3) Ғылыми еңбектің тарау, бөлім, параграфы барлық кезде де дәл көрсетілуі тиіс; 4) Мәтін қысқа мазмұндалады, бірақ негізгі ойлар мен далелдер толық жазылуы тиіс; 5) Конспекгілегенде цитата қолданылуы керек; 6) Конснектілеу барысында түрлі шартты белгілер жүйесін қолдану керек, олардың конспект бойынша жауап бергенде көмегі көп.

Оқушылар осылайша құжаттарды тұтастай немесе фрагменг түрінде конспектілеуді, сол бойынша тарихи тұлғалар, оқиғалар мен құбылыстарға баға беріп, құжатпен дербес, шығармашылық жұмыс жасауға үйренеді.


Қайталау және бекіту сұрақтары


  1. Тарихи құжат деген не? Оның қандай түрлерін білесіз?

  2. Тарихи құжаттармен жұмысты қалай үйымдастыруға болады?

  3. Құжаттар мен дереккөздерін қалай конспектілеуге болады?

  4. Тезис дегеніміз не? Ол қалай дайындалады?

  5. Оқулық пен хресгоматиядағы тарихи құжатты салыстыр.


Өзіндік жұмыстардын (курс, бақылау. реферат, баяндама) тақырыптары:

1) Тарих сабағында оқунылардың құжаттар және дереккөздерімен жұмысын үйымдастыру;

2) Тарихи құжаттың конспектісін дайындау жолдары;

3) Құжаттар мен дереккөздерінін түрлеріне сипаттама;



4) Тарих пәні сабағында құжаттар мен дереккөздерін қолдану.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет