Тасилова назия айтбаевна


Кесте 15 - Сырдария облысы Шымкент уезіндегі егін егетін жердің көлемі



Pdf көрінісі
бет32/41
Дата08.02.2022
өлшемі1,92 Mb.
#98250
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
Байланысты:
китаааап

Кесте 15 - Сырдария облысы Шымкент уезіндегі егін егетін жердің көлемі
 
Ауданны
ң атауы 
Шаруаш
ылық 
саны 
Десятина 
Бір шаруашылыққа 
Жыртылған жер 
Орылған жер 
Жыртылған жер 
Орылған жер 
П*
Н* 
П 
Н 
П 
Н 
П 
Н 
Дала 
4909 
45478,06 
3715,06 
7635,26 
3170,56 
9,26 
0,75 
1,55 
0,64 
Таулы 
4012 
28331,93 
16536,49 
4872,65 
6696,59 
7,06 
4,12 
1,21 
1,66 
Барлығы 8921 
73810,21 
20251,55 
12507,91 
9867,15 
8,27 
2,27 
1,40 
1,10 
*П – суарылмалы жер *Н – суарылмайтын жер 
Статистер Шымкент уезін далалы және таулы аймақтарға бөліп, егін егетін 
жерлерді 3 негізгі түрге бөлген: 
1. суармалы егін егетін аймақ 


99 
2. табиғи суармалы аймақ 
3. суарылмайтын далалы аймақ. 
Уездегі орташа шаруашылық далалы райондарда – 9,2 десятина егістік 
жерді құраса, таулы аймақтарда – 9,3 десятинадан тұрды. Статистердің есептеуі 
бойын: 
Далалы: 9,2+0,48≈9,68=9,7 дес. егістік жер 
Таулы : 9,3+0,23 ≈9,53=9,5 дес. егістік жер 
Мұндағы 0,48 бен 0,23 қосымша жоңышқа егілетін жер есебінде болды.
Сырдария облысында Далалы облыстарға қарағанда егін шаруашылығы 
жақсы дамыған. Статистикалық кестелерге қарағанда Шымкент уезінде жаздық 
бидай, күздік бидай, сұлы, қара бидай, тары, жүгері, зығыр, күріш, нохат, мақта, 
күнжіт, қауын, чечевица бұршағы, арпа, бұршақ және т.б. дақылдар егілетін 
болған.
Дерек мәліметтеріне сүйенсек осы уездің қазақтары егін егетін жерлерінде 
бір жылы бидай, екінші жылы арпа, үшінші жылы басқа өсімдікті егу арқылы 
жердің құнарлығын сақтаған. Алма кезек егіс егу әдісі жердің эрозияға 
ұшырауынан сақтаған. Сонымен қатар қазақтар егістікті омашпен (сохамен) 
немесе моноймен жыртып, қолорақпен орған. Жер жыртатын «омашты» 
Атбасар уезіне арналған «ҚЖПМ» «Тыз» (омаш) қаздың табанына ұқсайды. Бұл 
қайыңнан жасалған. Оның жоғарғы жағынан жетек ағаш орнатылған, төменгі тік 
бұрыш болып келетін жұмыр жеріне қазақтың қолдан жасатқан «тызы» 
кигізілген. Тыз – тіс деген мағына береді. тызға парлап өгіз, ат, не болмаса түйе 
жегіп, жерді екі қарыс тереңдікте жыртады», - деп суреттеген.
Бұл мәліметтерден оңтүстіктегі қазақтардың бұрыннан-ақ егін егіп 
күнелткенін байқауға болады. Тарихшы Н.Г. Апполова көптеген материалдарды 
зерттей келе: «Єсіресе, оңтүстікте атап айтқанда, Сыр бойында тұратын 
қазақтардың жер шаруашылығымен айналысуының тамыры тереңде жатыр, 
олардың егіншілікпен айналысуына Хорезммен көрші тұруы, сондай-ақ 
Қарақалпақ диқандарының ықпалы мол болды», - деп қазақ елінің ертеден бері 
егіншілікпен айналысуын атап өткен.
Бұл ретте зерттеуші Қ.Қ. Құсайынұлының: «ХІХ ғасырдың екінші 
жартысынан басталған орыс шаруаларының қазақ жеріне келіп қоныстануы – 
қазақтардың егіншілікпен айналысуына әсерін тигізді, оны тездетті, әрі оның 
сапасын өзгертті деген қағида ойдан шығарылған. Мұның астарында Ресейлік 
отарлаушылар пиғылы жатқан», - деген пікірді «ҚЖПМ» дерегі де дәлелдей 
түседі.
Алайда егеменді ел болғанымызға бірнеше жылдар өтсе де, әлі күнге дейін 
орыс мұжықтарының қазақтарға егін егуді үйретті деген пікірден танбайтындар 
да кездеседі. Мәселен, зерттеуші Д.Я. Фризен ХХ ғасырдың басында Батыс 
Қазақстанда қазақтар мен переселендердің егін егу мөлшері артты, оған әсер 
еткен қонысаударушылар екендігі атап өтілген. Ресей империясы мүмкіндігінше 
құнарлы, шөбі қалың, суы мол жерлерді таңдап алып, қазақ халқынан тартып 
алып, қоныс аударушыларға бергенде осы бір қасаң қағиданы негізге алып
дәйектеп отырған.


100 
Шын мәнінде егін шаруашылығы қазақтардың арасында кең түрде тарала 
бастағанымен де көшпенді және жартылай көшпенді мал шаруашылығы 
біртіндеп құри бастады. ¤йткені, сол кезеңде Є. Бөкейхан айтып кеткендей 
қазақ даласында кең көлемде егіншілікті дамытуға экологиялық фактор 
мүмкіндік бермеді. Ол қазақтардың егіншілікті мал шаруашылығына қосалқы 
кәсіп ретінде ғана қарап келгендігін және мұның, орыс шенеуніктері 
ойлағандай, қазақтардың жалқаулығына байланысты емес, табиғат пен жер 
жағдайынан туындап отырғанын атап өтті.
Торғай-Орал партиясының құрамында болған Т. Седельников өз еңбегінде: 
«Қазақ қырынан біз шаруашылық жүргізудің кезеңдік түрлерінің – сонау 
көшпелі жайылымдық, мал шаруашылығынан, таза егіншілікке, тіпті 
кәсіпшілікке дейінгі түрлерінің бәрін табамыз және олардың өзара тығыз 
байланысын байқаймыз» , - деп атап өткен болатын.
Кең байтақ Қазақстан жерін ежелден бері мекендейтін қазақ халқы бұл 
араның табиғи-географиялық жағдайына сай көшпелі мал шаруашылығымен 
айналысқан. Қазақстанның барлық аудандарында үй жануарларының төрт түлігі 
(жылқы, ірі-қара, қой-ешкі, түйе) түгел өсіріледі. Бұл түліктердің арасалмағы 
жергілікті жердің табиғи жағдайына байланысты. Дегенмен, қазақ халқының 
мал өсірудегі сан ғасырлық бай тәжірибесіне қарағанда, географиялық ортаның 
түрлі ерекшеліктерін шаруашылық мүддесіне сай дұрыс пайдалана білген. 
Сондықтан да көшпелі не жартылай көшпелі мал шаруашылығының өзінде 
жергілікті ерекшеліктердің көптеп кездесуі де заңды еді.
«ҚЖПМ» Шымкент уезі мен Далалы облыстардағы егін егумен 
айналысатын шаруашылықтарды салыстыра келіп, төмендегідей кестені 
ұсынамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет