Тасқала аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің Сараптама кеңесі сараптама қорытындысы



бет14/16
Дата02.02.2023
өлшемі77,8 Kb.
#167180
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
ағылшын тілін ойын арқылы үйренеміз Койшыгалиева В

29.«Roll the ball» ойыны.
Мақсаты: ағылшын тілінде жаңа сөздерді меңгеру;
Қажетті нәрселер: доп
Ойын барысы: Оқушылар мен ұстаз шеңбер құрып тұрады. Мұғалім допты бір оқушыға бір сөз айтып лақтырады, енді допты алған оқушы жаңағы сөзге ұқсас сөзді айтуы керек.
Мысалдар:
Doll – ball
Hare – bear
Dog – frog
Mouse – house


30.«Noughts and crosses» ойыны.
Мақсаты: сөйлемде үстеуді дұрыс қолдана білуді үйрету;
Қажетті нәрселер: кестелер;
Ойын барысы:
Сынып оқушылары А және Б тобына бөлінеді. Тақтаға кесте ілінеді. А тобы өздеріне бір кестені алып, үстеулерді қосып сөйлем жазады. Егер де сөйлем дұрыс жазылса, алынған кестеге х қойылады. Ал қате сөйлемге ештеңе қойылмайды. Содан кейін Б тобы сөйлем құрады. Дұрыс сөйлемге о қойылады. Тапсырманы қатесіз тез орындаған топ жеңіске жетеді.
Мысалдар:
Мұғалім өз таңдауы бойынша мынадай үстеулерді қолданады: ago, just, yet, last, already, yesterday, in 1999, never, ever.

31.«Interpreter» ойыны.
Мақсаты: оқушыларды ағылшын тілінен қазақ тіліне және қазақ тілінен ағылшын тіліне дұрыс аударма жасауға үйрету;
Қажетті нәрселер: әр топқа арналған сөйлемдер жазылған қағаз;
Ойын барысы:
Сынып 3 топқа бөлінеді. Әр топтан 1 оқушы ағылшынша сөйлем жазылған қағаз алады. Ол қағазын басқа ойыншыларға көрсетпеуі керек. Тапсырма алған оқушы сөйлемді оқып, аудармасын қазақ тілінде сол қағазға жазады, қағазды орайды, ағылшынша жазылған сөйлем көрінбеу керек. Келесі оқушы қазақша сөйлемді енді ағылшын тіліне аударуы керек. Осылай ойын жалғаса береді. Топтағы барлық ойыншы қатынасып болсымен ойын тоқтатылады. Дұрыс аударма жасаған топ жеңімпаз атанады.
Мысалдар:
1.We haven’t met for 3 years, but yesterday he came to see me.
2.I have never been to this city, but last week I saw an interesting film about it.
3.I have known this man for 3 years, but yesterday he told me about his family for the first time.
Жауабы:
1.Біз 3 жыл кездескен жоқпыз, бірақ ол кеше маған келді.
2.Мен бұл қалада ешқашан болған емеспін, бірақ та өткен аптада осы қала туралы қызықты фильм көрдім.
3.Мен бұл адамды 3 жылдай білемін, бірақ та ол кеше бірінші рет маған өз отбасы туралы айтты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет