А
күктесінен бұрын қол жетпеген
Е
нүктесіне жылжиды, бұл нүктеде ел мұнайды бұрынғысынша өндіре отыра
мұнай өнімдерінің екі есе үлкен санына қол жеткізеді.
Алайда түрлі елдерде ресурстардың бағасы әр түрлі болады, сондықтан
да арзан жұмыс күші бар ел көп еңбек салуды қажет ететін тауарлар өндіруде
салыстырмалы түрде басымдылыққа ие болады, ал капиталдың төмен құны
75
бар елдер көп капитал салуды қажет ететін тауарлар өндіру жағынан
басымдылыққа ие болады.
Сонымен қатар елдердің ресурстармен қамтамасыз етілуі жағынан да
айырмасы болатындықтан, және де түрлі өнім ресурстардың түрлі
арақатынасын талап ететін болғандықтан, өзара тиімді айырбас жасаудың
алғы шарттары пайда болады.
Мысалға екі елді алайық: бірі дамыған, екіншісі дамушы. Дамушыға
шикізат өндіруге көбірек мамандануы тән сипат болып келеді және оның
көмірсутек экспорттауда салыстырмалы түрдегі артықшылығы бар, дамыған
елдің артықшылығы – мұнай өнімдерін өндіру және мұнай химиясын өндіру
саласында. Екі елде де салыстырмалы түрде артықшылыққа ие
болғандықтан, халықаралық баға ара қатынасы оларыдң ішкі бағаларымен
сәйкес келмейді.
Қазақстанда
минералды-шикізаттық
кешен
әлемдік
рыноктың
сұранысына неғұрлым тез бейімделді.
Қазақстан экспортының салалық құрылымы көптеген жылдар бойы
өзгеріссіз қалуының себебі, көп валюталық түсімді қамтамасыз етіп тұрған
тауарлар тізімінің өзгермеуіне байланысты болып тұр. Бұл тауарлар тізіміне,
ең алдымен отын-энергетикалық және металлургиялық кешендер өнімі
жатады.
Жалпы алғанда экспорт құрылымы мазмұны бойынша біртектес болып
табылады және оған экспорттың жалпы көлемінің неғұрлым үлкен үлестік
салмағы қол жеткізілетін тауарлық позициялар енеді. Мұны қазақстандық
экспорттағы шикізат пен жартылай фабрикаттар позициясының алды болуы
куәлендіреді.
Қазақстан экспортының құндық көлемінің өсуі ең алдымен әлемдік
шикізат рыногындағы конъюнктураның жақсаруына байланысты, сонымен
қатар шикізат өндіру көлемінің өсуінің арқасында жүріп жатыр.
Қазақстанның халықаралық еңбек бөлісі жүйесіне қатысуын көрсететін
сыртқа сауда мәліметтері елдің бұл көрсеткіш бойынша оның экономикалық
мүмкіндіктеріне сай келетін жайға ие емес екендігін көрсетеді.
Қазақстан біртіндеп бірізді түрде өзінің әлемдік саудаға қатысуын
тереңдетіп келеді. Сыртқы сауда тауар айналымының, экспорт пен
импорттың жыл сайынғы көрсеткіштері 1999 жылдан кейін келесі деңгейде
толқып тұрды: сыртқы сауда айналымы - 2000 жылы 16,4 млрд. доллардан
2003 жылы 22,8 млрд. долларға; 2004 жылы 34,4 млрд. доллардан 2007 жылы
76,8 млрд. долларға дейін жетті. Ал 2008 жылы сауда айналымы 82,5 млрд.
долларға өсіп, 2009 жылы дүниежүзілік дағдарысқа байланысты 66,5 млрд.
долларға дейін төмендеді.
Экспорт бойынша бұл көрсеткіш тұрақты түрде өсті - 2000 жылы 9,3
млрд. доллардан 2008 жылы 53,8 млрд. долларға дейін жетті, 2009 жылы 40,1
млрд. долларға дейін азайды. Импорт көрсеткіштері де 2000 жылы 7,1 млрд.
доллардан 2008 жылы 28,7 млрд. долларға дейін өсіп, ал 2009 жылы сәл
төмендеп 26,4 млрд. долларды құрды.
76
Сыртқы сауда қызметінің айырмалық ерекшеліктеріне 2000 жылдан
басталған сыртқы сауданың оң сальдосын жатқызуымыз керек.
Қарастырылған кезең ішінде бұл көрсеткіш 2,2 млрд.- тан 15,2 млрд. АҚШ
долларына дейін, яғни есеге 7 дерлік өсті (6-кесте).
6-кесте. Сыртқы сауданың өсуі және жалпы ішкі өнімнің көбеюі.
млрд. АҚШ долл.
Жыл
Сыртқы сауда
сальдосы
Экспорт
Импорт
Жалпы ішкі
өнім
2000
2,2
9,3
7,1
18,3
2001
1,0
8,9
7,9
22,1
2002
2,0
10,0
8,0
24,6
2003
3,7
13,2
9,6
30,8
2004
6,8
20,6
13,8
43,2
2005
10,3
28,3
18,0
57,1
2006
14,6
38,8
24,1
81,0
2007
15,1
48,3
33,2
104,9
2008
33,5
53,8
28,7
133,4
2009
15,2
40,1
26,4
107,4
Дерек көзі: Қазақстан Ұлттық банкі мәліметтері
Абсолютті көрсеткіштер бойынша Қазақстанның сыртқы сауда
сальдосының оң сальдосы бірқатар жылдар бойы ішке енгізуден гөрі сыртқа
шығару басымдылығы байқалып тұрған Швейцария. Малайзия, Швеция
сияқты елдердің қатарына сенімді түрде ене алады.
Бұл сыртқы экономикалық байланыстарды либерализациялаудың,
сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесін жетілдірудің, дәстүрлі
қазақстандық тауарлардың сыртқы рынокқа қол жетімділігін жақсартудың
нәтижесі болып табылады.
Қазақстан әлемдік аренада тәуелсіз мемлекет статусына ие бола отыра
халықаралық экономикалық қатынастардың толық құқылы субектісі ретінде
көрінді. Мұның салдары: елдің сыртқы экономикалық секторының сандық
және сапалық көрсеткіштерінің өсуі болып табылды, бұл елдің әлем
шаруашыдығы байланысындағы рөлі мен орнын біршама жоғарылатты. 2009
жылға дейінгі жылдар қорытындылары бойынша республика өндірілген ЖІӨ
көлемі бойынша 60-шы орынды және тұрғындар санына сәйкес келетін ЖІӨ
ауқымы бойынша 121 орынға ие болды.
Қазақстан әлемдік шаруашылықта болып жатқан сыртқы экономикалық
байланыстардағы
ілгерілеушіліктерді
сезінуде,
бұл
негізінен
сол
байланыстарға қатысу сипатынан көрінуде. Қазақстандық экономиканың
ашылуының қарқыны былай болды, сыртқы сауда айналымының өсім
қарқыны ЖІӨ өсімі қарқынынынан қалысқан жоқ. Егер де 2000 жылы
сыртқы сауда айналымы 16,4 млрд. долларды, ал ЖІӨ 18,3 млрд. долларды
құраса, 2007 жылы бұлар 76,8 млрд. және 104,9 млрд. долларды құрады.
Сыртқы сауда айналымы 2008 жылы 82,5 млрд. доллардан 2009 жылы
66,5 млрд. дейін төмендесе, ЖІӨ - 133,4 млрд. доллардан 107,4 млрд.
долларға дейін азайды.
77
Бұл кезең аралығында сыртқы сауда айналымы 4,1 есе, ал ЖІӨ 5,9 есеге
өсті.
Жалпы экспорт өсу қарқынының ЖІӨ өсімі қарқынымен сәйкестігі елдің
халықаралық
еңбек
бөлісіне
(ХЕБ)
қатысу
дәрежесінің
өзгеру
тенденциясының көрінісін береді, бұл келесі кестеде көрсетілген (7-кесте).
7-кесте. Сыртқы сауда айналымы (ССА), экспорт, импорт және ЖІӨ
өсімінің қарқыны, %*
Жыл
ССА өсу қарқыны
Соның ішінде
ЖІӨ өсу қарқыны
экспорттың
импорттың
2001
102,4
95,7
111,3
120,8
2002
107,1
112,4
101,3
111,3
2003
126,7
132,0
120,0
125,2
2004
150,9
156,1
143,8
140,3
2005
134,6
137,4
130,4
132,2
2006
135,9
137,1
133,9
141,9
2007
129,6
124,5
137,8
128,1
2008
221,9
149,1
115,7
126,9
2009
45,4
61,1
75,0
80,5
*Қазақстан ҰБ мәліметтері бойынша автордың есептеуі
7-кестеден көретініміздей, жалпы алғанда барлық экспорттың өсу
қарқыны тауарлар мен қызметтің барлық жиынтығының өндірісіне
жуықтайды, бұл отандық өндіріс факторларының әлемдік экономикаға әрі
қарай тартылуын куәлендіреді. Соған қарамастан, бұл көрсеткіштерді
жылдар динамикасында қарастырсақ, өсу қарқынының жеткіліксіз жүйелі
болғандығы анықталады, ал бұл елдің экспорттық мүмкіндіктерін жеткіліксіз
пайдаланғандығын көрсетеді.
Алайда бұл көрсеткіш тек қана экспорт динамикасын көрсетіп қана
қоймай, сонымен бірге аталмыш елдегі ЖІӨ өндірісі даму тенденциясының
көрінісін береді. Осы арқылы ХЕБ-нің екі құрамдасы да бір мезгілде
көрсетіледі. ЖІӨ-ге қатысты импорт өсуі қарқынының көрінісін беретін
көрсеткіш сонымен бірге ел экономикасының ХЕБ-не тартылуының жоғары
деңгейінің де сипатын көрсетеді.
Сонымен қатар әлемдік экономикадағы өзгерістер Қазақстан
экономикасына тікелей әсерін тигізетінін көруге болады. Дүниежүзілік
қаржы-экономикалық дағдарыс 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда
сыртқы сауда айналымын 45,4%, экспортты – 61,1%, импортты – 75%, ЖІӨ -
80,5% дейін төмендетті.
Әдетте, елдің экономикалық дамуына сыртқы экономикалық
байланыстар экспортқа шығару ЖІӨ-нің төрттен біріне жеткен кезде
ынталандырушы әсер ете бастайды. Қазақстанда бұл көрсеткіштер жоғары
болып келеді, бұл жөнінде 6-ші және 7 ші кесте мәліметтері бойынша көз
78
жеткізуге болады. 2008 жылы ЖІӨ көлемі бойынша экспорт үлесі 54%-ды,
2009 жылы 41% құрды.
Алайда бұл өсім республикада басымдылыққа ие мұнай секторына ғана
инвестициялар құю себебінен пайда болған.
Жүргізілген есептеулер ССА өсімі неғұрлым жоғары болған сайын, ЖІӨ
мен тұрғындардың жан басына тұтынуы да тезірек өсетінін көрсетеді. Бұл
көрсеткіштер жеткілікті мөлшерде корреляцияланып отырады, және де
зерттеу барысында жүргізілген есептер басқа да тең шарттардың болуы
жағдайында ССА-ның 1%-ға өзгеруі кезінде Қазахстандағы ЖІӨ 1,1%-ға
өсетінін көрсетті. Сонымен бірге зерттеу кезеңінде экспорт 1%-ға өсуі
жағдайында ЖІӨ өсуі 1,18%-ды, ал импорт өсуі жағдайында 1,22%-ды
құрады.
Республикадағы өндіріс көлемі индексінің динамикасы отандық өнімді
экспорттық жеткізу көлемі индексінің динамикасынан біршама ауытқығанын
атап өту керек. Республикадағы экспорттық өндіріс экономиканы басқа
секторларымен мүлдем байланыспаған дерлік белгілі бір анклавтарды
құрайды. Бұдан елдің экспортық-импорттық саясатындағы ішкі және сыртқы
рыногындағы өзара шарттастық пен өзара толықтырушылықтарды есепке
толық алмаудың салдарын дәлелдейтін қорытынды шығаруға болады.
Көп жағдайда экономика ашықтығы дәрежесі мен сыртқы экономикалық
байланыстың (СЭБ) өзара шарттастығы біртектес белгіленеді. Шынында да,
бір жағынан бірқатар елдердің ашықтығы дәрежесінің салыстырмалы
сараптамасы және көрсеткіштері; елдің сыртқы экономикалық байланысы
ашық саясатты жүргізіп отырған елдерде ЖІӨ-нің өсу қарқыны жоғары деп
пайымдауға мүмкіндік береді. Әлемдік банкі деректері бойынша елдердің
экономикасы ашықтығы жоғарырақ болғандықтан, ЖІӨ-нің өсу қарқыны
орта есеппен 5,2% болса, экономика ашықтығы төмендеу елдердікі 0,2% ғана
болды.
Қазақстан экономикасының ашықтығының ЖІӨ-ге деген тауар
айналымы ретіндегі көрсеткіші 8-кестеде ұсынылған.
8-кесте. Қазақстан экономикасы ашықтығының көрсеткіштері*
ЖІӨ-ге қатысты %-бен
Жыл
Тауар айналымы
Экспорт
Импорт
2001
74,7
40,3
34,4
2002
73,4
40,8
32,4
2003
73,9
42,9
31,0
2004
79,8
47,7
32,0
2005
81,0
49,5
31,5
2006
77,6
47,9
29,8
2007
78,5
46,5
31,9
2008
82,5
53,8
28,7
2009
66,5
40,1
26,4
Дерек көзі: Қазақстан ҰБ мәліметтер
79
8-кестеден көріп тұрғанымыздай, қарастырылған кезеңдегі экономика
ашықтығы 2001 жылғы 74,7%-дан 2008 жылғы 82,5%-ға дейін өсті. 7,8%-дық
өсім ЖІӨ-дегі экспорт үлесінің 6,2% өсуіне және импорт үлесінің 5,7%-ға
қысқаруы есебінен жүрді.
Қазақстанның сыртқы саудасының тауарлық құрылымы көптеген
жылдар бойы іс жүзінде мүлде өзгерген жоқ десе де болады. Сонымен қатар
негұрлым көп валюталық түсімді қамтамасыз етіп тұрған тауарлар тізімі де
мүлде өзгерген жоқ деп айтуға да болады. Валютаның негізгі түсімін
қамтамасыз етіп тұрған тауарлар тізімі он позициядан артық емес; бұларға ең
алдымен мұнай, газ, түсті металдар, қара металдар, бидай дақылдары және т.
б. кіреді. Ең ірі валюталық түсім - экспорттық отын-шикізат тауарларынан
түседі. Мұнай мен газ конденсаты экспорты 2000 жылы 27,7 млн. тоннадан
2009 жылы 67,3 млн. тоннаға дейін өсті. Минералдық өнімдердің жиынтық
экспортында мұнай мен газ конденсатының үлес салмағы баға
коньюктурасына байланысты 84%-дан 90%-ға дейін құбылып тұрады. Басқа
аса ірі тауарлық позиция, бұл - қара металдар (рудалар, прокат,
ферроқорытпалар), келесісі - түсті металдар (мыс, алюминий, мырыш,
қорғасын, алтын) және соңғысы - бидай дақылдары болып табылады.
Экспорт өсуінің қуатты импульсы 1995 жылы жасалынды, сол кезде
жекелеген экспорттық позицияларға жайлы баға конъюктурасына қоса
барлық экспорттық квоталар жойылды, стратегиялық тауарларға сыртқы
сауда жасау монополиясының күші жойылды, экспорттаушылардың
валюталық түсімін міндетті түрде сатуы жойылды, өндірістік және
ауылшаруашылық өнімдерімен биржалық сауда жасауды кеңейту бойынша
шаралар қолданылды. Жүргізілген шаралар арқасында экспорттық
операцияларды есепке алудың жақсаруы байқалды.
Экспорттық тауарлық баж салығын алып тастау арқылы сыртқы
сауданың әрі қарайғы либеризациялауы бойынша шаралардың қабылдануы,
жеке жобалар мен сыртқы басқаруға берудің арқасында мұнайгаз және
металлургиялық экспорттық бағдарлы кәсіпорындардағы өндірістің өсуі,
сонымен қатар ТМД елдерімен сауда шартының басқа да елдермен сауда
шартының жуықтауы және ең алдымен мұнай, дәнді дақылдарға, қорғасынға
деген жайлы баға конъюктурасының болуы экспорттың маңызды өсуінің
стимулы болды.
Мұнай жеткізу басым жағдайда Еуропа елдеріне тасымалданды.
Мұнайдың физикалық көлемінің 26,3%-ы Швейцарияға тасымалданды, онан
кейін Италияға (19,9%), әрі қарай Францияға (12,1%), Қытай (9,4%) және
Иран (5,2%) елдеріне жіберілді.
Табиғи газ өндіру көлемінің өсуі базалық кезеңге қатысты аталмыш
шикізатты жеткізудің физикалық көлемінің 1,6 есе өсуінің алғы шарты болып
табылды. Табиғи газ экспортын өсіру Әзірбайжанға (5 есе), Грузияға (4 есе)
және Арменияға (2,5 есе) жеткізудің өсімі есебінде жүрді. Ресейге газ
экспортаудың (оның үлесіне бұл өнімді экспорттаудың 40%-ы тиеді) сандық
көлемі өткен жылдар деңгейінде сақталды.
80
Негізгі экспорттық номенклатура тікелей құрылымында дәнді дақылдар
өнімдері бойынша натуралдық да, сонымен бірге құндық та өсім байқалды.
2009 жылы дәнді дақылдардың өнімінің кезекті рекордты көрсеткішіне қол
жеткізіліп, 23,1 млн. тонна дән жиналды.
Қазақстан бидайының негізгі тұтынушысы Әзірбайжан болып табылады,
оның үлесіне дәнді дақылдар экспорты көлемінің 13,1%-ы тиеді, сонан соң
Ресей Федерациясы - 7,5%, Египет пен Қырғызстан - 5,2%-дан және
Тәжікстан (4,8%) болып табылады.
Қазақстанға жайлы әлемдік рыноктағы баға коньюктурасы экспорттан
түсетін түсімдерді өсірудің анықтаушы факторы болып табылды.
Қазақстандық экспорт құрылымындағы шикізаттық тауарларға деген әлемдік
бағалардың үздіксіз өсуі тауардың таза экспортының тұрақты өсуін
қамтамасыз етіп отырды. Экспорт құнының өсуіне баға өсуі ғана емес,
сонымен бірге баға факторының бірқатар басымдылығы жағдайында
экспортталатын тауарлардың жеткізудің көлемінің де өсуі әсер етті.
Шикізаттық өнімдер экспортында мұнай мен газ конденсатының үлесіне
86% тиеді. Шикі мұнайга деген әлемдік бағаның өсуі негізінен экспорттан
түсетін түсімдердің маңызды өсуіне әсер етті (9-кесте).
9-кестеден көріп тұрғанымыздай, 2000 жылмен салыстырғанда 2008
жылы экспорттан түсетін түсім 6,9 есеге дерлік өсті. Осы кезеңде мұнайға
деген әлемдік баға өткен жылдармен салыстырғандағы 1999 ж. - 38,2%-ға,
2000 ж. - 56,2%-ға, 2004 ж. - 30,5%-ға, 2005 ж. - 41,6%-ға, 2006 ж. - 20,6%-ға
және 2007 ж. – 10,4%-ға, 2008 ж. - 34% жоғарлады. 2009 жылы мұнай
бағасының 2008 жылмен салыстырғанда 37% төмендеуі экспорттан тусетін
тусім де 29%-ға кеміді.
9-кесте. Экспорттан түсетін ағымдағы түсімдер*
Жыл
Тауарлар экспорты,
млн. АҚШ долларымен
Өткен жылдармен
салыстырғандағы өсу
қарқыны, %
2000
10 341
-
2001
10 188
98,5
2002
11 567
113,5
2003
14 945
129,2
2004
20 603,1
137,9
2005
28 300,6
137,4
2006
38 762,1
137,0
2007
48 349,1
124,7
2008
71 970,8
148,9
2009
43 961,1
61,1
* Дерек көзі: Қазақстан ҰБ мәліметтері
Орта есепті келісім-шарт бағасының мұнай мен басқа да тауарларға
деген әлемдік бағаның өсуінен біршама кейін қалуы шикізаттық тауарлар
81
экспортынан түсімнің сәйкес өсуіне алып келген жоқ. Сондықтан да сауда
теңгерімінің сальдосының көлемі бірқатар жылдар бойы ағымдағы шот
бойынша төлем теңгерімінің оң сальдосын қамтамасыз ете алмай келеді.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда үнымына (ДСУ) кіруі үшін төлем
балансының (теңгерімінің) ағымдағы шоты оң болып ЖІӨ-нің 2-3%-нан кем
болмауы керек. ДСҰ-ға кіруі елдің сыртқы экономикалық қызметінің әрі
қарайғы дамуы мен экономикалық қызметіне төнетін қауып-қатердің
салдарын жұмсартуға септесетін қауіпсіз жол болып табылады.
Мынаны атап өту керек, 1999 және 2000 жылдарда экспорттық
мәмілелердің
негізгі
үлесі
оффшорлық
аумақтарда
тіркелген
кәсіпорындармен жасалды. Негізгі стратегиялық ресурстарға деген әлемдік
бағалар жылдам өсуде болғанда, ал қазақстандық экспортерлердің бағасы
олардікінен айырмасы біршама болды.
Мысалы, 2000 жылы мұнайға деген әлемдік баға барреліне 28 долларға
жетсе, қазақстандық мұнайдың бағасы 19,9 доллар болды, ауытқушылық 29
пайыздық жоғары көрсеткішті құрды. 2000 жылы мырыштың әлемдік бағасы
тоннасына 1128 долларды, ал ортасалмақты құны 852 долларды құраса,
ауытқуы - 24%-ға жетті.
Оффшорлық аумақты шетелдік компаниялар қазақстандық кәсіпорындар
мен шетелдік әріптесер арасындағы аралық буын ретінде қолданды. Бұл
тауарға
деген
мәмілелердің
келісім-шарттық
бағаларымен
түрлі
манипуляцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Ал 2006 жылы
қабылданған «Трансферттік баға құрылымы туралы» заң мәміле бағасының
рыноктік бағадан ауытқуына жол бермеді. Бұл заңның қабылдануы
экспорттық бағалардың әлемдік бағаларға біршама жақындауына алып келді.
Сонымен, 2006 жылы мұнайға деген әлемдік баға барреліне 64,9
долларға жетсе, мұнайға деген орта өлшемді келісім-шарттық баға 61,6
доллар болды, ауытқуы 5%-ға теңесті. Тап сондай баға жақындығы басқа да
тауарлық позициялар бойынша байқалады. Мырыштың әлемдік бағасы
тоннасына 3275 долларды құраса, орта өлшемді баға 3255 долларды құрап,
ауытқу 0,6% болды.
Әлемдік рынокта дайын өнім құны аса жоғары тұратындығы
позициясынан алғанда шикізат сатумен салыстырғанда дайын өнімді сату
мемлекетке аса тиімді болып табылады.
Қазақстанның салалық құрылымы бірнеше жылдар қатарынан іс жүзінде
өзгермей тұр, мұның себебі неғұрлым мол валюталық түсім түсіріп тұрған
тауарлар тізімінің өзгермеуінде болып тұр. Бұл тауарларға ең алдымен отын-
энергетикалық және металлургиялық кешен өнімдері жатады.
Қазақстандық экспортта шикізаттар мен жартылай фабрикаттардың
басым позициясы куәлендіріп тұр. Қазақстанның экспорт көлемінің құнының
өсуі ең алдымен әлемдік шикізат рыногындағы конъюктураның жақсаруына,
және де шикізат өндіру көлемінің өсуіне байланысты жүруде.
Қазақстанның сыртқы экономикалық кешенінің қазіргі кездегі жайы,
жүргізіліп жатқан либерализациялау саясатының нәтижесі болып табылатын
бірқатар оң өзгерістерге қарамастан елдің экономикалық әлеуетіне де,
82
сонымен бірге ұлттық қауіпсіздікті нығайту міндетеріне де, экономикалық
дағдарыстан шығудан да және тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз
етуге де сай келмейді. Экспорт пен экспорттық сектордағы өндірісті
салмақты түрде құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру, әлем шаруашылығы
байланыстары жүйесінде қауып-қатерлік рыноктік процестер базасында ғана
қазіргі заманғы сыртқы сауда инфрақұрылымын жасау және сыртқы
экономикалық байланыстағы субъектілердің құқысын кеңейту мемлекеттің
минималды ғана қатысумен сапалы ілгерілеушілігі мен өсімін қамтамасыз
ете алмайтындығы неғұрлым айқын көріне бастады.
Бүгінгі күні Қазақстан алдында сервистехнологиялы экономиканы
дамыту, жоғары технологиялы өңдеу өндірістері үлесін өсіру міндеті тұр.
Бұған байланысты 2015 жылға қарай отандық экономиканың қарқынды
өсуіне алып келетін ұлттық экономиканы диверсификациялауына бағыт алу
керек, бірқатар ірі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру қажет.
Сондықтан да табиғи әлеуетті белсенді пайдалануды сақтай отыра,
Қазақстан дайын өнімдер үлесін, соның ішінде қайтып жаңалауға келмейтін
шикізаттарды, көп ғылыми зерттеуді қажет ететін өнімдерді шығаруды өсіруі
керек. Бұл ең алдымен, мұнайды - мұнай өнімдерімен, түсті және қоспалы
металдарды — жоғары сапалы конструкциялармен, материалдармен және т.б.
біртіндеп экспорттан ығыстыруды жүйелі жүргізу керек. Егер де бұл бағыт
стратегиялық бағытпен жүргізілетін болса, онда бұл республика
экономикасының бәсекелестікке төзімділігінің артуына алып келеді.
Экспорттық және импорттық операциялар арасындағы тепе-теңдікке қол
жеткізу белгілі бір дәрежеде сауда теңгерімінің импорттық құрамдастарының
көрсеткіштеріне де тәуелді болады.
Импорттық операциялар республикадағы машиналар мен жабдықтар
рыногын мықтап жаулап алды. Машина жасау өнімдерін импорттау
құрылымында машина, жабдықтар, механизмдер, радиотелеаппаратуралар,
олардың бөлшектері мен керек-жарақтарын, сонымен қатар түрлі көлік
құралдарын, қосалқы бөлшектерін және комплектациялаушы бұйымдарды
жеткізу басым болып тұр. Іс жүзінде Қазақстанның өз өндірісі есебінен
машина жасау өнімі қажеттілігін 40-45%-ға қанағаттандыруға мүмкіндік
беретін әлеуеті бар. Алайда, бірқатар себептер бойынша қолда бар
мүмкіндіктер жүзеге асырылмай жүр. Сондықтан да аталмыш өнімдердің
тұтынушылары осы өнімдерге артып келе жатқан сұраныстарын шетелден
импорттауға мәжбүр болуда.
Инвестициялық таулар импортының жыл сайынғы өсуі экономиканың
шынайы секторының машиналарға, жабдықтарға, аралық өнеркәсіптік
тұтыну бұйымдарына және басқа да материалдық-техникалық жабдықтарға
деген жоғары тұтынушылығымен байланысты. Импорттың тауарлық
құрылымында бұлардың үлес салмағы 70-80%-ды құрайды.
