Тасқала аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің Сараптама кеңесі сараптама қорытындысы



бет5/16
Дата02.02.2023
өлшемі77,8 Kb.
#167180
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ағылшын тілін ойын арқылы үйренеміз Койшыгалиева В

2.«Don’t say "Yes" or "No"» ойыны.
Мақсаты: жалпы сұраққа толық жауап беруді үйрету;
Қажетті нәрселер: Present Perfect және Past Simple сұрақтары бар карточкалар;
Ойын барысы:
Сынып 3 немесе 4 оқушыдан топ құрайды. Әр топтан 1 оқушыдан тақтаға шығады. Мұғалім Present Perfect және Past Simple қолданып, сұрақ қояды. Оқушылар сұраққа толық жауап берулері керек, бірақ «Иә» немесе «Жоқ» сөздерін қолданбаулары керек. Немесе ойынды жалпы сыныппен де өткізуге болады, әр оқушыға кезек-кезек сұрақ қою арқылы.
Мысалдар:
1.Have you seen your friend today?
2.Did you go to the cinema on Sunday?
3.Have you been to Astana this year?
4.Did your parents take you to Almaty last year?
5.Have you written any letters this week?
6.Did you get many presents for your birthday last year?
7.Did mother give presents on holiday to you?
8.Did father come home at 8 o’clock in the evening yesterday?
9.Did your family have fish for supper yesterday?
10.Have you eaten bananas this week?
11.Has your classmate given you a book today?
12.Did you fly to the Black Sea in summer?
13.Has your sister ever seen the Caspian Sea?
14.Did your brother swim in the Ural in August?
15.Has your grandmother ever told you about her childhood?
16.Have you made your bed today?
17.Did you drink tea with milk for breakfast?
3.«Find who» ойыны.
Мақсаты: Past Simple және Present Perfect формасында жалпы сұраққа толық және дұрыс жауап беру;
Қажетті нәрселер: әр оқушыға арналған тапсырмалар;
Ойын барысы:
Сынып 2 топқа бөлінеді: А және Б. А тобындағы әр оқушы тапсырма алады. Бұл топтың мақсаты Б тобындағы оқушылардың берілген тапсырмадағы іс-әрекеті орындағаны немесе істегені. А тобының оқушысы Б тобының оқушысынан сұрайды: «Did you go to the library yesterday?» әлде «Have you gone to the library this week?» т.б.
Егерде Б тобының оқушысы «иә» деп жауап берсе, А тобының оқушысы оның атын өз қағазына жазады. Берілген уақыт ішінде кім көп ат жасса, сол жеңеді. Ойын соңында барлық оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім бірнеше сұрақтар қойып, оқушылардың толық жауап берулерін қадағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет