Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы



Pdf көрінісі
бет21/36
Дата21.05.2022
өлшемі1,96 Mb.
#144391
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
Байланысты:
treatise25475

Y = C + I + (E – Z)
(26) 
бұл жерде 
Y
– кіріс, 
C
- толық тұтыну, 
I
- инвестиция және 
(E-Z)-
ағымдық есептің төлем балансы. 
Жабық түрдегі экономикада толық шығындар (С + I) ұлттық кірістен (
Y

аспайда. Егер импорт көп болған жағдайда 
(E-Z) 
Қазақстан сияқты ашық 
түрдегі экономиканың шығындары түскен кірістен асып кетуі мумкін. 
Импорттың артық мөлшерде болуы (ағымдық есеп-шот тапшылығы) 
мемлекет (ел) өз табысының көлеміне қарамастан көп тұтынатынын 
көрсетеді. 26 теңдік формуласын өзгертіп жазып бұл проблемаға басқа 
жағынан қараүға болады. 
S – I = E – Z
(27) 
Өсы теңдікте 
S = (Y – С) 
үнемдеу болады. Жабық түрдегі экономикада 
үнемдеу инвестицияға тең болуы керек. Алайда ашық түрдегі экономикадағы 
үнемдеу мен инвестициялар басқа елдермен салыстырмалы түрде алғанда 
ерекшеліктері бар. Артық импорт (Z > Е) унемдеумен салыстырғанда 
инвестицияның жоғары екенін көрсетеді, себебі ол шетелдік қарыздармен 
қаржыландырылған. Бірақ инвестициямен бағаланатын тұрақты ұзақ 
мерзімді капитал құюлуы болмаса, ол міндетті түрде теріс жағдайға әкеліп 
соғады. 
Ағымдық есеп-шот балансының тұрақты теріс сальдосы экономикалық 
қауіпсіздікке әсер ететініне байланысты мемлекет ағымдағы есеп-шоттың 
тапшылығын белігілі бір капитал формасының ағымымен қаржыландыруға 
тырысады. Келтірілетін капитал ағымы өте жоғары өтімділікте болуы керек, 
тек осы арқылы мемлекет шетел кәсіпкерлерін қызықтыра алады. 
Бұл Үкіметтің басқа да экономикалық және әлеуметтік саяси 
салаларындағы әрекеттерін шектейді. Сондықтан мұндай шаралар белгілі бір 
Халықаралық Валюта Қоры сияқты халықаралық қаржы мекемелерінің 
ресурстарымен ағымдық есеп-шоттың тапшылығын жабуға жұмылдырылса, 
онда үкіметтің экономикалық әрекеттеріне шектеу қойылып, Қазақстан 
сияқты басқа мемлекеттер осыны бастан кешіреді. 
Төлемдік операциялар бойынша ағымдағы есеп-шот балансы бұл төрт 
компаненттің сомасы: сауда, қызмет, өндірістік факторлардан және біржақты 
аударымдардан түскен кірістер. Төлемдік операциялар бойынша ағымдағы 
есеп-шот балансының оңтайлы сальдосы дамыған елдерде кең етек жайған, 
атап айтсақ, ЖІӨ-мен алғанда Швейцарияда 11%, ал Португалияда 10% 
құрайды. Көптеген дамушы және өтпелі кезеңдердегі елдерде ағымдық 
баланс тапшылығы байқалады, ал индустриалды елдерде ағымдық баланстың 
артықшылығы көрінеді. 


66 
Қазақстанның ағымдық есеп-шот балансының тапшылығы ЖІӨ 
бойынша 1999 жылы 1,4%, 2006 жылы 2,3%, 2009 жылы 3,2% болған. 1999, 
2006, 2009 жылдардағы экспортқа шығарылған тауарлардан түскен кірістер 
дисбалансты жаба алмады, өйткені дисбаланс осы кезең ішінде ағымдық 
есеп-шот операциялары теріс қалдық бойынша құрылған болатын. Ағымдық 
операциялар балансының оңтайлы болмауы сыртқы қарыздардың өсуіне 
әкелді. 
Тапшылықты қаржыландыру көздері осы елдің экономикасына шетелдік 
капиталдан тікелей немесе қоржынды инвестициялар түрінде салым салыну 
арқылы, шетел банктерінен, үкімет және халықаралық ұйымдардан қарыз алу 
арқылы, Ұлттық банкте сақталған ресми валюта резервтерін қысқарту 
есебінде жүзеге асады. 
Ағымдық есеп-шот тапшылығын шетелден келген капиталды банктер 
мен компаниялар қарыз капиталы түрінде қаржыландырып теңестірген және 
экономикаға шетел инвесторлары тікелей инвестициялар салу арқылы жүзеге 
асырған. 
Сыртқы міндеттемелердің өсүіне негізгі үлес қосқан коммерциялық 
банктер болды, олар шетелден қарызды улкен көлемде келтіріп отырған, 
сонымен қатар тікелей инвестициялар таза ағымы және мемлекеттің сыртқы 
қарызын өтеуі тоқтап қалмаған. 
Халықаралық құнды қағаздар шығаратын эмитент банктер мен 
кәсіпорындар тізімі өте тез көбейді және олардың сырттан қаржы келтіруі 
күрт өсті. Бірнеше банктер мен компаниялар еврооблигацияларды шығару 
және орнастыру мақсатында шетелде еншілес кәсіпорын ашқан. 
Халықаралық рынок капиталынан алынған біршама қаржы ресурстары 
шетел активтеріне тартылды, шетел активтерінің өсүіне байланысты Ұлттық 
қор активтері көбейді, бұл жағдай резиденттердің шетел активтерінің 
қарқынды жоғарлауы көрсеткіштерін қамтамасыз етті. 
Сыртқы сауда көрсеткіші төлем теңгерімінде аса маңызды орындардың 
біріне ие болады, сол себепті де сауда теңгерімінің жайы төлем теңгерімінің 
жайына жалпы үлкен әсер етеді. 
Активті 
сальдоның 
немесе 
сауда 
теңгерімі 
тапшылығының 
экономикалық мәнін нақты бір елге қолданғанда, сол елдің әлемдік 
қауымдастықтағы жағдайына, оның әріптестерімен байланысының сипатына 
және жалпы экономикалық саясатына тәуелді болады. Экономикалық даму 
деңгейі бойынша көшбасшы елдерден артта қалған елдер үшін белсенді 
(акивті) сауда теңгерімі төлем теңгерімінің басқа да баптары бойынша 
халықаралық міндеттемелерін төлеу үшін валюталық қаржы көзі ретінде аса 
қажетті. Яғни елдің сауда теңгерімі оң сальдомен сипатталатын болған 
жағдайда, бұл сол елдің импорт бойынша төлемдері өнімді экспорттаудан 
түсетін түсімдерден азырақ дегенді білдіреді, осы себепте валюта елде 
қалады, түп нәтижесінде аталмыш ел өзінің қарыздарын төлеуге қажетті 
шетел валютасы түріндегі қосымша қаражатқа ие болады. 
Пассивті сауда теңгерімі жағымсыз болып саналады, және де бұл әдетте 
елдің әлемшаруашылығы позициясының әлсіздігінің белгісі ретінде 


67 
бағаланады. Бұл валюталық түсімдер жетімсіздігін бастан кешіруші дамушы 
елдер үшін қалыпты болып табылады. Өндірісі дамыған елдер үшін бұл басқа 
мәнге ие болуы мүмкін. Мысалы, АҚШ-тың сауда теңгерімінің тапшылығы 
(1971 жылдан бастап) оның рыногына күрделілігі жоғары тауар өндіруші 
халықаралық бәсекелестерінің (Батыс Еуропа, Жапония, Гонконг, Тайвань, 
Оңтүстік Корея, басқа да елдердің) бел сене енуімен түсіндіріледі. 
Қалыптасқан 
халықаралық 
еңбек 
бөлінісі 
нәтижесінде 
ресурстар 
халықаралық көлемде тіпті де тиімдірек қолданылуда. АҚШ-тың сыртқы 
сауда тапшылығының көрінісі болып жоғарыда аталып өтілген әріттестерінің 
аталмыш операциялары бойынша белсенді сальдосы болып табылады. 
Өсыдан түскен валюталық түсімдерді олар шетелге капитал салүға 
пайдаланады, оның ішінде АҚШ экономикасына да салады. 
Сауда теңгерімі мен ел ішіндегі кіріс деңгейінің үмітті жайына қол 
жеткізу экономикалық саясаттың түрлі бағыттағы шараларын қолдану талап 
етілетін жағдайында туындайтын проблемаларды қарастырайық. 
Біз баға деңгейі белгіленді және сұраныс шығару көлемімен толық 
қанағаттандырылды деп санайық. Ең алдымен сыртқы сауданың 
IS
моделіне 
қалайша қосылатынын қарастырайық. Ашық экономикада ел ішінде 
өндірілетін тауарлардың бір бөлігі шетелге сатылады. Ал ел тұрғындары осы 
сәтте өз ақшаларын шетелдік тауарлар сатып алуға жұмсайды. 
Бұл жердегі маңыздысы бұл жағдайда ішкі шығындар ішкі тауар өндіру 
көлемін анықтамайды. Ішкі өндіріс көлемі енді ішкі өндіріс тауарлары мен 
қызметтерге кететін шығындармен анықталады. Ел тұрғындарының 
(резиденттерінің) шығындары жартылай отандық тауарларды сатып алуға, 
жартылай шетелдік тауарларды сатып алуға жіберіледі. Осы сәтте ішкі 
өндіріс тауарларына деген сұраныс, резиденттердің шығындарымен қатар 
өзіне экспортты да қосады, яғни сыртқы сұранысты да. 
Мұны 13-ші формула түрінде көрсететін болсақ, ол келесі түрде 
көрінеді: 
Ішкі өндіріс тауарларына кететін шығын = 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет