Тасшоқы негізгі орта мектебі



Дата31.10.2022
өлшемі0,88 Mb.
#155918
Байланысты:
Кітапхананың жылдық есебі


Тасшоқы негізгі орта мектебі” КММ
Мектеп кітапханасының жылдық жұмыс есебі
2021-2022 оқу жылы

Тасшоқы негізгі орта мектебінің кітапханасында –кітап қоры және кітаппен қамтамасыз етумен ғана шектелмейді сонымен қатар мұғалімдермен тығыз байланыста болып, әртүрлі іс-шаралар, кітап көрмелерін ұйымдастырып отырады. Мысалы ,Семей ядролық полигонның жабылуына-30 жыл», «Ұстазы жақсының-ұстанымы жақсы», «Ақселеу Сейдімбектің туғанына-80 жыл », «Президент туралы не білеміз?», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне-30 жыл », «Әлихан Бөкейханның туғанына-155 жыл», «Ыбырай Алтынсариннің туғанына-180 жыл», “Әлемді әлдилеген АНА”, “Нұр себеле,Ұлыстың ұлы күні”, “Жамбыл Жабаевтың туғанына-175 жыл”, “Ахмет Байтұрсынұлының туғанына-150 жыл”, “Ырыс алды ынтымақ”, “Отан қорғау-азаматтық парыз” т.б көптеген іс-шаралар жүргізіліп отырады.




2021-2022 оқу жылында кітапханада жыл бойы төмендегідей көрмелер жұмыс істеді:


1. “Еңсесі биік-Ұлы Жеңіс!”
2.«Ғарыш ғаламаты”
3. «Өнер-білім бар жұрттар».
4. «Рәміздерім мақтанышым».
5. «31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні»
6. “Табиғат ғажайыптары”
7. “Қазақстан-бірлік пен достық мекені” т.б


Сондай-ақ оқушыларға әр мейрамдарда кітап көрмелері де жасалынып, дайын материалдарды пайдалануға ұсынып отырдық.


1- сынып оқушыларымен кітапханаға саяхат жүргіздік, кітапхананы пайдалану ережелерімен таныстырдық. Оқырман ретінде тіркеуге алдық. Оқыған ертегілері жайлы пікір алмастық.
1-5 сынып оқушылары ертегілер мен әдеби кітаптарды жаздырып алып оқиды. Жоғары сынып оқушылары кітапханаға үнемі келіп, көркем әдебиеттер мен әлемдік әдебиеттерді оқиды.
Оқушылар жазушылардың өмірбаянымен және шығармаларымен танысты. Осындай шаралар оқушыларды кітап оқуға қызықтырып, оқыған кітабы жайлы ой қиялын дамытып, таным қабілеттерін арттыру үшін сұрақ- жауап арқылы пікір алмастық. «Қазақстан-достық шаңырағы» интеллектуалдық сайыс,4 маусым ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған сынып сағаты, “Ауған жаңғырығы” атты тәрбие сағаты,танымдық сайыс “1001 мақал,101 жұмбақ” атты іс-шаралар өткізілді.
Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетіннін, рухани байлыққа қол жеткізу жолында кітаптың маңызы, атқаратын ролі, пайдасы жайлы ұғындырдық.
Әр тоқсан сайын оқулықтардың таза ұсталуын қадағалау үшін тексерулер болып тұрады, «Жанұямызбен кітап оқиық», «Кітапты күтіп ұстай біл » тақырыбында бастауыш сынып оқушылармен әңгіме өткізілді.
Қорытынды: Жыл бойына мектепте жүргізілетін кітапхана жұмысының нәтижесіне қарап,оқушылардың кітапханаға келуіне мән беру.
Дайындаған кітапханашы:Айтбаева М.М

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет