15.« Invisible Words.» ойыны. Мақсаты: орфографиялық ережені жетілдіру;
Ойын барысы: Жүргізушіні сайлап алу керек. Оның міндеті ауада сөздерді жазу. Қалғандар сол сөздерді дәптерге енгізу керек. Барлық сөздерді дұрыс жазған оқушы жеңімпаз атанады.
Мысалдар: Pencil, mother, school, blackboard, newspaper, clock, nose, cinema, monkey, ship, music, family.
16.«Good morning» ойыны. Мақсаты: оқушылардың тыңдау қабілеттерін дамыту;
Ойын барысы: Тақтаға бір оқушы сыныпқа теріс қарап тұрады. Мұғалім қолымен оқушылардың ішінен біреуіне көрсетіп, “Good morning, Saken” дейді, ал тақтада тұрған оқушы дауысын танып “Good morning, Maral” деп жауап қайтарады. Енді Марал тақтаға шығып жүргізуші болады. Ойынды қиындату үшін оқушылар дауысын өзгертуге болады. Бастапқы сабақтарда оқушылар амандасу мен қоштасуды айтады. Келесі сабақтарда микро- диолог құра алады.
Мысалдар: - Hello, Maral!
- Hello, Saken!
- Good bye, Maral!
- Good bye, Saken!
17.«Who is the cleverest?» ойыны. Мақсаты: сөздерді дұрыс жазуға үйрету;
Қажетті нәрселер: каточкалар;
Ойын барысы: Оқушылар екі топқа бөлінеді. Сөздерді дұрыс жазған оқушы жеңімпаз атанады.
Мысалдар: to skate – skater, skating-rink, a skate, skates
to collect – collector, collection, collective
18. « Whose birthday is today?» ойыны. Мақсаты: бұл ойын оқушыларды ағылшын тілінде сөйлеуге, өз ойын толық жеткізуге үйретеді;
Қажетті нәрселер: карточкалар;
Ойын барысы: Мұғалім оқушыларға “One of you has a birthday today. Guess who she is”. Оқушылар сұрақтар бойынша кімнің туған күні екенін табу керек.
Мысалдар: What colour is her hair?
What colour are her eyes?
What is her nose like?
What is she wearing?
What is her hobby?