27.«Have you ever…? When did you…? » ойыны. Мақсаты: Past Simple және Present Perfect-те сұрақ қоюды үйрену;
Қажетті нәрселер: іс-әрекеттер бейнеленген карточкалар;
Ойын барысы: Оқушылар жұп бойынша жұмыстанады. Әр жұп адамдар іс-әрекеттер жасап тұрған карточкалар алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды. Егер де сол әрекетті жасаған болса қашан орындағанын айтады.
Мысалдар: Have you ever played hide-and-seek?
Yes, I have. I have played hide-and –seek.
When did you play hide-and seek?
I played hide-and-seek last summer.
28.«Find who» ойыны. Мақсаты: Past Simple және Present Perfect бойынша сұрақ қоюды үйрену;
Қажетті нәрселер: әр оқушыға тапсырмасы бар карточкалар;
Ойын барысы: Сынып 2 топқа бөлінеді: А және Б. А тобының оқушылары тапсырмасы бар карточкалар алады. Ойынның мақсаты Б тобының карточка бойынша әрекеттер жасаған оқушыларды табу. А тобының оқушысы Б тобының оқушысынан «Did you go to the library yesterday?» “Have you gone to the library this week?” сұрақтар қояды. Егер Б тобының оқушысы «Иә» десе, А тобының оқушысы қағазына түсіреді. Берілген уақыт бойынша есімдерін көп жазған оқушы жеңімпаз атанады.
Мысалдар: Completion sheet