Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы



Pdf көрінісі
бет16/36
Дата21.05.2022
өлшемі1,96 Mb.
#144391
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
Байланысты:
treatise25475

∆R + ∆DС = ∆ДБ
(23) 
∆R
- ОБ таза ресми валюталық резервіндегі өзгеріс; 
∆DС 
- үкіметке және коммерциялық банкілерге ұсынылатын ішкі 
кредиттегі өзгеріс; 
∆ДБ
- ақша массасындағы өзгеріс. 
Экономиканың сыртқы секторы есепшотындағы елдің ресми есептерінің 
теңгерімі (
ВР
) іс жүзінде ОБ-нің таза ресми валюталық резервіндегі 
өзгерістердің көлемін көрсетеді. 
BP = ∆R
(24) 
Елде 
ВР
жетімсіздігі болатын болса, шетел валютасына деген сұраныс 
өседі және ресми валюталық резервтер азаяды, себебі ОБ өз валютасын 
шетелдік валютаға айырбастап сатып алуы керек. 
Егер де ел 
ВР
жетімсіздігін бастан кешіріп отырғандығының 
нәтижесінде ресми валюталық резервтер 
∆R
көлеміне азаятын болса және 
ішкі кредит (
DC
) өзгермейтін болса, онда ақша базасы (
ДБ
) тап сондай 
көлемге азаяды. 
Ақша базасы ақша мультипликаторы арқылы ақша ұсынысымен 
байланыста 
болады 
(ақша 
ұсынысы 
ақша 
базасы 
мен 
ақша 
мультипликаторының көбейтіндісіне тең болады). Егер де ОБ ресми 
валюталық резервтердің азаюына ешқандай да жауап шаралар қолданбаса, 
ақша базасы азаяды және де оның салдарынан ақша ұсынысы да азаяды. ОБ-
нің мұндай пассивті саясаты белгілі бір жағдайларда іскерлік белсенділіктің 
төмендеуіне, жиынтық сұраныстың қысқаруына, өндіру деңгейінің түсуіне 
алып келуі мүмкін. 
Алайда мұндай ДБ-ның автоматты азаюының алдын алуға болатын тәсіл 
бар. ОБ сыртқы есептердің бейтеңгерімдігін ол ақша ұсынысына әсер ете 
алмайтындай етіп жоя алады немесе «стерильдей» алады. Стерильдеу 
барысында ОБ DC-те сәйкес өзгерістер жүргізу арқылы ресми валюталық 
өзгерістерді бейтараптандырады да, ресми валюталық резервтердегі 
өзгерістерге қарамастан ДБ өзгеріссіз қалады. 
Бұл төлем теңгерімі жетімсіздігі бар елде ОБ ресми валюталық 
резервтерді жұмсайды дегенді білдіреді, бұл ДБ азаюына алып келеді, бірақ 
та бір мезгілде ақша массасы бастапқы деңгейде қалуы үшін немесе 
жоспарланған көлемге азаюы үшін ашық рыноктағы дисконт ставкасының 
төмендеуі немесе резервтік жабу нормаларын төмендету операцияларын 
жүргізу арқылы кеңейтуші ақша саясатын жүргізе отыра DC-ті көбейтеді. 
Стерильдеу саясаты өзгеріссіз пайыз ставкасын немесе өзгеріссіз ақша 
массасының көлемін демеуге бағытталған кредиттік-ақшалық саясатты 
жүзеге асырушы елдерде басым болып келеді. 
Алайда стерильдеудің мүмкіншіліктері шектеулі болады. Төлем 
теңгерімінің ұзақ жетімсіздігі ОБ-нің ресми валюталық резервінің азаюына 
әкеліп қана қоймай, сонымен бірге ішкі кредиттің әрі қарайғы кеңеюіне жол 


37 
бермейді. Бекітілген валюталық курс жағдайында ішкі кредиттің ұдайы 
кеңеюі валютаға деген сенімді жоғалтуға алып келеді де, салдары - сол 
валютадан қашу және оған деген спекулятивтік қысым жасау түрінде көрініс 
береді. Қалыптасқан жағдайда ОБ не валютаны девальвациялауға немесе 
иілімді валюталық курс режимін жүргізуге мәжбүр болады. 
Егер де ОБ мақсаты валюталық курстың бекітілген деңгейін демеп тұру 
үшін сыртқы тепе-теңдікті тез қалпына келтіру болып табылатын болса, онда 
ол стерильдеуге қарама-қарсы әрекеттер жасай алады. Бұл жағдайда төлем 
теңгерімінің жетсіміздігі ақша ұсынысын азайту есебінен қысқартылуы 
мүмкін, бұл экономикадағы ішкі шығындардың, соның ішінде импортқа 
деген шығындардың азаюына алып келеді. Төлем теңгерімінің оң сальдосы, 
керісінше ОБ-тан ішкі шығындар мен импортты ынталандыратын ақша 
массасының көбейтуін таладі етеді. 
Төлем теңгерімі (платежный баланс) аталмыш елдің басқа елдермен 
халықаралық экономикалық қатынастарының жайын көрсете отыра, 
бюджеттік-салықтық, ақша-сыртқы сауда, валюталық және т.б. негізді 
макроэкономикалық саясаттарды дайындау кезінде өте маңызды бағдар 
болып қызмет етеді. 
Төлем теңгерімі белгілі бір кезең аралығында (әдетте бір жыл ішіндегі) 
елдің экономикалық субъектілерінің басқа әлеммен сауда және қаржы 
мәмілелері жөнінде бухгалтерлік есепшоттар формасындағы статистикалық 
есеп беру түрінде көрінеді. Сондықтан да бұл құжатқа бекіген атау оның 
шын болмысына сәйкес келмейді, себебі теңгерімде белгілі бір датадағы 
қордың 
(запастардың) 
көрінісі 
беріледі, 
ал 
төлем 
теңгерімінде 
қарастырылатын кезең ішінде елдер арасындағы игіліктер мен капитал 
(мүлік) ағындары көрсетіледі. Төлем теңгеріміндегі көрсеткіштер әдетте 
бірыңғай әлемдік валютамен (АҚШ долларымен) беріледі. 
Төлем теңгерімінде 1-кестеде жүйелеп көрсетілген төрт есепшот аталып 
көрсетіледі. Әрқайсысының кредитінде шетел валютасының ағымдағы 
кезеңдегі түсімін қамтамасыз етуші операциялар, ал дебетте шетел 
валютасының кері ағынымен қатар жүретін операциялар көрсетіледі. 
1-кесте. Төлем теңгерімінің есепшоттарының сызбасы. 
№ 
Есепшот 
Кредит (+) 
Дебет (-) 
1 Тауарлар мен қызметтер 
Бейрезиденттерге 
игіліктер мен қызметтер 
экспорты 
Бейрезиденттерден 
игіліктер мен 
қызметтер 
импорттау 

Инвестициялар мен 
еңбек ақы төлеуден 
түсетін кіріс (доход) 
Резиденттерге 
бейрезиденттерден 
түсетін түсімдіер 
Резиденттерден 
бейрезиденттерге 
төлемдер 

Өтеусіз аударымдар 
Ағымдағы операциялар 
есепшоты (1+2+3) 
Шетелден Е 
Шетелге Z 


38 

Капитал қозғалысы 
есепшоты (қаржы 
активтері мен міндет-
темелері аясында 
жүргізілетін 
операциялар) 
Бейрезидентерге 
қатысты 
міндеттемелердің өсуі 
немесе оларға 
қойылатын талаптардың 
азаюы (KZ) 
Бейрезиденттерге 
қойылатын 
талаптардың немесе 
оларға қатысты 
міндеттемелердің 
өсуі (КЕ) 
№1 шотта кезең ішіндегі экспорт пен импорттың көлемі есепке алынады. 
Оның ішіндегі игіліктердің тауарлар мен қызметтерге бөлінуі халықаралық 
тауарлар мен қызмет айырбасының статистикалық есепке алудың 
ерекшеліктерімен байланысты болады. Егер де экспортталатын және 
импортталатын тауарлардың көлемін олардың шекара арқылы қозғалысы 
кезінде кедендік қызметтер жедел тіркеуге алып отыратын болса, ал екі елдің 
бір-біріне көрсеткен қызметтердің құндылығының жалпы сомасын есептеу 
үшін есепке алудың ерекше әдістерін қолданады. Халықаралық қызмет 
алмасуды сонымен бірге көзге көрінбейтін экспорт-импорт деп те атайды. 
Шекара сыртында қолданылатын еңбек пен капиталдан түсетін кіріс №2 
есепшотта көрсетіледі. 
Аударымдар есепшотында тауарлар мен қызметтерді олардың ағымдағы 
құндылығы бойынша ақысыз жеткізулері есепке алынады. Бұған көмектің 
барлық түрлері мен ақысыз ақша аударымдары жатады. Көмек ретінде 
ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің құндылығы төлем теңгерімінде екі 
рет көрсетіледі, біріншісі аударымдар теңгерімі дебетінде, екіншісі тауарлар 
мен қызметтер шоты кредитінде. Егер де ақшалай көмек ұсынылатын болса, 
ол ауадарымдар теңгерімі дебеті мен валюталық резервтер шоты кредитінде 
көрсетіледі. 
Қарастырылған үш теңгерім шоты ағымдағы операциялар есепшотымен 
біріктіріледі. Ағымдағы төлемдер сальдосы елдің игіліктерінің (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет