Кесте 14 - Әулиеата мен ×ерняев уездеріндегі үш жүздің жалпы саны
Қырғыз-қазақтар
Єулиеата
Черняевск
Барлығы
¦лы жүз
7385
114
7499
Орта жүз
626
201
827
Кіші жүз
-
1293
1293
Төре мен төленгіт
-
45
45
Барлығы
8011
1653
9664
94
Зерттеу обьектісі болып отырған «ҚЖПМ» көптомдық дерек көзінде
сондай-ақ ру-тайпалардың шежірелік кестелері түзілген болатын. Олардың өзі
«Сведенія о киргизских ордахь и родахь, вкочевывающихь вь Кустанайскій
уездь изь Сырдарьинской области и изь другихь уездовь Тургайской области»,
яғни, зерттеліп отырған уезге басқа уездерден көшіп келетін ру-тайпалар туралы
мәліметтер және «Сведенія о киргизскихь ордахь и родахь по волостямь
Кустанайскаго уезда» деп аталатын сол уездегі болыстар бойынша ру-
тайпалардың орналасуы туралы мәліметтер беретін әр уездің ерекшелігіне сай
келетін кестелерден тұрды.
Сырдария мен Торғай облыстарынан Қостанай уезіне негізінен Орта жүзден
Арғыннан тараған Керей, ‡мбетай, Єлімбет рулары мен Кіші жүздің Байұлынан
Алаша, Алтын, Жаппастар, Єлімұлынан Кете, Жетірудан Табындар жаз
жайлауға көшіп келетін болған. Уездегі болыстар бойынша ру-тайпалардың
орналасу кестесі бойынша да біршама нақты мәліметтер алуға болады. Мәселен,
Меңдіқара болысында – Орта жүздің Керей рулары, Кенарал болысында -
Қыпшақтар, Обаған болысында - Арғындар, Арақарағай болысында –
Қыпшақтар мен Кіші жүздің Байұлынан тараған Жаппастар мекендеді.
Қарабалық болысында Қыпшақтың Қара қыпшақтан тараған рулары мен
Табын (Жетіру), Жаппас (Байұлы) рулары, Аманқарағай болысында Арғынның
Ермен, Басентиін, Єлімбет, Баймбет, Қырықмылтық, Тонмойын, ¤тей рулары
мен Қыпшақтың Қарабалық, Көлденен ұрпақтары қоныстанды. Дамбар
болысында Қыпшақтың Шуманақ, Танабұға, Сопы, Жолжақсы руларының
ұрпақтары мен Жаппастың Сумұрын, Баймұрат, Наурыз рулары мен Тама мен
Жағалбайлы рулары қоныстанды. Бестөбе болысында ‡йсін мен Шанышқалы
рулары және Кіші жүздің Жетіру тайпалық бірлестігінің Телеу, Жағалбайлы,
Табын, Тама, Кердері, Керейт пен Рамадан рулары, Байұлының Жаппас, Алаша,
Алтын, Серкеш, Байбақты рулары мекендеген. Жетіқара болысында негізінен
жағалбайлы, тама, табын рулары мен алаша мен жаппас ру тармақтары
мекендеген.
Құмақ болысында жағалбайлы руы, Сарыой болысында қыпшақ пен арғын,
шөмекей, жаппас, алтын рулары қоныстанған. Шұбар болысында жаппас,
қыпшақ, арғын рулары, Жылқуар болысында жағалбайлының Лез, Мырза
аталықтары мекендеді, ал Сүйіндік болысында жағалбайлының Мырзадан
тараған
Сирақты,
Бозбет,
Малатау,
Аққожа,
Бескүрек,
Ормантай
аталықтарының ұрпақтары қоныстанған. Демек, Қостанай уезінде дерек
бойынша Кіші жүздің жетіру, әлімұлы, байұлы рулары мен Орта жүздің қыпшақ
пен арғын рулары шашырай қоныстанған екен.
Ал Ақтөбе уезіне Орал мен Торғай облыстарының басқа да уездерінен
көшіп келетін қазақ рулары туралы кесте бойынша негізінен Кіші жүздің
Єлімұлынан тараған Қара-сақал, Қаракесек, Төртқара, Шекті, Шөмекей, Кете
рулары мен оның тармақтары көрсетілген. Ал Ақтөбе уезіндегі болыстар
бойынша рулардың орналасуы туралы шежірелік кестелерде рулардың
орналасуы мен тармақталуы туралы былайша көрсетілген: Ойсыл-Қара
болысында Кіші жүздің Байұлынан Алтын, Жаппас рулары, Єлімұлынан
Қаракесек пен Шекті, Жетіру тайпаларынан Тама мен Жағалбайлы рулары
95
мекендеген. Тереклі болысында Жетірудан тараған Жағалбайлы руларының
Мырза мен Ілестен тараған 10-12 аталықтары мен Єлімұлының Кете, Шөмекей
рулары мекендейді. Олардың аталықтарының тізімдері де берлген.
Бестамақ болысында Жетірудың Тама мен Табын рулары, Єлімұлының
Монақ, Ақсы, Жаманақ, Шөмекей, Шекті рулары мекендеген. Бөрілі болысында
Єлімұлының шекті, төртқара, қаракесек, қарасақал, байсары руларының
ұрпақтары мен Жетірудың тама, табын, Жағалбайлы, телеу, кердері, рамадан,
керейт руларының тармақтары мекендеген.
Бұл шежірелік кестден байқағанымыз Бөрілі болысында Жетіру
бірлестігінің 7 руы да мекендеген екен. Ал Бөртін болысында ¦лы жүзден
Қырғыз, Орта жүзден Уақтар, Кіші жүздің Єлімұлының шекті, шөмекей,
төртқара, қаракесек рулары, Жетірудың тама, табын, кердері рулары,
Байұлының Алаша деп аталатын рулары мекендеген. ‡ш жүздің біраз рулары
қоныстанған мекен болғанымен, көпшілігі кіші жүздің рулары қоныстанған.
Қаратоғай болысында Єлімұлының Шөрен, Жетірудың тама, табын ру
тармақтары мекендеген. Ал Елек болысында Жетіру тайпаларының тама мен
табын рулары ғана қоныстанған. Қара хобды болысында Орта жүздің Уақ
рулары мен Єлімұлының қаракесек, кете, шекті рулары, Жетірудың кердері,
табын, тама рулары мекендеген.
Тұзтөбе болысында уақтар, табын, тама, Єлімұлынан тараған ¤жірей
рулары мекендеген. Хобды болысында табындар қоныстанған. Демек, бұл
шежірелерде тек қана аталықтардың тармақталуы ғана берілмей, біріншіден,
негізгі қоныстанған болыстары мен әкімшілік ауылдары, екіншіден, ең соңғы
яғни, тірі ұрпақтарының аттары да берілген.
Атбасар уезінің болыстар бойынша рулардың орналасу кестесі бойынша
Атбасар болысында Орта жүздің қыпшақ пен арғын рулары қоныстанған.
Демек, «ҚЖПМ» дерегінде кездесетін ру-тайпалық шежіре-кестелердің де
маңызы мен құндылығы жоғары. Олар зерттеушілердің ойынан алынған дүние
емес. Білімді де беделді, көпті көрген, көпті білген көнекөз қариялар мен
ауылды басқарған ақсақалдардан сұрап жазып алынған.
Бір қызығы әрбір рудың көсемі өз руының шежіресін таратып беріп,
зерттеушілер олардан басқа бір рудың шежіресін сұрағанда, шатастырармыз
деп, басқа рудың тарихын айтудан бас тартқан. Бұның өзі дерек көзінің
құндылығын жоғарылататына сөзсіз. ¤йткені, әркім өз руы мен көрші қандас
рулардың шежіресін жақсы білгенімен, басқа рулардың тарихын білмеуі немесе
кейбір маңызды оқиғаларды ұмытып қалуы мүмкін.
Сондықтан да, мұның өзі шежіре-кестелердегі мәліметтерді әлі де болса
басқа да неғұрлым обьективті деректермен салыстыра талдауды қажет етеді. Біз
зерттеу жұмысымызда барлығын түгелімен қамтып шықтық деуден аулақпыз.
Бұл өте ауыр әрі күрделі жұмыс болғандықтан болашақта да зерттеуді қажет
етеді.
Қорыта келгенде «ҚЖПМ» ру-тайпа бірлестігінің тарихы баяндалған
мәліметтердің маңызы өте зор. Олардың қазақ тарихын терең зерттеп,
зерделеуде, халқымыздың өткенін этникалық, саяси, тарихи тұрғыда
толықтырып, байытудағы орны ерекше. Бұл деректен:
96
- қазақтардың әлеуметтік тарихынан;
- этнографиясынан;
- ру-тайпалық құрылымынан;
- рулардың қоныстануы мен көшіп-қонуынан құнды әрі обьективті
мәліметтер алуға болады деп тұжырымдауға болады. «ҚЖПМ» дерек көзін
талдай отырып әр облыс пен уездегі қазақ қоғамының ру-тайпалық
құрылымының ерекшеліктетерін байқау қиын емес.
Бұл деректе сақталған мәліметтер бойынша сонау ХІХ ғасырдың
соңындағы - ХХ ғасырдың басындағы қазақтардың кұрделі этникалық жүйесі
мен қоныстануының біршама толық суретін көруге болады. Дерек бойынша ру-
тайпалардың Қазақстан территориясына орналасуы бүгінгі күнгімен
салыстырғанда көп өзгеріске ұшырамаған.
Достарыңызбен бөлісу: |