Статистикалық деректер мәліметтеріне сүйенсек, импорттық тауардың
негізгі жеткізушісі Ресей Федерациясы болып табылады (жалпы өнімнің
38%-ы), сонан кейін - Германия (7,5%), Қытай (7,2%), АҚШ (6,9%), Украйна
(4,9%), Италия (3,9%), Жапония (3,5%), Ұлыбритания (2,4%), Түркия (2,3%),
83
Франция (1,7%), Швеция, Корея Республикасы мен Өзбекстан (1,5 пайыздан),
Беларусь пен Швейцария (1,2% пайыздан) кетеді.
Сыртқы сауда тепе-теңдігін демеп отыру үшін экономикалық саясат
тауар импорты мен экспорты арасындағы тепе-теңдікті ұстап отыруы қажет.
Алайда экспорттың импорттан асып кетуін немесе керісінше импорттың
экспорттан асып кетуін екі позициядан қарастыру қажет, олар: дамыған елдер
позициясы және дамушы елдер позициясы.
Дамыған елдер үшін тепе-теңдіктің ұзақ болмауы экономикалық тепе-
теңдігіне қауіп төндіреді. Мұның келесі маңызды себептері бар.
Тауар енгізуден гөрі тауар шығару басым болатын болса, оң сауда
сальдосы ел ішіндегі тауар ұсынысын азайтады. Бір мезгілде шетелдік
валюта артықтығы пайда болады. Шетелдік валюта ішкі валютаға
айырбасталатын болса, елде ақша массасы көбейеді. Тауар ассортиментінің
азаюы мен ақша массасының көбеюі қарама-қайшылығының салдарынан
инфляция туындайды. Алайда артық валюта шетелден инвестицияланатын
болса (капитал экспорты) инфляциялық қысым азаяды.
Еркін айырбас курсының болуы жағдайында экспорттан түсетін түсімнің
артықтығы ұлттық валюта курсының көтерілуіне әкелуі мүмкін. Бұлай
болатын болса, импорт арзанырақ болады да, бұл инфляция процесін
тежейді.
Басқа елдер үшін бұл сауда теңгерімінің оң сальдосы теріс сальдоны
береді. Оң сальдоға ие ел, бұл жағдайда жұмыссыздық экспортымен
айналысқандай болады.
Сондықтан да, әсіресе экономикалық дағдарыс кезінде протекционизмге
бейімділік күшейеді: теріс сальдосы қалыптасып жатқан елдер өз өнімдерін
кедендік баж салықтарымен, енгізуді шектеумен және басқа да сауда
тосқауылдарымен қорғайды. Әлемдік еркін саудаға қауіп төнеді. Бұдан басқа
экспорттан түсетін түсімдердің молдығы (артықтығы) айырбас курсындағы
спекуляцияны
ынталандырып,
халықаралық
валюталық
жүйенің
тұрақтылығына қауіп төндіреді.
Импорттың сальдо экспортынан жоғары болуы және ұзаққа созылуы да
айырбас курсын тұрақсыздандырады. Бұл жұмыссыздықтың өсуіне алып
келуі мүмкін. Мұның үстіне бұл теріс сауда сальдосы қалыптасқан елдің
валюталық резервін азайтады, оның шетелге қарызға кіруі мен тәуелді
болуын күшейтеді де, сол ел сыртындағы оның саясатының беделін
төмендетеді.
Импорттың экспорттан уақытша көтерілуі, керісінше тауарлармен
қамтамасыз етуде тапшылықты жоюға және инфляциялық қысымды азайтуға
мүмкіндік береді.
Дамушы елдер үшін, соның ішінде Қазақстан үшін де, жоғарыда
сипатталған негативті жайларға қарамастан, экспорттың импорттан басым
болуы шешуші рөл атқарады, себебі оң сальдо халықаралық қызмет теңгерімі
және салынған капиталға кіріс теңгерімі бойынша теріс сальдоны жабу көзі
болып табылады.
|