Тасилова назия айтбаевна


Кесте 12 - Шымкент уезі, Қарамұрт болысы. № VIII әкімшілік ауылдың рулық кестесі



Pdf көрінісі
бет27/41
Дата08.02.2022
өлшемі1,92 Mb.
#98250
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
Байланысты:
китаааап

Кесте 12 - Шымкент уезі, Қарамұрт болысы. № VIII әкімшілік ауылдың рулық кестесі 
 
Дулат
↓ 
Сиқым
Тоқсейіт (қусирақ) 
Құлатай
Қайтар 
(Алибек Қалибек) 
Назар 
¤теміс 
↓ ↓ 
Төлебай Боқбасар 
↓ ↓ ¤теуұлы 
Дәнентоқ Беске Тұншы 
↓ Тындыбай 
↓ ↓ ↓ Тайышбай
Кенжеғұл Дәнәлімбет Қойлыбай (№3)
Байберді Аманкүл Байдамбет 
Дәнамбай Сбанкүл Қожабай 
(№ 4) Түлтебай Байтөре 
(№ 1) (№ 2) 


77 
Зерттеуші Т. Қартаева тарихи деректер мен зерттеулердің негізінде Дулат 
тайпасының қоныстануы мен көшу бағыттарын анықтаған болатын. Автор Сыр-
Дария облысының қоныс аудару басқармасының статистикалық партиялардың 
зерттеу негізінде жинақтаған «ҚЖПМ» сүйене отырып, Дулат тайпаларының 
қоныстанған жерлерін айқындап береді. 
Мұрағат құжаттарына қарағанда Сыр-Дария облысы, Шымкент уезінің 
Майлыкент болысының № 7 әкімшілік ауылда Дулаттың Шымыр, № 4 
әкімшілік ауылда Ботпай, Шымыр рулары, № 2 әкімшілік ауылда Шымыр, № 5 
әкімшілік ауылда Ботпай, Жаныс, Сиқым, Шымыр рулары орналасқан. Ал 
Сарыбұлақ, Майлыкент болыстарында негізінен Шанышқылының Дарқан, 
Саңырау рулары, Дулаттың Шымыр, Жаныс рулары, Сіргелінің Кеңірдектен 
тараған аталары қоныстанған. Шымкент уезі Қарамұрт болысының № 8 
әкімшілік ауылында Дулаттың Сиқым рулары қоныстанған. Жалпы қорытатын 
болсақ, Сырдария облысының Шымкент, Єулиеата уездерінде Дулаттың төрт 
атасы да мекендеген екен. Олардың шежірелік кестесін осы № 33 қордың 
негізінде кеңінен қарастыруға болады. Сонымен қатар ол құжаттарды «ҚЖПМ» 
салыстыра талдауға да болады. 
Єулиеата уезінде дулаттар сарыүйсін, шапырашты, ысты, жалайыр 
руларымен аралас қоныстанып, негізгі тұрақтары Шу, Талас өзендерінің бойы, 
Мойынқұм өңірінің орталық аймағын, Талас Алатауының етегін, Шу мен Талас 
өзендерінен бастау алатын бұлақ пен бастаулар бойын алып жатты. Єулиеата 
уезінде ХІХ ғасырдың соңына қарай жоғарыда аталған тек дулат руларымен 
аталған болыс аттары өзгергенімен, дулаттардың байырғы қоныстары өзгермеді. 
Єулиеата уезіне арналған «ҚЖПМ» Аспара болысын толығымен дулаттың 
ботпай рулары қоныстанған. Олар Аспара өзенінен бастау алатын Көк, Бел, 
Тұзық, Қисық, Жартоған, Қарасу, Тас, Жамбастоған, Жаманбұлақ, Молалы 
алыс, Сасық бұлақ, Жаман, Тас тоған, Екінші тоған, Қарақобы Жалқамыс тоған, 
Мақан, Жота арықтары бойларындағы Мұңғазан, Апанды төбе, Ойтал, Ақермен, 
Ақөлең, Түзу ұсрат, Қисық ұсрат, Тақыркөл, Жартоған, Қарақобы, Саршыбүр, 
Аспара, Қызтоған, Шошқалы, Талдыбұлақ қыстауларында қыстап, мекендеген. 
1909 ж санақ бойынша ауылдар көлемі мен ондағы адамдардың саны да әртүрлі 
болған. Мәселен, Қарақобы арығы жағасында қоныстанған Тауырбай 
Жындыбай, ¤мірші Мамгөз, Мамадыр Будақора ақсақалдар ауылында 20-26 
ботпайлар шаңырағы тұрса, Тұрсын ¦лдымаболат, Байсейіт Құлмамбет, Егінбай 
Базарбай, Жұмақұл Қосай, Еліқұл Бамыбай ақсақалдар басқарған ауылдарда 
140-158 шаңыраққа дейін ботпайлар біріккен. Болыс 11 әкімшілік ауыл, 22 
шаруашылық ауылға бөлініп, 1715 шаңырақта 14213 ботпай тұрған. 
«ҚЖПМ» ауылдық кестелер бойынша Асы болысының 2, 3, 4, 7-ші 
әкімшілік ауылдарында шымырдың күнту аталығынан тарағандар мекендесе, 5-
ші әкімшілік ауылында боққайнат аталығынан тарағандар, ал 6-шы әкімшілік 
ауылында боққайнат пен күнту аталығынан тарағандар аралас қоныстанып, Шу 
өзені бойындағы Батырбек, Аққұдық, Алаботалы, Қарақұдық, Тасөткел, 
Жаршапқан, Шарбақты, Тамдықарын, Шынкелдіқарын, Бүргенсу, Тайсойған, 
Тастөбе, Ағашық, Жусан құдық, Кемерқұдық қыстауларын иемденді. Ал 
Билікөл болысының 7-ші әкімшілік ауылына қараған ¤теп Абылай ақсақал 


78 
басқарған 23 шаңырақ шымырлар Жіңішке жуалы өзені бойындағы Теріс 
қыстауында қоныстанды. 
Єулиеата болысындағы Ботамойнақ-алмалы болысының 1, 2, 3, 4-ші 
әкімшілік ауылдары шымырдың жанғыбай аталығынан тараған 238 шаңырақтан 
құралып, Сүгіт өзені, Қайыңдыарығы бойындағы Тілеміс сай, Єйтімбет Сүгіт 
қыстауларын, Тегембай сай, Шалы бастау бұлақтары басындағы Түс, Шымшық 
сай, Шилі бастау, Қосқара, Шыңырау құдық, Сасықкөл, ¦зынбұлақ 
қыстауларын иемденген. Осы болыстықтың 5-ші әкімшілік ауылында 
жанғыбайлар мен бестеректер Алмалы, Көкбастау бұлақ бастарында, Төленді 
арығы бойындағы Қызылқайнар, Алмалы, Қоңыртөбе, Коянбайтал, Ботамойнақ, 
Тесік бастау, Ақбүйім қыстауларында қоныстанды. 8-ші әкімшілік ауылды 
толығымен Жаныс-жанғыбайлардың 127 шаңырағы құрап, олар Талас өзені 
бойында қыстады. Ботамойнақ-алмалы болысы 12 әкімшілік және 78 
шаруашылық ауылдарға бөлінеді. Оның 52 ауылын толығымен Шымырдың 
Бекболат атасынан тараған сәнбет, жанғыбайлар құрап, 1868 шаңырақта 11725 
тұрғыны бар болса, соның 90 % шымыр рулары. Одан басқа ауылдарда қыпшақ, 
керей рулары қоныстанған, - деп айтылған. 
Єулиеата уезінің келесі Қарабақыр болысының 8 әкімшілік ауылына 
қарасты 52 ауылда өтеміс-жаныстар мекендейді. Олар Арбай, Жамантөрткөл, 
¤теміс, Күлпейіс, Тұрарт, Қарабөгет, Аюбай, Сарышым, Ақберді, Тілеген, 
Мәмбет арықтары бойындағы Құлқайнар, Естеміс, Қарашеңгел, Кеңтоғай, 
Шөлтөбе, Дөңгелексаз, Көкүзек, Қанқожа мешіті, Дермен қыстауларында 1313 
шаңырақта 8569 жаныс қыстаған. 
Сонымен қатар, «ҚЖПМ» бойынша Қарақыстақ болысында да дулаттар 
қоныстанған. Онда ботпайлар Мөңке, Боқтыкен, Ақбастау, Қарақыстақ 
өзендері, Төре, Жарарық, Көкөзек, Тас, Қисық, Сарбек, Таскетбай, Ақназар 
арықтары бойындағы, Сарбұлақ, Талдыбұлақ бастарындағы Ойқұдық, Бозжота, 
Тастақ, Мөңке, Бөгібайсаз, Ақназар, Молалы, Тасшілік, Ойранды Єулиебұлақ 
қыстауларында қыстаған. Болыста барлығы 1630 шаңырақта 11166 тұрғын 
болса, соның 1587 шаңырағында 10877 ботпай болған. 
«ҚЖПМ» ауылдық кестелерге сүйенсек, Құрағатын болысында құдайқұл-
ботпай, сиыршы-ботпай, жаныс, қоралас, бесторсық рулары мекендеді. Ал 
Күшеней болысында шымырдың бестерек, жанғыбай аталығынан тарағандар 
қоныстанды. Мақпал болысындағы Ащыбұлақ, Қайыңды өзендері бойында 
дулаттың жиенбет, күнту ұрпақтары мекендеді.
Шымкент уезінің Машат болысындағы Машат, Шымбұлақ, Жыланды, 
Дәубаба арықтары бойында сыйқымдар қоныстанған. Қарамұрт болысында асан 
аталығынан 119 шаңырақ, 1534 тұрғын, Бадам болысында өтеміс ұрпақтарынан 
149 шаңырақ, 1011 тұрғын, Майлыкент болысында шілмәмбет аталығынан 25 
шаңырақ, 127 тұрғын Талдыбұлақ басында, шымыр руынан 18 шаңырақ, 77 
тұрғын Кішкене бұлақ басында, ботпай руынан 31 шаңырақ, 96 тұрғын 
Жабағалы арығы бойында қоныстанды. 
Қошқарата болысында сыйқымдар 219 шаңырақ, 1302 тұрғын Тасбұлақ, 
Көлтоған, ‡лкен, Белбұлақ, Тасбастау, Балақұтүй, Қараш, Ордақонған, 


79 
Көкбастау, Қыйқы бастау, Сүңгібұлақ бұлақтары басында қыстаған. Сонымен 
қатар мұнда ботпай, жаныс, шымыр, сыйқымдар аралас орналасқан.
Боралдай болысында толығымен дулаттың жаныс, байыс, қоралас, күнту, 
шоқай, бөгетжайлы, құттық, асан, қошқар, қыбырай, бестерек, шуылдақ рулары 
мен ұрпақтары мекендейді. Бөген, Жилібұлақ болыстарында ботпай руы, 
Көкшеқұм болысында шымыр, күнту аталықтары мекендейді. Қаратай 
болысында жиенбет-ботпай, Арыс болысында жаныс, бөгетжайлылардан 853 
шаңырақ, 4909 тұрғыны тұрақтайды. Сарыбұлақ болысында сыйқымның темір 
аталығынан тарағандар 327 шаңырақ, 2340 тұрғын қоныстанса, ал Сарыкөл 
болысында өтеміс аталығынан 71 шаңырақ, 604 тұрғын Арыс бойында қыстады. 
Мұнда қоңырат рулары араласып тұрақтады. Түлкібас болысында ботпайдың 
құдайқұл, көкірек аталығы, шымырдың шілмәмбет ұрпақтары мен жаныстар 
мекендеді. Демек, «ҚЖПМ» талдай келе біз, біріншіден, дулаттардың ХІХ ғ. 
соңы мен ХХ ғ. басындағы ру-тайпаларының атауларын, екіншіден, олардың 
орналасқан болыстары мен әкімшілік ауылдарын, қоныстары орналасқан өзен-
көлдер мен арықтардың атауларын, үшіншіден, шаңырақ пен шаруашылық 
санын анықтап алдық. Оған қоса олардың шаруашылығы, мал басының саны, 
егістік жерлері туралы көптеген мәліметтерді де алуға болады.
Сырдария облысының Єулиеата мен Черняевск уездеріне арналған 
«ҚЖПМ» ру-тайпаларға қатысты мәліметтер сол өңірдегі білгір ақсақалдар мен 
көнекөз қариялардан жазып алынған. Ол туралы деректің өзінде 1913 ж. 
Єулиеата уезін зерттеуде Шу болысының ІІ-ауылының молдасы Құлжан 
Жолбарыс (жалайыр руынан), ІІІ-ауылдың старшыны Тоғайбай Билібай, Ағашақ 
болысының VI-ауылдың молдасы Тынаш Атекей (дулат руынан), VII-ауылдан 
Талқамбай Дайрабай деген адамдардан, ал Черняевск уезінде Қаракөл 
болысының басқарушысы Құрбанбек Єділбектің (тлық руы), Жылыбұлақ 
болысы VI-ауыл ақсақалы Єлімбек Тілеумолда (сіргелі руы), Сарыөзек болысы 
ІІІ-ауылының тұрғыны Рысмахамед Басыбай (қоңырат руы), Шу болысы І-
ауылы Туғанбай Игембай (тама руы), Құршу болысы ІІ-ауылы Қойшыбай 
Баймахамбет, ІІІ-ауылдан Єбдірахман Байтугүл деген адамдардан жазып 
алынған делінген. Демек, руларға қатысы бар әрбір мәлімет білетін адамдардан 
сұрап алынған. Ал қазақтардың ақсақалдары мен шежірешіл қарттары өз 
руының құрылымы мен тармақтарын, оның қай жерлерде мекендегенін жатқа 
білетін. Бұл мәліметтердің обьективті болуына ықпал ететіні сөзсіз. 
Экспедиция Ақмола облысы Көкшетау, Атбасар, Омбы, Ақмола, Петропавл 
уездерін зерттеу нысанына алған болатын.
«ҚЖПМ» сүйенсек, Көкшетау уезінің қазақтары орта жүз құрамында 
болған. Зерттеуші Е.П. Добровольскидің айтуынша қазақтарда әлі күнге дейін 
ауызша және жазбаша әулеттер хроникасы мен шежірелер сақталынған. Ол 
әртүрлі кезеңдерге қатысты естеліктер мен көпшілікке танымалы тұлғалардың 
тарихы туралы аңыз-әңгімелер әлі де ел аузында деп таңғаларлықпен 
баяндайды. Шын мәнінде қазақтың әрбір азаматы өз шежіресін, жеті атасын 
білу ертеден келе жатқан дәстүр, ата-баба ұлағаты. Ел арасында жырау, жыршы, 
ақындармен қатар шежіреші кісілер болған. Кейбір шежірешілер әрбір рудың 


80 
ара жігін ашамын деп, оны аңыз-әңгімемен араластырып, бірнеше күн әңгіме 
ететін болған.
К. Жүнісбаев: «...шежіредегі аңыз және басқа қосымша дерек көздер 
арқылы XVII-XVIII ғасырлардағы қазақтардың көшпелі өмірінің кейбір 
мерзімдерін, қазақ руларының жерге орналасу, қоныстану тәртібін, олардың 
басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын, сыртқы жаулармен күресін, ішкі ру 
арасындағы таптық талас тартыстың шыға бастағанын, қазақтың көшпелі 
феодалдық қоғамының біртіндеп қалыптасу сатысын анықтауға болады», - деп 
атап өткен екен. 
Деректегі «Көкшетау уезі қазақтарының жалпы шаруашылық жағдайы» деп 
аталатын бөлімде бағдарламаға сәйкес әрбір сұраққа жауап жазылған. Оның 
біріншісі әрине, рулық бастама. Ол бойынша Көкшетауда 1) Бағыс № 1, 2, 3, 4, 
8, 9 әкімшілік ауылда, 2) Қадыр № 5, 3) Қылды № 7, 4) Баба мен 5) Қырғыз № 6 
әкімшілік ауылдарда мекендеді. Сонымен қатар Аблай сұлтанның соңынан 
ерген рулар № 4 ауылдың құрамында өмір сүрді. Бұлардың ішінде саны ең көп 
Бағыс руы болды делінген.
Көкшетау уезінің қазақтары Аблай ханның тарихы мен оның осы өңірге 
келу себептерін аңыз әңгімелерге сүйеніп баяндаған. Ол бойынша Аблай ¦лы, 
Орта, Кіші жүз қазақтарының басын қосқан, мықты билеуші болған. Сондай-ақ, 
Айыртау болысының қазақтары Көкшетауға Орта Азия мен Бұхара маңынан 
көшіп келіп, осындағы қалмақтар мен остяктарды ығыстырғаны туралы 
әңгімелеп берген болатын.
Омбы уезіне арналған деректің «Исторія заселенія Омскаго уезда» деп 
аталатын тарауында бұл өңірдің қазақтары өздерінің ата-тектеріне байланысты 
аңыз-әңгімелерді жақсы сақтамағандығы тілге тиек етіледі. Бірақта деректің 
өзінде Омбы уезіне келген рулардың қай жылдары, қашан келгендігі нақты 
баяндалады. Мәселен Ақмола уезінде тұрақтаған Керейдің Ақсарыдан тараған 
ұрпақтары бұл өңірге 200 ж бұрын келген. Ал 33, 41, 43 топтың ұрпақтары 
Павлодар уезінің Баянауыл және Ақмола уезінің Ереймен тауларынан 200 жыл 
бұрын көшіп келген. Омбы болысындағы Атығай рулары мұнда Көкшетау 
уезінен 100-150 жыл бұрын көшіп келген. Шерлақ болысының № 49 топ 
тұрғындары бұнда Түркістандағы Қаратаудан 200 ж бұрын келгендер, деп 
баяндалады. Жалпы дерекке сүйенсек Омбы уезінің тұрғындары осы жерге 200 
ж бұрын көшіп келген Атығай, Қарауыл, Қыпшақ, Керей рулары. «ҚЖПМ» 
бойынша олар Қарқаралы, Павлодар, Ақмола, Көкшетау уездері мен Торғай 
облысынан, Түркістаннан көшіп келгендер. Олар ең алдымен Ертіс өзеніне 
қоныстанып, кейіннен Омбы уезіне тұрақтады. Бұл рулардың көшіп келуінің 
басты себептері: жоңғар шапқыншылығы, казактардың Ертіске қоныстануы, 
өзара ру арасындағы жерге келіспеушілік, тар жерден кең жерге ауысу, 
келімсектердің көшіп келуі болды.
Негізінде Омбы уезінде Омбы болысында Атығай рулары, Николаев 
болысында Қарауыл, Шерлақ болысында Қыпшақтар, Покровскі мен Қорған 
болыстарында Керейлер қоныстанды. Сонымен қатар, азды-көпті қазақ рулары 
осы негізгі ірі рулардың арасында өмір сүрді. Шерлақ болысында сұлтандар, 
Покровск болысында Жағалбайлы, Қанжығалы, Қозған, Уақ, Ағыз және 


81 
сұлтандар өмір сүрді. Ал Омбы болысында Қанжығалы, Найман рулары 
қоныстанды. Қорған болысында қожалар, құлдықта қалған қалмақтар 
мекендесе, Николаев болысында Қаңлы, Қанжығалы рулары мен қожалар 
қоныстанды.
«ҚЖПМ» Омбы уезінің ауылдық кестелеріне қосымшаларында «Атығай 
руы Баулық, Матай, Шаға, Жауғашар бөлімдеріне жіктеледі», - делінген. Бұл 
деректе кездесетін қосымшалардан кестелердегі мәліметтерді толықтырып 
отыруға болады.
Деректе кездесетін Омбы уезінде орналасқан ру-тайпалардың картасындағы 
мәліметтерге сүйенсек онда Қараул, Керей, Атығай, Қанжығалы, Қаңлы, 
Қыпшақ, Атығай, Найман, Ағыс, Уақ, Табын рулары мен сұлтандар мекен етті. 
«ҚЖПМ» дерегінде ру-тайпаларға қатысты аңыз-әңгімелер көптеп 
кездеседі. Соның бірі Ақмола облысы Ақмола уезінде мекендеген Арғын 
тайпалық одағына жататын Жетімомын тобындағы ірі тайпаларының бірі 
Атығай рулары турасында Є. Бөкейханның 1898 ж жазып алған аңызын атап 
өтуге болады. Ол бойынша Атығай руының атауы сонау Есім ханның (1598-
1627 жж.) өмір сүрген кезеңімен байланыстырылады. Статистикалық деректегі 
аңызға сүйенсек, ол былайша өрбиді: «Есім хан қалмақтармен жауласып тұрған 
шақта, қол астында ағайынды қос жетім 15 жасар Атығай мен 12 жасар Бағыс 
өмір сүріпті. Бір күні Атығай басқаларға еріп, қалмаққа қарсы жорыққа 
аттанады. Ол жаумен шайқасқанда өзінің ептілігімен, батырлығымен көзге 
түседі. Қалмақтармен арадағы шешуші ұрыстардың бірінде «Ақ боз атқа мінген 
Атығай, қолына егеулі найза іліп алып», «Атығайлап» ұран тастап жаудың 
ортасына бұзып-жарып кіреді. Кірген бетте жаудың туын ұстап тұрған батырды 
шауып түсіреді. Қалмақтар желбіреп тұрған туының құлағанын көріп кейін 
шегінеді. Атығайдың ерлігіне ырза болған Есім хан, оны ордасына шақырып 
алып, батасын береді және Дәуіттен тараған 12 ру, бұдан былай Атығай аталсын 
деп бұйырады», - делінген. Сөз соңында Є. Бөкейхан өзіндік қорытындыларға 
келіп: «аңызға қарағанда, тайпаның негізін салушы Атығайдың өзі емес, Атығай 
бар болғаны бірнеше рулардың жиынтық атауы болғанын көруге болады. Ол 
руларға: 1. Баба, 2. Бағыс, 3. Майлы, 4. Балта, 5. Бабасын, 6. Құдайберді-
Бәйімбет, 7. Сүйіндік-Қара, 8. Ақ-киік, 9. Қойлы Атығай, 10. Құлансу, 11. 
Қадыр, 12. Атығайды жатқызамыз», - деп тұжырымдаған. Єрі қарай автор 
Атығайдан тараған Баулық, Матай, Шаға, Жауғашар атты 4 баланың 
ұрпақтарын таратады. 
Зерттеуші Х. Ғабжалилов өзінің «Атығай этнонимі және рулық құрылымы» 
атты мақаласында «Атығай» этнонимінің шығу тегі туралы деректерді талдай 
келе, «ҚЖПМ» сақталған Є. Бөкейханның жазып алған аңызын шындыққа 
жақын келетінін атап өтеді. Ол: «Деректерде кездесетін мәліметтердің барлығы 
осы нұсқаның дұрыстығына меңзейді. Біріншіден, Атығай этнонимі жеке 
адамның есіміне байланысты шыққан және ол XVII ғасырда өмір сүрген тарихи 
тұлға деп санаймыз. Екіншіден, Атығай тайпаның Атығай деп аталынуы XVII 
ғасырдан басталады. Оған дейін тайпа басқаша аталып келген деп ойлаймыз. 
‡шіншіден, тайпаның жаугершілік заманда қолданатын бірнеше ұраны болған. 
Бүкіл Арғын ұлысына ортақ ұран – «Ақжол» басты ұран болса, соғыс кезінде 


82 
Атығайлар біресе «Атығайды», енді бірде «Ошыбай» ұранын қолданып 
отырған», - деп, аңыздағы мәліметтердің шынайылық деңгейінің жоғары 
екендігін дәлелдеп береді.
Олардың саны туралы мәліметті ауыл мен шаруашылықтарының саны 
бойынша есептеп шығаруға болады. Ол төмендегі кестеде көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет