Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы



Pdf көрінісі
бет25/36
Дата21.05.2022
өлшемі1,96 Mb.
#144391
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36
Байланысты:
treatise25475

Қорытынды 
1. Қазақстанның сауда теңгерімінің оң сальдосын ұстап тұруы өте 
позитивті фактор болып табылады. Сауда теңгерімінің мәні ағымдағы шот 
бойынша төлем теңгерімінің оң сальдосын қамтамасыз етуге маңызды үлес 
салуы қажет. Бұл үшін алдағы онжылдықта экспорт құрылымында жоғары 
қосымша құнды тауарлар үлесінің өсуі жөніндегі экономикалық саясат 
жүргізу қажет. 
2. Қазақстан экспортының салалық құрылымының бірнеше жылдар 
бойы іс жүзінде өзгеріссіз қалды. Мұның себебі неғұрлым мол валюталық 
түсімді қамтамасыз етіп тұрған тауарлар тізімінің өзгермеуінде. Оларға ең 
алдымен отын-энергетикалық және металлургиялық кешендер өнімдері 
жатады. Бұл қазақстандық экспортта шикізат пен жартылай фабрикаттардың 
ілгері позицияда екендігінің куәсі болып тұр. Табиғи әлеуетті белсенді 
пайдалануды сақтай отыра, Қазақстан дайын бұйымдар, мол ғылым 
жұмсауды қажет ететін өнімдер үлесін сыртқа шығаруды өсіруі керек. Бұл ең 
алдымен мұнай экспортын - мұнай өнімдерімен, түсті және қорытпа 
металдардан - жоғары сапалы конструкциялар, материалдармен және т. б.-
мен ығыстырып шығару жөнінде болуы керек. Аталмыш жоғары 
стратегиялық 
бағыт 
республика 
экономикасының 
бәсекелестікке 
қабілеттілігінің өсуіне алып келеді. 
3. Сауда теңгерімінің импорттық құрамдасы импорт құрылымында 
инвестициялық тауарлардың басым екендігін көрсетеді, бұл шынайы 
сектордың машиналар, жабдықтар және басқа материалдық-техникалық 
құралдарға деген жоғары қажеттілігімен байланысты. Бұл Қазақстанның 
сервистік-технологиялық құрылымдарының салаларын дамыту, жоғары 
технологиялық өңдеу өндірістері үлесін өсіру, ұлттық экономиканы 
диверсификациялау есебінен тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге 
ұмтылысын куәлендіреді. 
4. Қазақстанда ағымдағы шоттың негізгі бөлігін (45-50%-ға дейін) сауда 
теңгерімі құрайды, ал сауда теңгерімі тұрақты түрде оң көрсеткішке 
айналуда, және де шикізат бағасының толқуына үлкен тәуелділікте болады. 
Республиканың төлем теңгерімі жайының талдауы мұнай бағасының 
динамикалық өсуі Қазақстанның төлем теңгерімінің ағымдағы операциялары 
шоты профицитінің негізін құрайды. Төлем теңгерімінің жайын жетілдіру 
Қазақстанның алдағы Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) енуі 
қарсаңындағы позициясынан қарастырылған, мұның, сараптамашылардың 
берген бағасы бойынша - позитивті де, сонымен бірге негативті де салдары 
болуы мүмкін. Бәсекелестікке төзімді шетелдік компаниялар үшін кедендік 
кедергілердің төмендеуі жағдайында экспорттық әлеуеттің өсу мүмкіндігі 
артады. Бұл жағдайда кім капитал, тауар, технологияларды көбірек 
экспорттауды жүргізсе, сол ұтады. Яғни, тиімді өнеркәсіптік саясат болмай, 
экспортты мемлекеттік-құқықтық демеусіз ДСҰ-ға кіру - тәуекелдің жоғары 
болуы. Бұл жағдайда қолда бар жоғары қосымша құнды бәсекелестікке ие 
салаларды жоғалтып алуға және біржола жоғары экономикалық дамыған 


85 
державалардың шикізат жеткізушісіне ғана айналып қалуға болады. Өңдеуші 
салаларды басымдылықты дамыту үшін технология модернизациялаудың 
мол капитал салумен қажет етілумен, өндірісті техникалық қайта 
жабдықтаумен байланысты инвестициялық тасқын қажет етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет