9.«Memory games» ойыны.
Мақсаты: A) Оқушыларды адам келбетін бейнелеуді, суреттеуді үйрету;
B) «Жүзі», «Киім үлгісі» туралы сұрақ қоюды үйрету;
Ойын барысы:
Мұғалім тақтаға екі оқушыны шақырып, бір-біріне кішкене уақыт қаратады, содан соң бір- біріне теріс қарап келбеттерін суреттеп бастайды. Соңғы сөйлемді аяқтаған оқушы жеңімпаз атанады.
Оқушылар бір- біріне теріс айналып тұрған соң қалған оқушылар оларға сұрақтар қояды.
Мысалдар:
P1: He has got blue eyes.
P2: She has got black hair.
P1: He has jeans on.
P2: She is wearing a black skirt. Etc.
Ps:P1 – What colour are P2`s (his, Pete`s) eyes?
P1: His eyes are blue
Ps:P2 – What colour blouse is P1 (she, Ann) wearing?
P2: She is wearing a green blouse. Etc.
10.«Parts of the body» ойыны.
Мақсаты: дене мүшелерін дұрыс атауды үйрету;
Қажетті нәрселер: жануарлардың дене мүшелері бар карточка дайындау;
Ойын барысы: «Оқушылар, біздің жануарларымызға үлкен қиыншылық туып тұр, жалмауыз кемпір олардың ең керек дене мүшелерін алып кеткен, олар енді ұша алмайды, секіре де алмайды, көрмейді және естімейді. Енді сол жануарларға дене мүшелерін табуға көмектесейік»
Мысалдар:
Teacher: Whose tail is this?
Pupil: It is a pig`s tail.
Teacher: Whose ears are these?
Pupil: These are hare`s ears. Etc.
11. «Let’s draw a Rainbow!» ойыны.
Мақсаты: түстерді үйрету және оларды есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Қажетті нәрселер: түрлі –түсті қарандаштар, кемпірқосақ салынған сурет;
Ойын барысы:
Біріншіден мұғалім кемпірқосақ салынған суретті тақтаға іледі. Оқушылар 7 түрлі қарандашты партаның үстіне қояды.
Мысалдар:
Мұғалім: This is a rainbow. I can see red colour (суретті көрсетеді, балалар сол түсті қарандашты көтереді), orange colour, yellow colour, green colour, blue colour, dark blue colour, violet colour. The rainbow is colourful. It’s beautiful. Let’s draw a rainbow! Сосын мұғалім балаларға кемпірқосақтағы түстерді ретімен есте сақтап алуларына уақыт береді де, суретті тақтадан алып тастайды.
Балалар кемпірқосақты салып болғаннан кейін, мұғалім суретті тақтаға іледі. Балалар өз суреттерімен салыстырады. Суреттер салынып, салыстырылғаннан кейін, мұғалім кемпірқосақтың түстерін көрсете отырып сұрайды. What colour is it? Балалар сұраққа жауап береді.
Ойынның ұзақтығы: 7-10 минут.
Достарыңызбен бөлісу: |