Студенттің дайындалуы үшін берілетін сұрақтар
1. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында пайда болған «ҚЖПМ» пайда болуының
обьективті және субьективті факторлары.
2. «ҚЖПМ» Қазақстан тарихының дерек көзі.
3. «ҚЖПМ» жариялану тарихы мен сақталу формасы.
4. «ҚЖПМ» сақталынған мәліметтердің шынайылығын анықтау.
5. Экспедициялық деректер құрылымы мен мазмұнының бір-бірінен
ерекшелігі.
38
2 ҚАЗАҚ РУ-ТАЙПАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ СТАТИСТИКАЛЫҚ
ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ, ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
МЕН МӘЛІМЕТТЕРДІ ТАЛДАУ ПРИНЦИПТЕРІ
2.1 Ру-тайпаларға байланысты зерттеулердің ұйымдастырылу тарихы
мен статистикалық ақпараттардың жинақталу ерекшелігі.
Бұл статистикалық зерттеулерге тоқталмастан бұрын біз «статистика» мен
статистика ғылымының қалыптасу тарихына қысқаша тоқталып өтуді қажет деп
таптық. «Статистика» ұғымы XVIII ғасырдың екінші жартысында пайда болып,
алғаш рет Германия университетінде пән ретінде қолданылды.
«Статистика дегеніміз қоғамдық өзгермелі құбылыстардың сандық жағын
(сапасымен байланыстыра отырып) арнайы тәсілдерді қолдану арқылы зерттеп,
олардың сандық жағын бейнелейтін, сандық жағындағы заңдылықтарды
ашатын ғылым саласы болып табылады». Ол қоғамның, қоғамдық
құбылыстардың
бет-бейнесі,
айнасы
ғана
емес,
қоғамдағы
кейбір
заңдылықтарды ашуға тәсіл көрсете алатын құрал немесе таным түрі болып
табылады. Оның әдістері арқылы өзге ғылымдар өз міндеттерін тиімді іске
асыра алады.
Кез келген мемлекет өз аумағындағы барлық салаға есеп жүргізеді және сол
есептің көрсеткіштеріне қарай ол салаларға байланысты алдағы міндеттерін
анықтап, сол құбылыстардың нәтижесі туралы саясатын белгілейді. Яғни,
статистика қажеттіліктен пайда болған, барлық ғылымдарға ортақ сала.
Бұл тарихи деректің есепке алынатын, тіркелетін құжаттардан
айырмашылығы, статистикалық мәліметтер кез келген басқарманың шешімі
үшін, кез келген аймақтағы ұзақ уақытқа жоспарланған саясаттың шешімі үшін
де, қоғамдық процесстердің даму тенденцияларын анықтау үшін де маңызы зор.
Ол мәліметтер ең алдымен өзіндік әдіс-тәсілдермен жинақталады, кейіннен
арнайы маман статистер арқылы өңдеуден өткізіледі де кез келген салада нақты
шешім қабылдауға көмектеседі. ¤йткені, осы мәліметтер арқылы кез келген
аймақтағы түрлі саланың (ауыл шаруашылығы, демография, әлеуметтік-
экономикалық) сандық дамуы айқындалып, оның жағдайы төмен, орташа
немесе жоғары екендігі анықталып, оған сай шешімдер қабылданады.
Ресей империясында статистиканың негізі XVIII-XIX ғғ. І-жартысында
қаланды. Бірақта ол кезеңдегі статистиканың өрісі тар еді. ¤йткені, мемлекеттік
басқармалар тек империяның мүддесіне қажетті деген құбылыстарды ғана
зерттеу нысаны етіп алды. Тек 1860 ж. бастап Орталық статистикалық
комитеттің құрылуы, статистиканың жаңа сатыға көтерілуіне жағдай жасады.
1864 ж. земство реформасы жүргізілді, осыдан бастап жергілікті өзін өзі басқару
органдары – земстволар құрыла бастады. Олардың басты міндеті шаруалардың
экономикалық жағдайын терең зерттеу болды. Осыдан кейін халық санағы,
өнеркәсіп, ауылшаруашылық санақтар жүргізіліп, онда жинақталған ақпараттар
баспадан жарық көріп отырды. Статистикамен тек қана мемлекеттік мекемелер
мен земстволық ұйымдар ғана емес, енді онымен акционерлік қоғамдар мен
кәсіпорындар да айналысты.
39
1871 ж. бастап земствода статистикалық мекемелер құрыла бастады. 1886
жылы барлық земстволарда дерлік статистикалық органдар құрылды.
Земстволық статистиканың ең маңызды міндеті – жылжымайтын мүлікті және
ең алдымен жерді бағалау болды. Єрбір земстволық статистикалық мекеме
кішігірім ауданды зерттеу нысаны ретінде алғанымен, ол бүкіл Ресей бойынша
материалдар бере алды.
ХІХ ғ. 70 жылдарында земстволық статистика 2-ге бөлінеді: негізгі және
ағымдағы. Негізгі статистикалық зерттеулер белгілі бір уақытта жүргізілді. Ал
ағымдағы статистикалық зерттеу күнделікті жүргізілді. Негізгі статистикалық
зерттеулер экспедиция әдісімен жүзеге асырылды. Ал ағымдағы зерттеу
анкеталар мен сауалнамаларды жан-жақа жіберу арқылы мәліметтерді
жинақтады. Єрине, бұл ретте мәліметтердің сапасы, шынайылығы жағынан
негізгі статистикалық зерттеу жұмысының маңызы зор еді. ¤йткені, олар
арнайы экспедиция арқылы, сол зерттелінетін аймақта болып, жұмыстың
басынан соңына дейін сонда мәлімет жинаумен айналысады. Және ол
зерттеулерді
арнайы
топографтар,
статистиктер,
ауылшаруашылық
жұмыстарымен шұғылданатын адамдар, тілмаштар, тіркеушілер бірлесе отырып
жүргізеді.
Зерттеуші Г.Е. Ерменбетова экспедициялық әдіс туралы: «Жауап алудың
экспедициялық әдісі өз мақсатына жету үшін земство статистикасы нақты
әдістерді жасады. Соның ішінде экспедициялық әдіс ең негізгісі болды. Осы
әдіс арқылы зерттеу обьектісі ыңғайлы жинақталған үлкен территорияны
қамтиды», - деп, экспедициялық әдіспен жиналған мәліметтер көбінесе дұрыс
болғанын атап өтеді.
ХІХ ғ. ІІ-жартысы мен ХХ ғ. басында патшалы Ресей империясының
тарапынан көптеген санақтар мен статистикалық зерттеулер жүргізілді. Бұл
зерттеулердің нәтижесінде сол кезеңдегі қоғамдық өмірдің сан қырына
байланысты көлемді статистикалық мәліметтер жинақталды. Олар арнайы
өңделіп, біразы жинақ ретінде басылып шығарылды. Мәселен, «ҚЖПМ» дерегі
осы кезеңде жүргізілген зерттеулерден кейін пайда болды.
Бұл дерек көзін жинауға атсалысқан статистикалық экспедициялар мен
партиялар арнайы зерттеулерде статистикалық әдістерді пайдаланды.
Статистиканың әдістері дегеніміз әлеуметтік-қоғамдық құбылыстардың сандық
жағы туралы қорытылған, қойылған мақсатқа сәйкес сандық көрсеткіштерді алу
үшін, міндетті түрде жүргізілетін осы саладағы ерекше қызмет жүйесі. Ол 3
түрлі кезеңнен тұрды:
1 Жаппай бақылау;
2 Мәліметтерді жинақтау және топтастыру;
3 Топтастырылған немесе өңделген мәліметтердің көрсеткіштеріне талдау
жасау;
Санақтың негізгі критерийлері:
1. орталықтандырылуы, яғни санақтың ресми, жергілікті органдардың
қатысуы арқылы мемлекет тарапынан жүргізілуі;
2. мемлекеттің қаулылары немесе статистика мекемелерінің шешімдері
арқылы белгілі бір шекара шеңберіндегі белгілі бір территорияның қамтылуы;
40
3. жаппай, немесе барлық адамның қамтылуы;
4. бір-ақ рет жүргізу, яғни есептеудің анық бір орынға және белгілі бір
уақытқа бағыныштылығы немесе қысыл-таяң уақыт;
5. тіркеудің жеке-даралылығы, яғни үй шаруашылығы мен отбасы мүшелері
толық қамтылатын мәліметтен де басқа, әр адам туралы жеке-дара есеп жинау;
6. географиялық шеңбердегі демографиялық және әлеуметтік белгілері
сипатталатын мәліметтердің өңделуі және баспадан шығуы.
Статистикалық зерттеулер алдын ала ұйымдастырылады. Оның ең алдымен
арнайы бағдарламасы қабылданады. Бұл бағдарламада зерттеудің мақсаты мен
міндеті, зерттеу қажет обьектілер нақты мәселе ретінде қойылады. Осы
бағдарламаға негізделіп арнайы сауалнамалар, анкеталар, карточкалар
жасалынады. Зерттеу жұмысына қатысатын топтың құрамы анықталып, смета
бойынша олардың жалақылары бекітіледі. Осы жұмыстардан кейін арнайы топ
статистикалық мәліметтерді жинақтап, оларды өңдеп, жариялап, бұл
мәліметтерді қажетінше пайдаланып отырады. Міне, осы статистикалық
зерттеулердің негізінде статистикалық деректер пайда болады. Статистикалық
деректердің басты құндылығы олар зерттеушіге көп көлемде (массовый)
мәлімет береді. Оларды әр салада дұрыс пайдалана білу зерттеушіге тарихи
құбылыстардың бірегейлігін, сабақтастығын, ерекшелігін оларға тән тарих
ғылымының дамуындағы заңдылықтарды анықтауға көмектеседі.
«ҚЖПМ» дерек көзі Қазақстанның кең байтақ жерін зерттеген
статистикалық экспедициялардың нәтижесінде пайда болды. Оларды атап
айтсақ:
1. 1896-1903 жж. аралығында Далалы Ақмола, Семей, Торғай
облыстарының 12 уезіне жүргізген Ф.А. Щербина бастаған экспедиция.
2.
1904-1912
жж.
Орал-Торғай
облыстарын
зерттеген
П.А. Хворостанский басқарған статистикалық партия.
3. 1906-1913 жж. Сыр-Дария облысын зерттеген П.А. Скрыплев басқарған
зерттеу партиясы.
Бұл Қазақстанның түрлі өңірінде жүргізілген зерттеулер болғанымен,
нәтижесінде пайда болған дерек «Қырғыздардың (қазақтардың) жер пайдалану
материалдары» деп аталды. Және де бұл зерттеулер ортақ мақсатқа қызмет етіп,
тек әртүрлі облыстарды қамту жағынан ерекшеленді. Бұлардан басқа 1907-1909
жж. Ақмола облысын қайта зерттеген В. Кузнецов бастаған және 1909-1913 жж.
Жетісу уездерін
зерттеген
П.П.
Румянцев
басшылығымен
зерттеу
экспедициялары жүргізілді. Олардың нәтижесінде көптомдық құнды
статистикалық дерек көзі пайда болды.
Статистикалық деректерді талдау әдістеріне байланысты деректанушы
И.Д. Ковальченко: «При использовании статистических источников приходится
обращаться прежде всего к статистическим публикациям. Данные
статистического учета в них уже обработаны, приведены в определенную
систему. Насколько достоверны эти данные, какова концепция, в соответствии с
которой они собирались и обрабатывались? Ответить на эти вопросы можно
только выяснив происхождение источника. Для этого нужно знать историю
организации статистического учета и состояние статистической науки» - деген
41
болатын. Ендігі жерде «ҚЖПМ» дүниеге әкелген статистикалық зерттеулердің
ұйымдастырылу ерекшеліктері мен мәлімет жинау мен өңдеуге байланысты
әдістемесін әрқайсысын бөлек талдап көрейік.
Ф.А. Щербина экспедициясының 1896-1903 жж.
Қазақстанның далалы
облыстары Ресейдің еуропалық бөлігімен шекаралас болғандықтан, ең алдымен
осы территория зерттеу нысаны етіп алынды.
Белгілі статист-маман А.А. Кауфманның «Есебі» бойынша 1893 жылға
дейін «артық» жерлерді генерал-губернатор мен уезд басшылары тауып, арнайы
қаулы бойынша беретін болған. 1893 жылы 13 маусымдағы Уақытша ереже
Сібір темір жолы аймағында қоныс аудары қорларын құруға жаңа негіз берді.
Бұл ереже бойынша уақытша комиссия құрылып, олар жергілікті
шенеуніктермен бірігіп, қазақ шаруашылығына қажетті жер мөлшерін анықтау
үшін зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды қолға алады. Бұл туралы
А.А. Кауфман: «... уақытша комиссияның жергілікті қазақтарға қажетті жер
нормасын, олардың шаруашылығына қажетті жер мөлшерін анықтамақ тұрмақ,
ол туралы жалпы түсініктері де болған жоқ», - деп комиссия мүшелерінің
көшпелі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен ешбір хабарсыз екендігін тілге
тиек етті.
Сібір темір жолы Комитеті тек Сібір темір жолының құрылысымен ғана
айналыспады, сонымен қатар1892-1905 жж. аралығында қоныс аудару ісімен де
қосымша айналысты.
Сібір темір жолы Комитетіне міндеттелген бұл жұмысты жүргізуде комитет
Жер
және
мемлекеттік
Мүлік
министрлігі
қарамағындағы
жерге
орналастырудың ерекше уақытша партияларын құрды. Бұл партиялар Сібір
темір жолы бойындағы артық жерлерді іздеумен айналысты.
1894 жылдың наурыз айында Петербургте комитет мәжілісі өтеді.
Мәжілісте Сібір темір жолы бойындағы жерлерді зерттеу бойынша Комитет
жұмысы жеткіліксіз деп табылды. Осылайша Сібір темір жолы бойындағы
жерлерді арнайы ғылыми түрде зерттеудің қажеттілігіне нұсқау берілді. Бұл
зерттеу жұмыстары болашақта осы жерлерге қоныстанушы келімсектерге аз
мерзімнің ішінде өлкенің климаты, топырағына икемделуі және осы жерлерге
қанша қоныстанушы енгізуге болатындығын анықтау үшін де қажет еді.
Қазақтың кең-байтақ жерінің жоқтаушысы Телжан Шонанұлының
пікірінше: «Темір жолдан 500-1300 шақырым жердегі Ақтөбеде, Қостанайда
жер кесіп жүрген партиялар Сібір темір жолы езуінен жер кесіп жүргенге
есептеледі. Сібір темір жолы мен уақытша партиялардан алғаш қазақтың көрген
жарылқасыны, міне, осындай. Бұл жұмысқа «тал түсте тонау» дегеннен сыпайы
сөз табуға болмайды. Сібір темір жолының комитеті мен оның жанындағы
комиссия қазақтан жер кесу ісіне мұрындық көшбасшы болды» - деп баға
берген болатын.
Бұл мәжіліске қатысқан Мемлекеттік Мүлік министрі А.С. Ермолов осы
жоспарланған тапсырмаларды орындайтын арнайы ғылыми экспедиция құруды
ұсынады. Осы жиналыста экспедицияны құру мәселесі Сібір темір жолы
Комитеті құрамындағы комиссияға тапсырылады. Оның төрағасы болып
комитет істерінің басқарушысы А.Н. Куломзин тағайындалады.
42
1895 ж. құпия кеңесші И.И. Тихеевтің комиссиясы қажетті мағлұматтарды
жинап, 1893 ж. 13 маусымда қабылданған ереже көшпелі тұрмыстың жағдайына
сай келмейтіндігін анықтап, осы жіберілген олқылықтарды қайталамау үшін
Сібір темір жолы комиссиясы арнайы табиғи-тарихи және шаруашылық-
статистикалық зерттеулер ұйымдастыруды қолға алуы қажет деп тапты. Осы
жылдың 21 сәуірінде өткен мәжілісте Комиссия мүшелері зерттеу
экспедициясын ұйымдастыруды мақұлдап, қоныс аударушылар легінің көптігін
тілге тиек етіп, бүкіл Далалық өлкеге зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
қажеттілігі жөнінде пікірлерін білдірді.
Бұл мәжілісте арнайы құрылған комиссияға Далалық облыстарды зерттеу
ісі жүктеліп, далалық өлкеде зерттеу жұмыстарын жүргізетін экспедицияны
құрудың алдын-ала атқарылатын шаралары белгіленді. Сонымен қатар осы
облыстарды зерттеуді жалпы негізде ұйымдастыру және экспедицияға қатысты
мәселелерді талдау үшін, комиссия мүшелерін далалық өлкенің генерал-
губернаторына іс-сапармен жіберілуі қажет деп шешілді.
1895 ж. Омбы қаласында Далалық өлкенің генерал-губернаторы Барон
М.А. фон-Таубенің төрағалық етуімен кеңес ұйымдастырылды. Бұл кеңес
экспедицияның негізгі міндеттерін талқылап, жалпы 3 пунктке негізделген:
1. Территорияны ауылшаруашылық тұрғысынан зерттеу және сипаттау;
2. Жайылымға қажетті жер көлемін анықтау үшін көшпелілердің жерді
иелену тәртібі мен шаруашылығын зерттеу;
3. Қоныстанған отырықшы орыс халықтарының тұрмысын зерттеу арқылы
өмір сүру деңгейін анықтау міндеттері тұжырымдалды.
Омбыда қарастырылған бұл мәселелер Комиссияның мәжілісінде
баяндалып, қызу талқылауға түсті. Єсіресе, көшпелі халықты зерттеу әдістемесі
бойынша түрлі көзқарастар айтылып, пікірталастар да орын алды. Бұл
Ф. Щербина басқарған экспедицияның құрылуының алғышарттары болатын.
1895 ж. 10 қарашада Мемлекеттік Жер Мүлкі Департаментінің директоры
И.И. Тихеев далалық облыстарды зерттеу үшін құрылатын экспедицияны
басқару туралы ұсынысын белгілі Воронеж статисті Ф.А. Щербинаға (1849-1936
жж.) жібереді. ¤з келісімін берген Ф.А. Щербина 1896 жылдың қаңтар айында
Петербург қаласына келеді. Осыдан кейін алдын-ала экспедицияның жұмыс
жасау әдістеріне қатысты бірнеше кеңестер өткізіледі. Жалпы зерттеу
экспедициясы туралы «ҚЖПМ» ең алғашқы 1-томында экспедиция жетекшісі
Ф.А. Щербина: «1895 жылы жер және Мемлекеттік мүлік министрлігі Сібірдің
далалы облыстарында қоныс аудару учаскелерін құру үшін жақсы істің
бастамасын көтеріп, осы облыстарда табиғи-тарихи және шаруашылық-
статистикалық зерттеулерді ұйымдастыруды қажет деп тапты» - деп бұл
экспедицияның ұйымдастыру жұмыстары нақты 1895 ж. басталғандығын және
бұл істі жер және мемлекеттік Мүлік министрлігі ұйымдастырғандығын атап
өтеді. Бұдан әрі экспедиция жетекшісі «Зерттеудің негізгі міндетіне бір жағынан
қырғыз (қазақ) халқының табиғи және шаруашылық жағдайына қажеттілігін
қанағаттандыратын жер көлемін анықтау болса, екінші жағынан сол артық
жерлерді қоныс аударушылардың қажеттілігіне беру», - деп зерттеудің негізгі
міндеттерін көрсетеді.
43
Жер және Мемлекеттік Мүлік министрі А.С. Ермоловтың ұйғаруымен
және Сібір темір жолы Комитетіне қарасты дайындау комиссиясының төрағасы
А.Н. Куломзин, Иркутск генерал-губернаторы А.Д. Горемыкин, Мемелекеттік
Жер Мүлкі Департаментінің директоры И.И. Тихеев, Жерді жақсарту бөлімінің
басшысы И.И. Жилински мен басқа да комиссия мүшелерінің қатысуымен 1896
ж. 27-қаңтарда экспедиция жетекшісі Ф.А. Щербина далалық өлкені зерттеуге
байланысты ғылыми баяндамасын жасайды. Ол баяндамада экспедицияның
мақсат-міндеттері туралы, зерттеу обьектісі толық игерілмегендігі айтылып, ең
алдымен алдын-ала белгілі бір жерлерді зерттеп, соның нәтижесінде зерттеу
әдістемесі мен бағдарламасын құруды ұсынады. Бұл пікірмен кеңес мүшелері
келісіп, А.С. Ермолов зерттеу ісін жүргізудің жалпы негізін бекітеді. Бұл
«ҚЖПМ» көрсетілген мынандай 5 мәселеден тұрды:
1. Экспедиция жұмысының негізінде шаруашылық-статистикалық зерттеуді
табиғи-тарихи зерттеумен бірге жүргізу қажет деп табылды;
2. Экспедицияның меңгерушісі жұмыстың барысы мен нәтижелеріне
жауапты болғандықтан, оған экспедицияны және зерттеу жұмыстарын
ұйымдастыру, зерттеудің әр кезеңінде экспедиция құрамына қажетті тұлғаларды
шақыру, және ол шақырылған тұлғаларға белгілі сметаның көлемінде жалақы
тағайындау мүмкіндіктері берілді;
3. Алғашқы уақытқа экспедиция құрамына Сібірдің уақытша межелеу
партияларының шенінен екі топограф қосылды, кейін қажет болса экспедиция
меңгерушісі Министрлікке ерекше ұсыныс жасап топографтар құрамын
көбейтуге құқық алды;
4. Жерді жақсарту бөлімінің басшысына екі гидротехникті қосу міндеті
жүктелді;
5. Экспедиция меңгерушісі мен оның бас қызметкерлеріне бірігіп алдын-ала
зерттеп көріп, соның негізінде зерттеу бағдарламасы мен жалпы жұмыс
жоспарын жасау міндеттері жүктелді.
Осы мәселелердің басы ашылғаннан кейін тікелей алдын-ала зерттеп көру
жұмыстары басталды. «ҚЖПМ» негізінде зерттеу жұмысы 1896 ж. мамыр
айында басталды деп тұжырымдауға болады. Зерттеуші М.С. Амрина
«...экспедицияның құрылуының нақты күнін 1896 жылғы наурыз айы деп
есептеуге болады», - деп тұжырымдаған. Ал «ҚЖПМ» дерегінің алғысөзінде «...
экспедиция толығымен 1896 жылдың мамырында құрылды. Мамыр мен
маусымның басында Омбы уезінде алдын-ала зерттеу жұмыстары жүргізіліп,
осы жұмыстарда жинақталған тәжірибе мен материалдардың негізінде
бағдарлама жасалынып, Көкшетау уезіндегі қырғыздардың (қазақтардың)
шаруашылығын зерттеуге кірістік», - делінген. Бұл мәліметтерден экспедиция
толығымен 1896 ж. наурыз айында емес, сол жылдың мамыр айында құрылған
деп тұжырым жасауға негіз бар. ¤йткені, экспедиция жетекшісі, статист-маман,
өзі сол зерттеу жұмыстарына қатысқан адам ретінде экспедицияның қашан
толығымен ұйымдастырылғандығы туралы деректе нақты айтып өткен.
Сонымен қатар зерттеу жұмыстары басталмастан бұрын оның әдістемесі,
бағдарламасы
құрастырылып,
талқылануы
қажет
болатын.
Мұрағат
құжаттарында экспедицияға ақша бөлінгені туралы мәліметтер сақталынған.
44
Онда 1896 ж. 8 сәуірде № 9441 сәйкес 1896-1897 жж. Ақмола, Семей
облыстарын зерттеуге Омбы кассасында Сібір темір жолы қорына 15000 рубль
қаржы түскендігі хабарланады. Сондықтан да зерттеушілер сәуірден бастап
зерттейтін жергілікті өңірлермен танысып, қажетті алғышарттарды жасауға
кіріскенімен, нақтылы зерттеу жұмыстары мамырда басталды.
Бұл зерттеулер 1896 ж маусым-шілде айларында Омбы уезін алдын-ала
зерттеп, бақылаудан басталды. Олар осы жерлердегі қазақ тұрғындарының жер
пайдалану нормасын анықтады, алдын-ала зерттелген материалдардың негізінде
Ф.А. Щербина басқарған экспедицияның бағдарламасы жасалынды және соның
негізінде
кейінгі
В.
Кузнецов,
П.П.
Румянцев,
В.
Скрыплев,
П. Хворостанскийлер басқарған экспедициялардың зерттеу бағдарламасы мен
әдістемесі жасалынды.
Экспедиция ұжымы зерттелетін өңірлер туралы көптеген әдебиеттер мен
энциклопедиялармен танысып шыққан. Олар «Справочная книга русского
сельского хазяина» секілді анықтамалық кітаптардан басқа «Брокгауз»,
«Эфрон» сөздіктерін, «Обзор» деп аталатын жыл сайын императордың
құзырына әр облыс бойынша жинақталған статистикалық есептерді,
А.И. Левшин, Л. Мейер, Н.И. Гродеков, А.И. Добросмыслов және т.б.
зерттеушілердің еңбектерін кеңінен пайдаланып отырды.
Ресей империясының көздеген мақсатын жүзеге асыру үшін экспедиция
мынандай мәселелерді зерттеп, анықтап алуы қажет еді:
- Біріншіден, көшпелі шаруашылықтың және тұрғылықты халық санын
анықтау;
- Екіншіден, олардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін, орташа қырғыз
(қазақ) отбасына қажетті азық-түлік заттардың және т.б. мөлшерін анықтау;
- ‡шіншіден, көшпелі тұрғындардың тұрмысында басты шаруашылық
фактор ретінде негізінен мал басының санын анықтау;
- Төртіншіден, қырғыздардың (қазақ) жер пайдалануы, тұрғылықты
халықтың жерге қатынасын айқындау;
- Бесіншіден, мал бағатын түрлі жерлердің сапалық ерекшеліктерін
анықтау. Жер және мемлекеттік мүлік министрлігінің нұсқауынан тыс
Ф. Щербина жұмыс негізіне аулалық санақты (шаруашылық) енгізді.
Осыларды жүзеге асыру үшін алдын-ала мынандай әдістер қолданылу
жоспарланды:
1. Шаруашылықты, тұрғындар мен өнеркәсіппен айналысатын адамдардың,
малдың санын, жыртылған жер көлемін, жиналатын пішеннің мөлшерін есепке
алу үшін карточкалар құрып, сол арқылы жергілікті адамдардан сұрау
жұмыстарын жүргізу. Мұнда мал шаруашылығы маңызды рөл атқарғандықтан,
негізінен малдың түріне, жасына баса көңіл аударылып, карточкада 41 сұрақ
осыған арналды. Мәселен, бір жылқыға-11, мүйізді ірі қара мен түйеге
әрқайсысына-9, қойға-7, ешкіге байланысты-5 сұрақтан болды. Статист тіркеуші
әрбір тұрғыннан жеке-жеке сұрау алып, малдың жасын одан кейін жалпы санын
сұрап отырды. Жалпы сан малдың жасымен айтқандағы санына сәйкес келуі
керек еді. Егер жауап беруші жалпы мал санын әдейі айтпай немесе ұмытып
кетсе, тіркеуші оған малдың жасымен айтқандағы санын есіне түсіріп,
45
салыстырып отырды. Осылайша зерттеушілер малды тұтас есепке алу тәсілімен
әртүрлі малдың нақты әрі шынайы санын анықтап отырды.
2. Қазақ шаруашылығының құрамы, оның мүлкі мен жылдық айналымын
анықтау орта типтегі шаруашылықтар мен бюджеттік тіркеудің негізінде жүзеге
асырылды. Ол үшін дайындалған бланкілер бір жағынан отбасының құрамын,
жалдамалы жұмысшылар мен шаруашылықтағы мүлікті: мал, жұмысшы
инвентарь, ыдыс-аяқ, жићаз, құрал-жабдықтар, төсек орындар, әйел мен ер,
балалар киімін, ал екінші жағынан шаруашылықтағы жылдық шығыс пен кірісті
анықтайтын жалпы 185 сұрақтан тұрды. Бұл сұрақтардың өзінде кішігірім жете
сұраулар да орын алды. Мұнда ұсақ-түйектерден басқа ер адамның-23, ал
әйелдер киіміне байланысты-22 сұрақ берілген болатын.
3. Қазақтардың жер пайдалану формаларын анықтау үшін, экспедиция
көшіп-қонатын жерлерді толығымен «шаруашылық ауылдар» деп атады. Ол
үшін ерекше ауылдық бланкілер құрастырылды. Мұнда шаруашылық ауыл қай
уезде тіркелгендігі, ақсақалдар немесе басқа бір атпен аталуы, ауылдың
құрылған жылы мен ру басшының не жақын жердің атауы туралы мағлұматтар
беріледі. Сонымен қатар ол ауылдағы су көздерінің атауы (өзен, көл, бұлақ),
судың
сапасы
(тұщы,
тұзды),
қанша
жылдан
бері
сол
сулар
пайдаланылатындығы, қыстық, жаздық, күздік, көктемдік жайылымдардың
көлемі, көшіп-қону маршруттары деген секілді көптеген сұрақтардан тұрды. Бұл
арқылы зерттеушілер әрбір ауылдың индивидуалды сипаты мен басқа
ауылдармен қатынасын анықтап отырды.
4. Шаруашылық ауылдардың жалпы немесе бірге пайдаланылатын
жерлерін сипаттау ісі ерекше бланкілер арқылы жүзеге асырылды. Онда
қыстық, көктемдік, күздік, жаздық жайылымдардың көлемі, пайдаланылуы мен
олардың табиға-тарихи сипаттауларына байланысты сұрақтар орын алды.
Экспедиция мүшелері арнайы карточка, бланк, сауалнамалармен әр
болыстағы шаруашылық ауылдардың жергілікті тұрғындарынан ауызша сұрап
отырып, құжаттарды толтырды. Жиналған көптеген материалдарды статистер
өңдеп, сұрыптап, арнайы кітап етіп шығарды.
Орал-Торғай облыстарын зерттеген статистикалық партия. 1904 ж. 6
маусымда казенны жерлерге қоныс аудару ережесі қабылданады. Бұл заң
келімсектерге қазақ жеріне емін-еркін қоныстануына және де қажетінше
жеңілдіктер алуына көмектесті.
XX ғ. ортасында империя көлемінде қоныстандыру ісі белгілі бір жүйеге
түсті. 1904 жылы Петербургте Қоныс аудару және Жерге орналастыру бас
басқармасы
құрылды.
Бұл
мекеме
Қонысаудару
және
Егіншілік
шаруашылығының Бас Басқармасына қарасты еді. Қоныс аудару Басқармасы
Ресейдің орталығынан шет аудандарға шаруалардың қоныстануы мен оларға
жер үлестерін дайындау жұмыстарын атқарды.
1904 ж. 6 шілдедегі «Село тұрғындары мен егінші мещандарды өз еркімен
қоныс аудару туралы уақытша ережелер» көші-қон еркіндігін күшейту үшін зор
маңызға ие болды. Жаңа ережелерге сәйкес шаруалар бұрынғы қоныстанған
орындарынан үкімет органдарының рұқсатынсыз еркін кетуіне құқылы болды.
46
Қоныс аудару қозғалысы ұйымдасқан түрде емес, бұрынғысынша неғұрлым
стихиялы түрде жүре берді.
Ал 1904-1905 жылдары үкімет орындары Қазақстан аумағын қоныс
аударатын бес ауданға бөлді. Олар Орал-Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария
және Жетісу аудандары еді. 1904-1906 жылдары бұл аталған облыстардың
бәрінде аудандық қоныстандыру мекемелері ашылды. Осылайша XX ғасырдың
алғашқы жылдары қатал орталықтандырылған қоныстандыру мекемелері
жүйесі пайда болды. Олар қазақ жерлерін тартып алып, «Қоныс аудару қорын»
толтырды.
Бұл қоныстандыру мекемелері әкімшілік құрылым тұрғысынан да, жұмыс
жасау әдісі, атқарған міндеті жағынан да таза отаршылдық мазмұндағы
мекемелер болды. Уездік, облыстық деңгейдегі ол мекемелердің негізгі міндеті
жергілікті халықтың пайдалануындағы жердің «артығын» тауып, қоныс
аударушыларға учаскелер даярлау, осы мақсатта құрылған жер межелеу
топтарының қызметін ұйымдастыру, қоныс аударушыларға мемлекет тарапынан
әртүрлі көмектерді уақытында беру және жергілікті халық пен келімсектер
арасындағы дауларды реттеп отыру еді. Ал әкімшілік орындары бұл
мекемелердің басына империяның саясатын жүргізетін адамдарды ғана қоюға
тырысты.
Қазақ жерлерін зерттеу экспедициясы бірінен соң бірі ұйымдастырылып,
Ф. Щербина экспедициясы қазақтарға көп жер бөлді деген сылтаумен
зерттелген уездерге В. Кузнецов, А. Переплетчиков, П.А. Хворостанский және
т.б. басқаруымен қайта зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады.
Ал 1904-1912 жж. Торғай-Орал облыстарын зерттеуге арналған «ҚЖПМ» 7-
томдық дерек көзінің пайда болуына тоқталар болсақ, бұл дерек те патша
өкіметінің қоныс аударушыларға «артық» жер көлемін анықтау үшін жүргізген
статистикалық партиялардың зерттеуі нәтижесінде дүниеге келді. Оның
ұйымдастырылуы Ф. Щербина басқарған экспедицияға қарағанда ерекше
болды. «ҚЖПМ» мазмұнына оның пайда болуының алғышарттары, мақсат-
міндеттері ықпал ететіні анық. Олай болса Торғай-Орал зерттеу партиясының
ұйымдастырылу жұмыстары мен әдіс-тәсілдерін талдауды жөн деп таптық.
Торғай-Орал облыстарын зерттеу үшін құрылатын статистикалық
партияның жұмыстары басталмастан бұрын, статист А.А. Кауфман осы
өңірлерге саяхат жасап, өлкеде ұйымдастырылатын зерттеудің жалпы жобасын
жасаған болатын. Бұл туралы ол өзінің «Есебінде»: «Жер және Мемлекеттік
мүлік министрі менің ұсынысым бойынша, Торғай облысына іргелес жатқан
Орал облысына, Торғайдың уақытша партиясының меңгерушісі Л.Н. Цабельді
менімен бірге іс-сапарға жіберді», - деп баяндайды. Бұл сапардың негізгі
мақсаты – орыс қонысаударушыларына жер алып беру және сол үшін зерттеу
жұмыстарын ұйымдастыру болды. Сонымен Орал қаласында осы мәселеге
байланысты мәжіліс өтіп, оған Л.Н. Цабель, облыстың әскери губернаторы
генерал-лейтенант К.Н. Ставровский, вице-губернатор К.А. Тарасенко және т.б.
қатынасты. Бұл мәжіліс мынадай басты қорытындыларға алып келді:
47
а. Қырғыздардың (қазақтардың) шаруашылығының басты элементтері мен
үй шаруашылығын тіркеу, әсіресе, ең бастысы жерді өңдеу мен мал бағудың
ауқымын анықтау;
b. Қазақтардың пайдаланатын жерлеріне қарай топтарға бөліп, жерді
пайдалану шекараларын зерттеушілер арқылы тексеру. Топырақтың құнарлығы
мен сапасын анализ арқылы арнайы зертханаларда тексеру;
c. Зерттелінетін территорияларды біркелкі табиғи және шаруашылық
жағдайына қарап райондарға бөлу, кейіннен олардың әрқайсысына жер
пайдалану нормасын бекіту;
d.
Ең бір қиын және күрделі мәселе қазақтардың жер нормасын жасау.
Мәжілістен кейін Орал облысында «артық» жерлерді анықтау үшін Торғай
зерттеу партиясы лайық деп табылды, тек қана болашақ Орал зерттеу
партиясының құрамына білімді статист-мамандар қажет еді. Осылайша Оралда
өзінше бөлек зерттеу партиясы құрылмай, Торғайдың уақытша партиясына
мұндағы бүкіл статистикалық жұмыстар жүктелді. Оның меңгерушісіне білікті
көмекші және қажетті адамдар мен құрал-саймандар бөліп берілу жоспарланды.
Жұмыстың жүргізілу тәсіліне байланысты айтсақ, ең алдымен топографтар
қазақтардың қоныстары мен шекараларын аралап, ал статистер өңірді бақылап
көреді. Бұл алдын-ала жүргізілген зерттеудің нәтижесінде зерттеушілердің
болыстық аудандардың көлемі туралы жалпы түсініктері пайда болды және осы
өлкеден қонысаударушыларға берілетін жердің ыңғайлылығы мен отарлау үшін
маңыздылығы анықтала түсті.
Зерттеу партиясына қажетті қаражатты статист А.А. Кауфман есептеп,
шамамен Торғай-Орал статистикалық партиясына қанша қаражат қажет екендігі
анықталды. Ол:
1. ¤ңірді алдын-ала жалпы геоботаникалық зерттеулер үшін арнайы
маманды шақыру қажет. ¤йткені, өлкенің топырақ қабатын зерттеп, оның
құнарлы немесе жарамсыздығын анықтау өте ауыр жұмыс. Оған тек білікті,
тәжірибелі адамды ғана алу шарт. Оның еңбегі мен көшіп-қонуына жұмсалатын
қаражат шамамен -3000 рубльден кем болмайды;
2. Топырақты анализден өткізу үшін әрқайсысы 75 рубльден тұратын 10
толық және әрқайсысы 30-35 рубльден тұратын 30 толық емес анализ жасау
керек.. Бұл шаруаға жалпы 1750 рубль қаражат жұмсалады.
3. Вегетативті сынақтар жүргізілсе арнайы ұйымның лаборантын шақыру
үшін және күзетші жалдауға шамамен 300 рубль қажет;
4. Метеорологиялық бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті құралдарды
тәртіп бойынша Бас физикалық обсерваториядан тегін жіберіледі. Бірақта ол
құралдардың келуін күту ұзақ уақытты алады. Сондықтан белгілі бір
мөлшердегі қаражатты осыған жұмсау қажет. Профессор П.И. Брауновтың
пікірінше әрбір тұраққа мына құрал-саймандарды алу керек: жаңбырды
өлшеуіш (20 р.), гелиограф (24 р.), флюгер (26 р.), анероид (27 р.), кіші Асман
психрометрін (60 р.); Бұл бір тұрақ үшін құралдардың комплектісі шамамен 157
рубльге тоқтайды. Ал барлық тұрақтарға 1100 р. Осылайша істі ұйымдастыру
үшін обсерваториядан инструктор шақырып, оған 1000 р. беру қажет. 7
48
станцияны құруға шамамен 500 р. Ондағы бақылаушылардың әрқайсысына 180
р. барлығына 1260 р. қаражат бөлу керек.
5. Єртүрлі топырақтың құнарлығын, егіннің шығуын байқауға 10 тұрақтың
әрқайсысы 3 десятина жеріне егін егу үшін: әр десятинаны жырту үшін-10 р.,
себілетін тұқымға 6 р. дейін, егу үшін 2 р., егінді жинау үшін 8 р. барлығы 1
десятинаға 26 р., ал 30 десятинаға 780 р. қаражат жұмсалады.
Жалпы зерттеуге А.А. Кауфманның есептеуі бойынша шамамен 20000 р.
жұмсалады. Егер де Орал облысын зерттеу партиясы басынан Торғай уақытша
партиясынан бөлектеніп құрылатын болса, жоғарыда көрсетілген қаражаттан да
көп шығын кететіні анық еді. Демек империя бір оқпен екі қоянды атып, бір
партия арқылы екі облысты зерттеу нысанына алды.
Мемлекеттік Жер Мүлкі Департаменті Торғай облысындағы уақытша
партияға Ақтөбе уезіне жақын орналасқан Орал облысының Орал уезіне
«артық» жер мөлшерін анықтау үшін табиғи-тарихи және экономикалық
жағдайын зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы 1904 ж. 15 маусымда № 8847
нұсқауды шығарды. Осы нұсқаудың негізінде Орал облысында ең алғашқы
зерттеу жұмыстары Орал уезінде 1904-1906 жж. жүргізілді. Статистикалық
есептеу жұмыстары 2 жылда жүзеге асты. 1904 жылы қысқа бағдарламаның
негізінде Жиренкөпен, Қараағаш, Қарашағанақ уездері алдын-ала зерттеуге
алынды. 1905 ж. арнайы кеңейтілген бағдарламаның негізінде қалған уездер
зерттелінді.
Мемлекеттік жер және мүлік департаментінің шешімі бойынша Орал уезіне
Щербина жасаған Ақтөбе уезіне қолданылған норманы пайдалану міндеттелген
болатын. Осы мақсатта партияға жер нормасын анықтау үшін халықтың
шаруашылығын қысқа ғана санаққа алып және өңірдің табиғи-тарихи жағдайын
жете зерттеу жұмыстарын жүргізу ұсынылды. Єрине, Департаменттің бұл
ұсыныстарының түп төркіні зерттеуді жылдам және көп қаржы жұмсамай
жүзеге асыру мақсаты іске аспай қалды.
Қазақтардың «артық» жерлерін анықтау үшін партия екі операцияны іске
асыруы қажет еді. Оның: 1). Ауылдық-қауымдық топтардың пайдалануындағы
барлық
жердің
көлемін
есептеу;
2).
Қазақтардың
қажеттілігін
қанағаттандыратын, мал шаруашылығына мүмкіндік беретін жер көлемін
анықтау; Єрине, бұл жұмыстарды жүзеге асыруда партия Ф. Щербина жасаған
әдістемеге сүйенді. Мәселен, жоспар бойынша:
1. Жаппай қазақ тұрғындарын зерттеу, мал шаруашылығы мен егін
шаруашылығын анықтау;
2. Бюджеттік зерттеу;
3. Пайдаланылған жерлерді есепке алу жоспарланды.
Жалпы Торғай-Орал зерттеу партиясы көбінесе Щербина экспедициясының
бағдарламасы мен әдістемесіне сүйенді, бірақта оған арналған «ҚЖПМ» дерек
көзінде ру-тайпалық құрылымға бұрынғыдай онша көп көңіл бөлінбеген.
Оларда ру-тайпалық кестелер де жоқ деуге болады.
Сыр-Дария облысын зерттеген статистикалық партия.
1896-1906 жылдар
аралығында Түркістан өлкесі қоныс аударушыларға жабық аймақ болып
есептеледі. Бірақта 1903 жылғы 10 маусымдағы «Сырдария, Ферғана және
49
Самарқан облыстарындағы қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аудару»
туралы ереженің қабылдануы, бұл аудандарға сол кезге дейін іс жүзінде заңсыз
болып келген қоныс аударуды заңдастырып берді.
ХХ
ғасырдың
басында
П.А.
Столыпин
реформасы
аграрлық
қайшылықтарды шиеленістірді. Аграрлық реформа Николай ІІ 1906 ж. 9
қазандағы Указға және 1910 ж. 14 маусымдағы заңға негізделіп жүргізілді.
Осыдан кейін «артық» жерлерді аламыз деген сылтаумен қазақтардың жақсы
игерілген жерлерін ашық түрде тартып алу басталды. Жерді тартып алумен
қатар, қазақ халқын аяусыз өз территориясынан шөлейт жерлерге қуды,
қыстаулары мен тұрақтарын қиратып, оның құнын төлеуді ойлаған да жоқ.
Ресей империясының шығарған ресми заңдық құжаттарын талдау арқылы
Түркістан өңірін жаулап алу империяның геостратегиялық позицияларын
кеңейту, бай материалдық, табиғи және еңбек ресурстарын эксплуатациялау
мақсатында жүргізілгендігін көруге болады.
1906 жылы 10 наурызда шығарылған үкім негізінде империя жанындағы
ішкі істер министрлігінде қонысаудару басқармасы құрылды. Ал Түркістанда –
Сырдария қонысаудару бөлімі ашылды. Бұл өңірдің ресурсты-экономикалық
потенциалының бай болуы отарлаушылардың қызығушылығын тудырды. Бұл
туралы 1908 жылы Түркістанға ревизиялауға барған граф К.К. Пален өзінің
есептерінде: «Если несчитать мотивов политического характера, имевших
значение для завоевания Туркестана, этот край с первых же дней присоединение
его к России представлял для русского правительства двоякий интерес: 1) с
точки зрения финансовой политики как источник государственных доходов и
как новый рынок для продуктов внутреннего производства и 2) с точки зрения
колониальной политики как новая область для перемещения избыточного
населения из губерний» - деп бұл өлкенің отарлау үшін құндылығын атап
көрсеткен болатын.
Ал 1910 ж. 19 желтоқсандағы заң көшпенділердің «артық» жерлерін алудың
қалыптасқан жүйесін айқындап берген болатын. Бұл туралы Є.Бөкейхан өзінің
«‡шінші Дума ћәм қазақ» мақаласында: «Бұл закон бұрынғы күйінде тұрса
Түркістанда қазақ жері мұжыққа алынбайтын еді; хүкімет 279-ншы статьяға
қосымша деп 1911-нші жылы 3-нші Думаға ұзындығы екі жол закон кіргізді:
«Түркістанда қазақ жерінен артық жер табылса, қазына өз пайдасына алатын
болсын» деп. Осылайша, Түркістан қазағына да Жетісу, Семей, Ақмола, Торғай
ћәм Орал қазағының кебі келді. Енді Түркістанда қазақ жерін алғанда закон деп
алады», - деген болатын.
Сырдария облысы ХІХ ғ. ортасында 7 уезден тұрды: Құрамын – 32100,
Ходжент – 38550, Шымкент – 51250, Түркістан – 79550, Єулиеата – 67800,
Перовск – 65950, Қазалы – 59550, ал барлығы 394750 кв. верст жерді алып
жатты. Кейіннен оның құрамында Шымкент, Ташкент, Єулиеата, Перовск,
Қазалы уезі қалды.
Сырдария облысының Шымкент, Єулиеата, Перовск, Қазалы 4 уезінде
1906-1913 жж. жүргізілген зерттеу жұмыстарына тоқталар болсақ, ол зерттеу
бұл өңірлерді алдын-ала білікті мамандардың көріп, арнайы кеңесте жүргізілетін
жұмыстардың қажеттілігін негіздеп, қаулы шығарғаннан кейін ғана жүзеге асты.
50
Мәселен, белгілі статист А.А. Кауфман Ф. Щербина, П. Хворостанский,
П. Скрыплев басқарған зерттеу партияларының ұйымдастырылу және жүргізілу
барысында арнайы іс-сапармен сол жерлерге барып, қажетті нұсқаулар мен
кеңестер беріп отырған. 1903 ж. Түркістан өңірінде болған сапарының есебінде
А. Кауфман бұл жерлерді статистикалық партиялар арқылы зерттеу қажеттілігін
негіздеген болатын.
Жер министрлігі 1904 ж. өзінде Сыр-Дария облысында қоныс аудару
учаскелерін құру мақсатында зерттеу партияларын құруды жоспарлады. Бұл
мәселе Мемлекеттік кеңестің күн тәртібіне де қойылып, заңдық негізде үлкен
қарсылыққа да тап болды. ¤йткені, 1886 ж. 12 маусымдағы «Түркістан генерал-
губернаторлығын басқару жөніндегі ереженің» 270-бабында көрсетілген
«Көшпелілердің қоныстары орналасқан мемлекет жерлері, олардың дәстүрі мен
осы Ереже баптары негізінде мерзімсіз уақытқа көшпелілердің қоғамдық
пайдалануына беріледі», - делінген болатын. Ол «Далалық облыстарды басқару
туралы ереженің» 120-бабымен ұқсас та еді, тек 270-бапта 120-бапта көрсетілген
«Көшпелілер үшін артық болуы мүмкін жерлер мемлекеттік Мүлік министрлігі
басқаруына өтеді»,- делінген қосымша болмады. Демек, осы ресми заңдағы
кемшілік көп уақытқа дейін Сыр-Дария облысында қоныс аудару партияларын
құруға үлкен кедергілерді туғызды.
Тек 1905 ж. ғана Мемлекеттік кеңес жаңа заңдық негіздерді жасап, осы
өңірді зерттеп, қоныс аудару ісін жүргізу үшін Сыр-Дария облысында
статистикалық партияны құруды ұйғарды. Ол туралы «ҚЖПМ» дерегінде «1906
ж. көктемде Сыр-Дария статистикалық партиясының жұмысы басталды...», - деп
нақты зерттеудің ашылған уақытын көрсеткен. Бұл, осы өңірде ең алғаш рет
шаруашылық-статистикалық, агрономдық және гидрогеологиялық зерттеулерді
ұйымдастырған статистикалық партия еді.
«ҚЖПМ» дерегінде бұл зерттеудің басты міндеті түземдік тұрғындарға жер
нормасын және артық жер мөлшерін анықтап, оларды Еуропалық Ресейден
келетін келімсектерге беру болған деп жасырмай жазады. Сонымен қатар, бұл
деректе: «Мемлекеттік кеңес қонысаудару ісін кеңінен қою үшін заңдық
негіздің болмауынан 1905 жылы Сыр–Дария облысында шаруашылық-
статистикалық, агрономиялық және гидрогеологиялық зерттеу үшін
статистикалық партияны құруды қажет деп тауып, бір жағынан «қоныстандыру
мақсатында артық жерлерді пайдалану мәселесіне негізделген заңдық шешімдер
үшін материалдарды, екінші жағынан – ешбір уақытты ұттырмай-ақ
қонысаудару учаскелерін құру жұмыстарын бастап кету үшін қажетті
мәліметтердің қорын жинап, осылардың барлығын қазіргі таңдағы заңдық
сипаттағы қиындықтарды жою үшін дайындап қою үстінде»,- деген сөзінен
зерттеудің Түркістанды басқару ережесіне қатысты мәселенің шешімі
табылғанша, отарлау жұмыстарын зерттеу жұмысының астарымен жүргізуді
ойластырғандығын көруімізге болады.
Зерттеу партиялар жұмысының нақты міндеттерімен оған сәйкес ешқандай
нұсқаулар болмағанымен, бұл статистикалық зерттеулер отарлау мақсатына
қызмет етуі қажет екендігі айтпаса да белгілі еді. Яғни, бұл статистикалық
51
зерттеу отарлау, қазақ жерін тартып алу мақсатында болғанымен, оның сол
уақытта заңдық негізі болмаған еді.
Сыр-Дария облысының Шымкент уезін зерттеген (1906-1908 жж.) партия
осы жерлердің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі 18 келімсек орыс деревняларын
зерттеуге алды. Мұндағы басты мақсат - бір жағынан орыс келімсектерінің
экономикалық жағдайын бақылау болса, екінші жағынан жер жетіспейді деген
орыстар тарапынан түскен шағымдар болатын. Бұл деревнялардың жалпы
көлемі оңтүстіктен солтүстікке 65 верст, шығыстан батысқа қарай 120 верстке
созылып жатыр. Солтүстігінде Арыс өзені, шығысында Єулиеата уезімен,
оңтүстігінде Ташкент уезімен шекараласады, батысында Бадам өзені мен
Шымкент уезі созылып жатыр. Осы орыс деревняларын зерттеу Шымкент уезін
зерттеумен қатар жүргізілгендіктен көп уақыт пен қаражатты қажет етті.
Дерек мәліметтеріне сүйенсек, 1906 ж. Шымкент уезінде зерттеу
жұмыстары оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарынан бастау алды. Бұл
кезеңде Машат, Қарамұрт, Бадам, Қазығұрт, Майлыкент және Түлкібастың бір
бөлігі зерттелген болатын. 1906-1907 жж. қыс бойы жиналған материалдар
өңделіп, соның негізінде 1908 ж. «ҚЖПМ» І-томы жарияланды.
1907 ж. Түлкібастың екінші зерттелмеген бөлігі, Қошқарата, Сарыбұлақ,
Бұрулдай, Бүгін, Шаян, Арыстанды, Бұржар, Арыс болыстары зерттелсе, 1908 ж.
Ақтас, Байырқұм, Сарыкөл, Сыр-Дария, Жылыбұлақ, Қаракөл, Жаңасу,
Көкшеқұм, Қаратау, Құршу, Шелек, Ноғай-Құрын, Шеғатай, Хантақ, Ақтөбе,
Шу болыстары зерттелінді. Осы статистикалық материалдарды есептеу
жұмыстары 1909 ж. көктемінде аяқталды. Нәтижесінде Қонысаудару
басқармасы 1910 ж. Шымкент уезіне арналған ІІ-томның 1, 2-бөлімдерін басып
шығарған болатын.
1909 ж. Түркістан өлкесін ревизиялаған Сенатор Граф Паленнің
тапсыруымен зерттеу партиялары шұғұл түрде Сыр-Дария, Ферғана, Самарқанд
облыстары мен Єму-Дария бөлімшесін зерттеуге кірісті.
Сыр-Дария облысы Єулиеата уезінде зерттеу (1907-1910 жж.) жұмыстары 2
кезеңде жүзеге асты. Ең алғаш рет 1907 ж Билікөл, Құйық, Тастөбе, Асын
болыстары зерттелініп, топографтардың жетіспеуінен толық қамтылмаған
болатын. 1909 ж. 25 болыс, атап айтсақ Аспарын, Ашын, Бақаир, Баутерек,
Бештас, Ботамойнақ-Алмалы, Жайлау, Қарабақыр, Қарабура, Қаракөл,
Қарақыстақ, Кенкөл, Қарақатын, Құм-Арық, Күркіреу, Күшеней, Мақпал,
Талас, Толқын, ‡ш-Қорған, Шұнқұр болыстары зерттеу нысаны етіп алынды.
Жалпы зерттеу жұмыстарының жүргізілуі, қоныс аудару ісі мен
қарашекпенділерге қажетті көмек туралы негізгі нұсқаулар мен тапсырмалар,
оның барысы мен әдісі, зерттеушілер мен Қонысаудару басқармаларының
меңгерушілері, олардың қызметі туралы «Переселение и землеустройство в
Азиатской России» атты заңдар жинағында тәкпіштеліп баяндалған. Бұл жинақ
бойынша қонысаударушыларға қажетті жерді анықтау үшін жүргізілген барлық
зерттеулер тек келімсектерге ғана көмектесу мақсатында болған. Ал жергілікті
халықтың жағдайын ешкім ойлаған да жоқ.
Қорыта келетін болсақ, патша өкіметі Қазақстан жерін отарлау мақсатында
бүкіл кең-даласын зерттеп, қазақтар үшін «артық» деп табылатын жерлерді
52
анықтау үшін бірнеше үлкен масштабтағы зерттеу экспедициялар мен
статистикалық партияларды құрды. Олардың ортақ мақсаты «артық» деп қазақ
жерлерін көбірек алып, осылайша отарлаудың «ғылыми» негізін жасау болды.
Бұл зерттеу экспедицияларының жинаған материалдарының негізінде пайда
болған «ҚЖПМ» отарлау тарихының дерегі болғанымен, онда Қазақстан
тарихын, этнографиясын, геологиясы мен жағрафиясын, ботаникасын,
экономикасы мен әлеуметтік құрылымының тарихын байытатын құнды
мағлұматтар баршылық. Және бұл дерек көзін талдау нәтижесі XIX ғ. соңы - XX
ғ. басындағы бүкіл қазақ жерінің тарихын қайта жаңғыртуға септігін тигізетіні
анық.
Достарыңызбен бөлісу: |