97
мал өсіру, қыстау төңірегінде егін салу; 3) отырықшылық жағдайда мал мен егін
шаруашылығын қатар жүргізу.
Тарихшы Б. Сүлейменов өз еңбегінде Қазақстан территориясын ХІХ ғ. соңы
– ХХ ғ. басында шамамен екі зонаға бөлуге болады: а). біріншісі – солтүстік,
солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс аймақ, бұл аймақта халық мал шаруашылығы
мен жер өңдеумен айналысады; б). екінші – орталық территорияның көпшілік
бөлігі, оңтүстік және оңтүстік-батыс
аймақтардағы тұрғындар мал
шаруашылығымен айналысты деген болатын.
Осы кезеңде негізгі шаруашылық мал өсіру болды. Онымен халықтың
64,8% айналысты, ал отырықшы суармалы егіншілікпен 26,4%. Зерттеліп
отырған кезеңде өнеркәсіп өндірісі дамымай, қалыс қалып отырды, тек ұсақ
қолөнер өндрісі ғана негізінен қазып шығаратын және өндіретін өнеркәсіппен
айналысты. Жалпы Қазақстан ХІХ - ХХ ғғ. дәстүрлі шаруашылығы мен
феодалдық-патриархалды қоғамы бар таза аграрлық өлке есебінде болды. Бұл
кезеңде капиталистік қатынастар жаңадан қалыптаса бастады.
«ҚЖПМ» сақталған ақпараттардың негізінде қазақтардың дәстүрлі мал
шаруашылығы,
егін егуі, қолөнермен айналысуы туралы құнды мәліметтер
алуға
болады.
Бұл
экспедицияның
негізгі
мақсаты
қазақтардың
шаруашылығына қажетті «жер мөлшерін» анықтау болғандықтан, зерттеушілер
ең алдымен олардың шаруашылық типтерін, оған қажетті жер мен құрал-
саймандарды есептеген болатын. Єр жердің табиғи ерекшеліктеріне сай әрбір
уездің шаруашылығы бөлек қарастырылған еді.
«ҚЖПМ» қазақтарда жер шаруашылығымен айналысу әлсіз немесе мүлдем
дамымаған, оларға егін егуді орыс мұжықтары үйретті деген тұжырымдарға
толығымен тойтарыс беруге болатын мәліметтерді алуға болады. Мәселен,
Шымкент уезіне арналған деректе бұл өңірдің тұрғындарының 83,38%
отырықшы шаруашылықпен, ал 16,62 % көшпелі мал шаруашылығымен
айналысатындығы айтылған. Бұл туралы: «... хотя киргизы (қазақтар) в
Чимкентском уезде и считаются кочевниками,
тем не менее они обезпечены
пахотными угодьями значительно выше средней крестьянской семьи в
Европейской Россіи» Ақмола уезінің ру-тайпалардың шежірелік кестесі
бойынша уезде негізінен арғын рулары мекендейді. Оның үлкен әйелінен:
Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, кіші әйелінен: Шұбыртпалы
(Токтауыл), Жалықпас, Қамбар, күңінен Болатқожа (Қаракесек) және өкіл
баласы Қаржасты таратады. Қуандықтың өзінен: Есенқарт, Алтай, Қарпық,
Бөрші, Темеш руларынан тұрады. Олар кесте бойынша Есенқарт ұрпақтары:
Қалқамандар
Есім болысында, ал Ағыстар Шерубай-Нұрын болысында, Алтай
ұрпақтары: Мойын – Рахманқұл, Мұрат ұрпақтары және Санғай – Ақбура,
Тоқбура, Байбура рулары Ақмола, Спасск, Шерубай-Нұрын болыстарында
қоныстанды. Жалпы арғындардың басқа да ру-тармақтары сонымен қатар
Нұрын, Жыланды, Нелды, Қарағаш, Моншақты, Қоржынкөл, Еремен
болыстарын қоныстанды. Ал
қыпшақтар Есім, Ақмола, Жыланды, Моншақты,
Қызылтау, Қызылтопырақ, Нұрын болыстарын мекендеді.
Ақмола уезіне арналған ру-тайпалар картасы бойынша онда Арғынның:
Момыннан – Қанжығалы, Атығай, Басентеин рулары мен Мейрамнан: Қуандық,
98
Сүйіндік, Бегендік рулары қоныстанған. Сонымен қатар уезде Керей, Уақ,
Қыпшақ рулары мен қара-қырғыздар, төрелер, төленгіттер де бар.
Петропавл уезінде дерек мәліметтеріне сүйенсек 4 ірі рулардан Арғын,
Керей, Уақ, Қыпшақтар мен төре мен төлеңгіттерден құралған. Деректе: «Род
Керей представлен в уезде четырьмя отделениями, расположившимися по
территории уезда в следующем последовательном порядке: На границе с родом
Атыгай (Аргын) расположилось самое малочисленное отделение Кереев, род
Балта; затем рядом, по границе Становской и Пресновской волостей – род
Кошубе, далее –
самый сильный род Смаил, и, наконец, находящийся с тремя
перечисленными родами в отдоленном родстве, Сван, расположился на западе
(южная часть Пресногорьковской волости) между чуждыми ему родами Уак,
Кыпшак и Канджигалы...», - деп уездегі Керей руларының тармақтарының
қоныстарын көрсеткен болатын.
Бұдан көретініміз уездегі Арғын мен Керей рулары барлық тұрғындардың
3/4 құрайды екен, ал Уақтар 1/5, басқа тұрғындар 3 % шаруашылықты құрайды.
Дерек көзіне сүйенсек Есіл өзенінің шығысында Арғындар, солтүстік-
шығысында Уақтар, батысында Керей мен Уақтар көршілес мекендеді, ал
олардың арасында Арғынның Қанжығалы
руы Қыпшақтармен көршілес
орналасқан.
Шын мәнінде Оңтүстік Қазақстанда Сырдария, Арыс өзендері мен Қаратау
баурайларында табиғаты бай, суару жүйесі дамыған, егін егуге қолайлы болып
келеді. Мұнда ерте заманнан бері егін шаруашылығымен айналысады.
Статистикалық партия мүшелері бұл өңірлерде жерді пайдалану, егін егу ісі
ертеден 60-100 жыл бұрын қалыптасқандығын атап өткен.
А.Г. Серебренниковтың «Түркістан өлкесі және оның жаулап алынуы
тарихының материалдар жинағы» ¤збекстан Республикасының мемлекеттік
мұрағатында №715 қорда (72 іс) 74 том болып сақталуда. Мұнда Сырдария
облысының әлеуметтік-шаруашылық, ру-тайпалық, саяси тарихына қатысты
көптеген құнды деректер бар. Онда «¦лы жүз
қазақтарының егіншілікпен
ертеден айналысып, бау-бақша өсіру, астық пен тары дайындау мен оның
саудасымен табыс табудың пайда көзіне айналдырып отырғаны» баяндалған.
Бұл ХІХ ғ. 40-70 жылдарындағы мәлімет екендігін ескерсек, онда Сырдария
облысында егіншілік қара шекпенділер келгенге дейін-ақ дамығандығы
дәлелдеуді де қажет етпейді. Төмендегі кестеде Шымкент уезінің егін
шаруашылығымен айналысатын жерлердің көлемі берілген.
Достарыңызбен бөлісу: