Негізгі түсініктер, терминдер:
Халықаралық бейфакторлық қызметтер, халықаралық қызметтер
теңгерімі, дивиденд, дебет, несие, өндіріс факторлары қозғалысы, туризм,
транзиттік тасымал саласы, қаржы жүйесі.
Бақылау сұрақтары:
1.
Экспорттық-импорттық операциялардағы бейтеңгерімді жеңу
үшін халықаралық қызметтер теңгерімі бойынша теріс сальдосы қанша
болуға тиісті?
2.
Транзиттік тасымал саласы валюталық қаржы түсімдерін
қамтамасыз етуде қандай рөл атқарады?
3.
Халықаралық технологияларды дамыту үшін Қазақстанда қандай
бағыттарды ұстануда?
101
4.
Қазақстанның туризмін дамыту үшін мемлекет қандай
шараларды қолданады?
5.
Қазақстанның банктер мен компаниялары капиталды шетелге
активті түрде шығару үшін қандай жобаларды қолданады?
5. Қазақстан экономикасына қаржы мен капитал тарту операциялары
және ДСҰ-ға кіру проблемалары
Капиталдар мен несиелердің қозғалыс балансы берілген және алынған
халықаралық несиелердің мемлекеттік және жеке капиталдарын шығару және
кіргізу қатынасын көрсетеді.
Активтердің өсуі елге капиталдың кең көлемде құйылуын көрсетеді.
Нәтижесінде қаржылық есеп-шот операциялары бойынша капитал
ресурстарының нетто-қуйылуы артады.
Активтер мен міндеттемелер қызмет ету белгілері бойынша жіктеледі.
Сәйкесінше, активтер мен міндеттемелердің төрт тобын ажыратуға болады:
қорлар, тікелей, қоржындық және өзге де инвестициялар.
Қорлар дегеніміз елдің ақша билігі қарамағындағы және төлем
балансының тапшылығын қаржыландыру үшін және ұлттық валюта курсын
реттеу үшін қолданылуы мүмкін халықаралық жоғары өтімді активтер.
Тікелей инвестициялар басқа елдің институционалдық бірлігін басқару
үрдісіне әсер ету үшін жүзеге асырылады. Қоржындық инвестициялар
инвестициялау обектісін басқаруға құқық бермейтін қаржы құралдары
саудасына байланысты, резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы өзара
қатынас жүйесін білдіреді. Инвестор кәсіпорынның кәдімгі акциялардың 10%
иелік еткен кезде (немесе дауысқа салу кезінде құқықтарға), инвестициялар
қоржындық болып есептеледі.
Қоржындық инвестициялар ақша нарығы құралдарын, сондай-ақ қаржы
дериваттарын қамтиды.
«Басқа инвестициялар» дегеніміз тікелей немесе қоржындық
инвестицияларға енгізілмеген, қалған барлық халықаралық инвестициялар,
мәселен қарыздар, депозиттер, қолда бap қаражаттар.
Жеке топқа капиталдық трансферттерді жатқызу керек, ол меншік
құқығын негізгі капиталды сатып алумен немесе пайдаланумен байланысты
немесе кредитордың қарызын жоюды қарастыратын негізгі капиталға
өткізуді қамтитын трансферттер.
Қазақстанның халықаралық қаржы және капиталмен жүргізілетін
операциялары әр түрлі формаларда жүзеге асырылады: валюта қаражатын
алу, қаржы активтерінің бір түрін басқа түрлеріне алмастыру, тікелей
шетелдік инвестициялар тарту, орта және ұзақ мерзімді несиелер алу.
13-кестеде Қазақстан төлем балансының қаржы және капитал
операцияларында инвестициядан түскен таза табыс пен таза ағымдық
102
трансферттер, капитал операциялары шоттары бойынша кіріс көлемі, бүкіл
жыл бойғы қаржы капиталының ағыны көрсетілген.
103
13-кесте. Қазақстанның төлем балансының қаржы және капитал операциялары есеп-шоты
(5-кесте жалғасы)
АҚШ млн. долл.
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
В. Қаржы және капитал
операцияларының (шоттары)
есебі
1094,28 1016,48 2428,70 1239,25
2738,0
4679,5
916,2
15328,4
8366,3
3296,7
7188,7
Капитал операциялары
бойынша шот
-233,99 -290,53 -184,96 -119,81
-27,8
-21,3
14,0
32,7
-37,6
-12,6
-29,5
Оның ішінеде мигранттар
трансферттері
-234,67 -264,20 -197,91 -135,98
-45,5
-25,8
9,5
28,9
-11,2
-31,6
-60,9
Қаржы шоты (есебі)
1328,27 1307,01 2613,66 1359,06
2765,8
4700,7
902,2
15295,7
8403,8
3309,2
7218,2
Оның ішінде
Тікелей инвестициялар
1468,00 1278,16 2860,61 2163,83
2213,4
5436,2
2123,2
6555,6
7974,9
14783,1
9525,7
Портфельдік инвестициялар
-36,66
-55,02 -1317,47 -1246,74 -1891,0
-417,2
-3952,7 -4322,2 -4583,1 -9322,6
3074,7
Қосымша қаржы кұралдары
(нетто)
0,00
0,00
0,00
15,9
-46,4
-112,6
-67,8
-366,6
180,8
56,8
Басқа да орта және
ұзакмерізімді инвестициялар
216,05
-58,14
463,11
758,05
2188,3
1976,5
2203,0
13684,0 11373,6
1290,9
-3188,5
Өзге қыскамерізімді
инвестициялар
-319,12
142,01
607,42
-316,07
239,2
-2248,4
641,3
-553,9
-5994,7 -3623,1 -2250,5
С. Қателіктер мен олқылықтар -604,73 -797,69 -654,46 320,17
-931,9
-1015,9 -1804,2 -2397,2 -3168,6 -7387,4 -1322,3
D. Жалпы баланс
253,58
585,09
384,72
535,08
1533,5
3999,0
-1943,8 11134,2 -3028,7
2188,8
2461,8
Е. Қаржыландыру
-253,58 -585,09 -384,72 -535,08 -1533,5 -3999,0
1943,8 -11134,2 3028,7
-2188,8 -2461,8
ҚҰБ актив қоры
-76,03
-140,72 -384,72 -535,08 -1533,5 -3999,0
1943,8 -11134,2 3028,7
-2188,8 -2461,8
ХҚҚ несиесі
-177,56 -444,38
0,00
0,00
0,0
0,0
0,0
0,0
0,0
0,0
0,0
*ҚҰБ мәліметтері
99
104
Егер резиденттер өздерінікін сатқанға қарағанда шетелдік қаржы
активтерін көбірек сатып алатын болса, ел капитал қозғалысы шотының
тапшылығына ие дейді, өйткені ол әлемнің басқа бөліктеріне талаптарды
жинақтайды. Басқа әлем талаптарына шоғырлану ұлттық жинақ болып
табылады. Және керісінше басқа елдер берілген мемлекетке талаптарды
жинақтайтын болса, онда ел капитал қозағылысы шотының артықтығымен
сипатталатын болады.
Капитал қозғалысына байланысты валюталық операциялар мыналарды
ескереді:
-
тікелей инвестицияларды, яғни табыс алу және кәсіпорынды
басқаруға қатысуға құқықты алу мақсатында кәсіпорынның жарғылық
капиталына жұмсау.
-
қоржындық инвестициялар, яғни бағалы қағаздарды сатып алу;
-
елдің заңнамасына сәйкес оның орналасқан жері жылжымайтын
мүлікке жатқызылған ғимараттар, үй-жайлар және жерді және оның
қойнауларын қоса алғандағы өзге де мүліктерге меншік құқығына төлеу үшін
аудармалар;
-
тауар экспорты мен импорттары бойынша (жұмыстар, қызмет
көрсетулер, зияткерлік меншік нәтижелері) 90 күннен астам мерзімге беру
және алу мерзімін ұзарту;
-
180 күннен астам мерзімге қаржы несиелерін беру және алу;
-
ағымдағы валюталық операциялары болып табылмайтын өзге де
валюталық операциялар.
Төлем балансында қор активтері салыстырылған - елдің ақша билігінің
тікелей қарамағындағы халықаралық жоғары өтімді активтері. Сақтық
қордағы активтер төлем теңгерімі тапшылығын қаржыландыру және валюта
курсын реттеу үшін қолданылады.
Қаржы активтерін «сақтық қордағы активтер» санатына жатқызудың
басты белгісі ол елдің ақша биліктері оларға тікелей қадағалау жүргізуі тиіс.
Сақтық қордағы активтерге ең алдымен монетарлық алтынды, SDR, ХВҚ
резервтік ұстанымын, және т.б. жатқызады. Төлем теңгерімі тапшылығын
қаржыландыру мәселесіне тап келген мемлекеттер сыртқы қарыздың күшін
жою, борыштық міндеттемелерді үлестік құралдарға айырбастау, төлем
теңгерімін реттеуге қарыз алу, қірыздарды қайта құрылымдау арқылы
айрықша қаржыландырып жүзеге асыра алады.
Ағымдағы операциялар мен капитал қозғалысы бойынша төлем
теңгерімінің теңгерілмегендігі орталық банктің сақтық қоры есебінен
реттеледі. Егер ағымдағы операциялар теңгерімнің тапшылығы капиталмен
қаржы операциялары шотаның он сальдосына қарағанда аз болса, ақша
билігінің шетелдік валюта қоры артады. Егер коп болса, осы шоттар сомасы
бойынша шетелдік валютаның елге түсімі жетпесе орталық банктағы қормен
орны толтырылады.
Сомасында ағымдағы операциялар шотының сальдосы, капиталмен
қаржылық операциялар шотының сальдосы және орталық банктің ресми
105
қорының өзгерісі нөлге тең болуы тиіс. Бұл төлем теңгерімі нәтижесінде
қалдықсыз шықты дегенді білдіреді.
Шетел компанияларының қатысуымен мұнай мен газды барлау және
тасымалдау
саласындағы
жобалар
Қазақстанға
шетелдік
тікелей
инвестициялардың (ШТИ) құйылуын қамтамасыз етеді. 2009 жылы ШТИ-дің
құйылымы 18,4 млрд. долл. құрады, ал тікелей инвесторлардың
міндеттемелері бойынша қарыздың негізгі сомасын төлеу 12,6 млрд. долл.
құрады. Нәтижесінде Қазақстандағы ШТИ-дің таза жинақталған қорлары
2009 жылдың аяғында 49,5 млрд. долл., ШТИ-дің жалпы құйылым сомасы 90
млрд. долл. асты. (20-сурет).
8,3
4,6
4,1
4,6
2,8
6,6
10,4
17,4
18,4
19,8
5,4
2,2
2,2
2,9
1,3
2,1
6
6,2
12,6
10,1
0
2
4
6
8
10
12
14
16
18
20
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
Ме
рзім
ін
де құ
йылу
, м
лр
д.
до
лл
.
0
10
20
30
40
50
60
70
80
90
100
Ме
рзім
со
ңынд
ағы
ж
ин
ақт
ал
ған
Ш
Т
И,
м
лр
д.
до
лл
.
ШТИ жалпы құйылымы (сол жақтағы ось)
ШТИ таза құйылымы (сол жақтағы ось)
Қазақстандағы ШТИ бойынша позиция (оң жақтағы ось)
ШТИ жиынтық жалпы құйылымы (оң жақтағы ось)
20-сурет. Шетелдік тікелей инвестицияның жинақталуы және құйылуы.
Теңіз жер қойнаулары өндірісін кеңейту бойынша жобаларды жүзеге
асыру, Каспий теңізіндегі Қазақстан секторын әрі қарай игеру, көмірсуларын
тасымалдау бойынша жаңа бағыттарды жасау, әлемдік рынокта энергия
тасымалдаушылардың бағасы мен сұранысының көбеюіне байланысты шетел
инвесторларының көбі мұнай өңдеу және тасымалдау бойынша қаржы
көздерін енгізуі көп әсер етті.
Шоғырландырылған ШТИ-ның көп бөлігі Қашаған, Теңіз және
Қарашығанақ сияқты жер қойнауларын өңдеу бойынша жобаларды
қаржыландыруға бағытталады. Теңгіз жобасын 5,6 есеге, Қашағандікі - 72,2%
өсті.
Тікелей инвестициялардың өсуі негізінен Солтүстік Қашаған жер
қойнауын өңдеу бойынша жобаға қаржыны жақсы бөліп, осы қызметке
геологиялық барлау мен зерттеулер бойынша жұмыс қалыптасты.
106
Қарыздардың алыну мақсаты жобаларды әрі қарай қаржыландыру және
шетелдік және қазақстандық құрылтайшылар алдында міндеттемелерді өтеу
үшін қажет. Халықаралық капитал рыногында қарыз алу шетелдік
компаниялардың делдалдылығымен арнайы құрылған кәсіпорындармен
«СНПС - Актобемунайгаз» (100 млн. долл. 2004 жылы) және «Казахстан -
Китай құбыры» ЖШС (300 млн. долл. 2004 жылы) жүзеге асырылды.
Мұнай-газ саласынан басқа инвестициялардың көлемі уран және металл
рудаларын, түрлі - түсті металлургия өндіруден, сонымен қатар құрылыс,
қаржылық қызмет, көлік және байланыс салаларында да өсті.
Каспий теңізіндегі Қазақстан секторын әрі қарай игеру бойынша
жобаларды тарату, Теңіз, Королевский және Қарашығанақ кен-байлықтарын
игеру, көмірсуларын тасымалдау бойынша ұқсас бағыттарды жасау, Аташ
жер қойнауындағы Каспий мұнайын барлау, Түп-Қараған учаскесін барлау
және Атасу-Алашаңқай мұнай құбырлары бойынша Қазақстан-Қытай
құрылысын жасау шетелдік тікелей инвестицияларын қарыз капиталы
ретінде құйылуына ықпал етеді.
Қоржындық инвестициядағы резиденттердің шетелдік активтердің өсуі
көбінесе ҚР-ның Ұлттық қорының қаражаттарынан шетелдің қоржындық
активтеріне инвестиция кұю арқылы қамтамасыз етілді.
Резидент еместердің құнды қағаздарының арасында резиденттердің
инвестициялық портфельдері АҚШ мен Еуропа Одағының монетарлық
мүшесі болатын елдердің мемлекеттік құнды қағаздары көп орын алады,
сонымен қатар халықаралық ұйымдар мен қазақстандық компаниялары және
банктердің облигациялары жатады.
Сонымен қатар салымшы зейнетақы қорларының активтер портфелінде
теңгемен номиналданған қарыз құнды қағаздар, американдық Merrill Lynch
және JР Morgan Chase Bank банктерімен шығарылғанын ұсынады. Соңғы
жылдардың ерекшелігі - ТМД резиденттерінің құнды қағаздармен банктік
емес секторларда операциялар көлемінің өсуі, Ресей мұнай компанияларымен
ұсынылған акциялар мен инвестициялық қорлардың пайлары болды.
Қоржындық инвестициялар бойынша резиденттердің міндеттемелерінің
өсуі негізінен банктік секторға жатады.
Сордықтан, сыртқы қаржыландыруды банктік сектормен тарту,
Қазақстандық банктердегі активтердің өсуінің негізгі көзі болып шетелдік
банктердің
корреспонденттік
және
депозиттік
есеп-шоттарындағы
қаражаттары.
Алтын-валюталық резервтерінің жинақталған көлемі сыртқы қарыз
міндеттемелерін
азайтуға
ықпал
етті.
Халықаралық
резервтер
қаражаттарынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыртқы қарыздары
бойынша төлемдер жүзеге асырылды, олар сонымен қатар АҚ «ҰК
«Қазмұнайгаз» өткізген Солтүстік Каспий жобасындағы акция үлестерін
сатып алу бойынша мәмілелерде және Ұлттық қордағы валюталарды сатуда
қолданған.
Халықаралық капитал рыногынан тартылған қаражаттар банктермен
ішкі несиелеу операцияларын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар шетел
107
активтерінің өсу көзінің бірі болды. Коммерциялық банктер валютаны ішкі
валюталық рыногта белсенді сатып ала бастады, өйткені оның барлығы
сыртқы қарыз міндеттерді төлеумен байланысты болды.
Суон және Мандель-Флеминг моделі бойынша ағымдағы операциялар
есеп-шотының сальдосы мен капиталдың қозғалысы мен қаржылық есеп-
шоттар сальдосы нөлге тең болуы керек. Бірақ Қазақстан тәжірибесінде бұл
өте сирек кездеседі. Сондықтан нөлдік нәтижені алу үшін төлемдік балансқа
«Қателер мен өткізулер» деген бап енгізілген.
Сыртқы экономикалық мәмілелерді ескеру кезінде қателердің пайда
болуы көптеген себептермен байланысты. Экспорттық және импорттық
операциялар кезінде импортерлер өте үлкен баға қояды, ал экспортшылар
бағаны кемітеді. Біріншісінің мақсаты - шетелге валютаны көбірек жөнелту,
ал екнішісінікі - кірісті азайтып, салықты аз төлеу. Бұл шартта көрсетілген
бағамен сай келмегендіктен емес, импорт пен экспорттың анықтама қағазы
бойынша тіркеу дұрыс болмауы.
Сонымен қатар, осы операциялар әртүрлі көздерден алынатын
болғандықтан, тараптарды әртүрлі сипаттайды. Мәселен, тауарлардың
экспорты туралы мәліметтер кеден статистикасында көрсетілсе, шетел
валютасының кәсіпорын есеп-шотына түсуі туралы мәліметтер банктік
статистикасынан алынады.
Көптеген қателіктер қаржы операцияларын жүзеге асыру кезінде кетеді.
Қазақстанда резиденттер мен резидент еместердің арасында жасалатын
қаржылық операциялардың нақты айырмашылығы жоқ, өйткені олардың
барлығы төлем балансына бағалау негізінде енгізіледі (оралмандардың
аударымдары, туризмнен түскен кірістер).
Қаржы ресурстарының жылыстауы қаржылық есеп-шот операциялары
бойынша ғана емес, сонымен қатар төлем балансының «Қателер мен
өткізулер» бабында да болады. Мұның барлығы сыртқы сауда
операцияларының күрт өсуімен, тауарларды шекарамен өткізу бойынша
мәліметтердің келіспеушілігінің өсуінен және олар бойынша төлемдер
жасаумен байланысты.
Қазақстанның төлем балансы үшін осы бап бойынша сыртқы сауда тауар
айналымында жіберуге болатын жағымсыз дисбаланс мөлшері 5%-дан аспау
керек. «Қателер мен өткізулер» сальдосының тұрақты дебеттік сипаты төлем
баланс нәтижелеріне ықпал ететін көптеген операциялардың мақсатына куә
болады.
Жылыстау капиталының есепке алуға бой бермеуі экспорт бойынша
төлемдердің толық болмауы, елге түспейтін импорт төлемі болып табылады.
Сонымен қатар, жеке тұлғалардың қолма-қол ақшалай шетелдік
валютасымен жасалатын операциялар «Қателер мен өткізулер» бабының кері
сальдосын кеңейтуге ықпал етеді.
Мұндай жасалған статистикаға кірмейтін операцияларға: еңбек
мигранттарымен шетелге шығарылатын қолма-қол ақшалай валюталар,
Қазақстан резиденттерінің шетелдік банктеріндегі есеп-шоттарындағы
шетелдік активтерінің өсуі, шетел валютасын жеке тұлғалардың алып-
108
сатарлық спекулятивтік операцияларда пайдалануы, оны автомобиль рыногы
мен жылжымайтын мүлік рыногында қолдануы.
Капиталдың үлкен көлемде жылыстауына қарамастан «Қателер мен
өткізулер»
бабы
бойынша
экспорттық-импорттық
операцияладың
теңгерімділігіне жету кезінде сыртқы ресурстардың кұйылуы маңызды рөл
атқарды. Мұндай құйылым Қазақстанның халықаралық қаржылық рыногына
сенімді серіктесі болуы нәтижесінде қол жеткен.
Шетел капиталын елге тарту кезіндегі басты мақсаттар - елге тікелей
инвестициялар, жеңілдік сипаттағы ұзақ мерзімді қарыздар, және жеке
сектормен сыртқы ресурстарды шоғырландыруға жағдай жасау болып
табылады.
Барлық капиталдардың халықаралық құйылыуы ағымдық операция есеп-
шотында көрсетілген капитал мен қаржы инструменттерінің, халықаралық
ақшалай қаражаттарының құйылуымен теңестірлуі қажет, оның ағымдық
операция есеп-шотындағы мәмілелермен байланысты болуы. Егер ағымдық
операциялардың есеп-шоты оңды сальдомен қорытындыланса, онда сонымен
бірге таза капитал жылыстай бастайды. Керісінше, ағымдық операциялар
есеп-шоты бойынша тапшылықтың пайда болуы кезінде таза капиталдың
құйылуы байқалады.
Мұндай есеп-шоттардың өзара байланысын қарапайым тілмен
түсіндіруге болады. Қазақстан тауарлар мен қызметтерді экспортқа шығара
отырып, шетел валютасын табады, ал тауарлар мен қызметтерді импорттай
отыра, оларды жұмсайды. Егер импорт экспорттан және ағымдық есеп-шот
операцияларынан асып кетсе, онда кері сальдоға ұшырап, мемлекет шетел
валютасын алатын қосымша пайдакөздерді іздейді, осыған байланысты
халықаралық капитал рыногынан қарыз алуды талап етеді. Егер Қазақстан
активті ағымдық есеп-шот операциясына жетсе, онда керісінше, шетелдегі
серіктестіктерге өзінің импорттарын төлеуге мемлекет несиені бере
бастайды.
Шетел инвестицияларының көп мөлшерде құйылуы және тұрақты
профицитті төлем балансы болуы ішкі рынокта шетел валютасының артық
ұсынуын қамтамасыз етті. Экономикада артық өтімділікті стерилизациялау
бойынша операциялар Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының
жинақталған активтерімен, банктердегі шетелдік инвестициялармен және
шынайы
сектормен
валюта
рыногында
сұраныспен
ұсыныстың
қарымқатынасын коррекциялай алмады.
Елдің халықаралық резервін сыртқы ликвидтілік тәуекеліне адекватты
деңгейде ұстап тұру корпоративтік өзара заимдаудың өсуінің жоғары
қарқыны және бейрезиденттердің қазақстандық қаржы рыногына
қатысуының өсуі жағдайында төлем теңгерімінің тұрақтылығын қамтамасыз
етуші негізгі шарттардың біріне айналады.
Қалыптасқан макроэкономикалық жағдайға әсерін тигізу үшін Ұлттық
банк валюта рыногында шетел валютасын сатады немесе сатып алады,
көбінесе ұлттық валютаның бағамына алмастыру деңгейінде. Ұлттық банк
жүргізетін бұған ұқсас мәмілелерді ресми валюталық интервенциялар дейміз.
109
Төлем
теңгерімінің
бейтепе-теңдігі
пайда
болған
жағдайда
Қазақстанның қолында оның халықаралық төлеміндегі тепе-теңдікті қалпына
келтірудің бірнеше жолдары бар. Валюталардың еркін толқымалы курсы
төлем теңгерімінің бейтепе-теңдігін реттеудің үздіксіз процесі үшін
жеткілікті жағдай болып табылады. Алайда еркін толқымалы валюталық
курсты қолданудың экономикаға теріс әсері болуы мүмкін, сондықтан да
ресми резервтерге - төлем теңгерімі жайын коррекциялаушы шаралар
жүйесіне маңызды рөл жүктеледі.
Резервтік активтерді шығындау немесе өсіруден басқа, Қазақстан төлем
теңгерімінің бейтепе-теңдікті сальдосын басқа елдердің немесе жеке меншік
қаржы рыноктардың ресми органдарынан қарызға алған қаражаттың таза
соммасын өсіру немесе қысқарту арқылы тікелей қаржыландыруды
жүргізеді.
Алайда резервтік активтердің өзгеруі төлем теңгерімінің (ол мейлі
жетімсіздікті қаржыландыру болмасын немесе валюталық рыноктағы
инвестициялық операциялар болмасын) қысқамерзімдік реттеуінің маңызды
және тұрақты элементі болып табылады. Сонықтан да резервтер көлемі төлем
теңгерімінің сальдосының өзгеруіне қарай толқып отырады. Осылайша
Ұлттық банкі резервінің өзгеруі төлем теңгерімінің теңгерімдеуші бабы
рөлінде көрінеді. Басқаша айтқанда, ағымдағы операциялар шоты жөніндегі
сальдо мен капитал және қаржы құралдарымен жүргізілетін («Таза қателер
мен өткізулер» бабын қоса) операциялар шотының сальдосының сомасы,
резервтік активтер көлемінің өзгеруі есепке алына отыра, нөлге тең болуы
керек.
Сонымен қатар валюталық резервтерді қолданып төлем теңгерімін
реттеу үшін оның өз шегі болатындығын айтуымыз керек. Ел ұзақ мерзім
бойы төлем теңгерімін тапшылықпен жинақтап отыра алмайды, себебі бұл
төлем теңгерімінің кризисінің себебіне айналуы мүмкін. Төлем теңгерімінің
кризисі деген елдің сыртқы қарыздарды қайтаруға қауқары жоқ дегенді
білдіреді.
Сондықтан
да,
төлем
теңгерімінің
немесе
валюталық
интервенциялардың қаржылық тапшылығын қаржыландыру ретінде
резервтерге жүгінуді Ұлттық банкі, әдетте уақытша шара ретінде
қарастырады және ел резервінің белгіленген минималды деңгейіне дейін
қысқаруына жол бермейді. Ресми валюталық резервтер көлемінің көрсеткіші
елдің шетелдік кредиторлар алдындағы қарызын жаба алу мүмкіндігін
бағалауға мүмкіндік береді, сонымен қатар Ұлттық банкі жүрігізіп отырған
кредиттік-ақшалық саясатына сенім артуға тұрады ма екендігін, айырбас
курсы жүйесінің дұрыс таңдалған-таңдалмағандығын бағалауға мүмкіндік
береді. Халықаралық кредиттер алу мүмкіндігі де резервтік активтің
көлеміне байланысты болады. Осыған байланысты Ұлттық банкі саясатының
көп жағдайда бірінші кезектегі міндеті, ол резервтердің адекватты деңгейін
ұстап тұру және шығындалған резервтердің төлем теңгерімін реттеу процесі
барысында толтырып отыру болып табылады.
110
Қазақстандық қор биржасында шетелдік валютаны нетто-сатып алулар
Ұлттық банкінің халықаралық резервін толтырудың негізгі көзіне айналды.
Энергия тасымалдаушыларына және Қазақстан экспорттайтын басқа да
шикізаттық тауарларға әлемдік бағаның жоғары болуы және жыл ішінде
халықаралық капитал рыногында қорлануы жайының өзгерулері ақша-кредит
жүйесінің тиімді жұмыс істеуінің айқындаушы факторлары болды.
Мұнай экспорттаушылар үшін жайлы болған дүниежүзілік рынок
конъюктурасы бір жағынан өндіру саласындағы кәсіпорындарға шетелден
тікелей инвестициялардың тұрақты және жоғары деңгейде түсім әкелуін
қамтамасыз етіп тұрған болса, екінші жағынан құрылыс, барлау мен
бұрғылау жұмыстарымен байланысты шығындарды көбейтіп, сонымен қатар
бейрезиденттердің репатрияцияланған кірістерінің көлемін ұлғайтады.
Тауарларды импортқа шығаруды ұлғайту арқылы тұрғындардың ішкі
инвестицияларының жоғарылауына, шынайы экономикалық өсудің жоғары
деңгейге жетуіне және осыған байланысты тұтынушылық сұраныстың өсуіне
әкеліп соқты. Шынайы экономикалық өсім мен тұрғындардың кірістерінің
өсуі нәтижесінде тауарлық импорт көлемінің біршама өсуі есебінен
қанағаттандырылатын ішкі инвестициялық және тұтынушылық сұраныс
көлемі өсті. Шетелдік капитал мен еңбек ресурстарын үлкен көлемде
тартудың салдарынан заемдік капитал бойынша сыйақының өсуі және
Қазақстанда жұмыс істеуші бейрезиденттерге төлемдердің өсуі жүрді.
Ағымдық операциялардан түсетін негізгі кірістердің бабы - тауарлық
экспорттан түсетін түсімдердің өсуі, бұл ағымдағы шығындарың өсуін
шамалы ғана бөлігінің орнын толтыруға ғана жетті де, жыл қорытындысы
бойынша ағымдағы операциялар шоты бойынша тапшылықтың біршама өсуі
жүрді. 2007 жылғы ағымдық есеп-шот тапшылығы АҚШ-тың 7,2 млрд.
долларын құрады немесе ЖІӨ-ге қатысты 6,9%-ды құрады, бұл 2006 жылмен
салыстырғанда ЖІӨ-ге байланысты 1,9 млрд. долларды немесе ЖІӨ-ге
қатысты 2,4% құрады.
Шетелдіктердің қатысуымен қалыптасқан кәсіпорынның ағымдық
шығындарының өсуі шетелдік тікелей инвестициялардың (ШТИ) түсімі мен
экспорттан түскен кіріспен қаржыландырылып отырды. Қазақстандық
кәсіпорындардың ШТИ нетто-түсімінің сомасы 2006 жылмен салыстырғанда
(6,2 млрд. долл.) 2007 жылы 10,3 млрд. долл. құрады.
Шетелдік инвестицияларды жаппай тарту экономиканы кредиттеудің
біршама өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Банк кредиттерінің көрсеткіштері экономикаға ЖІӨ-ге қатысты
арақатынасы 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 45,9%-дан 57,0%-ға
дейін өсті (21-сурет).
Бірақ әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысқа байланысты 2008 және
2009 жылдары экономикаға кредит беру төмендеді. 2008 ж берілген кредит
ЖІӨ 46,9%, 2009 ж 48,1% құрады.
111
7,4
10,6
15,1
17,8
21,2
25,3
34,1
45,9
56,5
46,9
48,1
0
10
20
30
40
50
60
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
21-сурет. Кредиттер динамикасы, ЖІӨ-ге %-бен шаққанда
Егер де тікелей инвестициялар ағыны 2007 жылы тұрақты түрде жоғары
болып қалса, банкілік секторлар займы арқылы тартылатын қаржы ағындары
халықаралық капитал рыногындағы шарттардың өзгеруіне қарап толқып
отырды.
Сонымен, 2007 жылдың І-ші жартысында, халықаралық капитал
рыноктарындағы ресурстардың салыстырмалы түрдегі төмен құны
жағдайында банкілік сектордың қарыздық құнды қағаздармен және
несиелермен қамтамасыз етілген қарыздық қаржыландырудың таза ағыны
2006 жылмен салыстырып отырған кезеңдегі 5,2 млрд. АҚШ долларлық
нетто-ағынымен салыстырғанда 12 млрд. долллардан асты. Елге сыртқы
ресурстар ағыны ағымдағы төлем бойынша тапшылығын жабу қажеттілігінен
біршама асып кетті және жеке секторлар шетелдік активтердің өсімімен
компенсацияланбады. Төлем теңгерімінің қаржылық шоты операцияларымен
қалыптасқан шетелдік валютаның артық ұсынысы теңгенің айырбас курсына
біршама салмақ түсірді, бұл салмақ тек ішкі валюталық рынокта жүргізілген
операциялар арқылы ғана азайтылды.
Капитал рыногындағы ғаламдық дағдарыстың көріністері 2007 жылдың
тамыз айынан бастап қазақстандық банкілерге сыртқы ресурстарды тарту
жағдайының
нашарлауына
алып
келді.
І-ші
жартыжылдықпен
салыстырғандағы займдық ресурстарға қол жетімділіктің біршама қысқаруы
ертерек тартылған банкілік займдарды қайтарудың мерзімі ең жоғары төлем
кезеңіне сәйкес келді. Қаржылық ресурстарға жоғарғы ішкі сұраныстың
сақталуы жағдайында қолдағы сыртқы қарызды реқаржыландыру
қажеттілігінен тыс жаңа займдар тарту мүмкіндігінің болмауы шетелдік
валютадағы ликвидтілік тапшылығына алып келді.
Мұның нәтижесінде 2007 жылдың II жартысында банкілік сектордың
займдық операциялар бойынша қаржыландырудың құйылу ағыны елден
ресурстардың кері ағынымен алмасты, мұның сомасы - 2007 жылдың II
жартысында банкілердің бейрезидентерден өздері эмитеттеген қарыздық
құнды бағалармен және несиелермен жүргізген операциялар бойынша
ресурстардың нетто-кері ағыны 1,1 млрд. долларды құрады.
Қаржылық шот операциялары бойынша ресурстар түсімінің қысқаруы
және ағымдағы шот тапшылығының өсуі жағдайында 2007 жылдың II
112
жартысында валюталық ресурстарға деген сұраныс оған деген ұсыныстан
біршама асып кетті.
Экономиканың банкілік-қаржылық жүйесі ликвидтіліктің жетіспеуі
есебінен толықтай бейтеңгерімділік жайына енді, валюталық және ақша-
кредит саласындағы қалыптасқан тепе-теңдік бұзылды. Теңгенің айырбас
курсының қысқамерзімдік күрт толқуларын болдырмау мақсатында және
ішкі валюталық рыноктағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында қалыптасқан
төлем теңгерімінің тапшылығы ресми алтын-валюталық шот есебінен
қаржыландырылды. Жалпы халықаралық резервтер 2006 жылдың аяғына
қарай 19,1 млрд. долларды кұраған, 2007 жылдың аяғына қарай 17,4 млрд.
доллар болып бағаланды.
Жаһандану ел экономикасына жалпы оң әсер ете отыра, сонымен бірге
халықаралық
экономикалық
қатынастардағы
тұрақтылықтың
және
халықаралық есептеулердегі тепе-теңдіктің бұзылуына алып келетін әлемдік
сілкіністердің кейінге жылжуы тәуелкелін күшейтеді.
Соңғы жылдары дүниежүзілік экономикада өсу қарқыны жұруде.
Қаржылық рыноктар көтерілді, банктер үлкен пайдаларға қол жеткізді,
корпорациялар қосылу және бір-бірін жұтуы есебінен күшейді, сонымен
бірге түсім алу мүмкіндігін көтере отырып, қаржылық инновациялар саны
өсті. Басқа жылдарға қарағанда осы кезеңде Қазақстанда экономиканы
дамыту негізінен мынадай келесі жағымды өзгерістерден болды: отандық
экспортқа бағаның үздіксіз өсуі жүрді, ішкі макроэкономикалық тұрақтылық
болды. Өнеркәсіп, жылжымайтын рынок, құрылыс, сауда, банк қызметі
рыногы жоғары дәрежеде дамыды.
Халықаралық экономикалық қатынастардағы тепе-теңдік халықаралық
есептесулердің балансы түрінде көрініс табады.
Олар бір елдің басқа елдерге қарағандағы ақша талаптары мен
міндеттемелерінің, түсімдері мен төлемдерінің ара қатынасын білдіреді.
Халықаралық деңгейде олар елдер арасындағы ұлттық табыстың бөлінуін
көрсетеді. Халықаралық есептесу баланстарының негізгі түріне мыналар
жатады:
-
есеп айырысу (есептесу) балансы;
-
халықаралық қарыз балансы;
-
төлем балансы.
Басқа елдермен экономикалық және өзге де байланыстары нәтижесінде
туындайтын берілген елдің ақша талаптары және міндеттемелері, басқа елдің
ақша талаптары және міндеттемелерінің арақатынасы есептесу балансында
көрініс табады. Талаптар тауарлар мен қызмет көрсетулер экспорты салдары
ретінде, ал міндеттемелер импорт және шетелдік несиені алу салдары ретінде
пайда болады.
Есептесу балансы белгілі бір кезеңге немесе нақты мерзімге болуы
мүмкін. Халықаралық есептесу балансының белсенді баптары берілген елдің
өзге мемлекеттерге және шетелдегі өндірген инвестициялардың жаңа
талаптарын көрсетіп отыр. Осыған ұқсас, пассивті баптар басқа
113
мемлекеттердің кредиттері мен инвестициялары бойынша осы мемлекеттің
міндеттемелерінің туындауын көрсетеді.
Халықаралық есептесу балансының белсенді сальдосы ел кредиттер мен
инвестицияларды тартқанға қарағанда көп бергендігін білдіреді. Және
болашақта ол таза түсімдер алатын болады. Пассивті сальдо дегеніміз ел
халықаралық борышкер дегенді білдіреді. Пассивтік сальдоның мөлшері
оның басқа елдерге таза түсімдерінің мөлшерін сипаттайды.
Елдің белгілі бір кезеңдегі ақша төлемдері мен оның ақша түсімдерінің
сомасын ғана қамтитын төлем балансына қарағанда, белгілі бір кезеңдегі
есеп айырысу теңгерімі қарастырып отырған кезеңде туындаған елдің барлық
ақша талаптары мен міндеттемелерінің ара қатынасын көрсетеді. Төлем
балансына нақты өндірілген және алынған төлемдер ғана енеді, есеп айырысу
балансына басқа елдер бойынша берілген кезеңде төлемдер әлі жүргізілмеген
болса да елдің басқа елге қатысты барлық талаптар мен міндеттемелер енеді.
Мәселен, есеп айырысу балансына барлық тауар экспорттары мен
импорттары енеді, ал төлем балансына берілген кезеңдегі тауар экспортынан
нақты түсім мен импорттық тауарларды төлеудің нақты шығындары енеді.
Есеп айырысу балансы белгілі бір күнге сол елдің басқа елдерге
қарызының жалпы сомасы мен басқа елдердің сол елге жалпы сомасының
көрсетілген күнге берілген қарызының ара қатынасын көрсетеді. Жыл бойы
туындаған ақша талаптары мен міндеттемелері ғана енетін есеп айырысу
балансына қарағанда, белгілі бір күнге есеп айырысу балансы туындаған
уақытына қарамастан елдің сол сәттегі барлық талаптары меіміндеттемелері
енеді.
Белгілі бір күнге есеп айырысу балансы басқаша халықаралық қарыз
балансы деп аталады. Өйткені халықаралық қарыз елді таза борышкер
ретінде сипаттайды және оның болашақ төлемдерін көрсетеді. Белсенді есеп
айырысу балансы елді нетто(таза)-кредитор, пассивті таза борышкер
екендігін көрсетеді. Есеп айырысу балансы төлем балансына қарағанда
реттеу органдары алдағы жылдарда талаптар мен міндеттемелер қалай
болатындығын білуі үшін алдын ала құрылады.
Халықаралық қарыз балансы бұл өтеу уақыты мен мерзімдеріне
қарамастан басқа елдерге қатысты нақты мерзімге барлық ақша және
мүліктік талаптарды қамтитын елдің балансы. Кейде халықаралық қарыз
балансын халықаралық инвестициялар балансы дейді. Оның арқасында елдің
таза халықаралық инвестициялық ұстанымын есептеуге болады.
Халықаралық инвестициялық ұстаным елдің есеп беріп отырған жылдың
басы мен аяғындағы сыртқы активтер мен міндеттемелердің мөлшерін
операциялр нәтижесінде есеп беріп отырған кезеңде болған барлық
өзгерістерді, құндық өзгерістерді (қайта бағалаулар) және өзге де өзгерістерді
бағалауға мүмкіндік береді.
Түрлі елдердің өсіп бара жатқан өзара тәуелді экономикасы жағдайында
Қазақстанның халықаралық инвестициялық ұстанымын сипаттайтын ақпарат
сыртқы және ішкі экономикалық саясатты әзірлеуде маңызды орынға ие.
Елдің таза ұстанымы уақыттың нақты сәтіндегі Қазақстанның басқа елдермен
114
сыртқы экономикалық қатынастарының жағдайын анықтауға мүмкіндік
береді. Халықаралық инвестициялық ұстаным оң немесе теріс екендігіне
қарай ел не «тазаборышкер», не «таза кредитор» болады.
Дүниежүзілік экономикадағы іскерлік белсенділіктердің өрлеуі мен
құлдыраулары Қазақстанның Халықаралық инвестициялық ұстанымдарында
көрініс
табады.
Экономикалық
қызметті
ырықтандыру
және
интернационалдандыру жағдайында халықаралык төлемдер иклдік ауытқуға
бағынады.
Соңғыларына ең алдымен биржадағы белсенді айналымдағы шикізат
тауарлары мен стандартты тауарлар ұшыраған. Шикізатқа (металдар,
қуаткөздері) бағаның өсуі кезінде шикізатты экспорттайтын елдер сауда
балансының белсенді сальдосына, ал импортерлер - пассивті сальдоға ие
болады.
Халықаралық
қаржы
нарықтары
Қазақстанның
халықаралық
инвестициялық ұстанымдарына
айрықша
әсер
етуде.
Импорттың
өзгермейтіндігі кезінде отандық тауарларға шетелдік сұраныстың өзгеруі
экспорт пен ұлттық валюта курсының ауытқуына алып келеді. Егер
тауарларды шығару өсетін болса, ұлттық валютаға сұранысы және оның
импортерлер валютасына курсы өседі. Ал кері жағдайда, ұлттық экспорт
төмендегенде, Ұлттық валютаның курсы да түседі.
22-суреттен
көріп отырғанымыздай Қазақстанның халықаралық
инвестициялық ұстанымы 2000 жылдан 2007 жылға дейін айрықша
төмендеді. Сыртқы активтердің өсу қарқыны сыртқы міндеттемелердің ұлғаю
қарқынына қарағанда айрықша төмен болды.
0
20
40
60
80
100
120
140
IV-00
IV-01
IV-02
IV-03
IV-04
IV-05
IV-06
IV-07
м
лн.
до
лл
.
Сыртқы активтер
Сыртқы міндеттер
22-сурет. Қазақстанның кезең соңындағы халықаралық
инвестициялық ұстанымы
Егер 2000 жылы активтер 4,6 млрд. деңгейде, ал міндеттемелер 15,7
млрд. доллар деңгейде болса, 2007 жылы олар сәйкесінше 76,8 млрд. және
120,2 млрд. долларды құрады. (14-кесте)
Инвестиция түрлері бойынша халықаралық инвестиция ұстанымының
(ХИҰ) құрылымында 2000-2007 жж. басқа инвестициялар бойынша
Қазақстанның сыртқы активтерінде де, сыртқы міндеттемелерінде де
айрықша өсім байқалады.
115
14-кесте. Қазақстанның халықаралық инвестициялық ұстанымы*
АҚШ млн. доллары
Көрсеткіштер
Жағдайы
31.12.00 ж. 31.12.01 ж. 31.12.02 ж. 31.12.03 ж. 31.12.04 ж. 31.12.05 ж. 31.12.06 ж. 31.12.07 ж.
Халықаралық
инвестициялық
ұстаным, таза
-11113,8 -13075,2 -13735,0 -14757,8 -15702,2 -20277,3 -28746,9 -43352,2
Активтер
4613,1
6117,1
9321,5
14283,7
23070,7
30174,2
59438,2
76799,5
Шетелге тікелей
инвестициялар
15,5
-9,7
417,2
300,4
-971,7
-1141,8
-991,5
2148,5
Қоржындық
инвестициялар
69,7
1430,8
2396,1
4563,6
5903,3
10962,2
20106,0
24893,1
Өндіруші қаржы
құралдары
0,0
0,0
0,0
0,0
48,4
164,3
258,1
866,5
Басқа инвестициялар
2432,1
2187,8
3367,4
4457,6
8810,1
13119,8
20938,5
31498,8
Резервтік активтер
2095,8
2508,2
3140,8
4962,1
9280,5
7069,7
19127,0
17392,5
Міндеттемелер
15726,9
19192,4
23056,5
29041,5
38772,8
50451,5
88185,0
120151,7
Қазақстанға тікелей
инвестициялар
10077,7
12916,6
15464,3
17587,1
22376,5
25607,4
32689,2
43381,3
Қоржындық
инвестициялар
695,9
725,0
337,8
581,0
1310,8
2721,1
11142,1
14088,2
Өндіруші қаржы
құралдары
0,0
0,0
25,0
40,9
38,8
44,3
67,9
313,6
Баска инвестициялар
4953,3
5550,8
7229,4
10832,5
15046,7
22078,7
44285,9
62368,5
Деректер көзі: Қазақстанның Ұлттық банкі деректері
Сондай-ақ Қазақстанның сыртқы міндеттемелерінде 2007 жылдың
соңында қоры 43,4 млрд. долларды құрайтын (ЖІӨ 42%, халықтың бір
жанына 2788 доллар) Қазақстанға тікелей инвестициялар айрықша рөлге ие.
Алайда тікелей инвестициялар әзірге елдің сыртқы активтерінде айрықша
емес, бірақ 2007 жылы олар оң белгімен қалыптаса бастады.
ХИҰ құрамында қаржы құралдарының түрлері бойынша резиденттер
қоржынындағы бейрезиденттердің борыштық бағалы қағаздар мен акциялар
(қатысу үлесі) бойынша неғұрлым маңызды елдің сыртқы активтерінде
барлық құралдар бойынша өсім байқалады. Қазақстанның сыртқы
міндеттемелерінде резиденттердің бейрезиденттерден, соның ішінде арнайы
мақсаттағы өздерінің еншілес кәсіпорындары арқылы тартқан ссудалары
неғұрлым маңызды құрал болып табылады.
Динамикада қарыздық құралдардың үлесі біртіндеп азаяды да 2007
жылдың содында сыртқы міндеттемелер 76% және елдің сыртқы активтері
85% құрайды.
Қарыздық құралдарға келесі қаржы құралдары жатқызылмайды:
капиталға қатысуды қамтамасыз ететін, өндірістік қаржы құралдары,
монетарлық алтын қарыз алудың арнайы құқықтары.
Қазақстанның ХИҰ-ның қарыздық құралдар бойынша кері әсері «таза
борышкер» ретінде сипаттайды. Қарыз құралдары бойынша ХИҰ білдіретін
Қазақстанның таза сыртқы қарызы қарама қайшы белгімен өсуде және 2007
жылдың соңында 26,7 млрд. долларды құрады. (ЖІӨ-нен 26%; халықтың бір
жанынан 1715 долл.; тауарлар мен факторлық емес қызмет көрсетулерден 51%).
116
Жоғары өтімді сыртқы активтер (Ұлттық банктің сақтау қорындағы
активтерін, Қазақстанның Ұлттық Қорындағы активтерді, резидент
қоржынындағы бейрезиденттердің борыштық бағалы қағаздарын және
резиденттердің шетелдік банктердегі шоттарын қамтитын) 2007 жылдың
соңында 50,3 млрд. долларды құрады (елдің 65% сыртқы активтерін) және
қарыздық құралдар бойынша елдің сыртқы міндеттемелерінің 55% жабады.
Елдің экономика секторлары бойынша ХИҰ құрамында тек мемлекеттік
сектор бойынша (ҚР Үкіметінен және Ұлттық Банктен тұратын) «таза
кредитор» ұстанымын сипаттайтын қарыз құралдары бойынша оң
инвестициялық ұстаным байқалады. Банк секторы және басқа секторлар
бойынша «таза борышкер» ұстанымын сипаттайтын теріс инвестициялық
ұстаным байқалады.
Тек мемлекеттік сектор бойынша ғана динамикада инвестициялық
ұстанымның жақсаруы байқалады, соның ішінде карыз құралдары бойынша.
Басқа секторлар бойынша инвестициялық ұстанымның нашарлауы және таза
сыртқы қарыздың өсуі бұрынғыдай байқалады.
Қазақстанның тез ілгерілеуіне және тұрақты даму траекториясына
шығуға оның ДСҰ енуі де ықпал ететін болады, бұл ұйымға мүшелік ету
жаңа технологиялар мен кеңауқымды шетелдік инвестицияларға қол
жетімділігін оңайлататын болады.
Ерте ескерту индикаторы есебінен енуге дайындық деңгейі мынада
жатыр.
Бірінші мәселе ұйымдастырушылық-құқықтық сипатқа ие. Үш мықты
аймақтық бірлестіктердің әр қайсысы (АҚШ, ЕО және Азия елдері) ДСҰ өз
мүдделерін жақтау құралы ретінде қарастыратындығын көрсетеді, бұған
сауда дауларын қарастыру кезінде аппелляциялық органның жеті арбитрін
сайлаудың ұзаққа созылған процессі кепілдік береді. Апелляциялық
органның құрамында АҚШ, Германия, Жапония, Египет, Филиппин, Жаңа
Зеландия және Уругвай елдерінің өкілдері болып шықты.
Бұл органның қорытындылары түпкілікті болып саналады. Арбитрлар
төрт жылдық мерзімге тағайындалады, бұл орайда қайта тағайындау болуы
мүмкін. Сондықтан Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың мшелері
(Ресей, Қазақстан, Беларуссия, Қырғызстан) ДСҰ апеляциялық органының
құрамындағы бір лауазымға қол жеткізуі қажет.
Екінші аспект - заңды. 1974 жылғы сауда туралы заңға сәйкес ДСҰ
талаптарына қарамастан АҚШтың ұлттық экономикалық мүдделерін қорғау
үшін АҚШ шектеулер қабылдауға құқылы (халықаралық құқық жөніндегі
комиссия қандай да бір болмасын өнім импортының артуы АҚШ тың
өнеркәсібіне айрықша залал келтіреді деп белгілегенде). Мұндай норма ДСҰ
рұқсат еткен американдық әдіс болып табылады. Ол ДСҰ мүшесіне бажды
көтермеу және отандық өндірушілердің импортпен бәсекелестікке
бейімделуде қиындықтарды басынан кешкен кезінде өзіне қабылдаған
міндеттемелерден уақытша ауытқуға мүмкіндік береді.
117
Сондықтан ДСҰ енбестен бұрын Қазақстанның азық-түлік, өнеркәсіптік
және экономикалық қауіпсіздігіне залал тигізілген жағдайда экономиканы
қорғауға мүмкіндік беретін арнайы нормативтік акт қабылдау қажет.
Ерте ескертудің үшінші индикаторы Қазақстаннның сауда балансының
сальдосы болып табылады. Қазақстанның оң сальдоны қолдауы ДСҰ ену
үшін оң фактор болып табылады. Сауда балансы сальдосының мағынасы
ағымдағы шот бойынша төлем балансының оң сальдосын қамтамасыз етуде
айрықша үлес қосқаны мақсатқа лайық.
Алайда экспорт құрылымы өзгертуді қажет етеді. Алдағы онжылдықта
экспорт құрылымындағы жоғары қосымша қүнмен тауарлар үлесін ұлғайту
бойынша экономикалық саясатты жүргізу қажет. Ағымдағы шоттың
маңыздылығы тым болмағанда бейтарап болуы тиіс, ал жақсы дегенде оң
болуы тиіс. (ЖІӨ 2-3 пайыз). Бұл жағдайда ДСҰ ену - ұлттық экономиканы
одан әрі дамытуда қауіпсіз жол және еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне
болуы мүмкін қауіптерді оңайлатудың қолайлы факторы.
Басқа елдердің ДСҰ ену тәжірибесі көптеген елдер «нөлдік бастама»
бабы бойынша білікті болды. Бұл ұлттық экономикалардың өмірлік маңызы
бар мүдделерін қорғау бойынша өзге делегациялар ұстанымдарының
әлсіздігін растайды. Істің мәні бойынша бұл ұғыммен ел тауарлардың белгілі
бір түрлеріне импорттық тарифтерді нөлге дейін төмендету бойынша міндет
алады.
Ақпараттық технологиялар бойынша келісім, барлық импорттық баж
алымын және ақпараттық технологиялар саласындағы ескертілген өнімге
қалған тарифтік сауда тосқауылдарын нөлге дейін төмендетуді білдіреді.
«Секторлық бастамаға» келетін болсақ, тауарлардың кейбір топтарына
қатысты орындауы үшін заңды түрде міндетті емес.
Қазақстан үшін маңызды міндет ДСҰ ену кезінде кейіндері еліміздің
экономикасы үшін қауіпсіз орындауға болатын міндеттемелерді анықтап
алуда жатыр. Қандай жағдай болса да күтілетін пайдалар шығындардан
айрықша жоғары болғаны абзал (15-кесте).
ДСҰ мақсаты - әлемді біртұтас рынокқа айналдыру, кеден
тосқауылдарын төмендету және әлемнің түрлі елдеріндегі экономикалық
заңдарды бірегейлендіру болып табылады. Әсіресе өңдеу саласын, ауыл
шаруашылығын көтеру, қаржы, телекоммуникациялық және басқа да
бірқатар өндірісті дамыту бойынша экономикасын әртараптандыру әлі күнге
дейін аяқталмаған, Қазақстан үшін ДСҰ ену жай болмайды.
Қазақстанға ДСҰ мүше-елдерінің негізгі талаптары мыналар:
қолданыстағы тарифтік база деңгейінен импорттық тарифті айрықша
төмендету және «нөлге нөл» тарифтерін ырықтандыру бойынша келісімдерге
қосылу; ауыл шаруашылығына ішкі қолдау шараларын мүлде қолданбау және
айрықша қысқарту; ауыл шаруашылығында экспорттық субсидияларды және
арнайы қорғау шараларын қолданбау туралы міндеттемелер қабылдау;
Қазақстанның іс жүзінде экономиканың барлық салаларын қамтитын көптеген
қызмет көрсету секторларын ырықтандыру бойынша міндеттеме алу.
118
15-кесте. Қазақстанның ДСҰ енуінің басымдықтары мен салдарлары
№
Басымдықтар
Теріс салдарлары
1
2
3
1.
Өндірістің құрылымдық қайта құрылуын
тездету, экономиканың салалары мен
секторларын
оңтайландыру
(қаржы,
телекоммуника-циялык
және
т.б.).
Зияткерлік меншікті қорғау.
Елдің экономикалық және саяси кауіпсіздігін
төмендету. 98 600 тауарлық ұстаным
бойынша тарифтерге келісу. Тарифтерді
белгілеу және ішкі өндірушіні және ішкі
нарықты қорғау үшін оларды арттыру
мүмкінсіздігі.
2.
Қазақстанның сыртқы сауда тәртібін,
экономиканы
әртараптандыру
және
экспортты
дамыту
тәжірибесімен
халықаралық
стандарттарға
сәйкес
келтіру. Экономиканың, тауарлардың
және қызмет көрсетулердің бәсекеге
қабілеттігін
арттыру.
Экспортты-
импортты
мемлекеттік
басқарудың
экімшілік (кедендік-тарифтік) құралда-
рының кушін жою.
Ішкі нарықтағы неғұрлым арзан шетелдік
тауарлар импортының өсуі. Мемлекеттік
колдауға (салык және кеден жеңілдіктері
түріндегі
демеу
қаржы
беруі,
ауыл
шаруашылығына тікелей демеу каржы беру)
тиым
салғаннан
өңдеуші
кәсіпорын
салаларының банкротка ұшырауы. Ауылша-
руашылығына
колдаудың
күшін
жою.
Шетелдік инвестициялар мен шетелдік
компанияларды қадағалаудан айырылу.
3.
Мемлекеттің
қаржылық
жағдайын
нығайту. Ұлттық валютаны нығайту.
Отандық тауар сапасын арттыру.
Қазақстандық
өнімге
бағаның
өсуі,
сұраныстың
төмендеуі,
ұлттық
тауар
өндірушілерінің банкротка ұшырауының
кезекті витогі. 200 астам республика
кәсіпорындары
қатысатын
импортты
алмастырудың күшін жою.
4.
Өткізудің тұрақты нарығы бар шикізат
секторын дамыту. Мұнай өнімдері
өндірісіне демеу қаржы есебінен бағаны
реттеудің күшін жою.
Экспортерлар ДСҰ мүшелерінің бағасымен
салыстырғанда демпингтік бағалары үшін
жоғары
айыппүлдар
қолдану.
Мұнай
өнімдеріне ішкі бағалардың өсуі. Капитал
экспортын күшейту.
5.
Шикізат секторларына әлемдік нарықтың
қол жетімділігі және ашықтығы. Ішкі
нарықтың даму болашағы (өндірісті
көбейтпей ақ, сауда ауқымын кеңейту).
ДСҰ мүшелеріне талаптармен салыстыр-
ғанда ДСҰ еніп жатқанға қатты талаптар
қою. Жинақтардың тиімсіз құрылымы, негізгі
қорлар мен адам капиталына инвестицияның
төмен деңгейі.
6.
ЕураАзЭк шегінде Ресей және Қытаймен
сауда есебінен экспорттық әлеуеттің
артуы,
Өзбекстанның
ДСҰ
ену
болашағы. ДСҰ мүше-көрші болғаны
абзал.
Қатаң квоталар және қазақстандық өнімге
кедендік баж алымдары мөлшерле-мелерінің
ДСҰ мүше-елдерімен салыстыр-ғанда екі есе
асуы тауар рыноктарындағы қалыптасқан
жағдайда тауарлардың өткізілу мәселесін
шиеленістіреді.
7.
ДСҰ ену ұзаққа созылған сайын
соғұрлым ену шарттары қатаң болады.
Қазақстан ДСҰ мүшесі ретінде ДСҰ
шегіндегі жұмыс топтарының жаңа
келісімдерін қалыптастыру бойынша
жұмыс жасап жатқандардың жұмысына
қатысу мүмкіндігін алады.
Өздерінің сауда серіктестерінен бұрын
(әсіресе көрші елдерден) ДСҰ ене отырып
Қазақстан өтпелі кезең құқығын өтпелі
кезеңнің күші аяқталғанға дейін ДСҰ
көптеген келісімдері шегінде барлық шарттар
мен
міндеттемелерді
реттегенге
дейін
қолдана алады.
Автормен жасалды
119
Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісім
(TRIPS) шегінде қорғаныс табатын экспорттың жоғары технологиялы
баптары бойынша дамыған елдердің халықаралық бәсекеге қабілеттілігінің
жоғары деңгейі дамыған елдердің осы өнім және қызмет көрсету түрлерінің
сауда каналдары және тікелей шетелдік инвестициялар арқылы басқа
елдердің нарығына ену негізіне айналды және олар бойынша олардың
бәсекелік басымдықтарын одан әрі нығайтты. Және, керісінше, дамушы
елдердің экспорттық тауарлары үшін дамыған елдердің нарығына ену
шикізат тауарларын алып тастағанда жартылай фабрикаттар мен дайын
өнімдер үшін жоғары сауда тосқауылдарымен жабық.
Мәселен, дамыған елдерде тамақ және жеңіл өнеркәсіп жоғары қорғауға
ие, бұл салалар бойынша дамушы елдерде экспорттың әртараптануына
кедергі келтіреді. ДСҰ ену мерзімінің алдын алатын көптеген факторлар
ішінде екеуін атап өту керек: біріншісі, ұлттық экономиканың жағдайы, оның
бәсекеге қабілеттілік деңгейі. Екіншісі - әлемдік шаруашылықтағы
бәсекелестіктің деңгейі, әлемдік экономикалық кеңістікте тиісті орын алуға
күрес.
Экономикалық қауіпсіздіктің әлеуетті қауіптеріне мыналарды жатқызуға
болады:
-
берік
бірыңғай
экономикалық
кеңістікті
қалыптастыруға
кедергілердің болуы, соның ішінде тауарлардың, капиталдардың және жұмыс
күшінің салааралық және аймақаралық ағылу үшін тосқауылдар;
бюджетаралық қатынастардың реттелмегендігі;
-
менеджменттің төмен сапасы, техникалық және технологиялық артта
қалушылық және көптеген кәсіпорындардың өндірістік жабдықтарының
физикалық тозуының жоғары деңгейі, олардың жаңа экономикалық ортаға
ақырын бейімделуі;
-
ұлттық экономиканың жоғары шығындылығы (қоғамдық еңбектің
өнімділігі,
инвестициялардың
тиімділігі,
ресурс
және
энергия
жұмсағыштығы);
-
экспорт пен импорттың тиімсіз құрылымы, бірқатар тауар
ұстанымдары бойынша әлемдік нарықтың жағдаяттарына айрықша
тәуелділігі, шетелге капиталдың кетуі, әділ бәсекелестік қағидаттарын
бұзатын ішкі нарықтағы шетелдік өндірушілердің монополиялық ұстау
практикасының бар болуы;
-
қазақстандық экспортерлер үшін сыртқы рыноқтағы кемсітушілік
тосқауылдардың сақталуы және арзан тауарлардың бақыланбайтын импорты;
-
табыс деңгейі бойынша халықты жоғары саралау, халықтың
күнкөрістік деңгейден төмен табысты айрықша бөлігінің бар болуы,
тотальдық жұмыссыздықтың жергілікті ошақтарының болуы, әлеуметтік-
саяси тұрақсыздықтың сақталуы.
Бүгінгі күнде Қазақстанның ДСҰ енудің оң салдарларын күшейту аса
маңызды. Қазақстандық жақтар оған экспорттау кезінде неғұрлым қолайлы
жағдай жасау тәртібін беруде дегеніне жетуі тиіс. Демек, Қазақстан бірнеше
120
жылдір бойы сұранысқа ие қара металды жалға беру экспортына квотаны
арттыру бойынша Еуропа одағымен сөйлесулер жүргізіп келеді.
Экспорттық шектеулер қазақстандық тоқыма, ауыл шаруашылығы
өнімдеріне қатысты да қолданылады. АҚШ Қазақстан үшін өте жоғары баж
алымдарын белгілей отырып қатаң кеден саясатын жүргізуде. Сондықтан
ДСҰ енетін басқа елдермен тең түрде негізгі нарықтарға ену құқығын қорғау
қажет. Мұны Қырғызстан мен Монголия алған жоқ.
Біздің пікірімізше Қазақстанның ДСҰ енуі өтпелі кезеңге ие болуы тиіс.
Өтпелі кезеңде Қазақстан ішкі заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес
келтіруі қажет және ашық рынокқа мүмкіндігінше отандық тауарөндірушіні
және болуы мүмкін баға өсіміне қатаң бәсекелестікті дайындап қоюы қажет.
Өз кезегінде Қырғызстанның ТМД елдері ішінде ең бірінші болып ДСҰ
енуі көрші мемлекеттер үшін прецедент жасаған болатын. Бәрімізге белгілі
Қырғызстан Кеден одағының қатысушысы болып табылады. Оның шұғыл
жартыкеш шаралық шешімі Кедендік одаққа мүшеліктің белгіленген
шарттарына кері келді.
Бүгінгі күні Қырғызстан Кедендік одақтың көптеген шешімдерінен
қашықта қалды және оның жұмысына номиналды түрде қатысады.
Қырғызстан ДСҰ-на «дамыған» ел мәртебесі ретінде ене отырып, шетелдік
импорт үшін өз экономикасының барлық секторларын ашып берді деуге
болады. Яғни бейрезиденттерге саудада қолайлы жағдай жасаудың ұлттық
тәртібі берілді.
Бұған қоса, Қырғызстанның территориясында пайдалы қазбалардың
жоқтығы және Қырғызстанның жалпы экономикалық әлеуеті жоғары
еместігі. Қырғызстанның ДСҰ енуіне себеп болған. ДСҰ мүшелікті ала
отырып көрші республика ел экономикасына шетелдік инвестиция үлесін
арттыруды болжады.
Іс жүзінде бұл шешімдердің іске асырылуы Қазақстан нарығына
Қырғызстаннан арзан импорттық тауарлардың ағымының енуіне алып келді.
Бұл отандық тауар өндірушілердің жұмыстарында теріс көрініс тапты.
Сонымен, Кеден Одағына қатысушы-елдердің, жеке алғанда Қазақстан
Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне қауіп туды. Бұл жағдайларда
Кедендік Одақ шегінде ішкі рыноктық бұзылу қаупі кезінде Кедендік Одақ
елдерінің импортқа қорғау шараларын енгізу мүмкіндіктері туралы
келісімнің тиісті жобасына қол қою туралы шешім қабылданды.
Мұнымен қоса, әлемдік экономиканың дамуы кез келген дамушы ел ұзақ
мерзім бойы жаһандық процестерден қалтарыста қала бере алмайтындығын
растап отыр. Сондықтан Қазақстанға ДСҰ енуге байланысты саясатын
ұстануға тікелей келеді. ДСҰ ену кезінде ТМД елдерінің әр қайсысында
экономикалық жағдайлары күрт өзгеретіндігі сөзсіз. Демек, ДСҰ енген
Қырғызстанның жағдайы мен ДСҰ мүшелік туралы сөйлесулер ғана жүргізіп
жатқан Қазақстан жағдайын салыстыруға болмайды.
Қазақстан Республикасы ДСҰ аралас мәртебеге ие ел ретінде енуді
болжайды. Демек, жеке алғанда, экономиканың ауыл шаруашылығы, қара
металлургия, энергетика, мұнай-химия сияқты мұндай секторлары және
121
басқалар қатары ДСҰ мүше-елдері үшін жабық қала береді. Мұндай
мәртебені алу республикаға экономиканың өз секторларын бақыланбайтын
арзан импорттық өнімнің ағымынан қорғауға және елдің тұтас алғандағы
экономикалық қауіпсіздігіне ықпал етуге мүмкіндік береді. Көріп
отырғанымыздай экономикалық қауіпсіздік мәселелері мемлекеттің сыртқы
және ішкі саясатындағы көптеген процестермен шиеленіседі. Қазіргі кезде
экономикалық қауіпсіздік аймақтық және әлемдік экономиканың дамуын
анықтайтын маңызды критерийге айналуда. Бүгінгі жагдайда экономикалық
қауіпсіздік мәселелерін игеру алдыңғы жоспарға қойылады және мемлекеттік
органдар тарапынан тиісті назарды талап етеді.
Көбі кеден тосқауылдарын төмендету мен нарықты ашу біздің бәсекеге
қабілетсіз индустриямыз жойылып, арзан импорт ағымдарымен күрескен
миллиондаған адамдар жұмыссыз қалатындығына, елімізден ондаған
миллиард доллар әкетілетіндігіне алып келетіндігіне сенімді. Бұл орайда,
бізге қазіргі заманға сай индустриалдық-инновациялық өндірістер салуға
болатын күрделі инвестициялар келмейді дейді.
ДСҰ қосылу аз мөлшерде анық, бірақ оған тікелей қатысты
проблемаларды шешу керек.
Біріншісі - өндіруші мен сатып алушы мүдделерінің қақтығысуы. ЕО
елдерінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің шетелдік өндірушілері үшін
шектеулер әрекет етеді. Мұндай саясат орташа статистикалық отбасына
жылына бір жарым мың долларға келеді. Ал Қазақстан үшін бұл
ауылшаруашылық өніміне бағаның орташа алғанда екі жарым есе артуын
білдіреді.
Көбіне
отандық
өндірушілердің
мүдделері
отандық
тұтынушылардың мүдделеріне қайшы келеді және өз кәсіпкерімізді өлтіріп
алмас үшін және азаматтардың онсыз да мәз емес өмір сұру деңгейін
төмендетіп алмас үшін бәсекеге рыноктың қай секторын ашу керек,
қайсысын ашып керек еместігін дәлме дәл есептеп алғанымыз жөн.
Екіншісі - салалар арасындағы мүдделердің қақтығысуы. Мәселен,
синтетикалық маталарды өндірушілер импорттық синтетикалық маталарға
кедендік баж алымдарының артуын талап етуде.
ДСҰ қазақстандық болатқа бағаның артуын талап етуде. ДСҰ енумен
байланысты нақты мәселелер аз емес. Латвияда, мысалы, жеңіл өнеркәсіп
импорттық тауарлармен бәсекелестікті көтере алмағандықтан іс жүзінде
әрекет етуін тоқтатқан.
Қазақстанның негізгі экспорттық тауарлары - мұнай, газ. Ол оны ДСҰ-
сыз және МӘЕҰ-сыз да сатады. ДСҰ ену қазақстандық рынокты тарифтік
қорғау деңгейінің төмендеуіне алып келеді, бірақ бұл орайда металлургияны
демпингке қарсы шараларға душар етеді. Әсіресе ДСҰ енуге ауыл
шаруашылығы дайын емес: климаттық жағдайлар ондай емес, технологиялар
ол емес, мемлекеттік қолдаудың ол деңгейі емес.
ДСҰ енуге шағын бизнес те дайын емес. Қазақстан өнімінің шамамен
30% шағын және орта кәсіпорындарда өндіріледі; бірақ тауарлар әлемдік
стандарттарға жауап бермейді, олар бәсекеге қабілетсіз. Тоқыма
индустриясы, фармакология, тамақ өнеркәсібі, машина жасаудың көпшілік
122
салалары, авиация, сақтандыру қызмет көрсетулері осыған ұқсас жағдайда.
ДСҰ енбеген елдер үшін SO астам шектеу шаралары, тиым салу тарифтері,
өнім экспорты бойынша экспорттық квоталар әрекет етеді. Олардың
бастаушылары неғұрлым дамыған елдер болып табылады: АҚШ, Еуроодаққа
кіретін елдер, Жапония. Қазақстан үшін, жеке алғанда уран рудасы және
уран, металлургия өнімдері, химиялық өнімдер және т.б. бойынша кейбір
есептеулер бойынша жылына 400 млн. доллар шығыс әкелуде.
ДСҰ мүшесі болып импорттық тарифтерді дербес көтеруге, максималды
немесе минималды міндетті бағаларды белгілеуге, транзитті және транзит
желілерін шектеуге, импортты экспорт міндеттемелерімен байланыстыруға
болмайды. Ешкім шетелдік инвесторды бұрындары мұнай өндіруші шетелдік
компаниялармен импортты алмастыру практикасында болған ішкі рыноктан
тауарларды сатып алуға мәжбүрлей алмайтын болады. Бүгінде өнімді бөліп
алу жағдайында қазақстандық мұнай-газ кен орындарын әзірлеуге
шетелдіктерді кіргізіп үкімет олардан отандық зауыттарда жабдықтардың 70
пайызын тапсырыс беруді талап етіп отыр.
Мәселелерге қарамастан Қазақстан 1996 жылы енуге өтініш білдірген
болатын.
Әлемдік экспорттың 0,3% және әлемдік импорттың 0,1% келетін
қазақстандық
экономиканың
аз
мөлшерлері
шикізат
экспорты
құрылымындағы басымдық республика шикізат экспортерлерінің жағдайын
нашарлата алмайды. Өйткені шикізат секторы өткізудің тұрақты нарығына
ие, бұл өңдеуші салаларда жоқ. Қосымша ынталандырулар жоғары
технологиялар үшін қалыптасуы тиіс, бұған қоса жеңіл және тамақ
өнеркәсібі, ауыл шаруашылық қайта өңдеу кәсіпорындары өз нарығын
қорғауды қажет етеді. Әсіресе қолдаушылық ауылшаруашылығына қажет.
Демеуқаржы деңгейі Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімі құнында 5%
ғана құрайды, ал басқа елдерде ол 40% дейіне жетеді.
ДСҰ одақтасуға қарсылар Қазақстан әлемдік нарықтағы бәсекелестікті
көтере алмайтындығын айтады. Республика шекарасын ашу бұл істің
мәнісінде жергілікті тауар өндірушілерді тұғырыққа тіреу болып табылады.
Импорттық тауарлар елді басып алады. Қазақстан тәуелсіз өнім экспортері
ретінде өзінің өмір сұруін тоқтатуы мүмкін.
Дүниежүзілік сауда айрықша ырықтандырылды, тарифтер шамалы
төмендеді, олардың орнына бәсекелерге аса тиімді әсер етуге қабілеті бар
неғұрлым тарифтік емес әдістер келді. Ал экономика құрамындағы өзгерістер
шикізат экспортынан технологиялыққа қайта бағдарлау көп уақытты алады.
Мұнан мынадай қорытынды шығаруға болады: қажетті уағдаластыққа қол
жеткізілмейінше ену процесін араластырып отыру, бірақ ДСҰ мүмкіндігінше
тездетіп ену керек. Себебі ұзаққа созған жағдайда ол сол ДСҰ болмайды, ол
қабылдаудың неғұрлым қатал шарттарына ие ДСҰ болады.
ДСҰ енуден қысқа мерзімді әсері Қазақстан үшін сонша жақсы болмауы
мүмкін, бірақ ұзақ мерзімді жоспарда басымдықтар кемшіліктерді басып
озады. Барлық жағдайларда ұйымға ену ішкі құрылымдық реформалар үшін
ынталандыру болып табылатындығы анық.
123
ДСҰ өкілдері Қазақстанның ДСҰ ену туралы сөйлесу процессі аса
жемісті деп санайды. Қазақстанға енді зияткерлік меншік, санитарлық
ережейер және саудадағы техникалық тосқауылдарды жою сияқты
салалардағы нормативтік-құқықтық ережелерді әзірлеуге кірісуі керек.
ДСҰ ену республиканың дүниежүзілік нарықтағы ұстанымын нығайта
түседі және Қазақстан толығымен дүниежүзілік сауда жүйесіне
шоғырланғандығының белгісі болып табылады.
Қазақстан мұнымен әлемдік экономикаға мүше ретінде кіреді, ол үшін
осы күнге дейін жабық болған жаңа технологияларға қол жетімді болады.
Республикамызға шетелдік инвесторлар мен аз емес қаржы қаражаттары
келеді. Бұл қазақстандық экономиканың дамуын және өндірісті үлгілеуді
ынталандырады. Бетінде тек сапалы, сұранысқа ие өнімдерді шығаратын
бәсекеге қабілетті кәсіпорындар ғана қалады.
Мұнайды экспорттау бойынша республикада жақсы ұстанымдар бар,
ДСҰ оларды өзгерте алмайды. Бұдан басқа мұнаймен МӘЕҰ айналысады,
болатлитейщиктерінің өз ұйымы бар. Ұсақ және орта бизнесті дамытуға
қатысты айтатын болсақ, ол Қазақстан экономикасында аса берік негізделген.
Оның мүмкіндіктерін тек қана шетел тауарлары ғана ұстамайды, халықтың
табысының өсімі мен олардың төлеу қабілеттілігінің болуы. Республиканың
ауылшаруашылығы ДСҰ-сыз-ақ бүгінгі күнде іс жүзінде қорғаусыз.
Мемлекет оған айрықша қолдау көрсетеді деп айта алмаймыз, ал ДСҰ
демеуқаржыларды жоймайды, олардың тек мөлшерін ғана белгілейді.
Қазақстандық кәсіпкерлер батыс компанияларымен экспорттық қана
емес, жоғары емес тұтынушылар сұранысына және инфрақұрылымның
дамымағанына және өндірістің жалпы технологиялық артта қалушылығына
қарамастан ішкі нарықта да тең өткір бәсекелестік күреске қатысуға дайын
болулары тиіс.
Бірақ
болашағы
бір:
сервистік-технологиялық
экономикаға
қозғалыстардың
синхронизациялануы.
Жұмыс
тобы
11000
тауар
ұстанымдары бойынша 40 елмен сөйлесу жүргізіп жатқанда кеден тәртібін
одан әрі ырықтандыру, экспортты жылжыту бойынша инфрақұрылымды
қалыптастыру және ТМД елдерінің және жақын жатқан дамушы елдердің
нарықтарына отандық тауарлардың өктемдік жүргізуі, сондай-ақ 2015 жылға
дейін индустриалды - инновациялық дамытудың үш кезеңдік стратегиясы,
жағдайды түбірлі өзгертуге шақырады.
Жаһандану - бұл нақты дерек. Ол экономикалық қатынастардың мәнін
құрайтын тауар алмасудан, саудадан, экспорттық-импорттық операциялардан
ажырамас жағдайда. Қазақстан 50 дамыған бәсекеге қабілетті елдер санына
ене алады деген барлық алғы шарттар бар.
Достарыңызбен бөлісу: |