58
тәуелді болады. Төлем теңгерімінің жайына (состояние) ел ішіндегі
экономикалық деңгейімен қатар валюталық рыноктағы ұлттық ақша
бірлігінің ағымдағы курсы, елдегі және шетелдегі
баға деңгейі арасындағы
айырма, пайыз ставкасы мен ел ішіндегі және шетелдегі инфляция қарқыны
арақатынасы арасындағы айырма да әсер етеді.
4.
Фискалдық және ақша-кредиттік саясат құралдарынан басқа ашық
экономикадағы экономикалық коньюктураға әсер ету үшін үкіметтің
қолында валюталық саясатты ұлттық валюта курсын реттеу түрінде және
әлемдік капиталды бір жерден екінші жерге аудару шарты ретінде қолдану
мүмкіншілігі болады. Мұнымен қатар, бекітілген валюталық курс
жағдайында орталық банкі дербес ақша саясатын жүргізе алмайды, ал
жүзбелі валюталық курс жағдайында елдер арасындағы капитал аударулары
мобилді болған сайын фискалдық саясаттың
нәтижелілігі соғұрлым
төменірек болады.
5.
Үш жақты тепе-теңдікке жетуге қажетті экономикалық саясат
шаралары жинағы экономикалық конъюктураның ағымдағы жайымен
айқындалады; бұл жағдайда келесі ереже жұмыс істейді: қанша мақсатқа қол
жеткізу көзделінетін болса, бір мезгілде экономикалық шаралардың соншама
әр алуан түрін қолдануға болады.
6.
Мемлекеттің экономикалық саясатының тиімділігін бағалаудағы
неоклассиктер мен кейнсиандықтардың пікірлері мүлде қарама-қайшы.
Неоклассиктердің пікірі бойынша мемлекеттің экономикалық саясатының еш
әсері болмайды. Ал кейнсиандықтар мемлекеттің экономикалық саясатын
ұлттық экономиканың жұмысын көтеруге қысқа
мерзімге қолдану құралы
ретінде қарастырады. Үкіметтің тұрақтандырушы шараларының әрекеттілігі
бір мезгілде бірнеше мақсатқа қол жеткізуге ұмтылу жағдайындағы уақытша
жеңілдіктер мен өкілеттіктер беруге байланысты болатын проблемалардың
қалай шешілуіне тәуелді болады.
7.
Экономикалық саясаттың нәтижелілігі қажетсіз конъюктураға
тікелей өзгерісінің пайда болуы сәті мен тұрақтандырушы шаралардың
әрекетінің басталуы арасындағы уақыттық жеңілдіктердің қысқаруына қарай
өседі. Белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге
жауапты инстанциялар
арасында өкілеттіктерді бөлу бірлесіп қолданатын қаржы-экономикалық
саясат құралдарын өзара бейтараптандыруы болдырмауға бағытталуы тиіс.
8.
Мемлекеттің экономикалық саясатының тиімділігі шартының бірі -
шаруашылық субъектілерінің болжауға болатындығы болып табылуы.
Үкіметтің экономикалық саясат жүргізуі кезінде қолма-қол нәтиже алу
мақсатында «сыйлық» жасауы түп нәтижеде ұлттық шаруашылық жүргізудің
қоғамдық шығындар арттырады.
9.
Халықаралық капитал ағыны тұрақсыз болуы мүмкін. Тез келетін
нәрсе тез кетеді. Бұрын сырттан келетін капиталдың
басым бөлігі алушы-
елде кәсіпкерлікке, жекеменшікке және инфроқұрылымдарға жұмсалатын
тікелей инвестициялар түрінде тұрақтанатын. Дағдарыс жағдайы капитал
портфелінің жетіспеушігінен туындайды. Дамушы елдер капитал ағынының
мерізімінен бұрын ырықтандырылуынан сақтанулары керек.
59
10.
Капитал ағыны өте үлкен инфляциялық қысым әкелуі ықтимал.
Шетелдік инвесторлар басқарылуы қиын жекеменшік
капитал мен акциялар
легін әкелуі мүмкін. Олар сатып алу қабілеттілігі жоғары ақша массасының
өсуіне әкеліп соқтырады. Өз кезегінде бұл құбылыс алушы-елде мемлекеттік
қаржы органдарында қиындықтар туындатады, әсіресе ол ел инфляцияға
қарсы елдің беделіне ие болғысы келсе.
11.
Капитал
ағыны
уақытша
валюта
бағамына
байланысты
түсінбеушіліктерді тудырады. Бұл сауда және инвестиция саласындағы
түсініксіз бағалау стимулдары мен тиімсіз,
әрі қате шешімдердің
қабылдануына ықпал етеді. Сондықтан көптеген елдер капитал ағынына
тосқауылдар мен шектеулер қоюға тырысады. Чили қысқа мерзімді капитал
ағынына шектеу қою арқылы 1990 ж. дағдарыс кезінде азия мемлекеттеріне
қиындықтар тудырған рецессиядан құтылды.
12.
Капитал ағыны мемлекетті инвесторларды шамадан тыс тартуға
итермелеу арқылы елдің салықтық базасын әлсіретуі мүмкін. Үкіметтер
арасындағы салықтық бәсекелестік салық түсімінің төмендеуіне,
соған
сәйкес мемлекеттік инвестициялардың қысқаруына әкеліп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: