Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы



Pdf көрінісі
бет32/36
Дата21.05.2022
өлшемі1,96 Mb.
#144391
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
treatise25475

IS
нақты секторының тепе-теңдік қисығы. 
IS
қисығы нақты сектор тепе-теңдікте болатын кіріс деңгейінің және 
пайыздық мөлшерлемелердің мүмкін комбинацияларын көрсетеді. Оның 
әрқашанда теріс еңісі бар, себебі пайыздық мөлшерлеме төмендегенде 
инвестициялар өседі, соның нәтижесінде оған тәуелді импорт пен жинақ 
ақшаларының өсіп келе жатқан деңгейінен қамтамасыз ету үшін кіріс деңгейі 
де жоғары болуы тиіс. 
Нақты сектордың тепе-теңдігі 
IS
(
I
- инвестиция, 
S
- жинақ ақша) 
қисықтың көмегімен көрсетіледі; ақша секторында трансакциялық және 
алыпсатарлық мақсаттарда ақшаға сұраныс оларға ұсыныспен теңеседі 
(24-сурет). Ақша секторының тепе-теңдігі 
LM
(
L
-өтімділік, 
М
-ақша) 
қисықтың көмегімен көрсетілген; сыртқы секторда ағымдық (сауда) 
баланстың (
Х
-
ІМ
) тапшылығы шетелден келген қысқа мерзімді капиталдың 
(
FI
) таза ағынымен жабылғанда. Сыртқы сектордың тепе-теңдігі (төлем 
балансы) ВР қисықтың (25-сурет) көмегімен көрсетіледі. 
IS
қисығының сол жағында инвестициялар мен экспорт сомасы жинақ 
ақшалары мен импорт сомасынан асып түседі, оң жақта оған қарама-қарсы 
оқиға орын алған. 
IS
қисығының еңістік бұрышы ақша жинауға және 
пайыздық мөлшерлеменің өзгерісіне шектік бейімділіктің қатынасын 
көрсетеді. 
Қисық вертикальға жақын болған сайын оның еңістік бұрышы соғұрлым 
үлкен, сондай-ақ ақша жинауға шектік бейімділік соғұрлым жоғары немесе 
инвестициялар көлемінің пайыздық мөлшерлеме өзгерісіне сезімталдығы 
соғұрлым аз: инвестициялардың аз өсуі үшін пайыздық мөлшерлеменің 
үлкен құлауы талап етіледі. 
LM
қисығы ақша секторы тепе-теңдікте болатын кіріс деңгейінің және 
пайыздық мөлшерлемелердің мүмкін комбинацияларын көрсетеді. Оның 
әрқашанда оң еңісі бар, себебі пайыздық мөлшерлеме жоғары болған сайын 
соғұрлым ақшаға алыпсатарлық сұраныс аз және трансакциялық мақсаттарға 
ақша ұсынысы соғұрлым жоғары, ол кіріс деңгейі жоғарылап келе жатқанда 
ғана мүмкін. 


129 
24-сурет. 
LM
ақша секторының тепе-теңдік қисығы. 
LM
қисығының сол жағында ақша ұсынысы, одан сұраныс асып түседі; 
оң жағында керісінше ақшаға сұраныс, олар ұсыныстан артық. 
LM
қисығының еңістік бұрышы кіріс деңгейі мен пайыздық мөлшерлеме 
өзгерісімен салыстырғанда ақшаға сұраныстың сезімталдығын көрсетеді. 
Ақшаға сұраныс пайыздық мөлшерлеменің деңгейіне тәуелді, сондықтан 
LM
қисығының еңістік бұрышы үлкен емес. 
ВР
қисығы төлем балансы тепе-теңдікте болатын кіріс деңгейінің және 
пайыздық мөлшерлемелердің мүмкін комбинацияларын көрсетеді. Ол тікелей 
ұлттық және халықаралық экономиканың өзара байланысын білдіреді, ал 
оның орын ауысуы валюталық бағам динамикасы мен капиталдың 
халықаралық қозғалысының режимі тәрізді аса маңызды параметрлерге 
тәуелді. 
ВР қисығынан төмен і және 
Ү
-тің кез-келген тіркесі төлем балансының 
тапшылығына алып келеді, ал 
ВР
қисығынан жоғары і және 
Ү
-тің кез-келген 
тіркесі сыртқы экономикалық операциялардың оң сальдосына алып келеді. 
25-сурет. 
ВР
төлем балансының тепе-теңдік қисығы. 
Капиталдың икемділігі - пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісіне жауап 
ретінде капиталдардың бір елден екінші елге орын ауысуының еркіндік 
дәрежесі. 
Капиталдың икемділігі әр түрлі елдерде бірдей емес: капитал ағынының 
жолындағы заңнамалық кедергілер де, қаржы рыноктарының даму дәрежесі 
де, экономикалық және жалпы саяси тұрақтылық деңгейі де және т.б. 
ерекшеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет